135
II. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына
тәрбиелеуге алғысы келетін және дайындықтан өткісі келетін аза-
маттарды есепке алу
2 .1 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткер дайындықтан өту үшін
Қазақстан Республикасының шегінде, тұрғылықты мекенжайына (келген
жері) қарамастан қорғаншылық және қамқоршылық органына немесе Ұйымға
келесі құжаттарды өткізеді:
- осы Регламенттің №4 қосымшасына сәйкес форма бойынша өтініш;
- тұлғасын куәландыратын құжат .
2 .2 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер дайындықтан өту үшін
өтінішті қорғаншылық және қамқоршылық органына немесе Ұйымға пошта-
мен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте
көпшілік пайдаланатын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайда-
ланып электронды құжат формасында жолдай алады .
2 .3 . Қазақстан Республикасынан тыс аумақта тұратын, Қазақстан Респу-
бликасында бала асырап алғысы келетін және өздері тұрғылықты тұратын
мемлекетте сәйкесінше дайындықтан өтпеген Қазақстан Республикасының
азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан
Республикасының аумағында асырап алушы ата-аналыққа үміткерлерді дай-
ындау бағдарламасы бойынша оқудан өте алады .
2 .4 . Орыс тілін білмейтін және алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер
дайындығынан өткісі келетін шетел азаматтары қорғаншылық және
қамқоршылық органына немесе Ұйымға аудармашымен барады .
2 .5 . Есепке қою күні ретінде өтінішті қорғаншылық және қамқоршылық
органында немесе ұйымда тіркеу күні саналады .
2 .6 . Қорғаншылық және қамқрршылық органының немесе ұйымның ма-
маны ұсынылған көшірмелердің түпнұсқаларға сәйкестігін тексеріп, оларды
куәландырады . Төлқұжат немесе тұлғаны куәландыратын басқа құжаттар
азаматқа қайтарылады .
2 .7 . Қорғаншылық және қамқоршылық органының немесе ұйымның ма-
маны өтінішті Азаматтардың дайындықтан өтуге берген өтініштерін есепке
алу журналында тіркейді (осы Регламенттің №5 қосымшасына сәйкес форма
бойынша) .
Қосымша
136
2 .8 . Журнал тігіліп, нөмірленіп, қорғаншылық және қамқоршылық
органының немесе ұйым басшысының қолымен бекітілуі тиіс .
Журналды өшіруге, сызуға болмайды . Егер жазылғанды түзету қажеттілігі
туындаса оны бір сызықпен сызып, содан кейін дұрыс ақпаратты жазу
қажет . Мұндай түзетуді қорғаншылық және қамқоршылық органының немесе
ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады . Журналдағы
нөмірлеу күнтізбелік жылдың басынан басталады .
2 .9 . Өтініш дайындық басталған сәтке дейін жарамды . Азаматтардың
дайындықтың басталуын күту мерзімі екі айдан аспауы тиіс .
2 .10 . Осы Регламенттің 2 .1-тармағында қарастырылған құжаттардың
көшірмесі мен өтініш ұсынылған күні бойынша сараланады, папкаға тілігіп,
қорғаншылық және қамқоршылық органының немесе Ұйымның сейфінде
сақталады .
III. Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау
3 .1 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау ҚР БҒМ
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті бекіткен оқу бағдарламасы
(әрі қарай – оқу бағдарламасы) бойынша жүргізіледі . Дайындық бағдарламасы
бойынша азаматтарды оқыту курсының жалпы ұзақтығы 1 айдан кем болмай-
ды және 3 айдан аспайды .
3 .2 . Қорғаншылық және қамқоршылық органы немесе Ұйым берілген
өтініштер кезегінің тәртібінде азаматтарға дайындықтың басталатын күні мен
уақытын жазбаша түрде немесе телефонмен хабарлайды .
3 .3 . Қорғаншылық және қамқоршылық органы немесе Ұйым дайындықтан
өткен, алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер реестрін электронды түрде
жүргізеді (осы Регламенттің №6 қосымшасына сәйкес форма бойынша) .
3 .4 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау барлық
азаматтарға қолжетімді әрі ретті болатындай, оның ішінде дайындықты
кешкі уақытта және демалыс күндері өткізу мүмкіндігін қарастыратындай
ұйымдастырады .
3 .5 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау күндізгі немесе
күндізгі-сырттай формада жүргізіледі, оның ішінде қашықтықтан оқыту әдістері
қолданылады .
1) Күндізгі оқыту формасы бойынша топтар жазылу шамасына қарай
137
құрылады . Топтағы тыңдаушылар саны – 25 адамнан аспайды, жеке оқыту
мүмкіндігі де бар .
2) Қашықтықтан оқыту әдістері қолданылатын күндізгі-сырттай форма
азаматтарға келесідей мүмкіндіктер береді:
•
ғаламтор-технологиясын пайдаланып жүйелі білім алуға;
•
алмастырушы ата-аналарға арналған күндізгі курстар жақын жерде
болмаған жағдайда көмек пен қолдау алуға;
•
басқа тыңдаушылармен, тәжірибелі асырап алушы ата-аналармен
ғаламтор технологиясы арқылы ашық қоғамдастық шеңберінде және
жабық он-лайн конференциялар мен чаттарда талқылауға қатысуға .
3) Жазу және қашықтықтан оқыту әдістерін пайдаланып оқыту үздіксіз
жүргізіледі, топтар құрылмайды .
4) Сабақтар интерактивті дәрістер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар мен
тренингтер түрінде жүргізіледі .
3 .6 . Дайындық бағдарламасының жалпы көлемі 48 сағаттан кем бол-
мауы және 80 сағаттан аспауы тиіс, оның ішінде тәжірибелік сабақтардың
академиялық сағаты 70% кем болмауы тиіс, аттестацияны (әңгімелесу) қоса
алғанда . Жеке консультациялардың академиялық сағаттарының саны жалпы
дайындық сағаттарының 5 % аспауы тиіс .
3 .7 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау қайтарымсыз
негізде жүзеге асырылады .
IV. 4. Дайындықтан өту нәтижелерін шығару және куәлік беру
4 .1 . Алмастырушы ата-аналыққа дайындау тестілеу түрінде жазбаша
формада қорытынды аттестация өткізумен аяқталады .
4 .2 . Оқу бағдарламасын жақсы меңгерген алмастырушы ата-аналыққа
үміткерлерге қорғаншылық және қамқоршылық органы немесе Ұйым Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Ата-ана қамқорлығынсыз
қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды дайын-
дау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды және Қазақстан
Республикасының аумағында осындай дайындықтан өткені туралы куәлік
формасын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген форма бойынша ата-ана
қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін
тұлғалардың дайындықтан өткені туралы Куәлік (әрі қарай – Куәлік) береді .
4 .3 . Куәлік көшірмесі мен қорытынды аттестацияның нәтижелері осы
Регламенттің 2 .1-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге сақталады .
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |