Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет10/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72

23 
 
1886  жылы  ағылшын  профессоры  Эдуард  Фриманның  «Тарихты  зерттеу 
әдістері»  кітабы  жарық  көрді.  Ол  1884  жылы  автор  Оксфорд  университетінің 
студенттеріне  оқыған  сегіз  лекциядан  тұрды.  Онда  деректанудың  негізгі 
теориялық  сұрақтары  қарастырылмаған.  Кітаптың  атауы  бойынша  автордың 
басты назарында тарихты зерттеу әдістері болуы керек еді, алайда олар үстірт 
берілген. 
1889  жылы  неміс  тарихшысыЭрнст  Бернгеймнің«Тарихи  әдістердің 
оқулығы»деген  ауқымды  еңбегі  жарыққа  шықты.ОлГамбург  қаласында 
саудагер  отбасында  дүниеге  келген.1868  жылы  Берлин  университетінің  тарих 
бөліміне оқуға түседі,бірақ кейін Страсбург университетіне ауысты. 1872 жылы 
Орта  ғасыр  тарихы  бойынша  докторлық  диссертациясын  қорғайды.Оған  екі 
бірдей 
ғылымның:Философия 
және 
құқық 
докторы 
дәрежесі 
беріледі.1883жылы Грайфсвальд университетінің экстроординарлы профессоры 
қызметіне  шақырылады.1899  жылы  сол  университеттің  ректоры  болып 
сайланды.Алманияда  ұлтшылдар  үкімет  басына  келген  уақытта  ол  еврей 
болғандықтан  қуғынға  ұшырайды.  Оған  лекция  оқуға  тиым  салынады.1935 
жылы оны Алмания азаматтығынан шығарады.Университет оқытушыларының 
өтініші  бойынша  оған  уақытша  азаматтық  беріледі.  Бірақ  ұлтшылдық 
пиғылдағы  тарихшылар  оның  еңбектерін  барынша  қаралауға  тырысты.  1942 
жылы  Э.Бернгейм  қайтыс  болды.  Оның  аты  ғылымда  тарихнама,деректану 
және әдіснама маманы ретінде сақталып қалды. 
Бернгейм  өзіне  дейінгі  ғалымдардың  шығармаларындағы  тарихи  зерттеу 
әдістерінің зерделенуін баяндады және осы мәселені өзінше түсіндірді.Олтарих 
ғылымының  мәні  меноның  алдындағы  міндеттерін  көрсете  келіп  басқа 
қоғамдық 
ғылымдармен 
байланысына 
тоқталады.Бірқатар 
тараулар 
деректануға:  деректерді  іздеуге,  қосалқы  тарихи  пәндердің  мәніне,  сыртқы 
және ішкі сынға, деректердіңинтерпретациясына(түсіндіругеарналған. Бұл 
тараулар, 
әсіресе 
философиялық 
ойлар 
бар 
тараулар, 
автордың 
идеалогиялықкөзқарастарына негізделген. Э. Бернгеймнің кітабы бірнеше рет 
қайтадан  басылды  және  әлемге  танымал  болды.  Орыс  тілінде  1908  жылы 
шыққан «Тарих ғылымыныа кіріспе» деген шағын еңбегі бар бұл жұмыс 1903 
жылы  басылымның  қысқартылған  және  өңделген  түрі.  Ол  Бернгеймнің  бұдан 
бұрын  аталған  жұмыстарынан  ерекшеленеді.  Онда  негізсіз  философиялық 
ойлар  аз,  деректерді  талдау  сұрақтары  анық  баяндалған,  деректердің  жаңа 
түрлеріне сипаттама беріледі.  
1898 жылыфранцуз тарихшылары В. Ланглуа мен Ш. Сеньобостың «Тарихты 
зерттеуге  кіріспе»  дегенжұмысы  жарияланды.  1899  жылы  ол  орыс  тіліне 
аударылады.Оның  негізіне  Сорбонн  студенттеріне  оқылған,  кейін  авторлар 
толықтырып,  өңдеген  лекциялар  алынды.  Олар  өз  зерттеуін  тек  мамандарға 
ғана  емес,  тарихқа  қызығушылық  танытатын  көпшілік  қауымға  арнаған. 
Авторлар  тарихи  материалды  өңдеу  тәсілдерін  талдауға,  құжаттарды  іздеп 
табуға, деректерді сынау сұрақтарына ерекше назар аударған,Олар сынның екі 
кезеңін  –  ішкі  және  сыртқы  сынды  бөліп  көрсетеді.  Сыртқы  сын,  олардың 
пікірі  бойынша  тек  даярлау,  төменгі  саты,  оның  функциясына  «деректердің 


24 
 
жазуын,  тілін,  формасын  алдын  ала  зерттеу»  кіреді.  Ішкі  сын  –  сынның 
жоғарғы  формасы  ретінде  қарастырылады,  ол  деректегі  мәліметтердің 
шынайылық  деңгейін  «мақсаты  құжат  авторының  бастан  кешірген  сезімдерін 
қайталауға бағытталған, көбіне психологиядан алынған, ұқсастықтар бойынша 
ой қорыту жолымен» анықтауы керек.(В. Ланглуа  и Ш. Сеньобос.  Введение  в 
изучение  истории.  СПб.,  1899,  51б.).  Позитивті  таным  теориясын  жақтаған-
дықтан авторлар тек тарихи зертеу техникасына, фактілерді іріктеуге, олардың 
жеке бөліктеріне анализ жасауға қызығушылық танытқан, оларды жалпылауға, 
синтезге көңіл бөлмеген. 
Сеньобос  адамзат  білімінің  жалғыз  дерегі  деп  «құжаттарды»  ғана  есептеді. 
«Тарих  құжаттарды  іске  жарату,  құжаттарды  ғана  сақтау  немесе 
жоғалту  тек  қана  жағдайға  байланысты.  Осыдан  тарихты  құрастыруда 
жағдай  басым  рөл  атқарады...  ол  қоғамның  пайда  болу  құпиясын  аша 
алмайды  және  құжаттардың  жеткіліксіздігіне  байланысты  адамзат 
дамуының басталуы біржола құпия түрінде қалады» –деп жазды ол (Сонда, 
250 б.). 
Сеньобостың  бұл  пікірі  Францияның  көптеген  тарихшыларының,  ең  алдымен, 
тарихи дерек түсінігін кең мағынада түсіндіруді қолдайтын Люсьена Февр мен 
Марк  Блоктың  қарсылығын  туғызды.  Француз  тарихшыларының  шағын 
кітабы  батыс  деректануының  негізі  болып  табылады.  Соңғы  басылымдардың 
бірі 1966 жылыағылшын тілінде шықты. 
1910  жылы.  неміс  тарихшысы  Густав  Вольфтың  «Жаңазаман  тарихын 
зерттеуге кіріспе»еңбегі жарияланды. Онда жаңа заман тарихының деректерін 
зерттеуге  көп  назар  аударылған.  Автор  оқырманды  тек  тарихи  құжаттарды 
іздеу және талдау тәсілдерімен ғана таныстырмайды, тарихи құжаттардың жеке 
түрлерін  толық  сипаттап,  олармен  де  таныстырады.  Тарихи  деректерді 
зерттеуге  үлкен  орын  берілген.  Көптеген  библиографиялық  көрсеткіштер 
келтірілген.  Тараулардың  бірінде  жаңа  заман  тарихы  бойынша  құжаттар 
жинақталған  шетел  мұрағаттарының,  сондай-ақ,  ірі  кітапханалар  мен 
мұражайлардың сипаттамасы берілген. 
Революцияға  дейінгі  Ресейдің  тарихшылары–А.А.  Шахматов,  А.С.  Лаппо-
Данилевский,  В.О.  Ключевский,  Н.И.  Кареев  деректанудың  дамуыназор  үлес 
қосты.ХХ  ғасырдың  басындағы  орыс  тарихнамасында  алғаш  ретА.С.Лаппо-
Данилевский (1863–1918 жж.) деректерді зерттеуге көңіл бөлді. Ол алғаш рет 
әлемдік  ғылыми-тарихи  практикада  деректер  мен  деректану  әдістемесі 
туралы  ғылыми  негізделген,  біртұтас  ілім  жасады.  Оның  негізіне  ол 
феноменологиялық  философия  мектебінің  идеяларын  алды.  Гуманитарлық 
танымның  субъективтілігі  жөніндегі  жаңакантшылдардың  идеясын  мойындай 
отырып,  феноменологизм  ғылыми-гуманитарлық  зерттеудің  объективтілігі 
туралы  тұжырымдаманы  ұсынды,  оны  танитын  субъект  пен  нақты 
объектінің  өзара  әрекетінің  нәтижесі  деп  есептеді.  Тарихи  танымның 
мұндай схемасында, процесс барысында тарихшы өткенді оның қалдықтары  – 
деректер бойынша зерттейді (олармен өзара әрекеттеседі),тарихи дерек дербес 
ғылыми объекті мәніне ие болып, өзіндік тәуелсіз әдіснаманы талап етеді. Оны 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау