Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді


Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров



жүктеу 2,24 Mb.
бет7/8
Дата24.12.2017
өлшемі2,24 Mb.
#5554
1   2   3   4   5   6   7   8

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.13.11.
Қазақстан Республикасы

Премьер –Министрі

Кеңсесінің Басшысы

Ғ.Р. Әбдірахымовқа
ҰСЫНЫС
Құрметті Ғабидолла Рахматуллаұлы!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 16-тармағына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз құзыры шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен хаттар негізінде, сондай ақ, егер бұл бұзушылықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса өз бастамасы бойынша да тексереді.

Осылайша, соңғы кездерде, бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің оқу мекемелерінде хиджаб кию мәселесі бойынша үлкен дикуссия болып жатыр.

Қазақстандықтарды алаңдатып отырған бұл тақырып ү.ж. 13 қарашада «Халықпен тікелей арнада» Мемлекет басшысына ең көп қойылған сұрақтар қатарына енді.

Одан басқа, менің атымаосы мәселе бойынша , атап айтқанда адвокат Апахаевадан Н.Нұрбекова КК,Әмірқұлова Б.К., Г. Жаманова мүддесіне хиджаб киюге тыйым салынуы туралы шағым түсті.

Оның мазмұнына келсек, К.К. Нұрбекованың Жамбыл облысы Мерке ауданында орналасқан Трубицин атындағы №17 мектепке бару мүмкіндігі жоқ, себебі осы мектептің директоры бұл баланың ата анасынан хиджаб киюге аудандық білім бөлімінің рұқсатын ұсынуды талап етеді. Аудандық инстанцияға жазған хаты осы киім бұйымын киюге тыйым салумен аяқталды.

Хатта Тараз қаласының орта мектептерінде орын алып отырған тағы да осындай бірнеше мысалдар келтіріледі.

Хаттың басқа бөлігі Ақтау қаласының мектеп мұғалімдері мен қаланың жоғары оқу орындарындағы студенттерінің хиджаб кию мәселесіне қатысты.

Ақтау қаласының №12 мектеп мұғалімі Г. Жаманованың хатына келсек, оны мектеп директоры кемсітіп қорлық көрсетеді, ол аталған себеп бойынша мұғалімді осы себеп бойынша жұмыстан кетуге мәжбүрлейді.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті сұрату жіберілген.

Біздің сұратуымызға Комитет төрағасы А. Досжанның жауабына сүйенсек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес әркім өзінің сенім бостандығына құқылы. Аталған құқықты іске асыру мемлекет алдында жалпы адами және азаматтық құқықтарға байланысты немесе оларды шектеуге тиіс емес. Одан басқа, оның пікірінше, не ҚР «Білім туралы» заңында, не өзге де нормативтік құқықтық ктілерде орамал мен хиджаб киюге тыйым салатын нормалар жоқ. Ал бұндай киім бұйымын мұғалімдердің киюіне қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әркімнің өзінің еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Ешкім өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде дінге қатысты қандай да бір кемсітушілікке тап болмауы тиіс.

Орта білім департаментінің директоры Н.Аршабековтың мазмұндауында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы , «Діни наным және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңының 5-бабына сәйкес республикамызда мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зиялы сипатта. «Білім туралы» ҚР Заңының 43-бабына және 47-бабының 14-тармағына сәйкес білім ұйымы оқу және тәрбие процестерін дербес жүзеге асыруға құқылы, оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім мен тәрбие алуға , ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

Осыған байланысты дінді білімнен бөлу және орта мектептерде бірыңғай мектеп формасының болуы діни сенім бостандығына құқықтарды бұзу болып табылмайды, себебі форма оқушы қандай да бір дінді тұтуына қарамастан оқушылар үшін міндетті болып табылады.

Осылайша, қазіргі уақытта қоғамда осындай пікірталас тудырған мәселе бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың ұстанымдары сәйкес келмейтін жағдай қалыптасып отыр.

Қазақстан әлемде хиджаб кию мәселесі күрделі болып отырған жалғыз зиялы ел емес екені анық.

Мысалы, 2008 жылы Турция Конституциясына елдің жоғары оқу орындарында хиджаб киюге тыйым салудың күшін жоятын түзетулер енгізілген.

Сонымен қатар, бельгияда билік шешімімен келесі оқу жылы мектептерге хиджаб пен келуге тыйым салынатын болады, тек оларға доктриналдық және философиялық оқу орындары жатпайды.

Еуропа елдері арасында 2004 жылы Франция хиджаб киюге толық тыйым салған, оның нәтижесінде елде баршаға белгілі кең ауқымды тәртіпсіздік орын алған.

Осындай тийым салу заңдары Германияның 8 федералды аймақтарында қолданылады.

Мектептерде діни киім киюге, сондай ақ Өзбекстан мен Қырғызстанда тыйым салынған.

Қазақстан этникааралық және конфессияаралық келісімнің өнегесі болып табылады, оның негізінде ұлттық және діни шыдамдық пен толеранттық жатыр. 2003 жылдан бастап елімізде әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының құрылтайы өтуде, 2011 жылы республика Ислам конференциясы ұйымын басқаратын болады. Сонымен бірге 2010 жылы Қазақстан ЕЫҚҰ төрағалық етеді, осыған байланысты қаралып отырған мәселені ойланып шешкен қажет.

Бұл мәселе уақытылы шара қолданбаған жағдайда күрделі әлеуметтік сипатқа ие болуы, қоғамда белгілі бір қарсылық тудыруы мүмкін, бұл болмауы тиіс.

Мазмұндалғанды ескере отырып, және өзара қолайлы ұстанымды әзірлеу мақсатында құрметті Ғабидолла Рахматоллаұлы, Сізден осы қалыптасқан жағдайды шешу жөнінде ведомствоаралық деңгейде қажетті шара қолдануды сұраймын.

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.14.11.


Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

С.Н.Баймағамбетовке
ҰСЫНЫС
Құрметті Серік Нұртайұлы!
Ішкі істер органдарының азаматтық заңнаманы қолдануы мәселесі бойынша менің атыма келіп түскен хаттардың талдамасы осы салада белгілі бір күрделі мәселелердің бар екенін дәлелдейді.

Мәселен, В.Н. Рашитованың хатының мазмұнына келсек, оны жұбайы С.В.Рашитов 2008 жылғы сәуір айында Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы азаматтығын беру туралы өтініш берген.

2009 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі Комитет) материалды басқа мемлекет азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуы туралы анықтаманы сұрату және іске қоса тігу үшін толықтыруға қайтарған. Осы материал Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне 2009 жылғы 3 шілдеде түскен.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінішті қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

Одан басқа, ҚР ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі нұсқаулығының 10-тармағында жергілікті ішкі істер органдарында және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, барлығын қосқанда алты айдан аспауы тиіс деп көрсетілген.

Бірақ осы талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Миграциялық полиция басқармасы С.В. Рашитовтың өтінішін бір жылдан артық қарап, осы күнге дейін оның Қазақстан республикасы азаматтығын алу мәселесі өз шешімін таппаған.

Олыс ІІД қызметкерлерінің істі тиісті түрде ресімдемеуі себеп болған, осының салдарынан ол Комитетке қайтарылған.

Басқа мысал, Ресей Федерациясы Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Г. Мерзлякованың Свердлов облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан В.В. Федотовтың мүддесіне соңғының азаматтығы мәселесі бойынша құзырлы органдардың тұжырымдамасын алуға ықпал ету жөніндегі өтініші.

В.В. Федотовтың қылмыстық іс материалдарына ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің миграциялық комиссия бөлімінің бастығы А. Тоқсановтың хаты қоса тігілді, оған сәйкес В.В. Федотов Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайды және азаматтығы жоқ адам болып табылады.

Осы хат негізінде В.В. Федотовтың қылмыстық ісі Ресей Федерациясының 26 гарнизондық әскери сотының соттылығына жататындық мәселесі шешілді.

Сонымен қатар, Министрлікке және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберген біздің сұратулар бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес В.В. Федотов қазақстан азаматы болып табылады деген жауап келді.

Осы ақпарат Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберілді. Алайда, кейін жұмыс барысында, ол Ресей Федерациясының Бас әскери прокурорының көмекшісінің Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің арнайы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Г.В. Ким өзінің 2009 жылғы 6 мамырдағы хатында В.В. Федотов Қазақстан азаматы емес екенін тағы растағаны туралы хатын алған.

ҚР ІІМ және Бас прокуратурасының жауаптарында біздің кезекті сұратуымызға олардан В.В. Федотовқа қатысты Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ол Қазақстан азаматы емес екені туралы ақпарат расталмады деп есептеу керек деген жауап келген.

Осылайша, аумақтық бөлімше мен мемлкеттік орган арасында үйлестіру болмағандықтан адам құқығын айтарлықтай бұзу жағдайы туындаған, ол сонымен қатар халықаралық сипатқа ие болды.

Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес, құрметті Серік Нұртайұлы, Сізден осындай жағдайларды болдырмау жөнінде заңнамалық шараларды қолдану туралы тапсырма беруді сұраймын.

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.18.11.

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі институт қалыптасқан уақыттан бастап республиканың барлық пенитенциарлық мекемелерінің мониторингін жасады. Осы мониторингтің талдауы , сондай ақ келіп түсетін шағымдар Үкімет тарапынан шешуді талап ететін кейбір мәселелердің бар болуына сенуге негіз болып отыр.

Мәселен, еліміз қосылған халықаралық құжаттарда қамаудағылардың олар өздері тұратын жерлерге жақын ұсталу құқығы бекітілген.

Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінің орналасуы халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына ғана емес , қолданыстағы ұлттық заңнаманың да талаптарына сай болуға мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 68-бабының талаптары орындалмайды, оған сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын олар өздері қамауға алынған не сотталған күнге дейін тұрған облыс аумағында өтеуі тиіс, себебі барлық облыстарда барлық режим түрлеріндегі түзеу мекемелері бола бермейді. Осындай жағдай сотталушыларды жазасын өтеп жатқан жерге, апелляциялық сатыдағы сот мәжілістеріне тасымалдауға, сондай ақ оларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджет қаражатын арттырады. Неғұрлым кемсітіген жағдайда әйелдер мен кәмелетке толмағандар болады.

БҰҰдың қылмыскерліктің алдын алу және қылмыскелермен қарым қатынас жөніндегі Бірінші конгрессте қабылданған Ең төменгі стандарттық ережелерде қамаудағыларға климат жағдайы, бөлменің кубатурасы, жарығы, жылу жүйесі, және вентиляциясы ескеріліп барлық санитарлық нормаларға сай жеке камералар ен бөлмелер берілуі тиіс. Бұндай кепілдікті әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сотталушыларды ұстаудың камерлік жйесі арқылы қамтамасыз ету мүмкін.

Осы кезде ҚР Әділетминінің ҚАЖ комитетінің жабык типтегі 56 түзеу мекемесінен 52інде отрядтық жйе бойынша барақ үлгідегі жатақханаларда ұсталады (100-150 адам). Жұмыс істейтін түзеу мекемелері өткен ғасырдың 1930-1960 жылдары салынған ғимараттар мен құрылыстар, олардың негізгі бөлігі көп жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылады. Көптеген мекемелер ауылдық жерлерде орналасқан, коммуникациялары ескірген және авариялық жағдайда. Кейбір ғимараттар істен шыққан. Зерттеу актілеріне сәйкес, 10 блыстың түзеу екемелерінің 43 жатақханасы авариялық жағдайда және ТЖМ мамандарының нұсқамалары бойынша күрделі жөндеуді талап етеді.

Сотталушыларға ұстау жағдайларын жасау мәселесін шешу ҚАЖ дамыту бағдарламасымен көзделген жаңа СИЗО және ТМ пайдалануға беру және бар ғимараттардың қайта құрылысын жасау арқылы мүмкін болады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта түзеу мекемелерінің ұзақ салыну мәселесі орын алып отыр, атап айтқанда:

2004 жылдан бастап Павлодар қаласында «Химпром» ААҚ өндірістік корпустарының өірлік бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін 1500 орындық айрықша режимдегі түзеу колониясы ретінде қайта құрылысын жасау.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі «Пенитенциарлық жүйені одан әрі реформалау туралы» хаттамалық шешіміне сәйкес қабылданған.

Қайта құрылыстың құны бағалардың 2004 жылға болжанып отырған деңгейінде 3 млрд. 860 млн. теңгені құрды. Бұл қаражат көп уақыт бойы 2004-2008 жылдары объект құрылысының нормативтік ұзақтылығы ескерілместен республикалық бюджеттен бөлініп отырған. Нәтижесінде, құрылыс материалдарына , электр қуатына, жанар жағар май бағаларының өсуіне және жалақының өсуіне байланысты бөлінген қаражат қайта құрылысты аяқтау үшін жеткіліксіз болып шықты. Бюджеттік қаражатты толық игерген жағдайда орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 60 пайызды құрды.

Қайта құрылысты аяқтау және объектіні пайдалануға беру 2007-2008 жылдарға жоспарланған, бірақ қаражаттың жетіспеуіне байланысты бірқатар объектілер бойынша жұмыстар аяқталмай қалды, нәтижесінде түзеу колониясы пайдалануға тапсыруға және сотталушыларды қабылдауға дайын емес.

ҚАЖ комитеті жобалау сметалық құжаттаманы түзетуді ескере отырып, 2010 жылға 1 млрд.484 млн. теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс берген. Бірақ РБК шешімімен бюджеттік тапсырыс қолдау таппаған.



Алматы қаласында жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155/ 18 мекемесі).

2004 жылы Қазақстан Республикасының ІІМнен Әділет министрлігінің

қарамағына қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған тергеу изоляторлары , солардың ішінде құрылысы аяқталмаған Алматы қаласындағы жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155/ 18 мекемесі).

Бұл объектіні 2000 жылдан бастап ҚР ІІМ Алматы қаласы Турксиб ауданында орналасқан бұрынғы № 11940 әскери бөлімінің құрылыстары негізінде салынып жатқан. 2007 жылдан бастап оның құрылысын Әділетминінің ҚАЖК жалғастырған, соның нәтижесінде 2007 жылғы 31 қазанда мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімімен бірінші жіберілетін кешеннің объектілері пайдалануға берілген.

Жоба бойынша құны 3 мрд. 254 млн.  200 ың тенге. Құрылыс басталғаннан бері республикалық бюджеттен 3 млрд. 73 млн. 640 мың тенге блінген. Барлық қаражат толық игерілген. Бүгінгі таңда құрылысты аяқтау және объектіні толық пайдалануға беру үшін 180 млн.  560 мың. Тенге қажет. 2010 жылға бюджеттік тапсырыс РБК шешімімен қолдау таппады.

ҚАЖ салынып жатқан басқа да объектілеріне қаржы бөлу жөніндегі ахуал алаңдатушылық туғызып отыр, олар сотталушыларды халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сай ұстау үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған болатын.

Осы объектілерді қаржыландыруды тоқтату атмосфера әсеріне байланысты құрылысы бітпеген құрылыстардың конструкцияларының бұзылуына, инженерлік коммуникациялар, құрылыстық конструкциялар элементтерінің қатардан шығуына, сыртқы және ішкі әрлеудің сапасының төмендеуіне, техникалық құралдардың ескіруіне және пайдаланудың кепілдік мерзімдерінің өтуіне, сондай ақ салынып бітпеген объектілерді күзетуге шығындардың өсуіне әкеп соғады, кейін бұл қалпына келтіру жұмыстарына одан да көп қаражатты талап етеді және объектілерді тапсыру мерзімін алыстатады.

Одан басқа, қазіргі кезде ҚР Парламентінде «Қазақстан Ресупбликасының кейбір заң актілеріне қылмыстық жазалауды атқару жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы қаралуда. Осы заң жобасы бір түзеу колониясында қатаң оқшауландыруды қамтамасыз ете отырып, оқшауландырылған учаскелерді жасау арқылы әртүрлі режимдерде жазасын өтеуге сотталғандарды жоғарыда аталған камераларда ұстау мүмкіндігін қарастырады. Бұл да айтарлықтай қаражат бөлуді талап ететін болады.

Лондон университеті жанындағы Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығының статистикалық деректері негізінде әққұ жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы еліміздің 100 мың – 23-ші,, яғни соңғы 3 жылда сотталушылар санының тұрақты өсі үрдісі байқалады. ҚР Әділетинінің ҚАЖК деректері бойынша ү.ж. басында республиканың пенитенциарлық жүйесінде 58692 сотталғандар мен тергеуде қамаудағылар ұсталса, (2007.01.01 – 51544), 2009.25.09. жағдай бойынша – 63302 .

Қамау орындарының тым толық болуы санитарлық гигиеналық жағдайдың нашарлануына, тұрудың айтарлықтай тығыз болуына әкеп соғады, қызмет көрсету жүйелері үшін тым жүктеме келтіреді, атап айтқанда, медициналық жағынан,

Бағдарламалық іс шараларды жүзеге асыруды қиындатады, қамаудағылар мен персоналдың қарым қатынасының тым күрделене түсуіне әкеп соғады, бұл зорлық зомбылық тәуекелін арттырады.

Еліміздің пенитенциарлық жүйесінде қалыптасқан ахуалды халықаралық және отандық құқық қорғаушы ұйымдар өкілдері өздерінің баяндамаларында сипаттайды, олар қылмыстық атқару жүйесін реформалау өте баяу жүргізілетінің атап өтеді.

Қазақстанның Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасын ратификациялау отырып, еліміздің адам құқықтары саласындағы имиджін нығайтуға ықпал етті және халықаралық стандарттарға сай бас бостандығынан айыру орындарын қоғамдық бақылау үшін ашықтығын дәлелдеді, колониялар мен тергеу изоляторларына мониторингтік бару, оның ішінде, халықаралық инспекторлардың бару саны артты.

Осыған байланысты, Қазақстанның сотталушыларға лайықты ұстау жағдайларын жасау жөніндегі халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелеріне сүйене келе, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден ҚАЖдың бар объектілерінің жаңадан құрылысын жүргізу және жаңа объектілерін салуға қаражат бөлу кезінде жоғарыда аталған жағдайды назарға алуды сұраймын.


Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.23.11.

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық дағдарыс жағдайында тиімді және мақсатты саясат жүргізіп отырған санаулы елдердің бірі болып отыр, оның негізгі бағыттары Мемлекет Басшысының 2009 жылғы наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында белгіленген. Әлеуметтік, мәселелерді шешу, қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік топтарының өмір деңгейін үнемі арттыру осы бағыттардың бірі болып табылады.

Үкіметтің экономиканы тиімді дамыту және қазақстандықтардың әл аухатын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі күштерін атап отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында қалыптасқан ахуалға Сіздің назарыңызды аудару қажет деп ойлаймын.

Еңбек, әлеуметтік құқықтарды реттеу, жұмысшылардың қосымша жеңілдіктерін және кепілдерін белгілеу мәселелері осы компания мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Металлургия комбинатының кәсіподақ ұйымы» ҚБ пен «Қорғау» көміршілер кәсіподағы» ҚБ арасында жасасылған ұжымдық шартта бекітілген.

Компания кәсіподағының ақпаратына сәйкес аталған уағдаластықтар орындалады.

Сонымен қатар, өз шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар.

Зейнетақы жасын оңтайландыру.

Бірнеше жылдар бойы тау кен және көмір өнеркәсібі кәсіподақтары ауыр, зиян және еңбектің қауіпті жағдайлары бар жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту мәселесін қозғап жүр.

Олар жүргізген зерттеулерге сәйкес 50 жастан асқан кеншілер мен металлургтердің көпшілігі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға, еңбектің ауырлығы мен қиындығына байланысты ауруларға шалдыққан. Шахтерлердің өмірінің орташа ұзақтығы Қарағанды облысындағы ерлердің осындай көрсеткішінен 5-6 ға төмен (58,6 жас). ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген еңбек жағдайларын медициналық кешенді зерттеу және кеншілер мен металлургтердің денсаулығына зиян, қауіпті өндірістік факторлардың әсерін бағалау осы санаттағы азаматтардың 50 жастан зейнетке шығу қажеттігін дәлелдейді (ақпарат көзі: ҚР Кәсіподақтар сайты www.fprk.kz).

Сонымен қатар, ТМД елдерінде зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке мерзімнен бұрын шығуы заңнамада қарастырылған.

Мәселен, Ресейдің 2001 жылғы 17 желтоқсандағы «О трудовых пенсиях в Российской федерации» заңында ерлерге 50 жасқа келгенде және әйелдерге 45 жасқа келгенде, егер олар жерасты, еңбектің зиянды жағдайдағы жұмыстарда, ыстық цехтарда тиісінше 10 жыл және 7 жыл 6 ай жүмыс істеп, тиісінше 20 және 15 жыл сақтандыру стажы болса кәрілік бойынша зейнетақы тағайындалады. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Украина заңына сәйкес зиян және ауыр жағдайдағы жұмыстың кейбір түрлерімен айналысқан адамдарға әйелдерге 55 жасқа келгенде, ерлерге 60 жасқа келгенде зейнетке мерзімнен бұрын шығу құқығы көзделген.

Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы индекстеу туралы.

Қазақстан 2005 жылы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні ратификациялай отырып, өзіне әр адамның өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алған.

Сонымен қатар, Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы кәсіпрында еңбекақы деңгейінің өсуіне байланысты индекстелмейді.

ҚР Азаматтық кодексінің 943-бабына сәйкес еңбек ақының ең төменгң көлемі заңнамада белгіленген тіртіппен өскен жағдайда жоғалтқан еңбек ақы, денсаулыққа зақым келген немесе өліммен байланысты жағдайларда тағайындалған өзге де төлемдер сомалары айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты көбейеді.

Өндірісте еңбекке байланысты мүгедек болып қалған көптеген кеншілер, металлургтер үшін денсаулығына нұқсан келтірілген үшін төлемақы сомасы есептелген еңбек ақы көлемі бүгінгі еңбекақы деңгейінен айтарлықтай төмен. Бұл қаражаттың емделу, денсаулығын қалпына келтіру және дәрі дәрмек сатып алу үшін жеткіліксіз екені сөзсіз.

2009 жылғы 25 маусымда «Время» газетінде жарияланған «Шахтерская угроза» мақалада ү.ж. маусым айында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында еңбекке жарамсыз болып қалған кеншілер Қарағанды қаласында рұқсатсық жиналыс өткізген, онда олар кәсіпорында денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын қайта қарауды талап еткен.

Еңбекте зардап шегу нәтижесінде мүгедек болған бұрынғы бірқатар шахтерлер, металлургтер олар алып отырған зиянның орнын толтыру сомасы шахтердің 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдайдағы орташа еңбек ақыдан есептелген. (ақпарат көзі: www.time.kz 2009 ж. 15 қазандағы «Жертвы доброй воли» мақаласы).

Қауіпсіздікті мен еңбек қорғауды қамтамасыз ету.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында жалғасып жатқан қайғылы оқиғалар онда орын алып отырған еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіндегі айтарлықтай кемшіліктердің куәсі. Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне арналған баспасөз мәслихатында «Лайықты еңбек» тау кен, көмір және металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы қайғылы статистиканы келтірді. 13 жыл бойы 1996 жылдан 2008 жылға дейін компания жұмыскерлері шахталар мен жер бетіндегі кәсіпорындарда 6203 өндірістік жарақат алған, оның ішінде 455 ауыр, соның нәтижесінде мүгеек болған және 191 өлімге әкеп соққан (ақпарат көзі: www.inform.kz, «Каждый добытый миллион тонн угля обходится в две человеческие жизни - профсоюз «Достойный труд» 2009 ж. 08 қазан).

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында Қарағанды облысы прокуратурасы еңбек туралы заңнаманың және қауіпсіздік техникасының сақталуын тексеру нәтижесінде 13 423 шахта жұсшыларының бұзылған құқықтары қалына келтірілді. Облыс прокуратурас ының нұсқамасы бойынша шахталардың 8 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 30 лауазымды адам тәртіптік түрде жазаланды (ақпарат көзі: Kazakhstan Today «Прокуратурой Карагандинской области восстановлены нарушенные права работников шахт «Арселор Миттал» 2009ж. 23.01.)7

2009 жылғы 28 маусымда орын алған «Тентекская» шахтасындағы кезекті аварияда көмір мен газдың күтпеген жерден атылып шығу нәтижесінде үш жұмысшы қаза болды, екеуі зардап шекті. Үкіметтік комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп тапты. Комиссия қорытындысы бойынша, «компания тау кен жұмыстарын жүргізу кеіне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін техникалық процестерді жетілдіру жөнінде жеткілікті шара қолданбаған».

Одан басқа, ү.ж. 21 қыркүйегінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚтың №2 кокс цехында көмір концентратының құлауы нәтижесінде бір жұмысшы қаза тапты, ү.ж. 26 қыркүйегінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Постремонтная» стансасы маңында үйме үстінен құлап 49 жастағы әйел –транспорттық басқару жолының кезекші монтері қаза болды.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 7- тармағы әркімнің, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай жұмыс жағдайларын қоса алғанда, әділ және қолайлы еңбек жағдайларына құқығын жариялайды.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 3116 317-тармақтарыжұмыс берушіге жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен ережелерге сәйкестігін қамтамасыз етуді жүктейді .

Осылайша, көптеген жылдар бойы кәсіподақтар мен Қарағанды облысының тұрғындары көтеріп жүрген мазмұндалған мәселелер қолданыстағы зейнетақы жүйесін зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту бөлігінде қайта қарау қажеттігін дәлелдейді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігіне денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын төлеу механизмін жетілдіру жөнінде осы мәселе бойынша құрылған жұмыс тобы аясында тиімді шаралар қолдануды, «Арселор Миттал Теміртау» АҚында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын күшейтуді тапсыру қажет деп түсініледі.

Жоғарыда мазмұндалғанды негізге ала отырып, және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 21-тармағына сәйкес, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден осы үндеудегі көтерілген мәселелерге назар аударуыңызды және оларды шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.01.12.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
«Время» газетіндегі 2009 жылғы 2 желтоқсандағы «Ой-бай, какие люди!» және 5 желтоқсандағы «Город слепых в стране глухих» жарияланымдарына байланысты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ү.ж. 9 желтоқсанда «Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін барып қайтты.

Осы барып қайту нәтижелері бойынша халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарының жүйелі түрде бұзылатыны анықталды.

Аталған нарық қатынастар жағдайында қарапайым өндірісіне теңестірілген мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық қарыз пайда болды, өнім өтпейді, бұл толық көлемде жалақының кешігуіне және төленбеуіне әкеп соғады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады. Мысалы, ү.ж. қазан айында кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектерге жалақының 28 пайызы төленді. Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша науқастық парақтар төленбейді.

«Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестік» ЖШС қазіргі директоры Н.Г. Жандаровтың айтуынша, кәсіпорынның қиын экономикалық жағдайын оның бұрынғы басшылығы күрделендіріп жіберді, олардың тиімсіз және заңсыз қызметі үшін бүгін онла жұмыс істеп жүрген мүгедектер жазасын тартып жүр.

Кәсіпорында жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты барлығы 72 мүгедек жұмыспен қамтылған, бұл Талғар ауданында тұратын су қараңғылардың төрттен бір бөлігі. Барлығы кәсіпорында 114 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдырап кеткен. Мүгедектердің әкімшілік, өндірістік және тұрғын үй ғимараты жер телімін бу қазанымен бірге қонақ үй салу үшін жеке тұлғаға сатылуы нәтижесінде жылу жүйесінен айырылған.

Кәсіпорында жұмыс орындары ұйымдастырылмайды, мүгедектердің тұрғын үй сатып алатын немес тым болмаса оны жалға алуға мүмкіндіктері жоқ. 18 мүгедектің жанұяларының барақ үлгісіндегі ведомстволық жатақханада тұру жағдайлары санитарлық нормаға сай емес, онда орталық жылу жүйесі, су, кәріз су құбырлары жоқ . Үкіметтің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 754 қаулысымен бекітілген Ережелер бұзыла тұра 1 топтағы 15 мүгедекке 1 көмекші бекітілген.

Қоғамдық ұйымдардың жеке жылу жинау есебінен ұйымдастырған қайырымдылық көмегі аталған мамандандырылған кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектердің жылдар бойы жинақталған мәселелерін шеше алмайтыны анық. Бұл мәселенің талдауы көптеген осындай үлгідегі мекемелер үшін көкейтесті деп ойлауға негіз бар.

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі, БҰҰдың Мүгедектер туралы конвенциясын ратификациялауы, сондай –ақ алдағы уақытта, 2010 жылы БҰҰдың жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы баяндаушысының инспекторлық сапармен келуі арнайы әлеуметтік мекемелердің халықаралық мониторингі үшін барынша транспаренттікті қамтамасыз етуді болжайды.

2009 жылғы 13 қарашада өткен «Қазақстан Республикасы Президентінімен тікелей байланыс» аясында келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты мемлекеттің мүмкіндігі шектелген адамдарға шынайы көмек көрсетуі Мемлекет басшысының айрықша бақылауына алынды.

Мазмұндалғандарға байланысты Сізден, құрметті Қайрат Әбдіразақұлы , «Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнында орын алған заңдылықтардың бұзылуына прокурорлық шара қолдану туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.15.12.


3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің қоғамдық іс шараларға қатысуы


Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Байжуменовтың «Азаптауларды жоюдың және ҚР өзінің осы саладағы халықаралық міндеттемелерін орындауының келешегі» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысуы

Астана

03.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы әкімінің 2008 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша тұрғындармен есепті кездесуіне қатысуы

Астана

04.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің судьялардың 2008 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжілісіне қатысуы

Астана

05.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық кеңесінің мемлекеттік органдардың «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын сақтауына арналған отырысының жұмысына қатысуы

Астана

06.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Иранда Ислам революциясы жеңісінің 30 жылдығын мерекелеуге қатысуы

Астана

06.02.2009



Грузияның Қазақстандағы Елшісін дипломатиялық миссиясын аяқтауына байланысты қабылдау

Астана

06.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Мемлекет Басшысының Наным бостандығы жөніндегі ҚР Заңына қатысты хаты бойынша ҚР КК отырысының жұмысына қатысуы

Астана

10.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Парламенттің қоғамдық Палатасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» және «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұру туралы» заң жобаларын талқылау жөніндегі жылжымалы отырысына қатысуы

Павлодар

13.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. А. Жакупованың «Қабылдау тарату орындарында және ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштарында азаматтардың құқықтарын сақтау» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысуы

Астана

24.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында азаптауларға қарсы күрес: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу» халықаралық конференцияға қатысуы

Астана

26.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Тұрмыстық зорлық зомбылықты болдырмау саласындағы заңнаманы жетілдірудің құқықтық аспектілері» конференцияның жұмысына қатысуы

Алматы

26.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында азаптауларға қарсы күрес: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу» халықаралық конференцияға қатысуы

Астана

27.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы

Астана

27.02.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысының жұмысына қатысуы

Астана

02.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы

Астана

10.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың семинарға «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Омбудсмен институты.» тақырыптағы лекциямен қатысуы

Астана

16.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Қазақстан жағдайында мүгедектер құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарын іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

17.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Азаптаулар жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысуы

Астана

19.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «ҚР қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамыту және өмірлік бас бостандығынан айыру түрінде жазаны атқарудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

19.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына қатысуы

Астана

27.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Т.А.Тикебаеваның өткізу режимін сақтау мәселелері бойынша кеңеске қатысуы

Астана

27.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Байжуменовтың Азаптауларға қарсы жұмыс тобымен шығуы

Шымкент

30.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы

Астана

30.03.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысының жұмысына қатысуы

Астана

02.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К. Муратованың «Балалықты қорғау: жағдайы, стратегия, іске асыру жолдары» ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы

Алматы

02.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Адам саудасына қарсы тұру: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы

Астана

07.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың РБК 4-ші отырысының жұмысына қатысуы

Астана

13.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Қырғыз Республикасында ұлттық алдын алу механизмі мәселесі жөніндегі дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Бишкек

16.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жұмыс тобының кезектен тыс отырысына қатысуы

Астана

21.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы

Астана

21.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін Жалпы мерзімдік шолу жөніндегі брифингтің жұмысына қатысуы

Бишкек

27.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысуы

Астана

27.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Президентінің Мұрағаты дирекциясының отырысына қатысуы

Алматы

28.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қылмыстық сот ісін жүргізуді оңтайландыру мәселесі және қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Алматы

30.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың УПО жөніндегі Консультативтік кеңеске қатысуы

Астана

30.04.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы

Астана

12.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған алдағы кездесудің ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысуы

Астана

13.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Касенованың «Қазіргі заманғы жағдайларда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» ғылыми практикалық семинарда дәріс беруі

Алматы

14.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың және ұлттық орталық қызметкері Марьинаның ҚР Президентінің Мұрағаты жиналысына қатысуы

Астана

18.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Қазақстан және Еуропаға жол» халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы

Астана

21.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Адам құқықтарының жалпыға бірдейлігі және адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі» халықаралық конференцияның жұмысына қатысуы

Анкара

21.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы заң жобасы «Қазіргі заманғы жағдайы мен оны қабылдаудың келешегі» тақырыптағы семинарға қатысуы

Окжетпес

29.05.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының оқу тренингіне қатысуы.

Алматы

01.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы

Астана

03.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының «Қазақстан Республикасының жиналыстар бостандығы саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Алматы

04.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Балалар еңбегінің неғұрлым төмен жағдайларына қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысуы

Астана

15.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу жөніндегі партияаралық кеңестің отырысына қатысуы

Астана

16.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысына қатысуы

Астана

18.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына қатысуы

Астана

25.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың «ЕО-Қазақстан: сот жүйесі және бас бостандығынан айыру орындары жөнінде : еуропалық стандарттарға жақындату» тақырыбындағы семинарға қатысуы

Алматы

29.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның қызметтік ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жұмысы жөніндегі семинарға қатысуы

Астана

30.06.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының УПО аясындағы ұлттық баяндаманы талқылау жөніндегі жұыс тобының отырысына қатысуы

Астана

10.07.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Ұлттық баяндама жобасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған семинарға қатысуы

Астана

14.07.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 8-ші отырысының жұмысына қатысуы .

Астана

16.07.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның Қаржы министрлігі ұйымдастырған бухгалтерия бойынша қатысуы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .

Астана

27.07.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың адам құқықтары жөніндегі 2010 жылға арналған ЖМЕ аясында Ұлттық баяндаманы жасау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысуы

Астана

28.07.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Парламентінің 2009 -2010 ж.ж. төртінші шақырылымының ІІІ сессиясының ашылуына қатысуы

Астана

01.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың «Конституция: ҚР заңдарының заңы» республикалық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы

Астана

01.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Адам құқықтары саласындағы іс шаралардың 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарының тұсау кесеріне қатысуы

Астана

09.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі ұйымға 2010 жылы төрағалық ету мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысуы

Астана

09.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің алдағы уақытта Варшава қаласында өтетін кеңес барысындағы іс қимылдарды әзірлеу үшін делегация мүшелерінің қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кеңестің жұмысына қатысуы.

Астана

10.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Жакупованың «Құлшылыққа жол жоқ!» дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

14.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың Жоғарғы Сот ұйымдастырған ҚР медиацияны енгізу мәселелері жөніндегі дөңгелек стол мен семинардың жұмысына қатысуы

Астана

17.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның «Кәсіби бухгалтер мен аудитордың қаржылық жүйені тұрақтандырудағы рөлі» тақырыптағы бухгалтерлер мен аудиторлардың ІІ-ші Халықаралық құрылтайына (форумға) қатысуы.

Астана

18.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің алдағы уақытта Варшава қаласында өтетін кеңеске делегацияны дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кеңестің жұмыс кеңесіне қатысуы. .

Астана

21.09.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті ұйымдастырған Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесуге қатысуы

Астана

15.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан Республикасының Президенті жаындағы Мемлекеттік басқару академиясында семинарға лекциямен қатысуы

Астана

16.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 203 отырысына қатысуы

Астана

19.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметінің отырысына қатысуы

Астана

20.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерінің на открытии архитектурно-скульптурного комплекса монумента «Қазақ елі» архитектуралық мүсіндік монумент кешенінің ашылуына қатысуы

Астана

20.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 204 отырысына қатысуы

Астана

26.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР СІМ жауапты хатшысы Жошыбаевтың басшылығымен өткен семинарға қатысуы

Астана

26.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Ұлттық есептің тұсаукесеріне қатысуы

Астана

27.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның «Мектепте ақша жинау барлығына қатысты мәселе» тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулардың жұмысына қатысуы

Астана

28.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың «Азаптауларға қарсы күрес: Қазақстанда ұлттық алдын алу механизмін құру»жобасы аясындағы семинардың жұмысына қатысуы .

Костанай

28.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы

Астана

29.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 205 отырысына қатысуы

Астана

29.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық реформаның келешегі» дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

06.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың жанындағы кеңестің жұмысына қатысуы

Астана

06.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысуы

Астана

09.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К. Муратованың «ҚР ҚБК Қазақстан халқының қауқарсыздығын төмендетудегі рөлі» тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулардың жұмысына қатысуы

Астана

11.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жасау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы

Астана

11.10.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың жанындағы кеңестің жұмысына қатысуы

Астана

13.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Омбудсмен институты» семинарының жұмысына қатысуы және баяндама жасауы

Астана

17.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.К. Боранбаевтың «Мемлекеттік сатып алулардың жариялылығы және жеткізулерді басқару: азаматтық қоғамның рөлі

Алматы

18.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Т.А. Тикебаеваның ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадр қызметінің қызметкерлеріне арналған семинардың жұмысына қатысуы

Астана

18.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның «Қазақстандағы ювеналдық юстиция: даму мәселелері мен келешегі» дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .

Астана

20.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 207 отырысына қатысуы

Астана

23.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 9-шы отырысына қатысуы

Астана

24.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстанның IV Азаматтық форумына қатысуы

Астана

24.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың сот билігі мен емлекеттік органдардың өкілдері үшін семинардың жұмысына қатысуы .

Астана

25.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы

Астана

25.11.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Жакупованың «Қазақстандық БАҚ және адам құқықтары мен бостандықтары» ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы

Алматы

07.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың, А.Х. Уразбаеваның Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ ұйымдастырған Қазақстан жасөспірімдері мен жастарының форумына қатысуы

Астана

07.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының 20 жылдығына арналған дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

0912.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М. Муратованың «Қазақстандағы көзге көрінбейтін және қорғалмайтын лесбиянкалар, гейлар, бисексуалдар мен трансгендерлер» есебінің тұсаукесеріне қатысуы

Алматы

14.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың «Азаптауларга карсы Конвенцияга косымша хаттаманы ұлттық заңнамаға имплементациялау: ұлттық алдын алу тетік мәселелері» семинардың жұмысына қатысуы.

Астана

14.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұру: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .

Астана

14.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М. Муратованың «ҚР жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығы» эксперттік кездесуге қатысуы

Астана

15.12.2009



Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.К. Боранбаевтың «Қысқартылған тәртіппен алдын ала тергеу және анықтау ісін жүргізудің практикалық аспектілері» дөңгелек столдың жұмысына қатысуы

Астана

22.12.2009



жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау