67
белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек
Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады...
аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады.
Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола
мен алтын өте көп.Егіншілікпенайналыспайды, қайта номадтар
(көшпенділер),скифтерсияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", –
деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе басқа да грек
авторларының шығармаларынаұқсас екендігін аңғарамыз.
Орталық АзияменҚазақстанжерін мекендеген скифтердің шығыстан батысқа
қоныс аударуы нәтижесіндеҚара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер
мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз замандастары
гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар
жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін «Тарихта» Геродот Скиф даласынан
шыққан ғұламаАнахарсистуралы маңызды дерек қалдырған.
Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне біздің заманымызға дейін 594 жылы
келеді. Оның шыққан тегі туралы алғашқы деректі Геродот былайша береді:
«Ариапифаның сенімді кісісі, тыңшысы Тимнен естуім бойынша,
Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің ағасы болып келеді.
Спаргапифтен Лик, Ликтен Гнур, одан Анахарсис туған». Анахарсистің
басты мақсаты – Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру
еді.
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен
қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының
өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері
бар. АнахарсисСолонарқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен,
мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ой-
шылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен
қараған. Оның көзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы
байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі
шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де,
тұрмыста скифтерше өмір сүреді.
Плутархтың«Жеті данышпанның сауығы» деген әңгімесінен Анахарсистің
эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен, терең білімімен үлкен
құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис
Эллада елінде оқып, білім алып, мемлекет ісіне үйреніп, еліне қайтады.
Анахарсис туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады.
Геродот Анахарсистің қайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен
байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформаторСолонныңтөмендегі
жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады: Ал мына
жателдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді
ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға
көмектесті, толып жатқан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске үйретті.
Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де құтты деп
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
68
санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге
қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!»
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі дүние өркениеттерімен
парсылармен, гректермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол
кездегі көптеген тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады.
Адамзат жинақтаған мол құндылықтармен танысу әлемдік өркениеттегі
Еуразия көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз кезе-
гінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз.
Қытай жазба деректері.ҚытайдыңБатыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы
сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба
деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди
(біздің заманымызға дейін 140–87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш
Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір»
деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық
Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.
Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цяньбастаған елшілікке
ғұндарға қарсыЖетісудағыүйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол
елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне,
қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып
отырды.
Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты
жылнамашысы «Қытай тарихының атасы Сыма Цянды (біздің заманымызға
дейін 145–86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның «Тарихи жазбалар
(«Шицзи»)деген еңбегінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы
хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан
Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына
ұқсас.
Көне түркі жазуларытарихи дерек. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір
және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы
ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни
скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп
атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының
экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г.
Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721–1722 жылдар аралығында
көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан
екшеліп, 1729 жылы. З. Байердің Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым
Академиясының
жазбаларында
жарық
көріп,
Еуропадағы
барлық
Шығыстанушылардың қатты қызығу.
Әдебиет
Код поля изменен
Код поля изменен
Достарыңызбен бөлісу: |