«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



жүктеу 0,89 Mb.
бет1/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#12730
  1   2   3   4   5

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген

2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы

ереже

(11.07.2016 ж. жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен бірге)




(клиенттер-заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар 29.02.2016ж. №4 ДК шешіміне сәйкес Банк тиісті лицензияны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)



(Ереже мәтініндегі «тиімді», «тиімді сыйақы мөлшерлемесі» деген сөздер 19.03.2010ж. №89 ДК шешіміне сәйкес «жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі» деген сөздермен алмастырылды)


1-тарау. Кіріспе


(1-тарау атауы 29.06.2011 ж. № 112 ДК шешімімен енгізілді)

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының операциялар жүргізуінің жалпы талаптары туралы ережелер (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң) Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес әзірленген және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) операциялар жүргізуінің жалпы шарттарын, талаптарын, шектеулерін және рәсімдерін анықтайды.

Нақты операцияларды жүргізу ерекшеліктері Банктің өзге ішкі құжаттарымен анықталады.

Осы Ережеде белгіленген банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары ашық ақпарат болып табылады және клиенттің бірінші талабы бойынша танысу мақсатында және басшылыққа алу үшін беріледі.

2. Банк операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамада көзделген ұлттық және шетелдік валютада операциялар жүргізуге берген лицензиясының негізінде жүзеге асырады.

3. Банктік құпияға және жеке мәліметтерге жататын мәліметтерді беру (жария ету), Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, Банк операциялар жүргізген кезде Қазақстан Республикасының банктік құпияға жататын мәліметтерді ашу жөніндегі заңнамасының талаптарының сақталынуын, сондай-ақ банктік құпияны және жеке мәліметтерді ашуға клиенттің (клиенттердің) жазбаша рұқсатымен үшінші тұлғаларға жеке мәліметтер жөніндегі ақпараттарды беруді (ашуды) қамтамасыз етеді. (3-тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен өзгертілді, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакцияда баяндалды.)

4. Банктік операцияларды жүргізген кезде Банк пен клиенттің арасындағы қарым – қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жасалған шарттардың талаптарымен, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

Осы Ереже қағидаларының және жасалған шарттардың талаптарының арасында қайшылықтар болған жағдайда, жасалған шарттардың талаптарына басымдық беріледі.

5. Банктің Жарғысына сәйкес және Уәкілетті органның лицензиясы негізінде Банктің мынадай операцияларды жүргізуге құқығы бар:

1) Банктік операциялар:

- ұлттық валютада:

- тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшының шоттарын ашу және жүргізу;

- салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру.

- ұлттық және шетелдік валютада:

- заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалық операциялар: ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау және сақтауды қоса алғанда қолма-қол ақша қабылдау және беру;

- аудару операциялары: төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке/заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау.

2) Банктік заңнамада көзделген ұлттық және шетелдік валютадағы өзге операциялар:

- меншікті бағалы қағаздар шығару (акцияларды қоспағанда).

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес, Банк валюталық бақылау агентінің міндеттерін орындайды.

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес, Банктің дилерлік қызмет атқаруға құқығы бар.

(5-тармақ ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілген)

6. Клиенттің тапсырмаларын орындағанда, сондай-ақ клиентпен жасалған шарттарды орындағанда, Банктің үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.



(7-тармақ ДК 19.03.2010ж. № 89 шешімімен алынып тасталды.)

8. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына қабылданатын салымдардың, берілетін тұрғын үй, аралық тұрғын үй заемдарының және алдын ала тұрғын үй заемдарының шекті сомалары мен мерзімдері, олар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамалары, сондай-ақ Банкте жүзеге асырылатын операцияларды жүргізу мөлшерлемелері мен тарифтері туралы ақпарат ашық болып табылады және Банк оларды клиенттің бірінші талабы бойынша береді.



(8-тармақ ДК 19.03.2010ж. № 89 шешімімен өзгертілді).
2-бөлім. Негізгі ұғымдар
9. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

  1. Банктік шот – ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету бойынша Банк пен клиент арасындағы шартты қатынастарды көрсету тәсілі (жинақтау, ағымдағы), банк пен клиент арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты жасалған кезде банктік шот ашылады; (1-тармақша ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

  2. банктік қызметтер – Банктің Банктер туралы заңда және Банктің лицензиясында бекітілген банктік және басқа да операцияларды жасауы; (2-тармақша ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

  3. тұрғын үй құрылыс жинағының салымшысы (бұдан әрі - салымшы) – Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған жеке тұлға;

  4. сыйақы – Банк клиентке немесе клиент Банкке, соның ішінде жасалған шарт талаптарына сәйкес, төлейтін ақша сомасы;

  5. банктік қызмет көрсету шарты (шот, ақша аударымы, салым) – іске асырылатын операциялардың түрлері бойынша олардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін, Банк пен клиент арасында жасалатын шарт;

  6. тұрғын үй құрылыс жинақ шарты – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшы мен Банк арасында және (немесе) салымшы, Банк және үшінші тұлға арасында, соның ішінде Банктің агенті (агенттері) арқылы жасалатын шарт;

  7. шартты сома – тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және тұрғын үй заемынан тұратын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін, салымшыға қажетті ақша сомасы;

  8. тұрғын үй заемы – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға және банктік заем беру туралы, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының талаптарына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақ салымшысына берілетін мақсатты заем;

  9. тұрғын үй құрылыс жинақтары – тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында есептелген Банктің сыйақы мөлшерлемесімен және мемлекет сыйлықақысымен тұрғын үй заемын алу үшін салымшылардың Банкте жинақтаған ақшасы;

  10. клиент бұл:

  • банктік қызметтің тұтынушысы болып табылатын немесе банктік қызметті пайдалануға ниеттеніп отырған жеке тұлға;

  • банктік қызметтің тұтынушысы болып табылатын немесе банктік қызметті пайдалануға ниеттеніп отырған заңды тұлға (9-тармақтың 10) тармақшасы ДК 29.06.2011 ж. №112 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 29.02.2016 ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)

  1. Банктің комиссиялық сыйақысы – банктік қызмет көрсетілгені үшін клиенттің Банкке төлейтін ақша сомасы;

  2. Бағалау көрсеткіші – шарттық сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша Банк белгілейтін, нақты шарт бойынша ұзақтылығы және көлемін бағалауға негізделген есептік шама. Бағалау көрсеткішін анықтау тәртібін уәкілетті орган мен ҚР Қаржы министрлігі бекітеді; (12- тармақша ДК 03.07.2015ж. №10 шешімі редакциясында баяндалған)

  3. мемлекет сыйлықақысы – жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша жинақталған салым сомасына есептелетін ақша және Банк сыйақысы;

  4. аралық тұрғын үй заемы – тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында, ол бойынша қалдық тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша шартты сома есебінен өтелетін жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтау талабымен, Заңға, Банктің ішкі кредиттік саясатына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес Банк салымшыға беретін мақсатты заем;

  5. алдын ала тұрғын үй заемы – шартты сома шектерінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында, шартты соманы алғанға дейін негізгі қарызды өтеу талабынсыз, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға, Банктің ішкі кредиттік саясатына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес салымшыға берілетін мақсатты заем; (9-тармақтың 14 және 15 тармақшалары ДК 04.07.2012ж. № 135 шешімі редакциясында баяндалған)

  6. жинақтау мерзімі – салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтауды жүргізетін және ол аяқталған соң шартты сома төленетін уақыт кезеңі;

  7. жинақталған ақша сомасы – салымдардан, оларға Банк есептеген сыйақылар мен мемлекет сыйлықақысынан тұратын салымшы жинақтаған нақты ақша;

  8. Банктің тарифтік бағдарламалары – Банктің өнімдер және үдерістер жөніндегі комитет бекіткен, мерзімдерді, салымның сыйақы мөлшерлемесін және өзге де жинақтау мен кредит беру талаптарын, сондай-ақ Банктің Директорлар кеңесі бекіткен банктік операциялар өткізуге арналған тарифтер аясында, комиссиялық алымдар мен Банк комиссиясының көлемін, депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақының шекті шамасын, қабылданған депозиттер мен берілген кредиттердің шекті сомасы мен мерзімдерін анықтайтын Банктің ішкі құжаттары;

(9 тармақтың 18 тармақшасы ДК 28.09.2012ж. №138 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 24.01.2014ж. №1 шешімімен өзгертілген)

  1. Банктің уәкілетті органы – құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау, соның ішінде Банктің Директорлар кеңесі бекіткен мерзімдер, валюта түрі, банктік қызмет көрсету талаптары аясында сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, комиссиялық алым ұстау/ұстамау тәртіптерін, мерзімдерін және талаптарын реттеу, заем беру бойынша шешім қабылдау, клиент-жеке тұлғаның Банктің талаптарына сай келетін жаңа немесе қосымша кепілзатты беруі жөніндегі Банктің алқалы, соның ішінде тұрақты жұмыс істейтін органы;

(9 тармақтың 19 тармақшасы ДК 28.02.2012ж. №129 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

  1. Кр/К (кредит/кепіл) – тұрғын үй құрылыс жинағы түріндегі қамтамасыз ету шегерілген заем сомасының жылжымайтын кепілдікті қамсыздандырудың нарықтық құнына қатынасы, сонымен қатар, егер депозит ашу күнінен бастап 3 жыл өткен болса, тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы мемлекет сыйақысымен бірге есептелінеді; (9 тармақтың 20 тармақшасы ДК 24.01.2014ж. №1 шешімі редакциясында баяндалған, ол 10.02.2014ж. бастап күшіне енеді)

  2. өтініш – тұлғаның өзінің құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдем ету туралы қолдау-хаты немесе заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, лауазымды тұлғалардың, өтініштерді қарастыратын субъектілердің жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметіне сын айту;

(21 тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешіміммен толықтырылды)

22) анонимді өтініш – авторлығын анықтау мүмкін емес, қол қойылмаған, соның ішінде электрондық сандық қол қойылмаған, өтінім берушінің пошта мекенжайы көрсетілмеген өтініш;



(21 тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешіміммен толықтырылды)

23) өтінім – Банкке немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша немесе электрондық құжат нысанында, электрондық сандық қол қою арқылы куәландырылған ұсыныс, өтініш, арыз, сұраным немесе пікір.



  1. тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешіміммен толықтырылды)

  1. Коммерциялық жылжымайтын мүлік – жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспайтын, тұрғын үй қорынан шығарылған және Астана, Алматы, Семей қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан үй-жайлар (қойма тұрпатындағы емес), кеңселер, дүкендер;

(9 тармақтың 24 тармақшасы ДК 28.09.2012ж. №138 шешімімен енгізілді, ДК 24.09.2012ж. №1 редакциясында баяндалған, ол 10.02.2014ж. бастап күшіне енеді)


  1. жеке басты куәландыратын құжат – азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын құжат, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; шетелге шығатын төлқұжат; туу туралы куәлік.

(9 тармақтың 25 тармақшасы ДК 14.05.2013ж. №10 шешімімен енгізілді, ДК 03.07.2015ж. №10 редакциясында баяндалған)

  1. Акция – Банктік өнімдердің қолданыстағы талаптарын шектеулі уақыт кезңінде өзгерту арқылы Банктің жоспарлы көрсеткіштеріне жетуге бағытталған іс-шаралар. (9 тармақтың 26 тармақшасы ДК 23.02.2015ж. №2 шешімімен енгізілді.)

  2. Эскроу-шот (немесе Эскроу ағымдағы шоты) – міндеттемелер орындалғанға дейін ақша орналасқан шотқа депозиттеу талабымен (салымшының шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығынсыз бұғаттау) ақша орналастыру мақсатында ашылған салымшының банктік ағымдағы шоты.

(9 тармақтың 27 тармақшасы ДК 26.06.2015ж. №29 шешімімен енгізілді.)

27-1) LTV (Loan to value ratio) коэффициенті – заем сомасының мүлік құқығының (талап ету құқығы) дисконттелген құны түріндегі қамсыздандырудың жалпы құнына және егер депозиттік ашылған күннен бастап 3 (үш) және одан да көп жыл өтсе, мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ депозитінде жинақталған сомаға қатынасы.



(9 тармақтың 27-1 тармақшасы ДК 17.02.2016ж. №3 шешімімен толықтырылды.)

  1. К/К (кепіл/кредит) – қамсыздандырудың нарықтық құны сомасының заемшы, заемшылас болып табылатын, Банкпен ерекше қатынас арқылы байланысқан тұлғалар бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ түріндегі қамсыздандыруды шегергендегі рәсімделген заем сомасына қатынасы.

(28 тармақша ДК 03.07.2015ж. №10 шешімімен енгізілген.)

29) Кредит беру аймағы – облыстарға бөлінген, Банк Басқармасымен бекітілген және алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру туралы кредиттік өтінімдерді қарастыру кезінде қолданылатын елді-мекен тізімі.



(29-тармақша ДК 31.05.2016ж. шешімімен (№9 хаттама) енгізілді )

2-тарау. Клиенттермен жұмыс жүргізу тәртібі туралы ереже



(2-тараудың атауы ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен енгізілді)

1-бөлім. Клиенттерге банктік қызмет көрсету және кеңес беру тәртібі



(1-бөлім ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен енгізілді)
9-1. Банктік қызмет көрсеткен кезде Банк:

1) банктік қызмет көрсету туралы шарт жасағанға дейін клиентке мыналарды береді:

- мөлшерлемелер мен тарифтер, банктік қызмет көрсету туралы өтініш бойынша (өтініш беру қажет болған жағдайда) шешім қабылдау мерзімі туралы ақпарат;

- банктік қызмет көрсету талаптары туралы ақпарат және банктік қызмет көрсету туралы шарт жасауға қажетті құжаттар тізбесі;

- банктік қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, клиенттің жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат;

- клиенттің туындаған сұрақтары бойынша кеңес беру;

- клиенттің тілегі бойынша – банктік қызмет көрсету туралы тиісті шарттың типтік нысанының көшірмесі;

2) Ережеде белгіленген мерзімде банктік қызмет көрсету туралы клиенттің өтінішін (өтініш беру қажет болған жағдайда) қарастырады;

3) банктік қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылғанға дейін клиентке оның талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді;

4) алынатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде клиентке оның Банкке, банктік омбудсманға, уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігі туралы хабарлайды. Бұл мақсаттарда клиентке Банктің, банктік омбудсманның, уәкілетті органның тұрғылықты орны, пошта, электрондық мекенжайлары және Банктің, банктік омбудсманның, уәкілетті органның интернет-ресурстары туралы ақпарат беріледі;

5) клиенттің сұранысы бойынша клиентті Банктің қаржылық есептілігінің және басқа ақпараттарының орналастырылу көздері туралы хабарландырады;

6) клиентке берілген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Құпия ақпарат мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша және/немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңның нормаларын сақтай отырып, ондай ақпаратты ашуға клиенттің жазбаша келісімі болған жағдайда, үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін. (9-1-тармағы ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен өзгертілді және толықтырылды)

9-2. Банктің директорлар кеңесі бекіткен, белгіленген Банктің тарифтеріне сәйкес, көрсетілген банктік қызмет үшін комиссиялық сыйақы өндіріледі (осы Ережелердің №1 және №6 қосымшалары).

Сонымен қатар акция өткізу кезіне Банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес, клиенттер-жеке тұлғаларға белгіленген комиссиялық алымның 100%-на дейін шегерім жасалуы мүмкін.



(9-2 тармақ ДК 23.02.2015ж. №2 шешімі редакциясында баяндалған, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)

2-бөлім. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу (Бөлімді нөмірлеу ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен өзгертілген, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімі редакциясында баяндалған)


10. Банк тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар қабылдауды тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне, тарифтік бағдарламалардың талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

10-1. Банк тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасағанға дейін, осы Ереженің 9-1 тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттардан басқа, клиент-жеке тұлғаға банктік салымдар туралы мынадай ауызша ақпарат береді:

1) салым түрі;

2) салым мерзімі (болған жағдайда);

3) салымның минималды сомасы;

4) сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде клиенттің өтініш жасаған күніне салыстырмалы есептелген (нақты құны) дұрыс, жылдық, тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

5) қосымша келісім жасаусыз (болған жағдайда) салым мерзімін ұзарту талаптары;

6) салымды толықтыру, капитализациялау мүмкіндігі;

7) салымды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара алу талаптары;

8) кепілдендірілген банктік салымдар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кепілді қайтару мөлшері.



(10-1 тармақ ДК 29.06.2011ж. № 112 шешімімен толықтырылған, ДК 29.02.2016ж. №4 шешімімен толықтырылған)

11. Өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін жеке тұлғалар ол үшін қажетті ақшаның тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуге қажетті (шартты) соманың 50% (елу пайыздан) кем емес бөлігін Банктегі банктік шоттарда жинақтайды, ал Банк салымшыға шартты сома мен салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырма мөлшерінде тұрғын үй заемын беруге міндеттенеді. Мұндай жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ең төменгі мерзімі Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға сәйкес, кем дегенде 3 жылды құрауға тиіс.

12. Тек жеке тұлғалар ғана тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымшысы бола алады.

Салымшының Банкте тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша бірнеше шот ашуына құқығы бар.

13. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ең төменгі мерзімі – 3 жыл, ең жоғарғы мерзімі – шектеусіз.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы бір шарттың шартты сомасының ең төменгі мөлшері кем дегенде 500 АЕК құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы барлық шарттар бойынша ең жоғарғы жиынтық шарттық сома бір салымшыға 200,0 миллион теңгені құрайды. (13 тармақ ДК 19.03.2010ж. № 89 шешімімен толықтырылған)

14. Жаңадан жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары бойынша салымшылардың салымдарына тарифтік бағдарламаларда белгіленген көлемде Банк сыйақысы есептеледі.Салымдар бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 12,7% дейін (01.12.2011ж. дейін жарамды); жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 12,6% дейін (01.12.2011ж. дейін жарамды) ең жоғарғы – жылдық - 5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық18,1% дейін). Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын салымшылардың салымдарына мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысы салымшының – Қазақстан Республикасы азаматының таңдауы бойынша тек бір ғана шотына есептеледі.

(14 тармақ ДК 27.03.2015ж. № 4 шешімі редакциясында баяндалған)

15. 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарының салымдары немесе басқа тұлғалардың олардың атына салған салымдары да мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады.

16. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшері ынталандырылатын салым сомасының 20% (жиырма пайызын) құрайды. Мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылыс жинақтарына енгізілген салым мен ол бойынша есептелген сыйақы сомасы кіреді.

Мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы жылына екі жүз айлық көрсеткіштен аспауға тиіс.

Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын төлеу тәртібі мен шартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тағайындайды.

17. Салым бойынша және тұрғын үй заемын пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемелері тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары жасалған сәтте белгіленеді және шарттың барлық қолданылу кезеңінде тұрақты болып қалады.

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 3% (үш пайыздан) артық болмауға тиіс.

Ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарына берілетін аралық тұрғын үй заемы/алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің және ондай бюджеттік кредиттер Банкке берілген мөлшерлеме арасындағы айырма жылдық 3% (үш пайыздан) артық болмауға тиіс.



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау