Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.
Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге асыру.
Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды.
Мақсаты:
- Нарықты басқару механизмін еңгізу.
- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.
- Тұтынушылардың мүддесін қорғау.
1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:
1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сәуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.
Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады.
1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.
1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |