Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет37/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72

81 
 
тайпаларының  мекен-қоныстары  жайындағы  мәліметтер;  3.  түркі  тілдерін 
топтастыру; 4. түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5. 
Түріктердің  тарихы,  географиясы,  этнографиясы,  поэзиясы  және  фольклоры 
жайындағы мәліметтер. 
Махмұд  еңбегін  тек  сөздік қана  деп  ұсынуға  болмайды.  Онда  жеке  сөздермен 
қатар ХІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан территориясы мекендеген халықтар 
тарихының құнды деректері мейлінше мол. Кітап алғашқы рет 1914 жылы түрік 
ғалымы  Али  Амири  қолына  түскен,  ал  Қиласали  Рифат  қолжазба  көшірмесін 
1915  жылы  1–2  кітап,  1917  жылы  3  кітап  етіп  Стамбұлда бастырып  шығарған. 
СөздікҚазақстанда 1993 жылы жарық көрді. 
*Фазлаллах  Рашид  ад-Диннің  «Жами  ат-тауарих»  («Жылнамалар  жинағы» 
1310–1311жылдары  аяқталған)  деген  тарихи  еңбегі  ХІІ-ХІІІ  ғасырдағы  сонғол 
және  түрік  тайпалары  мен  халықтарының  тарихы  жөніндегі  мейлінше  елеулі 
еңбек  болып  табылады.  Раши  ад-Дин  шығармасының  негізінде  ресми  монғол, 
хроникалары,  монғолдар  жаулап  алған  түрлі  елдердің  тарихи  шығармалары, 
оқиғаларға  қатысушы  хабарламашылардың  материалдары  алынған.  Әдет-
ғұрыптар,  діни  нанымдар,  көшпелі  тұрмыс  туралы,  түрік  және  монғол 
тайпаларының  орналасуы  туралы  мәліметтер  алуан  түрлі.  «Жылнамалар 
жинағының»  екінші  томында  тайпалардың  этникалық  құрамы,  қазақстан 
моңғол  ұлысының  құрамына  кірген  кездегі  оның  топонимикасы,  тарихи 
географиясы,саяси тарихы жөніндегі деректер. Орда –Ежен ұлысының тарихы, 
оның  ұрпақтарының,  басқа  да  Жошы  ұрпақтарының  генеалогиясы  жөніндегі 
мәліметтер келтірілген. 
Тауарих-и гузидайи нусрат-наме «Жеңістер кітабының таңдамалы тарихтары» 
деп  аударылады.  Авторы  белгісіз.Түркі  тілінде  (ескі  өзбек)Шейбани  ханға 
(1451–1510)  арналып  жазылған  шығарма.  Кітап  шамамен  1505  жылы  жазылып 
біткен.Кейбір  зерттеушілер  кітаптың  авторы  ханның  өзі  болуы  мүмкін  деген 
болжам айтады. Тарихтан белгілі ол білімді адам болған,ақындықтан да кенде 
емес. Бізге дейін оның кейбір өлеңдері де жеткен. 
Шығарманың бір нұсқасы Санкт-Петербург қаласындағы РҒА Азия халықтары 
институтында  да  екінші  нұсқасы  Британ  музейінде  сақтаулы.  Алла  Мурад 
Аннабой оглы дегенқоңырат руының оқымыстысы шығарманың қысқаша түрін 
1815  жылы  Бұхарада  құрастырады.1849  жылы  Қазан  университетінің  профес-
соры И.Н.Березин кітаптың түркі тілінде бастырып шығарды.1967 жылы өзбек 
ғалымы 
А.М.Акрамов 
шығарманың 
факсимилесінжариялады. 
Оның 
фрагменттері  мен  аудармасын  қазақстан-дық  ғалым  В.П.Юдин  1969  жылы 
«Материалы  по  истории  казахских  ханств  XV–XVII  веков  (Извлечения  из 
персидских  и  тюркских  сочинений)»деп  аталатын  жинаққа  кіргізді.Кітапта 
түркі тайпаларының арғы тарихы,Шыңғыс хан туралы деректер бар. 
Автордың  айтуынша,  ол  деректердіДжувейни  мен  Рашид  ад-Диннен  алған. 
Одан  басқа  ол  белгісіз  автордың«Тарих-и  арба  улус»  («Төрт  ұлыстың 
тарихы»)пайдаланғандығын  жасырмайды.  Одан  әрі  ол  атасы  Әбілхайырдың 
көшпелі  өзбектер  мемлекетінің  тағына  отыруын,ноғай  биі  Ваккаспен 


