Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және Қр президентін бүкілхалықтық сайлау. 1990 жылы «республика Президенті»


Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтілуі мен оның маңызы



жүктеу 160,17 Kb.
бет37/48
Дата07.01.2022
өлшемі160,17 Kb.
#37033
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
ТАРИХ РК-2

39.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтілуі мен оның маңызы.

Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы.Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болсақызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.Н.Ә. Назарбаев еңбектері тұңғыш Президентіміздің өзі туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектері тек тәуелсіздік тарихының ғана емес, сонымен қатар оның Елбасы ретіндегі өз тарихының да, дәлірек айтсақ, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, мақсаты мен мүддесінің, саяси көзқарасы мен қоғамдық және азаматтық позициясының қалыптасу және даму динамикасы тарихының да дерек көздері болып табылады., Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылытын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің басталуы т.т.1991 жылы жарық көрген , «Әділеттің ақ жолы» Қазақстанның әлі де болса КСРО-ның құрамында, саяси биліктің Орталықтың, яғни Мәскеудің және КОКП басшыларының қолында тұрған кезінде жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына әсер еткендігі түсінікті. Сондықтан автор республика алдында тұрған проблемеларды жалпы Одақтық проблемалар контексінде қараған. Ал, басқа еңбектерде тәуелсіз мемлекет құру тарихы баяндалған. Дегенмен, олардың өздерін де тәуелсіздік тарихының даму кезеңдеріне сай сыныптау қажет болады. Мысалы, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде дүниеге келген еңбектер мен соңғы жылдары пайда болған еңбектердің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер, өтен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысындағы еңбектерде негізінен елдегі саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты туындаған қиындықтар мен жаңа мемлекет құрудың теориялық негіздері мен жолдары туралы айтылса, кейінгі еңбектерде қол жеткен табыстар мен тәуелсіздікті одан әрі нығайту бағыттары туралы айтылған. Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бейнелей білуге мүмкіндік берген.

2. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.



Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы Ұлытау төріндегі ұлт мәселесіне қатысты сұхбатынан кейін қолға алынған бірден бір маңызды шара - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлау болатын. Шындығында биылғы жылға дөп келген мерейлі мерекелер қатарында бұл оқиға ел тарихындағы маңызды шаралардың біріне айналып отыр.Мәселен, республика бойынша ағымдағы жылы Қазақ хандығының құрылу мерейтойына арналған 700-ден астам аса ірі шаралар қарастырылған. Жыл басынан бері республика көлемінде 50-ден астам халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар өткізілген. Ел ішінде 300-ден астам мәдени-спорттық шаралар да мерейтой айшығына айналған. Ал айтулы оқиғаның негізгі бөлігі бүгін Астанада бастау алды. Бас қалада бүгін үш күнге ұласатын той бастау алып, барша қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын ресми тойлауға кірісті. Бұл шараның шымылдығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Салтанатты жиынмен ашылған еді. Президент Н. Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы тоймен шын жүректен құттықтай отырып, әлемді күйзеліске ұшыратып отырған алмағайып заманда той тойлаудың өзіндік себептерін де түсіндірген болатын. «Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр. Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сондықтан, жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып тағылды. Бұл туралы ақын Ғафу Қайырбеков кезінде: «Басқаның патшасының бәрі жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» деп ашына жазған болатын. Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы дәл осындай болатын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан БҰҰ мүшесі болды, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтіп, адлда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырғалы отыр. Мұның бәрін осы дәуірде көрген ел де, көрмеген ел де бар. 550 жыл бұрын дербес ел болған қазақ елінің келешегі кемел.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының атап өтілуі жастар тәрбиесінде маңызы өте зор. Әлеуметтану ілімінде ұлттық жетімдік деген сөз бар. Тарихын білмеген халық - бұл жетім халық. Бүгінде тегін білмейтін ұлттар бар. Атап айтқанда, біздің ғасырлар қойнауындағы тарихымызды білуі, яғни оны әр азаматтың білуі және осы тарихтың жалғасымыз әрі мұрагеріміз деп жастардың сезінуі - бұл үлкен рухани күш. Сондықтан бұл мерейтойдың жастарға ықпалы өте зор. Түйіндей айтсақ, біздің қазақ халқымыз әр уақытта «бай тарихтың иесіміз» деп мақтанып жүруі тиіс.

Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында келтірілген.

Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.

Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.[1] 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ-ға дейін жеткіздік».

Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар

Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.




жүктеу 160,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау