Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым реформаларының негізгі бағыттары.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі. Тұңғыш Президент әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
Білім беру саласының жалпы ауқымы: 2011 жылы 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85%-ы оқумен қамтылса, азаматтардың 30%-ы білім жəне ғылым жүйесіне тартылды, оның ішінде:
білім алып жатқандар – 4,314 млн.
білім беру саласында қызмет ететіндер – 403,3 мыңнан астам педагогтар мен ғалымдар бар.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100%
Елбасы тапсырмасын орындау шеңберінде жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушы қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін толық ескеру үшін жағдайлар жасайтын «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» желісін құру басталды. Қазіргі уақытта физика-математика бағытындағы 3 мектеп Нұр-Сұлтан, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта республикада 7576 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жалпы санының 64%-ы үлгілік,
35,4%-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан,
201 мектеп апатты жағдайда.
Мектептердің 37,4%-ы тасымалды суды қолданады.
70 мектеп 3 ауысымда,
1 мектеп – 4 ауысымда жұмыс істейді.
Күрделі жөндеуді мектептердің 25,1%-ы қажет етеді. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде
1. «Бастауыш білім беру сапасы» көрсеткіші 1 орынға алға жылжыды (Қазақстан 68-орыннан 67-орынға ауысты);
2. «Білім беру жүйесінің сапасы» – 2 орынға (68 ден 66-ға);
3. «Математикалық жəне ғылыми білім беру сапасы» 8 орынға (80-нен 72-ге);
4. «Басқару мектептерінің сапасы» 1 орынға (98-ден 97-ге);
5. «Зерттеу жүргізу жəне тренинг қызметі орындарына қолжетімділігі» 14 орынға (82-ден 68-ге);
6. «Қызметкерлерді оқыту» 9 орынға (92-ден 83-ке);
7. «Инженер ғалымдар санының жеткілікті болуы» 9 орынға (83-тен 74-ке) жақсарған.
Достарыңызбен бөлісу: |