82 
 
араздасуын  және  оның  маңғыт  пен  қазақтармен  күресін,  Мұхаммед 
Шейбанидің ноғай биі Мұсаменіске аспай қалған келісімі жөнінде баяндайды. 
Кітапта,әсіресе,Әбілхайыр  ұрпақтарының  Мәуренахр  жерін  жаулау  жөнінде 
толық  мәлімет  бар.Шығарма  1504  жылы  Әндіжанды  басып  алу  оқиғаларымен 
аяқталады. 
*Камал ад-дин Бинаидің «Шайбани-наме» (Шайбан туралы кітап)деп аталатын 
шығармасы  даШибандар  әулетінің  тарихына  арналған.Авторы  өз  заманының 
белгілі  тұлғасы,өнерпаз,  әрі  жазушы.  Төменгі  әлеуметтік  топқа  жатқанымен 
жасында  жақсы білім  алған.  Өмір  сүрген  уақыты  1453–1512  жылдар  аралығы. 
Карши  қаласына  сефевидтер  әскері  басып  кіргенде  мезгілсіз  қаза  болған.  Ол 
Гератта,Иракта,  Бұхара  мен  Самарқанда  болған.  Мәуеренахрды  Мұхамед 
Шайбани  басып  алғанда  ол  жаңа  ханға  қызмет  етеді.Оның  ішінде  екеуі1504 
және  1510  жылдары  жазылған  «Шайбани-наме»  және«Футухат-и  хани» 
шығармаларында  қазақтар  туралы  құнды  мәліметтер  бар.  Бұл  шығармаларға 
кезінде көптеген зерттеушілер көңіл аударған.А. Самойлович , М. Салье, П.П. 
Иванов,  Р.Г.  Мукминова,  А.  Мирзоев,  С.К.  Ибраимов,Б.А.  Ахмедовсияқты 
ғалымдар  Бинаи  шығармаларын  дерек  ретінде  өз  еңбектерінде  кеңінен 
пайдаланған. 
*Абдаллах бен Мухаммад, басқа бір деректерде Абдаллах Балхи (XV ғасырдың 
соңы –XVI ғасырдың басы), есімді автордың жалпы тарихқа арналған «Зубдат 
аль-асар»  (Жылнамалар  қаймағы)атты  кітабықазақтың  саяси  тарихының 
таптырмас  дерегі.  Ташкенттің  билеушісі  Келді  Мухаммад-султанның  тапсы-
рысы  бойынша  жаздым  дейді.Ол  кітапты  1510  жылғы  Мухаммад  Шайбани-
ханның  қазақтарға  жасаған  сәтсіз  жорығы  ,  Қасым  ханның  Түркістан  мен 
Тәшкентке  жасаған  сәтті  жорығы,сияқты  оқиғалар  толық  баяндалады. 
Компилятивті  хроника  сипатындағы  шығармада  мұсылман  әулеттерінің 
тарихы, сол замандағы ел билеушілері жөнінде мәлімет береді. Өзінің көзімен 
көргендерімен қатар естігендерін де кітапқа кіргізген. 
*Тарихшы,  ақын,  билеуші  –  Үндістанда  Ұлы  Моғолдар  империясының  негізін 
салушы  Бабырдың  (1483–1530)  қазақ  тарихы  үшін  құнды  деректерінің  бірі 
(«Бабыр  жазбалары»)  деген  атпен  белгілі  болған  еңбегі.  Ол  орта  ғасырдағы 
тамаша  тарихи–әдеби  ескерткіштерінің  бірі  болып  саналады.  Бабыр  сол 
дәуірдегі көптеген оқиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да бол-
ды.Бұл  кітапта  сол  замандағы  ғұрыптың  мейлінше  толық  көрінісі  берілген. 
«Бабырнамада»  сондай-ақ  ежелгі  қазақ  жеріндегі  кен  орындары,  өзендер, 
көлдер,  таулар,  өсімдіктер  мен  жан  –  жануарлар  дүниесі,  т.б.  әңгімеленген. 
Мысалы,  қазақтың  Түркістан,  Сайрам,  Отырар,  т.б.  шаһарлары  туралы, 
Сырдария  (Сейхун),  Арыс,  т.б.  өзендері  мен  көлдері  жөнінде  қызықты 
мағлұматтар бар. 
Абай, 
Шоқан 
және 
Мұхтар 
Әуезов 
«Бабырнаманы» 
қазақ 
халқыныңтарихынатікелейқатысты деректікшығармадеп таныған. 
Тазкира-и  муким  хани(Муким  ханныңғұмырнамасы)  –  тарихи  шығарма. 
Аштархан әулеті кезіндегі Балх хандығының тарихына (1601 – 1702) арналған. 
Авторы  –  Мұхаммед  Юсуф  Мунши.  Ол  өз  еңбегін  Балх  тағына  1697  жылы 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау