58
Шорманұлышежіресі,
Ө.Бөжейұлының«Қазақ
жұртының
шежіресі»,
Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған «Орта жүз және Кіші жүздің
шежіресі» (1894), «Насабнама» сынды шығармалардың да құндылығы жоғары.
Керей шежіресін алғаш рет қағазға түсіріп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған
Дәулен Таузарұлы. Оны ұлы атақты Толыбай сыншы толықтырып, өзінің
ұрпағы Қожаберген жыраудың қолына тигізді. Өз кезегінде Қожаберген, осы
шежіре негізінде «Ата тек» деген дастан жазды. Қолдан қолға өтіп, керей
шежіресі Сегіз сері Бахрамұлына жетті. Сегіз серіден кейін бұл шежірені
жинап, жалғастырған Тәшмұхамед Тәбейұлы Барлыбаев. Осының бәрін бүгінгі
ұрпаққа жеткізген белгілі фольклор танушы Қаратай Биғожин.
Қазақ шежіресін кеңінен пайдаланып жазылған еңбек Құрбанғали Халидтің
«Шығыстың бес тарихы». Автор Орталық Азия, ШығысТүркістан
халықтарымен қатар қазақ даласын мекенейтін ру-тайпаларға да тоқталады.
Өзен-көл, жер, ру-тайпа аттарының этимологиясы жөнінде көптеген мәліметтер
бар. Бір қызығы Құрбанғали Сары арқаны екіге бөліп, бірін Оң Арқа, екіншісін
Сол арқа депайтатындығынмәлімдейді. Обь және Ертіс арасын ерте заманда
Сол Арқа деп атаған.
Қазақ шежіресін алғашқы қағазға түсіргендердің бірі Мәшһүр-Жүсіп Көбеев
(1857–1931). Ол өзінің кітабын 1911 жылы Орынборда шығарды. Кеңес
заманында бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді. Мәжһүр шежіресінің
ерекшелігі ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың өз тұсында болған
оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан
ол жазған шежіре оқуға өте қызықты.
Шежіреніөлеңмен жазған жерлесіміз Нұржан Наушабаев (1885–1919). Оның
«Манзумат қазақия» аталатын 1903 жылы қазанда жарық көрген кітабына қазақ
шежіресінің біраз материалдары пайдаланылған. Нұржанға еліктеп шежірені
өлеңмен жазатындар көбейген.
Қазақ тарихнамасында шежіре деректерін деректемелік талдаудан өткізу
қажеттілігін алғаш айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлы Көп оқыған, көп білген,
шығыстың да батыстың да тарихи әдебиеттерімен таныс Шәкәрім қажы тарихи
зерттеулерде батыс ғалымының әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттілігін түсінді.
Әсіресе ол шежіре деректеріне үлкен күмәнмен қарап, оларды деректердің
басқа да түрлерімен салыстыра отырып пайдаланады. Сондықтан да оның
шежіре жөніндегі еңбегі шығыс және батыс тарих жазу дәстүрлерінің арасында
жазылған.
Хронологиялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ол қазақ тарихын
жүйелі түрде баяндауға тырысты. Шәкәрімнің Керей-Уақ жөніндегі
пайымдалулары талас тудырып, осы күнгі қалаптасқан пікірлермен сәйкес
келмейді.
Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға
ұсынған, бірақ өзі қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан еңбегіндеқазақ
шежіресіне арнаған бөлім бар. Онда қазақ шежіресіне сипаттама бере келе қожа
және қазақ шежіресіне талдау жасайды. Ол шежіре тек ауызша, жазбаша ғана
болып келмей оның өлеңмен айтылғанын да атап көрсетті. Бұл кітаптан жа-
59
зушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда өмір сүрген шежіреші
қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы солардың ішінде ССРО халық
әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмағамет те бар.
Шежіре жинау, оны зерттеу, ғылыми айналымға кіргізу жөнінде алдына жан
салмаған ғалым – Әлкей Марғұлан еді. Кеңес үкіметі заманында шежірені
өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылғанМұхаметжан Тынышпаев қазақтар
жөніндегі алғашқы еңбектің авторы болды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын
талқыға салды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Ташкент қаласында жарық
көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Е. Бекмаханов өз еңбектерінде шежіре
материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды. Одан
кейінгі Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, М.Мұқанов, В.Востров, Н.Әлімбай,
Б.Жакинжәне тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Моңғолия мен Қытайда Абақ Керейдің ру-
тайпалық құрамын зерттеу кең етек алды. Зерттеу нәтижесінде бірнеше кітап
жарық көрді. 1995 жылы Ұлан Баторда Сұлтан Тәукейұлының «Шежіре» деп
аталатын кітабы оқырмандар қолына тиді. Шежіре схемалық түрде жазылған.
Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты
тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-
қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса
жазылады.
Қазіргі таңда шежірені дереккөзі ретінде қарастырып, одан алынған
мәліметтерге
ғылыми
пайымдаулар
жасау,
тарихи
материалдармен
байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының шежіресі
«Өнер» баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. «Алаш» ғылыми-
зерттеу орталығы да (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) шежіре
деректерін жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жан-жақты
баяндалудаТама-үш том, Табын-екі том, Кердері-бір томдақ, Керейт бір томдақ,
Жағалбайлы- екі том, Рамазан- бір томдақ Телеу- бір томдақ, Жалайыр- екі том,
Арғын- үш том, Найман- үш том, Дулат- екі том, Қаңлы- бір томдақ, Қаракесек
бірлестігі-бір том,алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей»-төрт том, Қоңырат-1,
Керей- бір томдақ шежірелері жарық көрді.Шежіренің қазақ қоғамындағы рөлі,
одан алынатын құнды мағлұматтар тарихшы мамандар тарапынан зерттелу
үстінде.
Шежіреге бүгінгі күні үлкен көңіл бөлінуде жер-жерде, әр облыстарда
жергілікті рудың шежіресіне арналған кітаптар жарық көруде. 2010 жылы
Қостанайда720 беттік керей тайпасының шежіресі жарық көрді.
Шежіре материалдарын ғылыми зерттеу дәрежесіне дейін көтерген ұмтылыстар
да бар. 2007 жылы Алматыда Шыңғыстану институтында Мақсат Алпысбес
есімді жас ғалым «Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде» атты тарих
ғылымдарының докторлығы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Диссертация – автордың көп жылдық еңбегінің нәтижесі еді. Ол шежірені
тарихи дерек ретінде пайдаланудың ғылыми теориялық тұжырымдамасын
Достарыңызбен бөлісу: |