Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет44/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

131
2-қосымша
Асырап алушы отбасының қаржылық есебінің 
ҮЛГІСІ

Шығындар 
бабы
Мақұлданды  Нақты 
жұмсалғаны
Қалғаны 
Ескер-
ту 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Тамақ
Киім
Құрал-жабдық
Инвентарь 
Медикаменттер 
Канцтауарлар 
Шаруашылық 
шығындары
Қызметтер
Жөндеу 
жұмысы
Барлығы


132
3-Қосымша
Жетім баланы және/немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған ба-
ланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін тұлғаларды 
дайындау жөніндегі 
Регламенттің Жобасы 
I. Жалпы ережелер
1 .1 .  Осы  Регламент  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жетім  ба-
ланы  және/немесе  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  баланы  өз  отбасына 
тәрбиелеуге  алғысы  келетін  (асырап  алу,  қамқоршылық,  қорғаншылық, 
патронаттық тәрбие, меймандос отбасы, асырап алушы отбасы) азаматтар-
ды (әрі қарай «алмастырушы ата-аналыққа үміткерлер») дайындау процеду-
расын реттейді .
1 .2 .  Алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  дайындау  ата-ана 
қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына алғысы келетін барлық азамат-
тар үшін міндетті болып табылады . Бұл қатарға келесі тұлғалар қосылмайды:
1) ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың жақын туысқандары;
2)  асырап  алған  немесе  бұрын  асырап  алушы  болған  және  оларға 
қатысты асырап алу құқығының күші жойылмаған тұлғалар;
3) балалардың қорғаншылары (қамқоршылары) болып отырған немесе 
бұрын болған және өздеріне жүктелген міндеттерді атқарудан шеттетілмеген 
тұлғалар;
4) асырап алған балалардың өгей әкесі (өгей шешесі) болып табылатын 
асырап алушылар .
1 .3 . Үміткерлерді алмастырушы ата-аналыққа дайындау міндеттері: 
1) азаматтарды жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ларды тәрбиелеуге алуға дайындау, 
2)  азаматтардың  тәрбиелеу  құзыреттерін  анықтау  және  қалыптастыру, 
сондай-ақ  баланы  қамтамасыз  ету  және  тәрбиелеу,    соның  ішінде  оның 
құқықтары мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны құру, сәтті әлеуметтендіру, 
білім беру және дамыту  дағдыларын қалыптастыру;
3)  алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерге  ата-ана  қамқорлығынсыз 
қалған  баланы  қабылдауға  дайындығын  анықтауға,  баланы  отбасына  алу 
формасын таңдауға, асырап алатын баланы тәрбиелеу процесінде бетпе-
бет келетін нақты мәселелер мен қиындықтарды түсінуге көмектесу;
4)  алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлердің  ата-ана  қамқорлығынсыз 


133
қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі заңдармен, ал-
мастырушы ата-аналардың құқықтары мен міндеттерімен, кәсіби көмек фор-
маларымен, алмастырушы отбасыларға көрсетілетін қолдау түрлерімен та-
нысуы .
1 .4 .  Осы  Регламент  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты 
тұратын және ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына алғысы 
келетін тұлғаларға, Қазақстан Республикасында бала асырап алғысы келетін 
және өздері тұрақты тұратын мемлекетте сәйкес дайындықтан өтпеген ше-
тел  азаматтарына,  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс  жерлерде 
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады .
1 .5 .  Үміткерлерді  алмастырушы  ата-аналыққа  дайындауды  кәмелеттік 
жасқа толмаған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бой-
ынша мемлекеттік өкілеттіктер берілген жергілікті білім беру органдары (әрі 
қарай – қорғаншылық және қамқоршылық органдары) жүргізеді . 
1 .6 .  Үміткерлерді  алмастырушы  ата-аналыққа  дайындауға  кететін 
шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі .
1 .7 . Қорғаншылық және қамқоршылық органдарында ұйымдастырушылық, 
кадрлық, техникалық және басқа мүмкіндіктер болмаған немесе жеткіліксіз 
болған  жағдайда    алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  дайын-
дау  өкілеттігі  білім  беру  ұйымдарына,  әлеуметтік  қызметтер  көрсететін 
ұйымдарға немесе басқа ұйымдарға, оның ішінде жетім балалар мен ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына (әрі 
қарай – Ұйым) берілуі мүмкін .
1 .8 .  Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындау өкілеттігін бер-
ген  кезде  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдары  аталған  ұйыммен 
өкілеттікті  беру  туралы  келісімшарт  (осы  Регламенттің  №1  қосымшасына 
сәйкес  форма  бойынша)  және  өзара  байланыс  туралы  келісімшарт  (осы 
Регламенттің №2 қосымшасына сәйкес форма бойынша) жасайды . 
1 .9 .  Алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  дайындау  өкілеттіктерін 
Ұйымдар жүзеге асырады:
1) өз қаражаттары есебінен;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тура-
лы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарының негізінде .
Қосымша


134
1 .10 .  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті (әрі қарай - Комитет):
1)  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдарына  және  алмастыру-
шы ата-аналыққа үміткерлерді дайындайтын Ұйымдарға әдістемелік көмек 
көрсетеді;
2)  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдарының  алмастырушы  ата-
аналыққа  үміткерлерді  дайындау  бойынша  өкілеттіктерін  орындауына 
бақылау жасайды;
3)  тоқсан  сайын  қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдары  мен  ал-
мастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  дайындайтын  Ұйымдардан  ата-
ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  алғысы  келетін 
және  дайындықтан  өткен  азаматтар  саны  туралы  мәлімет  жинайды  (осы 
Регламенттің №3 қосымшасына сәйкес форма бойынша) .
1 .11 . Алмастырушы ата-аналыққа үміткерлерді дайындайтын ұйымдар ту-
ралы ақпарат Комитеттің ресми сайтында, қорғаншылық және қамқоршылық 
органдарының сайттарында жарияланады . 
1 .12 . Алмастырушы 
ата-аналыққа 
үміткерлерді 
дайындайтын 
Ұйымдардың орналасқан жері, жұмыс кестесі туралы ақпарат пен анықтама 
телефондары жарияланады:
1) қорғаншылық және қамқоршылық органының ақпараттық стендтерінде;
2)  Комитет  пен  жергілікті  атқарушы  билік  органдарының  ресми  сайтта-
рында;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында;
4) ақпараттық-анықтамалық басылымдарда (брошюра, буклет, жадына-
малар) .
1 .13 . Алмастырушы  ата-аналыққа  үміткерлерді  дайындау  мәселелері 
жөніндегі ақпаратты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының неме-
се Ұйымның қызметкерлері келесідей жолдармен ала алады:
1) жеке консультация;
2) телефон бойынша жеке консультация;
3) пошта бойынша жеке консультация;
4) жария жазбаша консультация;
5) жария ауызша консультация .


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау