Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет27/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72

60 
 
жасап  олардың  қазақ  тарихын  жазудағы  негізгі  дерек  екендігін  дәлелдеп 
шықты. 
 
6.Әдет-ғұрыптық заңдары 
 
Қазақтың әдеп заңы көне түркілердің Төресінен бастау алады, Шыңғыс ұрпағы 
билеген  дәуірде.  Шыңғыс  ханның  «Ясысымен»  толықтырылып,  бүгінгі 
заманымызға  дейін  жетті.  Бүгінгі  қазақ  Конституциясы  бола  тұра,  оған 
негізделген  заң  нормалары  бола  тұра,  осы  күнге  дейін  кейбір  өмірлік 
жағдайларда әдет-ғұрыптық заңдарының нормаларымен өмір сүреді.  
Әдет-ғұрып заңдары тасқа басылып, қағазға жазылмаса да халықтың санасына 
терең бойлап еңгендігі соншама, олар халықтың күнделікті өмірінің реттеушісі 
сияқты. Бүгінгі қазақтың көпшілігі жақында шыққан неке және отбасы туралы 
заңды білмесе де баяғы замандағы отбасының шаңырағы шайқалмай өмір сүріп 
келеді.  Әке  мен  баланың,  анасы  мен  қызының,  іні-сіңілі,  ағайын-туыс,  көрші-
қолаң  арасындағы  қарым-қатынас  әдет-ғұрыптық  заңның  сарқыншағы.  Әдет-
ғұрыптық  заңдар  негізінде,  қазақ  қоғамындағы  саяси  құрылыс,  әлеуметтік 
қарым-қатынас, рухани өмір жөнінде толық мағлұмат алуға болады. 
Қазақ қоғамында ел билеген билер, сөз бастаған шешендер үлкен абыройға, зор 
құрметке бөленген. Олардың бір кездері айтқан сөздері афоризм ретінде біздін 
заманымызға  дейін  жетіп  отыр.  Олардың  көпшілігі  жиналып,  зерттеліп, 
талданып  тарихи  деректік  дәрежеге  дейін  көтерілді  Көпшілік  тарихи 
еңбектерде  пайдаланып  та  жүр.  Әдет  заңдары  оқу  құралының  келесі  тараула-
рында толықашылады. 
 
7.Жер-су аттары тарихи дерек 
 
«Еліңнің  аты  –  тарихтың  хаты»дейді  халық,  бұл  сөзде  үлкен  мағына  бар. 
Өйткені халық ат қойғанда ойланып толғанып барып қояды. Атаулар жөніндегі 
ғылымды  «ономастика»  деп  атайды.  Бұл  ғылым  тарих,  география  және 
лингвистика  ғылымдарының  түйіскен  жерінде.  Әсіресе  жер  атаулары,  ел 
атаулары сонау көне заманда қалыптасып ауызша түрде бізге дейін жетіп отыр. 
Біздің  негізгі  міндетіміз  сол  атауларға  зор  ыждаһаттылықпен  қарап,  оларды 
мұқият  тіркеп,  жан-жақты  талдау  жасауымыз  керек.  Жер  атаулары  ауызша 
тарихи  деректердің  бір  түрі.  Бір  қуанатын  жағдай  жер  атауларын  зерттеу 
Қазақстанның  әр  облысында  үлкен  талпыныспен  жүргізілуде.  Мұндай 
қызығушылықты  мемлекеттің  өзі  де  қолдап  отыр.  Қарағанды,  Павлодар, 
Қостанай облыстарында мұндай зерттеулер жарияланып та үлгерді.  
Қорыта  айтқанда  қазақ  тарихының  ауызша  деректерінің  зерттеу  ісі  қолға 
алынды,  бірақ  оның  ғылыми  тұжырымдамасы  жасалып  әдістері  толық 
айқындалды  деп  айту  қиын.  Алматы,  Астана,  Қарағанды  сияқты  қалаларда 
деректану орталықтарын ашу кезек күттірмейтін мәселе. Шынайы қазақ тарихы 
деректердің  әр  тобын  бірімен  бірін  салыстыра  отырып  пайдаланғанда  ғана 


61 
 
жазылады. Осы салада зерттеу натижесін жариялап тұратын арнаулы басылым 
болса – құба-құп. 
 
Әдебиет 
 
Атабаев  Қ.  Қазақстан  тарихының  деректанулық  негіздері:  Оқу  құралы.  – 
Алматы: Қазақ университеті, 2002.–302 б. 
Алпысбес 
М.Қазақ 
шежіресі: 
тарихнамалық-деректанулық 
зерттеу: 
монография.–Астана: «BG-Print»ЖК, 2013.–380 б. 
Төреқұлов Н, Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1,2 кітап. Алматы,1993. 
Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А.Мектеп,1986. 
Сейдембеков  А.  Қазақтың  ауызша  тарихы:Зерттеу  «Фолиант»,  Астана,  2008.– 
708 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР 
 
Жоспары 
1.Жазбаша дерек түсінігі және түрлері. 
2.Жазу өнерінің пайда болуы және алғашқы жазбаша деректер. 
3.Көне дүние деректері. 
 
1. Жазбаша дерек түсінігі және түрлері 
 
Жазбаша  деректер  тарихи  зерртеулерде  кеңінен  қолданылатын  ақпарат  көзі 
екендігі  баршамызға  белгілі.  Әлем  тарихшылары  арасында  ондай  деректердің 
беделі  өте  жоғары.  Сондықтан  әрбір  зерттеуші  алдымен  жазбаша  деректерді 
іздеп  табуға  тырысады.  Жазбаша  дерек  дегеніміз  кез  келген  затқа  арнаулы 
белгілер  арқылы  өткен  заманнан  жеткен  ақпарат.  Оның  тарихы  жазу  өнерінің 
пайда болуымен тығыз байланысты. 
ХІХ  ғасырдың  аяғында  жазылғанның  бәрі  дерек  емес  деген  түсінік  пайда 
болды.  Жазбашадеректерге  сын  көзбен  қару  қажеттілігі  орта  ғасырда  айтыла 
бастағанымен, тек соңғы ғасырларда ғана деректемелік талдау мәселесі ғылыми 
жолға қойылды. 


62 
 
Жазбаша  деректер  сан-алуан.  Пиктографиялық  ақпарат  көздерінен  бастап 
ғылыми  еңбектерге  дейін  жазбаша  деректер  болып  саналады.  Сондықтан  да 
оларды  бір  жүйеге  келтіріп,  топтау  мәселесі  туындайды.  ӘсіресеКеңес 
тарихшылары  жазбаша  деректерді  бөлшектеудің  бірнеше  нұсқасын  ұсынды. 
Алғашқыда  барлық  жазбаша  деректердіқұжаттық  (документальные)  және 
баяндайтын(повествовательные)  деп  екі  топқа  бөлді.  Бірінші  топқа  жататын 
ақпарат көздері өмірде болып жатқан уақиғаларды тіркеп отыру қажеттілігінен 
туған.  Ондай  құжаттарды  жасағандар  келешек  ұрпаққа  ақпарат  қалдыруды 
ойлағанжоқ.  Сондықтан  да  мұндай  құжаттар  шынайы  болып,  зерттеушінің 
сенімін  арттырады.  Дегенмен  мұндай  деректер  оқиға  жөнінде  толық  ақпарат 
бере алмайды.  
Жазбаша  деректердің  екінші  әдеиі  тарих  үшін  жазылады.  Оқиға  ретретімен, 
толық  әрі  оның  ішіндегі  элементтердің  бір-бірімен  байланыстыра  отыра 
баяндалады.Баяндамалы  деректер  мұқият  тексеруді  қажет  етеді.  Бір  ғана 
ақпарат  көзін  пайдаланып  тарих  жазуға  болмайды.  Зерттеуді  басқа  дерек 
түрлерімен толықтыру қажет. 
Әлбетте  жазбаша  деректерді  осылайша  топтау  шартты  түрде  болуы  мүмкін. 
Өйткені  жоғарыда  айтқанымыздай  ақпарат  көздері  әр  алуан.  Деректердің  бір 
түрі жойылып кетіп жатса, жаңа түрлері пайда болып жатады. 
Деректердің  бұл  екі  тобы  да  өз  кезеңінде  бірнеше  түрлерге  бөлінеді. 
Деректердің  түрі  дегеніміз  –мазмұны  мен  ішкі  құрылымы  ұқсас  құжаттар 
кешенін  айтамыз.Деректердің  топқа  және  түрге  бөліну  мәселесі  ғылымда  ұзақ 
пікірталас  тудырғаны  белгілі.  Сондықтан  ешбір  ғалымның  концепцясына 
еліктемей  қазақ  тарихына  байланысты  жазбаша  деректерді  өз  қалауымызша 
топтауға тырыстық. 
 
I. Құжаттық деректер: 
1.Заңнамалық құжаттар.(Құқық ескерткіштері); 
2.Акт деректері (келісім-шарттар); 
3.Іс қағаздары(кеңселер мен мекемелерде пайда болған құжаттар); 
4. Статистикаматериалдары. 
II.Баяндау деректері: 
1.Жылнама және хроника; 
2.Жазу өнерінің алғашқы нұсқалары; 
3.Ортағасырлық нарративті деректер; 
4.Естеліктер мен и эпистолярлық жанр ескерткіштері; 
5.Әдеби және публицистикалық шығармалар; 
6. Баспасөз материалдары. 
 
2. Жазу өнерінің пайда болуы және 
алғашқы жазбаша деректер 
 
Жазу дегеніміз адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар 
жүйесі.  Жазудың  басты  атқаратын  қызметі  хабар  беру.Оның  алғашқы  түрін 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау