Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет11/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72

25 
 
жасау  А.С.Лаппо-Данилевскийдің  негізгі  қызметі  болды.  Ол  деректанудың 
дербес әдіснамасы мен әдістемесінің негізін салды. 
Тарихи  деректер  туралы  өз  ілімінің  негізгі  қағидаларын  А.С.Лаппо-
Данилевский  «Тарих  әдіснамасы»  деген  еңбегінде  жүйелі  түрде  баяндады. 
Кітапта  тарихи  дерек  туралы  түсінік,  деректерді  жіктеу  қарастырылған, 
олардың мәні, деректерді сынау мен түсіндірудің негізгі әдістері сипатталады. 
Ол  деректану  әдіснамасын  нақты-тарихи  зерттеу  әдістерімен  тығыз 
байланыста 
баяндайды. 
А.С.Лаппо-Данилевскийдің 
әдіснамалық 
тұжырымының  маңызды  жағы  –  дерекке  біртұтас  әлеуметтік-мәдени  бағытты 
бекітті.  
А.С.Лаппо-Данилевскийдің  теориялық-әдіснамалық  ілімі  орыс  және  еуропалық 
ғылыми-тарихи  ой  шыңдарының  бірі  болды.  Ол  орыс  және  кеңес  тарих 
ғылымының  одан  әрі  дамуына  зор  ықпал  етті.  Кеңес  уақытында  А.С.Лаппо-
Данилевскийдің  пікірлестері,  ізбасарлары  мен  шәкірттері  оның  идеяларын  одан 
әрі  дамытты.  Бұл  жерде  А.Е.Пресняковтың,  А.А.Шахматовтың,  С.Н.Валктың, 
А.И.Андреевтің,  И.М.Гревстің  жәнеГ.В.Вернадскийдің  жұмыстары  үлкен  рөл 
атқарды.  Кеңес  тарих  ғылымының  шығармашылық  қорына  позитивті 
деректанулық әдістеменің үздік жетістіктері енді. 
Батыс Еуропаның жаңа замандағы тарихын зерттеуге арналған Н.И. Кареевтің 
еңбектерінде  Ұлы  француз  буржуазиялық  революциясы  кезінде  және  одан 
кейін  пайда  болған  тарихи  деректердің  сипаттамасы  беріледі,  оларды  талдау 
тәсілдері  қарастырылады.  Оның,  «Тарихи  білім  теориясы»  жұмысында 
мынадай  бөлімдер  бар:  тарихи  деректердің  түрлері;  деректерді  сынау,  тарихи 
фактілерді  белгілеу;  тарихи  фактілер  арасындағы  байланыстарды  анықтау, 
тарих ғылымындағы синтетикалық жұмыс және тарихи жалпылау (СПБ, 1913, 
Ч.1.) 
1921  жылы  австриялық  тарихшы  Вильгельм  Бауэрдың«Тарихты  зерттеуге 
кіріспе» кітабы жарық көрді.1928 жылы ол қайта басып шығарылды. Кітаптың 
он  екі  тарауының  алтауы  деректерді  іздеу,  талдау  тәсілдерін  қарастыруға, 
қосалқы  тарихи  пәндерді  қолдануға,  деректің  жеке  түрлерін  сипаттауға 
арналған.  Әр  тарауға  ғана  емес,  сондай-ақ  жеке  параграфтарға  берілген 
библиографиялық көрсеткіштер оқырман үшін өте пайдалы. 
1924 жылыАльфред Федердің «Тарихи әдістер оқулығы» атты кітабы жарыққа 
шықты  (үшінші  басылым).  Оның  бірінші  бөлімі  автордың  тарих  әдіснамасы 
туралы  ойларынан  тұрады.  Оның  көзқарастарын  осы  кітаптың  «Тарихи  әдіс 
және сенім» сияқты бөлімінен көруге болады. Бұл бөлім құдай сөзінің қатесіз-
дігі, құдайға сену керектігі, өйткені «құдайдың қателесуі мүмкін емес» туралы 
пікірімен  аяқталады.  Федер  тарихи  деректерді  діни  және  адамзаттық  деп 
бөледі.Кітаптың қосалқы тарихи пәндер, тарихи деректердің жеке түрлері және 
оларды  формальды  талдау  әдістері  туралы  материалдар  бар  бөлімдері  назар 
аударарлық. 
Неміс  тарихшысы  Эрих  Кайзердің  «Тарих  ғылымы.  Құрылымы  мен 
міндеттері» кітабы1931 жылы жарық көрді. Бұл жұмыстың жалпы сипатына 
әсер  етті.  Автор  тарих  ғылымы  өзгеріс  сәтін  бастан  кешіріп  жатқанын,оның 


26 
 
алдындағы міндеттер мен ғылыми зерттеу негізделетін теориялық принциптер 
арасындағы  алшақтық  сезілетінін,  бұл  теориялық  принциптердің  жеткіліксіз-
дігін, баяндайды. Кайзер қазіргі кез тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер 
қоятынын,  оларды  осы  ғылымның  лайықты  негізін  жасамай,  шешуге 
болмайтынын  жазады.  Автор  ұсынған  осы  тезиске  қалайша  қарсы  шығуға 
болады?  
Алайда  Кайзердің  көзқарастарымен  жақын  танысу  олардың  шын  мәнін 
ашады.Жұмыста  реваншистік  идеялар:  Версаль  бейбіт  келісімшартының 
нәтижесінде  жоғалтқан  беделін,  Германияның  бұрынғы  ұлылығын  қайта 
қалпына  келтіру  қажеттігі,  империяның  ертеректе  күшпен  тартып  алынған 
бөліктерін, неміс халқын Германиядан тыс тұратын барлық немістермен қайта 
біріктіру  идеясы  насихатталады.  Оның  пікірі  бойынша,  осы  міндетті  жүзеге 
асыру  мүддесіне  тарих  ғылымы  көмектесуі  керек.  Бұл  ой  кітаптың  тарихи 
деректерді  талдауға  арналған  бөлімдерінен  байқалады.  Кайзер  насихаттаған 
идеялар көбіне өмір кеңістігі және геосаясатта неміс ұлтының үстемдігі туралы 
фашисттік «теорияларды» болжап білді. 
АҚШ-тағы 
Джон 
Гопкинс 
университетінің 
профессорыДжоМартин 
Винценттің1934  жылышыққан«Тарихи  зерттеу  құралында»  негізінен 
қосалқы  тарихи  пәндер:дипломатика,  палеография,  хронология,  геральдика, 
сфрагистика,  метрология,  нумизматикажәне  т.б.туралы  материалдар  бар. 
Сонымен  қатар,  дипломатикалық  және  картографиялық  материалдардың 
ерекшеліктеріне  арналған  бөлімдер  бар.  Соңғы  бөлім  тарихи  дерек  ретіндегі 
куәгерлердің жауаптары туралы материалдан құралған. 
Түрлі мемлекеттердің тарихи журналдарында жарияланған жеке мақалалардан 
басқа,  деректану  мәселелеріне  арналған,  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін 
пайда  болған  батыс  зерттеушілерінің  бірнеше  жұмыстарын  атап  өту  керек. 
Америка  тарихшысы  Вильям  Лео  Лусидің  «Тарих,  әдістер  мен 
түсіндірмелер»  жұмысы  1958  жылы  Чикагода  екінші  басылыммен  (бірінші 
басылым  1948  жылы  басылды)  жарияланды.  Жұмыста  мынадай:  тарихи 
деректер,  сыртқы  сын,  ішкі  сын,  деректерге  түсінік  беру  (түсіндіру) 
бөлімдері  болғандықтан,  ол  зерттеушілердің  қызығушылығын  тудырады. 
Кітапта  АҚШ-тың  ірі  мұрағаттарында,  мұражайларында,  кітапхананың 
қолжазбалар  бөліміндегі  тарихи  деректердің  сипаты  туралы,  оларды  іріктеу 
және  сақтау  тәртібі  туралы,  көптеген  деректерді  бұрмалау  тәсілдері  және 
жалған нұсқаларын анықтау жолдары жөнінде пайдалы мәліметтер келтірілген.  
Жұмыста тарихи деректерді сынауға аса назар аударылған. Лео Луси «куәгердің 
сенімділігі  оның  сипаттарына:  жасына  (жас,  орта  жастағы,  егде,  кәрі), 
темпераментіне  (арсыз,  сангвиник,  пессимист),  тәрбиесіне  және  өмірдегі 
жағдайына (ақсүйек, шенеунік) байланысты. Біз жас қыздан және егде сая-
саткерден,  сауатсыз  шаруадан  және  колледж  профессорынан  бірдей 
куәгерлікті  күтпейміз»  деп  есептейді.  Бұл  пікірмен  келіспеуге  болмайды. 
Зерттеуші  шынымен  де  қоғамдық  жағдайды,  құжатты  құрастырушының  жеке 
қасиеттері  мен  жасын  ескеруі  қажет.  Бірақ  автор  куәгердің  дүниетанымын, 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау