Әр жаңа бөлім жаңа беттен басталады; бұл ереже ШБЖ басқа да
негізгі құрылымдық бөлімдеріне қатысты (кіріспе, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар және т.б.)
9.2.2 Атауларын жазу
ШБЖ негізгі құрылымдық элементтердің және бөлім мәтіндерінің
атауларын азат жолдан аяғында нүкте қойылмай және бас әріппен асты
сызылмай орналастыру керек. Атауларда сөздерді тасымалдауға
болмайды.Егер атаулары екі сөйлемнен тұрса онда оларды нүктемен
бөледі.
Бөлім, тармақ және тармақша атаулары азат жолдан және бас
әріптерден, асты сызылмай, соңында нүкте қойылмай басталуы тиіс.
Құрылымдық және мәтін атауларының арасындағы арақашықтығы мәтіні
машина баспа тәсілімен орындалса үш аралық, ал тармақ және тармақша
атауларның арақашықтығы- екі аралық болуы тиіс.
ШБЖ мәтіндік құжаттың әр бір құрылымдық элементі жаңа
парақтан басталуы тиіс (беттер).
Тармақ немесе тармақша ішінде тасымалдар болуы мүмкін.Әр
кезеңде тасымалдау алдында дефис қойылуы тиіс немесе мәтін құжатында
қажет жағдайда бір позицияға жолдық әріп (ё,з,й,о,ъ,ы,ь) содан кейін
жақша қойылады. Ары қарай тасымал жасау үшін міндетті түрде араб
цифрларын одан кейін жақша қолдану керек, ал жазба азат жолдан
жүргізіледі.
«Кіріспе», «Мазмұны», «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер
тізімі» нөмірленбейді.
Суретпен сипаттауды араб цифрларымен өтпелі нөмірлермен
нөмірлеу қажет. Егер сурет біреу ғана болса, онда ол «Сурет 1» деп
белгіленеді. Сонымен бірге «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың
ортасында орналасады. Суретпен сипаттауды бөлім шектері бойынша
нөмірлеуге болады.Бұл жағдайда суретпен сипаттау нөмірі бөлім нөмірімен
суретпен сипаттау реттік нөмірінен тұрады және нүктемен
бөлінеді.Мысалы: Сурет1.1. Суретпен сипаттаулар атауға және түсіндірме
берілгендерге ие болуы мүмкін. «Сурет» сөзі және оның атауы түсіндірме
берілгендерден кейін келесі түрде орналасады: Сурет 1. Бағаналардың
кран асты және кран үсті бөлігінің түйін байланыстары. Суретпен сипаттау
компьютермен жасалған сонымен қатар түрлі-түсті болуы мүмкін. Барлық
суретпен сипаттауларға дипломдық жобада нұсқаулықтар болуы
тиіс.Суретпен сипаттау дәлелдеулер кезінде «2 суретке сәйкес …» өтпелі
нөмірлеу кезінде «1.2 суретке сәйкес ……» жазылуы тиіс бөлім шектерін
нөмірлеген кезде.
Кесте атауын кесте қасына жол ені бойынша азатты бос жерімен келесі
жолда «Кесте 1» сөзінен кейін орналастыру керек .Кестені тікелей бірінші
немесе келесі бетте аталып өтілген мәтіннен кейін орналастыру қажет.
36
Барлық кестелерге нұсқаулық болуы тиіс. Нұсқаулық кезінде оның нөмірін
көрсете «кесте» деп жазылуы тиіс. Кесте бөлігін алмастыру кезінде басқа
бетте «кесте» сөзі және оның нөмірі сол жағынан бір рет кестенің бірінші
бөлігіне ғана жазылады ,ал қалған бөлігінде «Кесте жалғасы» деп
жазылып кесте нөмірін көрсетеді,мысалы: «1кесте жалғасы». Кестені басқа
бетке алмастыру кезінде тақырыбын оның бірінші бөлігіне ғана
орналастырады, ал төменгі горизонтальды сызығы кестені түйісе өтпейді.
Кестелерді қосымша кестелерді ескермей,араб цифрларымен өтпелі
нөмірлермен нөмірлеу қажет.
Өрнектерді мәтіннен жеке жолға белгілеу керек. Жоғары және төмен
әр өрнектер арасында кем дегенде бір жол қалдырып отырылуы тиіс.
Өрнектерді барлық жұмыс шегі бойынша реттік нөмірмен,араб цифрімен
дөңгелек жақшада оң жақ шетінде бір жол бойымен нөмірленуі қажет.
Өрнектерді бөлім шектері бойынша нөмірлеуге болады.Бұл жағдайда
өрнектер нөмірі бөлім нөмірі мен өрнектің реттік нөмірінен тұрады және
нүктемен бөлінеді,мысалы (3.1).
Дипломдық жобада қарастырылған сызбалар,графикалар,
диаграммалар,сұлбалар,мысалмен сипаттаулар Бірыңғай жүйедегі
құрылымдық құжатнама (БЖҚҚ) мемлекеттік стандарт талаптарына сай
болуы тиіс.
10 Жобаны рецензиялау және қорғау
Аяқталған дипломдық жоба шығарушы кафедраға«Антиплагиат»
тексеруге және диплом алдындағы қорғауға өтуге ұсынылады. Дипломдық
жобаны алдын ала қорғау ашық кеңесте кафедра меңгерушісімен бекітілген
комиссия алдында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекші
қатысуымен жүргізіледі.Алдын ала қорғау кафедра кеңесі хаттамасымен
рәсімделеді. Алдын ала қорғауды сәтті өткен дипломдық жоба
студенттің,бөлім кеңесшілерінің,нормабақылаушының
қолы
қойылып,ғылыми жетекшісіне ұсынылады. Ғылыми жетекші қорғауға
жіберілгені туралы жазбаша пікір жазып кафедра меңгерушісіне ұсынады
және ары қарай жоба рецензиялауға ұсынылады.
Рецензиялау кезінде түсіндірме хат тігілген түрде және барлық
сызбалар толығымен аяқталған және түсіндірме хатта, сызбаларда
дипломанттың, жетекшілердің, норма бақылаушының, ғылыми жетекшінің
қолдары қойылған болуы тиіс.
Сызбаларға қол қойылғаннан соң оларды өзгертуге тыйым салынады.
Қорғауға 3-5 күн қалғанда жоба рецензиялауға маман-рецензиялаушыға
жіберіледі.
Рецензиялаушы түсіндірме хатты және сызбаларды қарайды және
студенттің дипломдық жобасына жазбаша рецензия береді . Резенцияда
қаралатын сұрақтар:
37
а) жалпы берілгендер және жобаның көлемі (тақырыбы, сызбалар
саны және түсіндірме хат);
б) жобаның және негізгі техникалық шешімдердің сипаттамасы;
в) жобаның берілген тапсырмаға сәйкес орындалуына берілген баға;
г) әрбір тарауды орындау сипаттамасы және студенттің қолданған
заманауи ғылыми және техника жетістіктері;
д) жобаның графикалық бөлімін және түсіндірме хатты сапалы
орындауына бағасы;
е) жобадағы негізгі жеткіліктер және жобаның барлық таруларының
жетіспеушіліктер тізімі (болған жағдайда);
ж) инженерлік қызметті орындау дайындығы;
з) жоба туралы бағасы көрсетілген толық қорытынды.
Рецензияда әріптік жүйедегі баллды-рейтинг бойынша бағалау
нұсқаулығымен дәлелденген қорытынды беріледі және академиялық
дәрежеге және біліктілікті иеленуге сәйкес мүмкіндіктер беру. Рецензия
кафедрада қорғауға 1-2 күн қалғанда беріледі және студент онымен
танысады.
Қорғауға дайындық баяндама мәтінін немесе оның тезисін құрау
енгізіледі. Оның құрамында жобаның барлық бөлімдері маңызды
сұрақтардың шешімдерімен көрсетілуі тиіс. Баяндамада қабылданған
шешімдегі техника-экономикалық дәлелдемелерге назар аударылуы тиіс.
Баяндама 15 минуттан аспауы қажет. Рецензенттің маңызды ескертулеріне
дәлелдеме жауаптарын тұжырымдау қажет, қажет жағдайда дәлелденген
қарсылықтарын ұсыну керек.
38
Достарыңызбен бөлісу: |