Бекіту сұрақтары:
Индустрияландырудың мәні неде?
Бұл жылдары қандай өндірістер мен өнеркәсіптер салынды?
Индустрияландырудың Қазақстан жағдайында маңыздылығы қандай?
Дәріс №11
Қазақстандағы саяси өзгерістер.
Мақсаты:
1. Қоғамдық саяси жағдай.
2. Ұлттық мәселенің шиеленісуі.
3. Қазақстандағы тіл мәселесі.
Өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде Қазақстан облыстық бірінші партия конференциясы (1921 ж.маусым) көрнекті орын алды. Ол экономиканың аса маңызды мәселесімен бірге қоғамдық-саяси өмірдің мына проблемаларын талқылады: ұлт мәселесі, партия және кеңес құрылысының кезектегі міндеттері және басқалар.
20 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары: қосшылар (кедей, жарлы) одағы, шаруалардың бұқаралық өзара көмек комитеттері (шарком) және оған біріккен ауылшаруашылық және орман жұмысшыларының одағы (жұмжерорман) маңызды орын алды. Бұл ұйымдардың бәрі, ең алдымен қосшылар одағы бір жағынан Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын болып табылды. Жаңа эконолмикалық саясатқа көшу жағдайында олар азамат соғысы жылдарындағы «әскери коммунизм» саясатының қыспағынан кейін дамократияны өрістетудің куәсі болды және адамның жасампаздық мүмкіндігін арттыру негізінде қалың еңбекшілер бұқарасын жаңа қоғамды құру міндеттерін шешуге тарту идеясын ойдағыдай жүзеге асырудың көрсеткіші болды.
Қазақстанның 20-жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады.
Сөйтіп, 20-жж. соңы мен 30-жж. тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді.
КОКП-ның бүлінуі оның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау кемелденген социализм концепциясынан туындады. Нақ осы дәуірде ұлт мәселелері жүйесінде проблемалар шешілуінен гөрі шапшаңырақ қордаланды.
Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Осы мағынада алғанда интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.
Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік оның екеуіне бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 проц. менгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 проц. де азы меңгерді. Қазақ тілі оның толыққанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарды. Ол тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95 проц.орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 проц.эфирге орыс тілінде шықты. Мұның үстіне мынаны айту қажет: қалалардың, елді мекендердің, колхоздардың, совхоздардың, көлдердің, өзеңдердің, таулардың аттары орыс тілінің позициясын нығайтуға қызмет етті. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.
№ 12 лекция
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының маңызы мен зардабын, халыққа әкелген қасіретін түсіндіру.
Қазақстан –майдан Арсеналы.
Қазақстандықтардың Мәскеу түбінденгі шайқасқа қатысуы
Курск даласындағы шайқас
Қазақстандық партизандардың ерліктері
Берлин үшін шайқас
Жапонияның тізе бүгуі
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді бір тұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизи-ялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы жәие 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шалиев, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, В. Кача-нов, В. Фурсов т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктін үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы бас-қарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. Б. Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.
Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!"- деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амаикелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қал-дырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған қүрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар дивизиялары, 74, 75-ші теңіз флот бригадалары қатысты Сталинград түбіндегі жеңістен кейін 1943 жылдың жазында қызыл әскер бөлімдері бірнеше жүздеген шақырым ілгері жылжып, Белгород-Орел шебіне шықты. Мұнда сол жылдың шілде айында Курск ішінде орасан зор шайқас жүрді. Курск шайқасына қатысқан әскери бөлімдердің қатарында қазақстандық 72-ші және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. 72-ші дивизияның жауынгерлері Белгородтың оңтүстік-шығысына қарай өңірдегі неміс әскерлерінің шабуылына қарсы қорғаныс шебінде қимыл жасады. Сонымен бірге қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы да 352 Орел-Курск ішінінде жау әскерлерімен жойқын ұрыстар жүргізді.
«Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында - 1500, Ленинград облысында - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Қ. Омаров, А. Жүмағалиев, 3. Хұсайынов, Б. Оразбаев, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Т. Жанкелдин, Ж. Саин, т. б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.
Қазақстан жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші шекаралық отрядтың капитан Г.А. Голубев басқарған тобы Аргуни өзенінің жағасында болған шайқаста 20 жапон солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150-ші пулемет батальонының жауынгері Л. Г. Кравченко "Лесной" деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті. 165-ші атқыштар полкінің командирі Н. Д. Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің құрамындағы Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі Жапопияның квантун армиясын 15-20 күн ішінде талқандауы және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.
Жапонияның 1945 жылғы қыркүйектің басында тізе бүгуімен Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат соғыс құмар фашистік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қауіпінен сақталып қалды.
Бекіту сұрақтары:
Курск шайқасының маңызы қандай болды?
Қай қазақстандық ерлік көрсеткен партизандарды білесіңдер?
Мәскеу түбіндегі шайқастың тарихи маңызы қандай болды?
№13 лекция
Тақырыбы: Соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі.
Мақсаты: Қазақстанда соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірі жайында баяндап түсіндіру.
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі.
Қазақстандағы лагерьлер
Қазақстанға арнайы қоныс аударған ұлт өкілдерінің келуі «Бекмаханов ісі»
Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы , тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға , демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл – бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама – қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.
1936 жылғы сталиндік КСРО Конституциясы елде әміршіл - әкімшіл жүйені одан әрі нығайтты. Социализм тоталитарлық , казармалық сипат алды. Қазақстанда жазалау шаралары басталды. Жазаға ұшырағанда: Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар ; партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері ; революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер ; қазақ әдебиеті мен ғылымның белгілі өкілдері; орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қайраткерлері.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер партия пайда болды.
1918 жылы 5 қыркүйектегі РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің арнаулары қаулысында: «Кеңес Республикасын тап жауларынан құтқару үшін, оларды концлагерьге қамау қажет», - делінген. 1929 жылдың өзінде – ақ Сталиннің бұйрығы бойынша елде еңбекпен тезеу лагерьлерінің торабын ұлғайту жоспары жасалған.1930 жылы 4-шілдеде осындай лагерьлер құру туралы арнаулы ереже қабылданды. ГУЛАГ осылай құрылған , оның құрамында 53 лагерь, 425 еңбекпен түзеу лагері болды.
Сөйтіп Қарағанды облысының аумағында 1930 – 1950 жылдар аралығында 9 лагерь ұйымдастырылды. Солардың ішіндегі ең үлкен және танымалы – ҚАРЛАГ. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда , орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында құрылды. ҚАРЛАГ-тың аумағы оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 шақырымға , шығыстан батысқа қарай 200 шақырымға созылып жатты. Оған 120 мың га шабындық жер бөлініп берілді.
ҚАРЛАГ-ты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде буырқана дами бастаған Орталық Қазақстандағы көмір бассейніне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинатына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Осынау өнеркәсіп салаларын құрып , дамытуға арзан жұмыс күші де қажет болатын. ҚАРЛАГ аумағында 80 мың тұрғыны бар 4000 қазақ киіз үйі және немістердің , орыстардың, украиндардың 1200 барағы болды.
ҚАРЛАГ басқармасы тек қана ГУЛАГ-қа , Мәскеуге бағында. Республикалық және облыстық партия, Кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Мұның өзі тізгіні Мәскеудегілердің қолында болған орталық үлгідегі құрылымы еді.
ҚАРЛАГ шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облысының аумағында жатты. Егер 1931 жылы ҚАРЛАГ тың аумағы 53 мың га болса, 1941 жылы 1780650 га болды. 1931 жылы 22 бөлімше , 159 учаске болса, 1941 жылы 26 бөлімше , 192 учаске болды. Әрбір бөлімше бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп; учаске, нүкте, ферма деп аталды. Лагерьде 106 мал шаруашылық фермасы , 7 бақша учаскесі , 10 егістік учаскесі болды. ҚАРЛАГ аумағы 1950 жылы 20 млн 87646 га, яғни 20876 шаршы шақырым болды.
1942-1943 жылдары 6 ай ішінде 17042 адам ауруханаға жатқызылса , сол уақытта 3372 адам өлді. 1948-52 жылдары лагерьде 8294 адам мүгедек, 2349- туберкулез, 3544 адам ауруханада болды. Көптеген аурулар мен мүгедектер аса ауыр жұмысқа шыдамай мерзімі біткенше өліп жатты. Толық емес деректер бойынша 1940-50 жылдар аралығында ҚАРЛАГ та 40 мыңға жуық тұтқын өлген. 1943 жылы ай сайын 1000 адам өліп отырған . Бала өлімі де көп болған , тек 1945 ж қыркүйек – қазан айларында 98 бала өлген. ҚАРЛАГ азабын 1 млн-нан артық адам көрді.
1953 ж 8 мамырдағы Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес ҚАРЛАГ шаруашылығы таратылды. Басқарма жойылды. Осы уақытта ҚАРЛАГ-та 226 елді мекен болды, ол таратылғаннан кейін оның аумағына 16 жоғары өнімді совхоздар ұйымдастырылды. 40 жыл өткен соң 1993 ж 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығын ақтау туралы» заңы шықты. Занның күші 1917 ж 25 қазаннан кейін Қазақстанның аумағында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың барлығына таратылды.
Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс» , «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.
Жас, талантты тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і тарихын» даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.Ж.Дужинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылары кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп саналды, басқа біреулері «Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап» деп сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылыми кескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдаң 20-40 жж Қазақстан» (1947) деген монографиясында айтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зиянды деп жарияланды. 1950 ж «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.
«Правданың» мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951 ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті » Правда» газетіндегі мақал туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және «Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». 1951 ж маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақалаға қайта оралып , 1951 ж 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.
Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылады, сөйтіп ол 1951-1952 жж Жамбыл облысының Шу ауданында бір орта мектепте жұмыс істеді, ал 1952 ж 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек И.В.Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж көктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.
40 – жылдары және 50 – жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейаменов, Е.Смаилов, талантты жазушы Ю.О.Домбровский осы сияқты нақақатан таңылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылдық қатерліктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Қудалауға ұшыраған Қазақ ССР Ғалым академиясының Президенті Қ.Сатпаев пен аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды. Космополиттер деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды.
Бекіту сұрақтары:
Қарағанды облысының аумағындағы ең үлкен және танымал лагерьлерін атаңыз.
Қазақстан Республикасында «саяси қуғын сүргінге ұшыраған барлығын анықтау туралы» заң қашан қабылданды.
Бекмахановтың кітапбын айыптауы қай жылы, қай газетте шықты?
Лекция №14
Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Мақсаты: Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығында алатын орнының маңыздылығы.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің ауыл шаруашылығындағы экстенсивті дамыту жағдайы.
Тың және тыңайған жерлерді игеру шаралары мен зардаптары.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шаруашылығына әсері және оларды дамытуға арналған шаралар.
1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игкруге Қазақстан кеңінен қарастырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35млн. Гектарға дейін жкткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп , оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.
Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларуссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде 1954-1956 жж 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бареді.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. Тоннаға жетті. Қазақстан бұл жылдар ішінде мемлекетке 63,4 млн. Тонна астық тапсырды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнер кәсіп орындары көптеп салынд. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.
Тың игеру қарабайыр «экстенсивті» әдіспен жүргізілді. Мұның өзі гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайыншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.
50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің құны екі еседен астам өсіп және ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қордары көбейді . Еңбек күнніңт құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олрдың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерді ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп- интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт- дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады.
Тың игеру мал шарулығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып, малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл- село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық- түлік мәселесін шиеленістірді.
Бекіту сұрақтары
Тың және тыңайған жерлерді игерудің маңызы неде?
Тың және тыңайған жерлерді игерудің мал шарушылығына әсері қандай?
Тың игеру қандай әдістермен жүргізіледі.
Лекция №15
1960 жылғы Қазақстанның саяси әлеуметтік жағдайы.
1. Қоғамдық саяси өмірі.
2. Л.И.Брежневтің билікке келуі.
3. Халықтың әлеуметтік жағдайы.
Кеңес елінде 20-жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілдік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің арықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалыптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толық дәрежеде тән еді. Елде В. Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды даланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық рөлі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік халық шаруашылықтың және әлеуметтік-мәдени міндеттерді дауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тарқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке кезеңінің нақты көрінісі болды.
Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамды-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп жүйесі тиімді деген сенім туғызды, ал басшылардың көпшілігі басқарудың әкімшілік тәсілдері мінсіз деп пайымдады.
40 және 50-жж. басында социализм идеалогиясы өзінің шырқау шыңына жетті. Міне осындай күрделі жағдайда қоғамдық ғылым-комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Әсіресе қоғамдық ғылымдардың мұнан әргі жағдайына ВҚП/б/ Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14 тамыз) қаулысы теріс әсер етіп, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді.
1960-64 ж. СССР Жоғ. Советі Президиумының Председателі болды. 1963 ж. июньнен КПСС ОК-нің секретары міндетін қоса атқарды. Ол мемл. аппаратты жетілдіру, соц. демократияны дамыту және заңдылықты нығайту, лениндік сыртқы саясатты жүзеге асыру жөнінде көптеген жұмыс істеді.
Л. И. Брежнев партия мен еліміз өмірінде тарихи маңызы зор КПСС ОК-нің Октябрь (1964) пленумы жұмысына белсене қатысты. ОК-нің Октябрь пленумы партия өмірінің лениндік нормалары мен басшылық ету принциптерін қатаң сақтау және дамыту жөніндегі партияның мызғымас еркін білдіре отырып, Л. И. Брежневті КПСС ОК-нің 1-секретары етіп сайлады, 1964 ж. ноябрьде КПСС ОК РСФСР жөніндегі Бюросының председателі болып бекітілді.
Л. И. Брежнев СССР-дің халықар. байланысып дамыту, дүн. жүз. соц. системаны, халықар. коммунистік және жұмысшы қозғалысының бірлігін сақтау, бүкіл ел еңбекшілерінің рев. ынтымағын нығайту мәселелеріне күш-жігерін аямай жұмсап келеді.
Жұмысшы табының ұйтқысы өнеркәсіп жұмысшысы екені мәлім, 1970 ж. ол оның бүкіл құрамының төрттен бірінен астамы болды.
1960—1970 жж. өнеркәсіп жұмысшылары 39,6 процент (53 мыңнан 877 мыңға дейін) өсті. Ауыр индустрияның басым өркендеуінің нәтижесінде өнеркәсіп жұмысшыларының қатарын машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдары, отын өнеркәсібінің еңбеккерлері жетекші орын алды. Сол сияқты жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары олардың үлкен тобы болды .
Павлодар, Маңғыстау, Қостанай облыстарында өнеркәсіп-өндірісі адамдарының қатары шапшаң өсті, дегенмен дәстүрлі өнеркәсіп орталықтары — Қарағандыда, Алматыда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда жұмысшылардың саны неғұрлым көп болды.
Жұмысшы табы ірі кәсіпорындарға күштірек шоғырланды. Мәселен, I мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарда жұмыс істеі жұмысшылардың үлес саны 1960 ж. 42,4 проц. болса, 1973 ж. 56,1 процентке дейін өсті. 1973 ж. жұмысшылардың 28,2 проценті мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға, ал жұмысшылардыя проц. 10 мыңнан астам адамы бар кәсіпорындарға шоғырлану Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Қарағанды металлу және Ащысай полиметалл комбинаттары және басқалар индустриялық алыптар болып саналды.
1970 ж. Қазақстан әйелдерді қоғамдық өндіріске тарту Одақта 8-орында еді. Мұнай кейінгі дәуірде әйелдерді өнеркәсіпке тарту едәуір кеңейді, олардың үлес саны 1957 ж. 37,5 проц. 1973 44,4 проц. дейін көтерілді.
Әйелдер еңбегінің дәстүрлі салалары жеңіл және тамақ
өнеркәсібінде жұмысшы коллективтерінің басым бөлігі әйелдер болды. Алайда, республикада өндірісте жұмыс істейтін еңбек қабілетті әйелдердің саны көп еді. Мұның негізгі себебі балалар бақшалары жүйесі құрылысының жеткілікті салынбауы, тұрмыс қызметі өнеркәсібінің нашар дамуы немесе бірсыпыра қалаларда салалық құрылымның біржақтылығы, көп балалы аналар үшін
толық емес жұмыс күнін және үйге жұмыс беруді мардымсыз пайдалану болды.
Достарыңызбен бөлісу: |