90
қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен жоспарды
қайта қарау бойынша жыл сайынғы тексерулерді ұйымдастыруға бірге
қатысады .
Әлеуметтік патронат қызметі
Қызмет баланың денсаулығы мен өміріне, оның қалыпты дамуына
қауіп бар әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылармен профилактикалық
жұмысты ұйымдастырады, балалар үйіне – өкілетті мекемеге түскен ба-
ланы қайтару мақсатында оның туған отбасымен жұмыс жүргізеді, бала
құқығын қорғау бойынша жоспар жобасын дайындайды, қорғаншылық
және қамқоршылық органы өкілімен бірге жоспарды қайта қарау бой-
ынша жыл сайынғы тексерулерді ұйымдастыруға қатысады, әлеуметтік
патронат бойынша жұмысты жүзеге асырады, әлеуметтік патронаттағы
баланың дамуы және дамуы мен тәрбиелену мониторингін бағалайды,
бұл балалар мен олардың отбасыларының басқа қызметтермен байла-
нысын ұйымдастырады, отбасымен жасалған әлеуметтік патронат ту-
ралы келісімшарт шеңберінде осы балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің қорғалуына жауап береді .
Баланы асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру жөніндегі бөлім
Балаға жаңа отбасын іздеу және осы жаңа отбасын қолдау міндетін
балаларды отбасыларға орналастыру қызметі шешеді . Бұл – баланы
тәрбиелеуге алғысы келетін отбасылармен жұмыс істейтін жүйе, сондай-
ақ баланы орналастырғаннан кейін бала мен отбасыны әлеуметтік-
психологиялық қолдау жүйесі . Жобада баланы тәрбиелеуге алғысы
келетін отбасылардың қабілеті мен дағдыларын бағалауға бағытталған
тәсіл қолданылады . Қабілеті мен дағдыларының болуы тұрғысынан
үміткерді бағалау тәсілінің принциптері (бала қауіпсіздігі бәрінен жоғары,
тұлғаны сыйлау, құпиялылықты сақтау, кеңестер мен кері байланыстың
конструктивтілігі, қабілеттерін көрсетуде үміткерлерге көмек көрсету, бала-
ны тәрбиелеу стандарттарының айқындылығы мен келісілгендігі) .
Бұл бөлім қоғамды алмастырушы тәрбие туралы хабардар етеді, ба-
ланы өз отбасына алғысы келетін азаматтарды іздеу, іріктеу, тестілеу
және тренингтік дайындық жүргізеді (асырап алушы ата-аналар мектебі),
сондай-ақ оларға қажетті көмек көрсетеді, алмастырушы ата-аналарға
кеңес береді, отбасылық терапевтік сессия жүргізеді .
Отбасын іріктеу отбасы мен баланы тексеру мәліметтерінің негізінде
жүргізіледі және оған балалар үйінің барлық қызметі қатысады . Баланы
қабылдауға келіскен жағдайда отбасының бір мүшесі балалар үйімен еңбек
91
келісімшартын жасайды . Осы сәттен бастап ол асырап алған тәрбиелеуші
болады, ал бала – оның асырап алған тәрбиеленушісі болады .
Бұл кезде бала: асырап алған тәрбиелеушінің отбасында тұрады,
тәрбиелеушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша әдеттегі мектепте оқиды,
аудандық балалар емханасына тіркеледі, заңды түрде балалар мекемесінің
тәрбиеленушісі болып қалады, балалар үйінің тәрбиеленушісіне тиесілі
барлық жеңілдіктері сақталады: 18 жасқа толғанда баспана алу құқығы, оқу
орындарына түсетін кездегі жеңілдіктері, жазғы және қысқы каникулдар-
да мемлекет есебінен демалу құқығы, тегін жүріп-тұру және көрмелерге,
мұражайларға және т .б . тегін бару .
Асырап алған тәрбиелеуші (отбасы): еңбекақы алады, балаға
жәрдемақы алады, әлеуметтік кепілдіктер, оған еңбек өтілі есептеледі, ол
балалар үйінің қызметкерлерімен бірге баланы тәрбиелеу мәселелерін
шешеді – қажет болған жағдайда баланы балалар психологына әкеледі,
«ересектер» психологына барады, «ата-аналар университетіне» және т .б .
барады, жаңа қарым-қатынас ортасына енеді .
Баланы отбасына орналастырғаннан кейін отбасы мен балаға кешенді
әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі (отбасына
әлеуметтік қызметкер барады, психологтардың, педагогтардың жұмысы,
оқуын ұйымдастыру, тәрбиелеушілер мен балаларды дамыту және қарым-
қатынас ортасын құру, бақылау жүйесі) .
Орталық мамандары баланы жыл сайын тексеруден өткізеді, қажеттілігіне
қарай заңгерлік, психологиялық, медициналық және материалдық көмек
көрсетеді, туған туыстарымен қарым-қатынасты реттейді, мектеппен өзара
байланысына көмек көрсетеді, балалардың қысқы және жазғы демалы-
старда демалуын қамтамасыз етеді .
Осылайша, ОҚО-да (ОҚҚ) ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ны бейімдеу және әлеуметтендіру үшін ұйымдастыру және әлеуметтік-
педагогикалық негіздерін қамтитын, баламен және отбасымен жүргізілетін
жұмыстың жаңа тәсілдері пайдаланылады . Ол баланы оңалту, өзінің туған
ата-анасымен қарым-қатынасын қалпына келтіру, баланы патронаттық
тәрбиеге алған отбасыны кәсіби тұрғыдан дайындап, одан әрі қолдау
көрсету бойынша жұмыстарды қамтиды . Барлық жұмыс түрлері келісілген
бірыңғай жоспар бойынша жүзеге асырылады және жұмыс нәтижелеріне
мониторинг жүргізіліп, бақыланып отырады . Бақылау түрлері мен формала-
ры, қажетті құралдары мен оның бағдарламалық-әдістемелік жасақтамасы
әзірленеді .
Мұндай профилі қайта өзгертілген мекеме көрсететін қызметтер
стационарлық мекеменің стандартты қызметтер жинағынан ерекшеленеді .
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің
92
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
«ИТБМ желісін өзгерту және Отбасын қолдау орталықтарын
(қызметтерін) құру»
1 . Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім
балалардың өмір сүру және тәрбиесінің сапасын жақсарту .
2 . Интернат типіндегі балалар мекемесінің санын қысқарту .
3 . Балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің санын азай-
ту, сондай-ақ балалардың интернат мекемелерінде тұру мерзімін
қысқарту .
4 . Білім беру мекемесінің – балаларды отбасыларға орналастыру
жөніндегі кәсіби орталықтың жаңа үлгісін құру .
5 . Алмастырушы отбасыларға (асырап алған, қамқоршылық,
патронаттық отбасы, қазақстандық асырап алушылардың отбасы-
лары) көп деңгейлі түрлі көмек көрсету жүйесін құру .
6 . Алмастырушы отбасылар мен жетім балаларға көмек көрсету са-
ласында бірыңғай білім беру, ақпараттық-әдістемелік кеңістік құру .
7 . Қазақстан Республикасында отбасылық алмастырушы тәрбиені
дамыту мәселелерімен айналысатын мамандардың кәсіби
қауымдастығын құру .
8 . Алмастырушы отбасыларды қолдау және балалардың отбасылар-
да тұру және тәрбие алу жағдайын бақылаудың тиімді мемлекеттік
жүйесін құру .
Достарыңызбен бөлісу: |