49
айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда
бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер
болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.
Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон. Таң қаларлық басты қасиеті –
архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі – оның 9
метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр
жауса да, оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргеннен-ақ бір жерден түсетін
күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның
себебін түсіндіру қиын.
Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі. Католик
әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петрсоборы осында. Адамзаттың
ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының
арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние
дидарындағы шын кереметтердің бірі.
Архитектуралық ескерткіштер тарихшыға нені аңғартады?Біріншіден, сол
замандағы құрылыс салу өнерінің деңгейін көрсетеді.Онда қолданған
материалдар, оларды өндіру жолдары, құрылыс технологиясының дамуы, жоба
жасау және оны іске асырудағы инженерлік шешім тіралы мәлімет береді.
Екіншіден, ғимарат салынған тарихи кезеңдегі халықтың рухани деңгейін ан-
ықтай аламыз.Үшіншіден, сол елдің саяси –әлеуметтік және шаруашылықтағы
жетістіктерінің белгілі бір құрылыс салу ісін жүзеге асыруға мүмкіншілік
алғандығын көреміз.
Әдебиет
Всеобщая история архитектуры. – М., 1963. Т.4.
Искусство. Книга для чтения по истории живописи, скульптуры, архитектуры.
– М., 1961.
История зарубежного искусства. Учебник – М., 1984.
История искусства зарубежных стран. Том I. – М., 1962.
Энциклопедия. Том VII. Искусство. Том I. – М., 1998.
"История искусств Казахстана" с древнейших времен до наших дней в трех
томах (на казахском и русском языках).
50
6.ФОЛЬКЛОРДЕРЕКТЕРІ
Жоспары
1.Ауызша дерек түсінігі.
2.Фольклорлық матералдардытарихи дерек ретінде пайдалану проблемасы.
3.Халық ауыз әдебиеті нұсқалары тарихи дерек.
4.Қазақ ақындарының шығармаларындағы тарихи проблемалар.
5. Генеологиялық шығармалардың деректемелік маңызы.
6.Әдет-ғұрыптық заңдары.
7.Жер-су аттары тарихи дерек.
Қандайда болмасын халықтыңтарихы деректер негізінде жазылатындығы
баршамызға белгілі. Тарих тек қана жазба деректер негізінде жазылу керек
деген ұғымның келмеске кеткені қашан. Бүгінгі тарих ғылымында деректердің
кез-келген топтары мен түр
лерін кәдеге асуы қажет. Жазбаша деректерде тарихи уақиға шынайы
шындықты көрсетеді деп ойлайтын болсақ үлкен қателікке ұрынған болар едік.
Сондықтан тарих жазғанда кез-келген деректер тобына сыни көзқараспен
қарап, бірімен-бірін салыстыра отырып, деректану ғылымының әдістерін толық
пайдаланғанда ғана мұратқа жетуге болады.
1. Ауызша дерек түсінігі
Қазақ тарихының жазбаша деректеріне тапшы кезеңдерін ашуда фольклорлық
материалдардың қажеттілігін айтпаса да түсінікті. Ауыз әдебиеті– халықтың
ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы.
Фольклор терминің 1843жылы рет ғылыми айналымға кіргізгенағылшын
ғалымы Ульям Томсон екен. Фольклор сөзі ағылшын тілінен аударғанда халық
данышпандығы деген мағынаны білдіреді. С.И.Ожеговтың сөздігінде фольклор
дегеніміз «устное народное творчество и совокупность обычев, обрядов, песен
и другие явления быта народа»[Словарь русского языка. М., 1975, 785 б]. Осы
күнге дейін филология ғылымында фольклор термині жөнінде бірізділік жоқ.
Фольклордың
құрамына
халық
шығармашылығының
барлық
түрі
кіреді.Оларды ауызша, музыкалық және хореографиялық-театрланған өнер
түрлері деп шартты түрде бөлуге болады.
Фольклор ескерткіштері барлық халықтарда.Мысалы, көне грек эпосы,исланд
сагтары,шотланд
балладары,орыстыңбылиналары,кэрелофиндердіңрунасы,
Кавказхалықтарының нартары, Сібір түркі-моңғол халықтарының батырлар
51
жырлары, Еуропа халықтарының,«Робин Гуд», «Песень о небелунгах», «Песень
о моем сиде».
Бізге белгілі ең көне эпостардың бірі грекхалқының жыры –Илиада.
АвторыГомерболып есептеледі.Екі поэмадан тұратын көне ескерткіш тек грек
әдебиетінің ғана емес бүкіл әлемдік руханияттыңежелгі ескерткіштері.
Олардың пайда уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ. Иллиада Троя
қаласының екінші атауы да Одисей жырлардың негізгі кейіпкері.Поэмалардың
сюжетінеТроя соғысытуралы аңыздар алынған.«Илиада» 15700 өлеңнен
тұрады. Олар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша).
«Песнь о Нибелу́нгах»орта ғасырдағы герман тайпаларының эпикалық
жыры.Авторы белгісіз.Жазылған уақыты шамамен ХІІ ғасырдың аяғы мен
ХІІІғасырдың басы. Уақиға желісі Ү ғасырда өмір сүрген герман тайпаларының
қарым - қатынасы,сол заманда Рейн бойында билік еткен гун тайпаларымен
туысқандық қатынас орнатуға ұмтылысы жайында өрбиді.
Келесі бір поэма «Песнь о моём Сиде»деп аталады.Испан әдебиетінің озық
үлгісі. Мұның авторы белгісіз. Пайда болған уақыты 1195-1207 жылдар
аралығы.Испан халқының араб басқыншыларын қарсы соғысы баяндалады.
Негізгі
кейіпкеріСидтарихи
тұлға.Зерттеушілердің
пікірінше
оның
прототипідворян текті,әскербасы РеконкистыРодриго (Руй) Диас де Вивар
(1040–1099), ел қорғауда өзінің ерлігіменхалықтың жадында сақталған батыр.
Манас дастаны–қырғызхалқының дәстүрліэпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша
үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде
сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан
тұрады да, көлемі жағынанГомердіңОдиссеясыменИллиадасынқосқандағы кө-
лемнен жиырма есе, алМахабхаратакөлемінен екі есе асып түседі.
Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының
хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры,
Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры.
Дастанның өзекті тақырыбынқытайменқалмақдұшпандарына қарсы шайқастар
сипаттайды. XV ғасыррдан бастап дастанның аты деректерде атала
бастағанмен, оның жазбаша нұсқасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын.
Әртүрлі көзқарастар негізінде дастанның пайда болу уақытын: VII-X ғасырлар,
XI-XII ғасырлар немесе XV-XVIII ғасырлар аралығы деп мөлшерлейді.
Қырғызстандакөптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген
манасшылар «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады.Дастанның әртүрлі
бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі. Ұлы ағартушы
ғалымымызШоқан Уәлихановдастан бөлімдерін қағазға түсіріп, «Көкетай
ханның асы» деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған.
Орыс тарихшылары өз зерттеулерінде фольклорлық деректерді кеңінен
пайдаланады. Олар ауызша деректерді былайша жіктейді:
күнтізбелік-тұрмыс- салт поэзиясы;
отбасылық
-тұрмыс-салтпоэзиясы
(бала
дүниеге
келгендепестования,үйлену жора-жосындары,жоқтау);
магиялық дуалау поэзиясы;
Достарыңызбен бөлісу: |