«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ комиссияларының тізбесі
№№
|
Атауы
|
Комиссиялық алымдардың мөлшері
|
Ескерту
|
1
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссиялық алым.
|
Шартты соманың 0,55 %
(ең азы 5 000 теңге)
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасағаны үшін ұсталынатын комиссияны 3 айдан аспайтын мерзім ішінде бөліп төлеуге болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған кезде Келесі санатты тұлғалардан комиссия ұсталынбайды (0=болады):
21 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының интернаттық ұйымдарында тәрбиеленгендер;
18 жасқа дейінгі қамқорлыққа немесе қамқоршылыққа алынған жетім балалар;
18 жасқа дейінгі патронаттық тәрбиедегі жетім балалар;
18 жасқа дейінгі ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа немесе қамқоршылыққа алынған жетім балалар;
18 жасқа дейінгі ата-ана қамқорлығынсыз қалған патронаттық тәрбиедегі жетім балалар;
(тармақ 25.02.2015ж. 20 Хаттамаға сәйкес өзгертілген. 01.03.2016ж. бастап күшіне енеді)
|
2
|
Шарттық соманың көбейтілгені үшін комиссия*.
|
Шарттық соманың көбейтілген сомасының 0,55%
(ең азы 5 000 теңге)
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша басқа параметрлері бір мезгілде өзгергенде, Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасағаны үшін комиссия тиісті ең көп комиссия көлемінде ұсталынады.
(Банктік өнімдер және үдерістер жөніндегі Комитеттің 17.05.16ж. ( № 12 хаттама) шешімімен, Директорлар кеңесінің (2016 жылдың 11 шілдесіндегі № 11 хаттама) шешіміне сәйкес, Басқарманың 2016 жылдың 22 маусымындағы № 152 қаулысымен өзгеріс енгізілді, (талап 11.07.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі))
|
3
|
Салымшының жинақ шотына ақша енгізілгені үшін комиссия
|
Алынбайды
|
|
4
|
Банктік заем шарттарының, кепілге қою, кепіл шарттарының қосымша келісімдерін жасағаны үшін комиссия*.
|
5 000 теңге
|
Комиссия ұсталынбайды:
- салымшы/заемшы, заемшылас қайтыс болған жағдайда шегеруге қатысты банктік заем, кепілзат, кепілдік шарттарының қосымша келісімдері үшін;
- клиенттің деректемелерінің өзгергені үшін шарттың қосымша келісімін жасаған жағдайда;
- айыппұл және өсімпұл көлемінің өзгеруіне қатысты банктік заем және кепіл шарттарының қосымша келісіміне қол қойғаны үшін;
- бір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты аясында алдын-ала/аралық тұрғын үй заемынан тұрғын үй заемына өту үшін банктік заем шарты, кепіл, кепілдік шартының қосымша келісімін жасау үшін (Заемшылас(-тар)ды бір мезгілде ауыстырғанда және/немесе алып тастағанда , кепілді қамтамасыз ету және тұрғын үй заемына өтуге байланысты емес басқа жағдайда, банктік заем шартының, кепіл шартының қосымша келісімін жасау үшін комиссия белгіленген тәртіпте алынады).
- (растаушы құжаттарды тапсырған кезде) заемшыға байланысты емес себептер бойынша қайта рәсімдеу үшін заемшыға берілген жылжымайтын мүліктің құқық бекітуші және сәйкестендіруші және басқа да құжаттарының түпнұсқасын беру мерзімін ұзартуға байланысты жылжымайтын мүліктің кепілі шартының қосымша келісімін жасау үшін;
- заңнама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты кепіл, банктік заем, кепілдік шартының қосымша келісімін жасау үшін.
- (басқа талаптарды өзгертпестен) банктік заем шартының қосымшасы болып табылатын комиссия тізбесінің өзгеруіне байланысты банктік заем шартының қосымша келісімін жасау үшін
(Директорлар кеңесінің (14.02.2013ж. №2 Хаттама ) шешімімен 20.02.13 ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі), (Тариф комитетінің 12.11.2013ж. №14 Хаттамасы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (13.12.2013ж. №26 ) шешіміне сәйкес, 01.01.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі)
(Банктік өнімдер және үдерістер жөніндегі Комитеттің 04.05.16ж. ( № 11 хаттама), 17.05.16ж. ( № 12 хаттама) шешімімен, Директорлар кеңесінің (2016 жылдың 11 шілдесіндегі № 11 хаттама) шешіміне сәйкес, Басқарманың 2016 жылдың 22 маусымындағы № 152 қаулысымен өзгеріс енгізілді, (талап 11.07.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі))
|
4-1
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімін жасағаны үшін комиссия
|
Алынбайды
|
(Өзгерістер Директорлар кеңесінің шешіміне (13.12.2013ж. №26 Хаттама) сәйкес 12.11.2013ж. №14 Тарифтік комитеттің хаттамасымен енгізілді. Талап 01,01,2014ж. бастап қолданысқа енгізіледі),
|
5
|
Жаңа кепілге қою шартын жасағаны үшін комиссия*.
|
25 000 теңге
|
Комиссия ұсталмайды:
-заемшы қайтыс болғанда жағдайда әмбебап құқық мұрагерлігі құқықтарын рәсімдеуге байланысты жаңа кепіл шартын жасау үшін (30.10.2015ж. 17 Хаттамаға сәйкес тармақ өзгертілді)
(Банктік өнімдер және үдерістер жөніндегі Комитеттің 17.05.16ж. ( № 12 хаттама) шешімімен, Директорлар кеңесінің (2016 жылдың 11 шілдесіндегі № 11 хаттама) шешіміне сәйкес, Басқарманың 2016 жылдың 22 маусымындағы № 152 қаулысымен өзгеріс енгізілді, (талап 11.07.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі))
|
6
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзған кезде қаражаттарды қолма – қол ақшамен алғаны үшін, тұрғын үй заемын алудан және шартты соманы төлеуден бас тартқаны үшін комиссия.
|
Алынбайды
|
|
7
|
Тұрғын үй заемын алуға өтінімнің қарастырылғаны үшін комиссия.
|
Алынбайды
|
|
8
|
Тұрғын үй заемдарын берудің ұйымдастырылғаны үшін комиссия.
|
Алынбайды
|
|
9
|
Аралық тұрғын үй заемын, алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтінімнің қарастырылғаны үшін комиссия **.
|
5 000 теңге
|
|
10
|
Төлем қабілеттілігін бағалау және қатысушылар үшін банктің хабарлама рәсімдегені үшін комиссия**:
- ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы,
- ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы,
- Батыс Қазақстан облысында «Жас отбасыға арналған тұрғын үй құрылысы» (бұрынғы атауы «Жастарға – үй») жобасы;
- Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы.
|
15 000 теңге
|
|
11
|
«Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына қатысушылар үшін банктің хабарлама рәсімдеуімен бірге төлем қабілеттілігін бағалауға комиссия **
|
0 теңге
|
(Басқарманың 2014ж. 28 шілдедегі №151 қаулысы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (2014ж. 18 тамызындағы №19 хаттама ) шешіміне сәйкес, 02.09.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі)
|
12
|
Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемын беруді ұйымдастырғаны үшін комиссия.
|
Заем сомасының 0,5%
(ең азы 15 000 теңге, ең көбі 100 000 теңге)
|
(Басқарманың 16.11.2013ж. №34 Хаттамасы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (13.12.2013ж. №26 хаттама ) шешіміне сәйкес, 01.01.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі)
|
13
|
Қолма-қол ақшамен заем төлегені үшін комиссия.
|
Заем сомасының 0,5%
(ең азы 1 500 теңге, ең көбі 50 000 теңге)
|
Комиссия тікелей төлем сомасынан ұсталуы мүмкін.
|
14
|
Мемлекеттік сыйақымен ынталандырылмаған жинақтау кестесінен артық енгізілген ақшаны шттан алу үшін комиссия
|
Алынбайды
|
Банктің өнімдер және үдерістер жөніндегі комитеттің 18.02.2014ж. (№5 Хаттама) шешімі, Басқарманың 2014 жылдың 18 наурызындағы қаулысы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (2014ж. 18 тамызындағы №19 хаттама) шешіміне сәйкес, 02.09.2014 ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі).
|
14-1
|
Ағымдағы шоттан заем және жинақты төлеуге байланысты емес ақша алу үшін комиссия.
|
Қолма-қол ақшамен төленген соманың 0,5%
(комиссияның ең аз сомасы –
1 500 теңге).
|
Ағымдағы шотты жапқан күні 2000 теңге және (одан аз) сомада шотта ақша қалған жағдайда комиссия ұсталынбайды.
Банктің өнімдер және үдерістер жөніндегі комитеттің 18.02.2014ж. (№5 Хаттама) шешімі, Басқарманың 2014 жылдың 18 наурызындағы № 38 қаулысы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (2014ж. 18 тамызындағы №19 хаттама) шешіміне сәйкес, 02.09.2014 ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі).
|
15
|
Қолма қол емес сыртқы аударылым үшін комиссия.
|
Аударым сомасының 0,3%
(ең азы 1 500 теңге, ең көбі 5 000 теңге)
|
Клиенттің қалауымен тікелей аударым сомасынан комиссия ұсталынуы мүмкін.
Соның ішінде мыналарға қолданылады:
- басқа банк алдындағы қарыз өтеу шотына қаржы аудару үшін;
- ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының және ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында өз қаражаты (жартылай) есебінен сатып алынатын тұрғын үйдің шотына;
- Алматы қ. «Қалалық ипотекалық тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында өз қаражаты (жартылай) есебінен сатып алынатын тұрғын үйдің шотына.
|
16
|
Тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру кезінде беру мақсатында транзиттік шотқа ақша енгізу үшін комиссия
|
Алынбайды
|
(Тариф комитетінің 12.11.2013ж. №14 Хаттамасы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (13.12.2013ж. №26 ) шешіміне сәйкес, 01.01.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі).
|
17
|
Банк жүйесінің ішінде қолма – қолсыз аударым үшін комиссия
|
Алынбайды
|
(Тариф комитетінің 12.11.2013ж. №14 Хаттамасы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (13.12.2013ж. №26 ) шешіміне сәйкес, 01.01.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі)
|
18
|
Жинақ, несиелік шоттардың жағдайы, несиелік берешектің бар/жоқтығы туралы анықтамаларды және өзге анықтамаларды бергені үшін комиссия *.
|
0 теңге
|
Директорлар кеңесінің (24.04.2015ж. №5 ) шешіміне сәйкес Банктің өнімдер және үдерістер жөніндегі комитеттің 10.03.2015ж. (№5 Хаттама) шешімі бойынша өзгеріс енгізілді.
|
19
|
Жинақ және ағымдағы шоттан үзінді бергені үшін комиссия
|
Алынбайды
|
|
20
|
Салым құжатының, шарттың, қосымша келісімнің және т.б. дубликатын беру үшін комиссия*
|
1 500 теңге
|
Клиент жоғалтып алғанда немесе бүлдіріп алғанда құжаттардың дубликаты беріледі.
|
21
|
Кепілмен қамтамасыз ету бойынша құқық белгілеуші және өзге құжаттардың көшірмелерін түсіргені үшін комиссия*.
|
1 500 теңге
|
|
22
|
Қайта рәсімдеу/нотариатты растау үшін жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларын бергені үшін комиссия*.
|
5 000 теңге
|
Қайта рәсімдеу мақсатында жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және өзге де құжаттардың түпнұсқалары Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша заемшыға беріледі
Комиссия ұсталынбайды:
- Қайта рәсімдеу үшін жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші, сәйкестендіруші және өзге де құжаттардың түпнұсқаларын беру кезінде, жылжымайтын мүлікті жоспарлау кезінде алшақтық бар заем бергенде, Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша.
|
23
|
Банктің салымшысының басқа қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуі үшін депозитті кепілге қоюды рәсімдеу үшін комиссия
|
Алынбайды
|
(Тариф комитетінің 12.11.2013ж. №14 Хаттамасы бойынша өзгеріс енгізілді, Директорлар кеңесінің (13.12.2013ж. №26 хаттама) шешіміне сәйкес, 01.01.2014ж. бастап талап қолданысқа енгізіледі).
|
24
|
Эскроу-шот ашу үшін комиссиялық алым
|
5 000 теңге
|
Комиссия Эскроу-шот шартын жасаған кезде бір мезгілде ұсталынады
(Директорлар Кеңесінің Шешіміне сәйкес (26.06.2015. №9 Хаттама) 01.07.2015ж. бастап қолданысқа енгізіледі, Банктік өнімдер және үдерістер комитеті шешімімен өзгеріс енгізілді)
|
Примечание:
1) Банкке төленген комисия қайтарылмайды;
2) * Бұл тарифке қосымша құн салығы енген (ҚҚС).
3) ** Кредит берілмеген жағдайда, бұл тарифке қосымша құн салығы енген (ҚҚС)
(Ескерту: ДК 20.06.2013ж. №13 шешімімен толықтырылды )
(ДК 09.10.2009ж. №82, 13.12.2010 ж. №102 шешімдері өзгертулерімен бірге алынып тасталды )
(7-тармақ 13.12.2010ж. №102 шешімі редакциясында баяндалды )
20-тармақ 01.09.2010ж. №99 шешімі редакциясында баяндалды)
Директорлар кеңесінің
2009 жылғы 22 шілдедегі №79 шешімімен бекітілген
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің
жалпы талаптары туралы ережелердің
№ 3 Қосымшасы
(№3 Қосымша ДК 29.06.2011ж. №112 шешімі редакциясында баяндалды, 01.07.2011ж. қолданысқа енгізілді, ДК 13.11.2012ж. №140 шешімі редакциясында баяндалды, ДК 05.08.2013ж. №17 шешімі редакциясында баяндалды, ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалды, ДК 30.10.2015ж. №17 шешімімен өзгертілді,
17.02.2016 ж. №3 шешімімен толықтырылды. )
Қамтамасыз ету сапасының лимиттері
|
№
|
Лимит түрі
|
Лимита мәні
|
Талаптары
|
1
|
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалардан басқа, барлық заңды тұлғалар үшін қамтамасыз ету түріне байланысты К/К (кредит/кепіл) коэффициент
лимиті
|
К/К ≤ 100%
|
ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының
ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының (бюджеттік кредит есебінен)
«Жас отбасыға арналған тұрғын үй құрылысы» (бұрынғы атауы «Жастарға – үй») өңірлік жобасының
аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету бойынша берілген жылжымайтын тұрғын жай үшін.
|
|
|
К/К ≤ 70%
|
Заем алу сәтіне қарай пайдаланылу мерзімі 50 жылдан аспаған, жер телімі бар жылжымайтын тұрғын жай, соның ішінде заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілген, заем есебінен алынған жылжымайтын тұрғын жай үшін;
ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде (Банктің меншікті қаражаттары есебінен) және «Нұрлы көш» және «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және жүзеге асыру» тарифтік бағдарламаларының шеңберінде заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін;
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін;
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін (республикалық бюджеттен кредит қаржысын пайдалану арқылы);
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, Алматы, Астана, облыс орталықтарында орналасқан жер телімдері үшін.
|
|
|
К/К ≤ 40%
|
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, өзге елдімекендерде орналасқан жер телімдері үшін;
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін.
|
Қамтамасыз ету сапасының лимиттері
|
№
|
Лимит түрі
|
Лимита мәні
|
Талаптары
|
1
|
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалар үшін қамтамасыз ету түріне байланысты К/К (кепіл/кредит) коэффициент
лимиті
|
1) К/К ≥ 130%
|
1.
1) ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының
2) ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының (бюджеттік кредит есебінен)
3) «Жас отбасыға арналған тұрғын үй құрылысы» (бұрынғы атауы «Жастарға – үй») өңірлік жобасының
аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілген жылжымайтын тұрғын жай үшін.
|
|
|
2) К/К ≥ 167%
|
Заем алу сәтіне қарай пайдаланылу мерзімі 50 жылдан аспаған, жер телімі бар жылжымайтын тұрғын жай, соның ішінде заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілген, заем есебінен алынған жылжымайтын тұрғын жай үшін;
ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын, ҚР тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде (Банктің меншікті қаражаттары есебінен) және «Нұрлы көш» және «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және жүзеге асыру» тарифтік бағдарламаларының шеңберінде заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін;
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін;
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заемдар бойынша кепілді қамтамасыз ету түрінде берілетін жылжымайтын тұрғын жай үшін (республикалық бюджеттен кредит қаржысын пайдалану арқылы);
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, Алматы, Астана, облыс орталықтарында орналасқан жер телімдері үшін.
|
|
|
3) К/К ≥ 250%
|
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, өзге елдімекендерде орналасқан жер телімдері үшін;
заемдар бойынша қамтамасыз ету түрінде берілетін, коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |