92
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
92
ҚазаҚстандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
тЕСт
1. Дата журналистика қай журналистика түріне жақын:
A. Статистикалық журналистика.
B. Экономикалық журналистика.
C. зерттеу журналистикасы.
D. ғылыми журналистика.
2. Төмендегі файлдардың қайсысы MRF:
A. .pdf, .mp3, .doc.
B. .csv, .xls, .json.
C. .excel, .stat, .data.
D. .pdf, .json, .avi.
3. Төмендегі бағдарламаның қайсысы дата журналиске пайдалы болуы мүмкін:
A. PHP.
B. Java.
C. MySQL.
D. Word.
4. Open Refine бағдарламасы не үшін қажет?
A. Датаны реттеу үшін.
B. Датаны жинақтау үшін.
C. Датаны жариялау үшін.
D. Датаны визуализациялау үшін.
5. Дата жобада оқиға болуы үшін мәліметтің қандай түрінің болуы маңызды?
A. Белгілі бір уақыт аралығындағы дерек.
B. Бір ғана категорияға негізделген мәлімет.
C. Деректің ішінде
өзгелерден оқшауланып тұратын, ерекше дерек.
D. Салыстыратын сандар болуы керек.
6. Мәліметтерді не себепті бір ретке келтіру керек?
A. Мәліметтер көп болған сайын оқиғаның маңызы артады.
B. Мәліметтер бір ізге түссе, компьютер бағдарламасы оларды оңай саралайды.
C. Мәліметтер бір ізге түспесе, әдемі болмайды.
D. Мәліметтер бірдей болып тұрса, сенім ұялатады.
7. Мәліметтерді саралағанда өзгерістерді «Өзгеріс парағына» тіркеп отыру керек.
Себебі...
A. өзге адамдар қандай өзгерістер
болғанын білуі керек
B. өзгерістер өте көп жасағандықтан шатасып кетпеу үшін.
C. негізгі файл жоғалып кеткенде қайта қалпына келтіру үшін.
D. Саралау барысында қате кеткен жағдайда, қайта қалпына келтіру үшін.
93
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
8. Ашық деректер сұрыпталмаған жағдайда дата журналист деректерді қайдан
алады?
A. Ашық дереккөзден деректерді жинақтап, сұрыптайды.
B. Жабық деректер ашылғанша күтеді.
C. Код арқылы жабық дереккөздерді ашыққа айналдырады.
D. ресми ұйымдардан жабық дереккөздерді жіберуін өтінеді.
Тесттің дұрыс жауаптарын кітаптың соңынан көре аласыз.
97
ҚазаҚстандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ӘлЕумЕттІК таҚыРыПтағы
матЕРИалДаРДы Қалай ӘзІРлЕу КЕРЕК?
Америкалық журналист Марта Геллхорн – ХХ ғасырдағы Америка қоғамына ең көп ықпал еткен
бес журналистің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери журналист ретінде аты шықты, ал
одан бұрын, Ұлы күйзеліс жылдарында әлеуметтік репортаждарының арқасында танымал болған.
Ескі америкалық газеттердің тігінділерін көтерсеңіз немесе оның үздік мақалалар жинағын алып
қарасаңыз, біріншіден, жарты ғасыр өтсе де, олардың әлі де қызыкты оқылатынын, екіншіден, онда
сандар мен деректер келтірілген «фактаж» аз екенін байқайсыз. Батыс әскерінің аса маңызды ша-
буылы туралы репортажында Марта Геллхорн материалдың көп бөлігін сол маңдағы ауылдардың
балаларына арнайды. Ал президент әкімшілігі және Элеонора рузвельт өзі аса жоғары баға берген
(Марта Геллхорнның саяси карьера жасауға мүмкіндігі бар еді, бірақ ол журналистиканы таңда-
ды) кедейлер мен жұмыссыздар саны туралы мақалада статистикалық деректер де, эксперттердің
пікірі де жоқ – олардың орнына очерктерде кедейлер мен жұмыссыздардың өзі сөйлейді. Марта
Геллхорн қай кезде де алдыңғы орынға адамды шығаратын. Сөйтіп, тарихта ұлы журналист болып
қалды.
Журналистикада табысқа жеткісі келетіндер үшін бұдан артық мысал жоқ деп ойлаймын.
БІР СөйлЕм ҚағИДаСы
Тозып
кеткен су құбырларынан бастап, ірі қара малдың санына дейінгі әлеуметтік мәселелерді ши-
еленіскен детектив, қызықты оқиға немесе әдемі төгілген эссе түрінде, сарыжағалдық пен аудито-
рияға көз қысуға ұрынбай-ақ беруге болады.
Алдымен, сюжетіңіз не туралы, осы оқиғаны баяндай отырып әлемге не айтқыңыз келеді, соны
түсініп алу керек. репортаж, очерк, эссе, баған, телесюжет, кітап немесе фильм – кез келген туын-
дының идеясы қорытылған күйде есімхаттың арғы бетіне сыйып кетуге тиіс. Ал жазғыңыз келген
мақала мен түсіргіңіз келген сюжеттің идеясын бір сөйлеммен жеткізе алмасаңыз, материалыңыз
не туралы екенін өзіңіз де түсінбейсіз деген сөз. Ендеше, ол материал шықпайды.
Материалыңыздың басты идеясын анықтап алғаннан кейін жұмысқа кірісеміз. Ендігі жерде ке-
йіпкеріміз кім екенін түсіне аламыз. Журналистік материалда ашылатын мәселе кімнің мүддесіне
тікелей қатысты? Ол адам қандай әлеуметтік, гендерлік немесе басқа топқа жатады, жасы нешеде?
Осы сұрақтарға жауап беріп болған соң кейіпкер іздейміз.
КЕйІПКЕР
«Кейіпкерді қайдан іздейін? Көшеден бе?» – деп сұрады менен жазуды жаңа бастаған журналист.
Бұл сұрақты шеберлік сабақтарында да, редакциядағы күнделікті жұмысымда да жиі естимін.
несі бар, көшеден де іздеуге болады, тек, кездейсоқ жолым болар деп үміттенбей, барынша мақсат-
ты әрекет еткен абзал. Сіз қойып отырған мәселенің мәнін ашатын, көрнекі ете түсетін, растайтын
тәжірибесі бар кейіпкерді нақты орындардан іздеу керек. Олар жиналатын, мекен ететін, жұмыс
істейтін, демалысын өткізетін, көмек сұрайтын жерлерден іздеңіз. Ол үшін кейіпкер қандай әлеу-
меттік топқа жататынын анықтап алу керек. Жалғызбасты қариялар туралы репортаж жасайтын
болсаңыз, әрине, алдымен ойға оралатыны – қарттар үйі; тұрмыстағы зорлық-зомбылық жөнін-
де жазсаңыз – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының дағдарыс орталықтары және оларға
көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар арқылы іздеген дұрыс.
Сондай-ақ, оқиғаның ортасына бару керек. Мысалы, 2013 жылы үкімет бала тууға байланысты
берілетін төлем мөлшерін азайтып тастаған кезде, Алматыда жас әйелдер флэшмоб-ереуіл ұйым-
дастырып, телерепортаждар мен салмақты басылымдардағы мақала авторлары журналистердің
кәсіби слэнг тілінде аталатындай «профиль» кейіпкерді сол жерден тапты.