«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ереже



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата30.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#25479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

Корпоративтік  хатшының  негізгі  міндеттеріне  Директорлар  кеңесінің,  Жалғыз 

акционердің  тарапынан  корпоративтік  шешімдердің  уақтылы  және  сапалы  қабылдануына 

жәрдемдесу,  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  үшін  олардың  қызметтерінің  барлық 

мәселелері  бойынша  және  Қордың  Корпоративтік  басқару  кодексінің    ережелерін  қолдану 

бойынша  кеңесші  ролін  атқару,  сонымен  қатар  Қордың  Корпоративтік  басқару  кодексінің 

іске  асырылуын  мониторингтеу  мен  корпоративтік  басқаруды  жетілдіруге  қатысу  жатады. 

Корпоративтік хатшы сонымен қатар Қордың Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары 

мен  ережелерінің  сақталуы  туралы  есеп  дайындауды  жүзеге  асырады,  ол  жылдық  есептің 

құрамына  енгізіледі.    Бұл  есепте    Қордың  Корпоративтік  басқару  кодексінің  орындалмаған 

қағидаттары мен ережелерінің тізбесі тиісті түсіндірулер берілуі қажет.  

Қоғамның  корпоративтік  хатшысы  Директорлар  кеңесінің  және  Директорлар  кеңесі 

комитеттерінің  отырыстарын  дайындауды  және  өткізуді  бақылауды  жүзеге  асырады, 

Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына материалдар 

жинақтауды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғам Жарғысының, 

Корпоративтік  басқару  кодексінің  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарының  талаптарына  сәйкес 

оларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді. 

Қоғамның корпоративтік хатшысы Директорлар кеңесінің мүшелерінің дәл және анық 

ақпаратты уақтылы алуын қамтамасыз етеді. 

Өз  міндеттерін  кәсіби  атқару  үшін  корпоративтік  хатшының  білімі,  тәжірибесі  мен 

біліктілігі,  мінсіз  іскери  беделі  болуға  тиіс  және  ол  Директорлар  кеңесінің  және 

акционерлердің  (Жалғыз  акционердің)  сеніміне  ие  болуға  тиіс.  Корпоративтік  хатшы 

лауазымына  жоғары  заңгерлік  және  экономикалық  білімі  бар,  мамандығы  бойынша  жұмыс 

өтілі  кемінде  5  жыл,  соның  ішінде    басшы  лауазымында  -  кемінде  1  жыл  құрайтын  және  

корпоративтік  басқару  және  корпоративтік  құқық  саласында  практикалық  білімі  бар  тұлға 

тағайындалады. 

Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  Кадрлар  және  сыйақы  комитеті  құзыреттері 

шеңберінде  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  Корпоративтік  хатшы  лауазымына 

кандидаттарға  қойылатын  біліктілік  талаптары  бойынша,  сонымен  қатар  кандидаттар 

бойынша  ұсыныстар  береді.  Корпоративтік  хатшыны  іздеуді  Қоғамның  Директорлар 

кеңесінің  Кадрлар  және  сыйақы  комитеті  ашық,  конкурстық  және  ашық  рәсімдер  негізінде 

жүзеге  асырады.  Корпоративтік  хатшы  лауазымына  біліктілік  талаптарын  Қоғамның 

Директорлар  кеңесінің  Кадрлар  және  сыйақы  комитеті  бекітеді,  конкурстың  өзін  де 

Басқарманың  техникалық  қолдауымен  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  Кадрлар  және 

сыйақы комитеті жүргізеді. Ашық конкурстың жүргізілетіні туралы хабарландыру Қоғамның 

веб-сайтында және кандидаттар іздестірумен айналысатын кәсіби сайттарды қоса,  басқа да 

БАҚ-тарда жариялануға тиіс және кандидаттардан өтінім жинау үшін тиісінше уақыт болуға 

тиіс. Хабарландыру ашық дереккөздерде кемінде 10 күн тұруға тиіс. 

 

4.3. Директорлар кеңесінің сыртқы сарапшыларды тартуы 

Директорлар  кеңесі  қарастыратын  мәселе  сыртқы  кәсіби  және  тәуелсіз  сараптаманы 

қажет  ететін  болса,  Директорлар  кеңесі  Директорлар  кеңесінің  және  Директорлар  кеңесі 

комитеттерінің  құзыретіндегі  жекелеген  мәселелер  бойынша  кеңестер  алу  үшін  сыртқы 

сарапшылар тарту туралы  шешімді көпшілік дауыспен  қабылдайды. 

Директорлар  кеңесінің  сыртқы  сарапшыларды  тартуы  Қоғамның  бюджетінде  осы 

мақсаттарға қарастырылған шектерде Қоғам қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  сыртқы  сарапшылар  тартуға  қатысты  құқықтары 

мен  міндеттері,  Директорлар  кеңесінің  мүшелерінің  сыртқы  сарапшылар  тартуды 

жоспарлауының  және  бұл  туралы  шешім  қабылдауының  тәртібі    Қоғамның  ішкі 

құжаттарымен реттеледі. 

 

4.4. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Қоғамға қатысты ақпаратты беру тәртібі 




 

 

 



Тексеріс 2 

«__ » ___________   2017 ж. 

СКС 05 АБ 

26-тен 3-бет 

Қоғам  Басқармасының  Төрағасы  және  мүшелері  Директорлар  кеңесі  мүшесінің 

жазбаша  сұрауы  бойынша  оған  Директорлар  кеңесінің  өз  функцияларын  атқаруы  үшін 

қажетті Қоғамға қатысты ақпаратты (құжаттарды, материалдарды) 10 (он) күнтізбелік күннен 

кешіктірілмейтін  мерзімде  беруі  немесе  ақпаратты  көрсетілген  мерзімде  берудің  мүмкін 

еместігінің  себебін  көрсетіп,  уәжделген  түсіндірме  беруге  міндетті.  Қызметтік, 

коммерциялық  немесе  заңмен  қорғалатын  өзге  құпияны  құрайтын  ақпаратты  (құжаттарды, 

материалдарды)  беру  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  Қоғамның  ішкі 

құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

5. Директорлар кеңесі мүшесінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі,  

құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәртібі 

5.1. Директорлар кеңесі мүшесінің құқықтары 

Директорлар кеңесінің мүшесі мыналарға:  

1)  Қоғам  Басқармасынан  Қоғамға  қатысты  кез  келген  ақпаратты  (құжаттарды, 

материалдарды),  егер  аталған  құжат  оған  Директорлар  кеңесінің  мүшесінің  функцияларын 

жүзеге  асыру  үшін  қажет  болса,  осы  Ережемен  және  Қоғамның  өзге  ішкі  құжаттарымен 

белгіленген тәртіпте сұрауға; 

2)  Жалғыз акционермен белгіленген тәртіпте өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы 

және  (немесе)  тәуелсіз  директордың  міндеттерін  атқарумен  байланысты  шығыстардың 

өтемақысын алуға; 

3)  Жалғыз  акционердің  шешімдерімен,  Директорлар  кеңесінің  отырыстарының 

хаттамаларымен  және  шешімдерімен,  Басқарманың  және  Директорлар  кеңесінің 

комитеттерінің отырыстарының хаттамаларымен, аудиторлық қорытындылармен танысуға;  

4)  Директорлар  кеңесінің  кезектен  тыс  отырысын  шақыруға  бастамашылық  ету, 

сонымен  қатар  Директорлар  кеңесінің  жұмыс  жоспарын  құру  немесе  өзгерту  бойынша 

ұсыныстар енгізуге; 

5)  Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне мәселелер енгізуге; 

6)  Директорлар  кеңесімен  белгіленген  тәртіпте  және    Қоғам  бюджетімен 

қарастырылған  қаражат  шеңберінде  Директорлар  кеңесінің  құзыретіне  жататын  мәселелер 

бойынша сарапшылар тартуды талап етуге; 

7)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  Қоғамның  Жарғысымен,  Қоғамның 

өзге ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.  

 

5.2. Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері 

Директорлар кеңесінің мүшесі: 

1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасының,  Жарғының  және  Қоғамның 

Корпоративтік  басқару  кодексі  мен  Қоғамның  ішкі  құжаттарының  талаптарына  сәйкес 

хабардарлық,  ашықтық  негізінде  Қоғамның  және  оның  Жалғыз  акционерінің  мүддесінде 

әрекет етуге; 

2) корпоративтік мәселелер бойынша объективті тәуелсіз ой-пікір білдіруге; 

3) Қоғамның және Жалғыз акционердің мүддесінде әрекет етуге; 

4) өз құқықтары мен өкілеттігінің шеңберінде әрекет етуге; 

5)  риясыз  және  орынды,  толық  хабардарлық  негізінде,  адал,  белсенді,  тиісті 

қамқорлықпен, сақтықпен және кәсіби әрекет етуге; 

6)  Қоғам  туралы  құпия  ақпаратты  Директорлар  кеңесінің  мүшесі  лауазымын  атқару 

мерзімі бойына және Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымында болу мерзімі аяқталғаннан 

кейін  5  (бес)  жыл  ішінде,  егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және  Қоғамның 

ішкі  құжаттарымен  бұдан  ұзағырақ  мерзім  қарастрылмаса,  жарияламауға  және  жеке 

мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдаланбауға; 

7) Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырыстарына қатысуға не болмаса осы Ереженің 

№4 қосымшасына сәйкес жазбаша пікір ұсынуға; 



жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау