Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет12/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72

27 
 
саяси көзқарастарын және куәгерліктің шынайылығын анықтауда өте маңызды 
бірқатар жағдайларды қозғамайды. 
Сонымен қатар Луси бірқатар куәгерліктерге қандай да бір сынды қолданудан 
бас  тарту  керек  деп  есептейді.  Ол:  «...Джорж  Вашингтонның  ақиқатығы 
жалпы  жұртқа  белгілі  және  оның  куәліктері  сынды  қажет  етпейді. 
Басқаларға  ойланып  қарау  керек.  Теодор  Рузвельттің  барлық  пікірлеріне 
сеніммен қарау ерте болар еді» деп жазды. 
1954 жылы шыққан «Америка тарихы бойынша Гарвард жол көрсеткішінің» 
алғашқы  тарауларында  деректанудың  кейбір  мәселелері  қарастырылады.  Бұл 
жол  көрсеткіш  хронологиялық  принцип  бойынша  –  Американың  ашылуынан 
Эйзенхауэрдің  президенттілігіне  дейін  бірқатар  тақырыптарға  бөлінген.  Әр 
тақырыпқа  тарихи  оқиғалар  конспектісі  берілген  және  әдебиет  пен  деректер 
көрсетілген.  
1961  жылы  Францияда  «Тарих  және  оның  әдістері»  еңбегі  жарық  көрді,  ол 
көптеген  жылдар  бойы  Франциядағы  деректанудың  даму  тәжірибесін 
жалпылаған  еңбек  болды.  Оның  жоғарыда  аталған  еңбектерден  бірқатар 
ерекшеліктері  бар.  Оны  бір  автор  жазған  жоқ,  басында  академик  Шарль 
Самаран  тұрған  35  адамнан  тұратын  авторлар  ұжымы  жасады.  Авторлар 
арасында елдің жетекші тарихшылары бар.  
Мәтіні  1800  беттен  тұратын,  бұл  ұжымдық  еңбекте  көпшілікке  танылған 
қосалқы 
тарихи 
пәндерге: 
палеография, 
хронология, 
археография, 
сфрагистика,  геральдика,  нумизматика,  дипломатика  және  басқаларға 
арналған  мақалалармен  бірге,  тек  соңғы  жылдары  ғылыми  зерттеудің  пәніне 
айналған  тарихи  дерек  түрлерінің  мәні  толық  талданатын  жұмыстар  бар.  Бұл 
жерде  танымал  француз  кино  сыншысы  Ж.  Садульдіңфото  және  киноқұ-
жаттары,  Ж.  Тевеноның  фоноқұжаттар  («сөйлейтін»  машиналар),  М. 
Франсуаның  «микрофильмдер»  туралы  мақаласы  жаңа  заман  және  қазіргі 
заман тарихшылары үшін сөзсіз қызығушылық тудырады. 
Кітапта  тарихи  деректердің  сынына  үлкен  орын  берілген.  Ең  үлкен 
тараулардың  бірітарихшы  Р.  Маришальдың  «Мәтін  сыны»,  олавтордың  кең 
эрудициясы  мен  деректерді  терең  білетіндігін  көрсетеді.Маришаль  XIX 
ғасырдың  аяғындағы  француз  классикалық  деректану  тәжірибесіне  жүгінеді. 
Ол  Ланглуа  мен  Сеньобос  сияқты  тарихи  деректі  «құжат»  ретінде  түсінеді. 
Сонымен қатар, ол  кейінгі жылдары  «құжат»  түсінігі едәуір кеңігендігін  және 
тек жазбаша деректерге ғана таралмағанын жоққа шығармайды. Ол сондай-ақ, 
деректанудың  теориялық  сұрақтарына  күмәнмен  қарайды,  алдыңғы  орынға 
практикалық дағдыларды – тарихи зерттеу техникасын қояды.  
Ланглуа  мен  Сеньобостың  құжаттарды  талдау  тәсілдеріне  жеке  сыни 
ескертпелер  жасап,  Маришаль  іс  жүзінде  көбіне  олардың  деректерді  сынау 
сызбасын ұстанады. Тарихи құжаттардың жеке түрлері туралы айтылатын басқа 
тарауларда да деректерді сынауға көңіл бөлінген. 
Жұмыста  тек  субъективті-идеалогиялық  көзқарастар  ғана  емес,  бірқатар 
авторлардың  ашық  антимарксистік  көзқарастары  көрінеді.  Осы  томның  екі 
басты  мақаласы  тарихшы  А.И.  Маррудың  қаламынан  шыққан.  «Тарих 


28 
 
дегенімез  не»  деп  аталатын  бірінші  мақаласында  ол  марксизм  ғылым  емес, 
дәлеледенбеген қағида (догма) деп дәлелдеуге ұмтылады.  
«Тарихшы мамандығын қалай түсіну керек» деген басқа мақаласында Марру 
әлеуметтік және экономикалық мәселелерге тарихшылардың назарын аударып, 
бұрын пайдалы болған Маркс идеялары ескірді деген пікір айтады. 
Деректану  саласында  жұмыс  жасайтын  Батыс  зерттеушілерінің  еңбектерінде, 
олар  көп  жылдар  бойы  жинақтаған  деректі  материалдар  бар,  оларды  тиісті 
сыннан өткізген жағдайда олардың тигізер пайдасы зор. 
 
5.Марксистік кезеңі 
 
Кеңес  тарих  ғылымыныңдамуына  таптық  күресті  тарихтың  басты 
қозғаушы  күші  деп  есептеген  марксистік-лениндік  әдіснама  маңызды  ықпал 
жасады. Кеңес кезеңінің алғашқы жартысы (20-50-шы жылдар) оның қалыптасу 
және нығаю кезеңі болды. Бұған қатарлас жаңа зерттеу әдіснамасы жасалынды, 
оған алдыңғы ғылым жасағанның таңдаулыларын меңгеру кірді. Бұл процесте 
А.В.Шестаковтың, Г.П.Саардың және С.Н. Быковскийдің жұмыстары елеулі 
рөл  атқарды.  Алайда  деректанудың  теориялық-әдіснамалық  және  әдістемелік 
негіздерін  нағыз,  ғылыми-жүйелі  құрастыру  тек  50-80-шы  жылдары  жүзеге 
асырылды.  Кеңес  деректануының  біртұтас  теориялық-әдіснамалық  тұжы-
рымдамасын 
жасауға 
осы 
кезеңде 
М.Н.Тихомиров, 
Л.В.Черепнин, 
И.Д.Ковальченко, 
Д.Каштанов, 
А.А.Курносов, 
В.В.Фарсобин, 
А.П.Пронштейн, С.О.Шмидт және бірқатар басқа зерттеушілер үлес қосты. 
Кеңес  деректанушыларыныңтеориялық  ізденулерінің  өте  маңызды  нәтижесі 
деректанудың  дербестігі  туралы  іргелі  қағидалары  болды.  Ол,  біріншіден
деректі  уақыт  шындығымен  байланыстырып,  тарихи  құбылыс  ретінде 
қарастырады, 
екіншіден 
субъектінің 
–  тарихшының 
деректі 
тану 
диалектикасын  ашады.  Теориялық-әдіснамалық  деректанудың  пәніне  тарихи 
деректердің  және  олардың  кейбір  топтарының  жалпы  қасиеттерін 
анықтау,  оларды  зерттеу  және  өңдеу  әдістері  кіргізіледі.  Кеңес 
деректануының  теориясы  келесі  проблемаларды:  тарихи  деректің 
әлеуметтік  және  ақпараттық  табиғатын,  деректе  әлеуметтік 
шындықтың  көрініс  табу  заңдылықтарын,  деректану  пәнін,  тарихи 
деректерді  жіктеуді,  әлеуметтік  құбылыстар  мен  процестер  жөнінде 
шынайы  мәліметтерді  алу  мақсатында,деректерді  зерттеу  жұмысының 
негізгі  кезеңдерінің  мазмұны  және  жүйелілігін,осы  мәліметтерді  тарих-
шының қабыл-дау заңдылықтарын жетілдіреді. 
Жалпы  кеңесдеректанулық  мектебітаптық-марксистік  парадигманың, 
революцияға  дейінгі  ғылымның  үздік  әдістемелік  жетістіктерінің  және 
кеңес  тарихшылары  мен  деректанушыларының  дербес  әдістемелік 
жаңалықтарының  табысты  синтезі  болды.  Бұл  бір  жағынанкеңес 
деректанулық  теориясы  мен  әдістемесінің  көптеген  қағидаларының  ғылыми 
маңызын көрсетті, басқа жағынан белгілі бір сабақтастығын және посткеңестік 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау