* N N Q *Қосымша деректер
Ғарышты игеру
1991 жылы 2 қазнда алғашқы қазақстандық ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты
1994 жылы шілде екінші қазақ ғарышкер «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің борт инженері Т.Мұсабаев ғарышқа аттанды.
Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы
1992 жылы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының форумы өткізілді.
Президенттің Бейбітшілк және рухани татулық сыйлғығы тапсырылды.
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
1995 жылы 1 наурыз- Мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық кеңесші орган- Қазақстан халықтарының Ассамблеясыныңқұрылды.
1995 жылы 24 наурыз- І сессиясы
Көппартиялық
жылы 7 қыркүйек- «Қазақстанныңсоциалистік партиясы»
1991 жылы күз- «Қазақстанның коммунистік партиясы»
1991 ж қыркүйек- Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде «Қазақстанның Республикалық партиясы»
1991 жылы 5 қазан- «Қазақсанның Халық Конгресі партиясы»
1991 жылы қараша- «Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы»
1993 жылы ақпан- «Қазақстанның халық бірлігі»
1994 жылы желтоқсан- «Қазақстанның халықтық- кооперативтік партиясы»
1995 жылы қаңтар- «Қазақстанның өрлеу партиясы»
1995 жылы басы- «Қазақстанның аграрлық партиясы»
1995 жылы жаз- «Қазақстанның демократиялық партяиясы»
1998 жылы қараша- «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы
1999 жылы қаңтар- «Отан»
1999 жылы 14 қаңтар- «Қазақстанның отаншылдар» партясы
2001 жылы қараша – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық- саяси бірлестік
2003 жылы желтоқсан- «Асар» партиясы құрылды.
Тарихи анықтама
-1913-1915- Аграрлық –демократиялық бағыттағы «Айқап» журналы (бас редакторы М.Сералин)
-1913-1918 ж- Либералдық- демократиялық бағыттағы «Қазақ» назеті шықты
-1914 ж. 1 тамыз- 1918 ж. 11 қараша Бірнші Дүниежүзілік соғыс
-1916 ж. 25 маусым- Патшаның Орта Азия мен Қазақстан бұратаналарын майдан шебіндегі қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына шақыру туралы жарлығы. 19 –дан 43- жас аралығындағы 500 мыңдай жігіт алынатын болды. Жарлық -1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысың себеп болды.
-1916ж.шілде- тамыз- Қазақ демократияшыл зиялыларының халыққа үндеуі.
-1916 ж.23 тамыз- генерал Курпаткиннің құпия бұйрығы бойынша әскерге алудан босатылғандар: қызметтегілер, мұсылман дінбасылары, бұратаналардан шыққан полиция қызметекерлері, есепшілер мен бухгалтерлер.
-1916-1917 ж.- Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт- азаттық көтеріліс.
-1917 ж. 27 ақпан- Ресейдегі Ақпан буржуазиялық –демокартиялық революциясы
-1917 ж.- Уақытша Үкіметтің,еңбекшілер Кеңестері мен қазақ комитеттерінің құрылуы.
-1917ж – Бүкілресейлік мұсылман съезі
-1917ж- Майданға алынғандарды қайтару.
-1917ж- Орынбордағы І Бүкілқазақ съезі.
-1917ж- «Шура ислами» партиясының құрылуы.
-1917ж 25 қазан- Ресейдегі Қазан революциясы.
-1917 ж. 21- 26 шілде- Жалпықазақ съезі «Алаш» партиясын құрды.
-1917ж- «Үш жүз» партиясының құрылуы
-1917 ж- Меркеде «Қазақ жастарының революциялық одағы» (Т.Рысқұлов) құрылды
-1917ж- С.Сейфуллин Ақмола қаласында «Жас қазақ» ұйымын құрды.
-1917ж.қазан- 1918 ж.наурыз- Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
-1917 ж.қараша-1918ж.ақпан- «Қоқан автономиясы» (М.Тынышпаев, М.Шоқай)
-1917ж.желтоқсан- Орынбордағы ІІ Жалпықазақ съезі. «Алашорда» үкіметі құрылды. (Басшысы- Ә.Бөкейханов). Астанасы- Семей қаласы
-1918 ж. қазан- наурыз- Қазақстнада Кеңес өкіметінің орнуы. Оңтүстік және солтүстік аудандарында бейбіт жолмен орнауы
-1918 ж.желт. –Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы (Ташкент- қарулы күреспен)
-1918 ж.мамыр- Міндетті әскери міндеткерліктің енгізілуі.
-1918 ж.көктем- В.И.Лениннің ірі өндіріс орындарын национализациялау туралы Декреті шықты.
- 1918. Мамыр- Чехословак корпусының бүлігі
- 1918 ж.мамыр- 1920 маусым- Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы.
-1918ж.тамыз- қараша- Ә.Жангелдиннің интернационалдық отрядының экспедициясы----- 1918ж.тамыз-1919 жылы .шілде- Солтүстік Жетісудағы Черкасск қорғанысы
-1919ж.қаңтар- азық түлік салғырты
-1919ж. 19 қыркүйек- Орынбордың Қазақтанға қосылуы туралы шешім қабылданды
-1920 ж.маусым- Верныйдағы антикеңестік бүлік.
-1920 ж. 26 тамыз- Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы
-1920 ж. – ҚАКСР еңбекшілерінің құқығы декларациясы.
-1920-1924 – Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Репсубликасының бірінші астанасы- Орынбор қаласы.
-1921ж. жаз- Құрғақшылық, аштық.
-1921ж. наурыз- Жаңа экономикалық саясатта көшу (Х партия съезінің азық- түлік салығымен алмастырылуы)
-1921 ж, 14 наурыз- Түркістан Республикасы ОАК- нің Верный қаласы атын Алматы деп өзгерту туралы Декреті.
-1921ж.- «Қосшы» одағы құрылды
-1921-1922ж.- Жер-су реформасы (ЖЭС-тің құрамдас бөлігі), қазақтарға патша тартып алған жерлер қайтарылды
-1922ж. көктем- Қазақ даласында «Қызыл керуен» кешенді экспедициясы жіберілді, Ә.Жангелдин басқарды , экспедиция Орынбордан Семейге дейін жол жүріп өтті, мақсаты- Кеңес өкіметтің декреттерін насихаттау, мен ұлттық саясатты түсіндіру
-1923ж.қараша- Қазақстан ОАК «Іс қағаздарын Қырғыз (Қазақ) тілінде жүргізу туралы» декрет қабылдады.
-1924ж.- Орта Азия республикаларының ұлттық- мемлекеттік шекарасын белгілеу. Қазақ жерлерінің тұтастай ҚАКСР құрамына енуі.
-1924ж. қаңтар- «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды
-1924ж. 27 қазан- КСРО ОАК қаулысымен Қазақ АКСР құрамына АКСР- нің әкімшілік бөлінісін қайта құру 1925 жылдың басына қарай аяқталды. Тұрғындар саны 1468 адамға көбейіп, 5230 мың адамға жетті. 1926 жылы тұрғындарының 61,3 пайызын құрады. Қазақ АКСР- інің астанасы- Ақмешіт.
-1925ж.- Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру және Қырғыз АКСР- ін Қазақ КСР-і деп қайта құру.
-1925ж- Қазақ АКСР-і астанасын Орынбордан Қызылордағы көшіру
- 1925-1933жж.- РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. азақ ауылдарының «Кіші қазан» бағыы. Басшылықтың әміршіл- әкімшілік әдісі
- 1926ж. 13 қаңтар- Қазақ мемлекеттік драма театрының ашылуы
-1926-1937ж.- Өндірісті индустрияландыруды өткізу.
-1925- 1932- Ұжымдастыру. Тұрғындар 2 млн адамға (қазақтар) кеміді немесе 49 пайызға азайды.
-1927-1931ж.- Түркістан Сібір темір жолы құрылысы. 1929 жылы мамырда құрылыста 39,5 мың жұмысшы мен қызметкер істеді
-1928ж.- Алғашқы жоғарғы оқу орны- Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуы.
-1928 ж.-1932ж- Бірнші Бесжылдық жылдары
-1928ж. 27 тамыз- Қазақстан ОАК пен ХКК «Аса ірі және жартылай феодал байларды тәркілеу және жер аудару туралы» Декретке қол қойды
-1928ж- «қызыл астана құрылысының араңдатушылығы ашылды», яғни талантты сәулетішелр мен инженерлер тобы (П.Буддаси, С.Голдгор, М.Тынышпаев, т.б. ) қуғындалды.
-1928ж. тамыз- 1933ж. 1- жартысы- Ірі байлардың шаруашылықтарын тәркілеу. 145 мың
-1929 ж.- Мал дәрігерлік институты
-1929ж.- Қазақ жазуы араб әрпінен латын әрпіне көшірілді.
-1929ж.- Қазақ АКСР-і астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшіру.
-1929-1933ж.- Күштеп ұжымдастыр. Тұрғындардың аштықтан жаппай қырылуы мен республикадан тыс жерлерге көшуі.
-1930ж.- Жаппай саяси қуғын-сүргін. 27 мыңнан астам адам атылды. ГУЛАГ- та 101 мың қазақстанық отырып шықты.
-1930. 4 сәуір- Ж.Аймауытов ату жазасына кесілді.
-1930-1932ж. –Қазақстандағы ашаршылық.
-1931 ж.- Медицина институты
-1931ж. желт.- Сауатсыз тұрғындарды жаппай міндетті оқыту енгізілді.
-1931-1932ж.- Қазақстаннан 1 млн 700 мың адам шетелге кетті,
-1931-1933 ж.- 6,2 млн республика тұрғынының 2,1 млн-ы аштан қырылды. 40,5 млн малдан 4,5 млн қалды.
-1932ж.- Сталинге аштыққа байланысты апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің бір тобы хат жазды. Ғ.Мүсрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.(«Бесеудің хаты»)
-1933ж.- Аштықпен байланысты апат көлемі туралы Тү.Рысқұловтың Сталинге хат жазды
-1934ж.- ҚазМУ-дің құрылуы
-1936 ж.9- ақпан-ҚАКСР ОК қаулысы- «қазақтар», «Қазақстан» деп жазуға шешім қабылдады,
-1936ж. – Қазақ АКСР-ің одақтық республика етіп қайта құру (ҚазКСР)
-1937 ж. наурыз- Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды.
-1937-1951ж.- халықтарды Қазақстанға күштеп көшіру
-1939 ж.- Қазақстан тұрғындарының сауаттылығы 65 пайыз, ал қазақтар арасында 44 пайызға жетті.
-1939ж. 1 қыркүйек- 1941ж. 22 маусым- Екінші дүниежүзілік соғыс – Ұлы Отан соғысының басталуы. Ұлы Отан соғысы. Соғыстағы армия қатарында 1 196 164 қазақстандық болды. Шығын шамамен -410 мың адам.
-1941ж. 16 қараша- Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде 28 панциловшы- батырлар ерлік көрсетті.
-1945 ж. 9мамыр- Фашистік Германияны талқандаған Жеңіс күні.
-1945ж. 2 қыркүйек – Екінші дүниежүзілік және Ұлы отас соғысы аяқталды.
-1946ж. наурыз. -1946-1950 жылдарға арналған КСРО- ның соғыстан кейінгі қалпына келтіру мен халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы заң қабылдады,
-1946.- Қазақ КСР ҒА құрылды (президенті- Қ.И.Сәтбаев.)
-1947 ж.- Ақша ревормасы
-1947ж. желтоқсан- Азық –түлік және өндірістік тауарлардың карточкалық жүйесі жойылды.
-1947ж. – Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты моногрфиясы жарық көрді, осы кітабы үшін ол буржуазияшыл-ұлтшыл деп жарияланды,
- 1949 ж.- Семей ядролық полигонындағы жер үсті жарылысы (полигон: Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жерде)
-1952 ж.- Е.Бекмахановтың сот алқасы 25 жылға соттады.
-1953ж. 5 наурыз- И.В.Сталин қайтыс болды.
-1954ж.- Е.Бекмаханов Қазақстанға оралды.
-1954ж.- Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы, екі жылға есептелген тың көтеру жоспары бір жылда орындалды, тыңға арналған жер өндеудің тиімді жүйесі 20 жылдан кейін жасалды.
-1954-1959 ж.- Қазақстан тыңын игеруге 20 млрд. Сом жұмсады
-1954-1962ж.- Тың игеруге КСРО- ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.
-1954-1965ж- Қазақстанға өндіріс пен транспортта жұмыс істеуге 0,5 млн адам келді.
-1956ж.- Байқоңыр ғарыш кешенің іске қосу.
-1956ж. – Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді енгізу.
-1957 ж. Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру. Совнаркомдар құру.
- КОКП ХХ съезі тауар ақша қатынасын тікелей тауармен алмастыру идеясын көтерді.
- КОКП ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықта айыптады.
- КОКП ХХІ съезі –коммунистік қоғамның кең көлемді құрылысына бағыт алу.
- 1959 ж.- Металлургия комбинатындағы құрылысшылардың ауыр жағдайына байланысты Теміртау қаласындағы толқулары.
-1959ж.- Жаппай міндетті сегізжылдық білім берудің енгізілуі.
-1959 ж.- Елге санақ жүргіу. Республика тұрғындарының саны- 9295 мың қазақтар -2787 мың.
-1960ж.- Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы болып сайланды. (осы қызметі 1986 жылғы желтоқсанға дейін атқарды)
-1961 ж.- Ақмола қаласы атын Целиноградқа (Хрущев бастамасымен)
-1961ж. 1сәуір- Байқоңырғарыш айлағының басқарылатын ғарыш кемесінің ағаш ұшырылуы.
-1963ж.- Ядролық қаруды ада, ғарыш кеңістігінде және су астында жаруға тыйым салу туралы шарт.
-1965 ж.- Шаруашылық реформа: өнеркәсіп салалары бойынша одақтық- республикалық министрліктердің құрылуы (Совнархоздар таратылды)
-1969ж.- Даман аралында, Жалаңашкөл көлінде Қытаймен қарулы қақтығыс.
- ХХ ғ. 60-70 жылдары – Сауатсыздықты біржолата жою.
- ХХғ. 70-ж. И.Н.Худенконың ауыл шаруашылығын басқарудың экономикалық әдістерін пайдалану жөніндегі бастамасы.
-1970ж.- Жалпыға бірдей міндетті орта білім беруді реттеу.
1974-1977ж.- Екпінді құрылыстрға комсомолдық жолдамамен 25 мыңнан аса жігіттер мен қыздар жіберілді.
-1977 ж. –КСРО Конституциясын қабылдау
-1978ж.- Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.
-1979ж.- Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы Целиноград тағы шеру
-1979ж-1988ж.- Ауған соғысы. Оған 21979 қазақстандық қатысты, академик А.Д.Сахаров Ауғанстанға әскер кіргізуге қарсы шықты.
- 1980ж ж.—Экономикадағы, саясаттағы дағдарыс.
1982ж.- Азық- түлік бағдарламасының қабылдануы.
-1985ж. наурыз- М.С.Горбачев КОКП ОК бас хатшысы болып сайланды.
1985ж. сәуір- КОКП ОК сәуір Пленумы қайта құруға бағыт ұстады.
1985-1991жж.- КСРО- да өткен мемлекеттік мекемелер жүйесін қайта құру (перестройка)
1954-1986ж- Республикда қазақ тілінде 600- ден астам мектеп жабылды.
-1960-1962 және 1964-1986ж- Республиканы қонаев басқарды.
-ХХғ. 80ж. 2 жартысы- Экономикадағы дағдарыстық жағдай.
-1986ж. 16 желтоқсан- Қазақстан компартиясы ОК Ү Пленумы Қонаевты орнынан алып, бінші басшысы қызметіне Колбинді сайлады.
-1986ж. 17 желт.-18желт- Алматыдағы жаппай толқулар, Қазақстаннан басқа республикаларға 9 мыңнан аса қазақ жастары кетуге мәжбүр болды.
-1987ж.- Республиканың халық шаруашылығы құлдырай бастады.
-1988ж.- Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар ақталды.
-1989- Қарағанды шахтерлерінің ереуілі.
-1989- «Невада- Семей» О.Сүлейменолвтың экологиялық қозғалысы
-1989ж.- «Әділет » тарихи –ағарту қоғамы құрылды.
-1989ж. 15 ақпан- Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару.
-1989ж.- Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшылығына сайлау.
-1989ж. маусым- Қордаланған, шешілмеген әлеуметтік проблемалар Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікке ұрындырды, ол тәртіп қорғау органдары және әскер көмегімен басылды.
1989ж 22 қыркүйек.- «Тілдер туралы Қазақ КСР» заңы қабылданды, қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды.
-1989ж.- Санақ жүргізу. Республика тұрғындары – 16 млн 465 мың адамға жетті.
1990ж.- «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды (1991ж. күзден- саяси партия)
-1990ж.- «Алаш», «Бірлік», «Желтоқсан» қозғалыстары пайда болды.
1990ж. – Қазақстанның социал –демократиялық партиясы құрылды.
1990ж. сәуір.- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Назарбаевты Қазақ КСР-інің Президенті еіп сайлады
-1990ж- Президент «30-40 жылдар мен 50- жылдардағы заңсыз қуғын- сүргіннен жапа шеккен, ақтлған азаматтарға көмек көрсету жөнідегі шаралар туралы » Жарлыққа қол қойды.
-1990ж.- Сауд Арабиясы қатысуымен- шетелмен бірлескен алғашқы банк –«әл- Барака- Банк Қазақстан» құрылды
-1990ж. 25 қазан- Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды.
1990ж- Ақшаның құнсыздануы, инфляция, бағаның өсуі, халық тұынатын тауарлардың жетіспеуі
1991ж. – Қазақстан Компартиясының кезектен тыс және төтенше съезі коммунистік партияны таратуға шешім шығарды; жаңадан құрылған партия социалистік деп аталды.
1991ж.- Қазақстан комсомолы Қазақстан Жастары Одағы деп өзгертілді
-1991ж. – Қазақстанда 48 кәсіби театр, 19 ұлттық- мәдени орталық жұмыс істеді.
-1991ж. қазан.- тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991ж. желт. – Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланды
-1991ж.тамыз- Мәскеудегі мемлекеттік төнкеріс жасауға әрекет.
1991ж.- Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылуы
-1991ж.- Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындарының Қазақ КСР үкіметі қарамағына өтуі.
-1992ж. қаңтар- Қазақстанның алғашқы алтыны.
-1991ж. Қазақ КСР- інің алтын қоры мен алмаз қорын құру.
1991ж.- Семей ядролық полигонының жабылуы
1991ж- «Қазақстан халық конгресі» партиясының құрылуы
-1991ж.- Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасына ауыстыру.
- 1991ж – Қазақстан президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы
- 1991ж 10 желтоқсан. – Алматыда – Президент инаугурациясы өтті.
- 1991 ж. 16 желтоқсан- «Қазақстан Республикасының Мемлекет Тәуелсіздігі туралы» Коституциялық заңы қабылданды
- 1991ж 8 желтоқсан- Минскідегі РКФСР; Белоруссия, Украина басшыларының басқосуы; ТМД құру.
- 1991ж 21 желтоқсан- 11 бұрыңғы одақтық республика Алматыда ТМД құрылғаны туалы хаттамаға қол қойды, баспасөз конференцясын Н.Ә.Назарбаев ашты.
- 1991ж -инфляцияның күшеюі, тұрғындарының басым бөлігі тұрмыс деңгейінің төмендеуі.
- 1991ж- Нарықтық экономикаға бағыт алу;
- 1991ж- Қазақстанның ЕҚЫҰ мүшелігіне қабылдануы.
-1922ж. 30 желтоқсаннан-1991ж. 26 желтоқсаны- КСРО өмір сүрген кезең.
- 1992ж.- Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру.
-1992ж.- қаңтар- Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30- дан аса мемлекеті таныды
-1992ж. қазан- Қазақстанның халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке қабылдануы.
-1992ж. 29 қыркүйек—Қазақтардың дүниежүзілік алғашқы құрылтайы
- 1992ж.- Мемлекеттік рәміздер бекітілді.
-1992ж. желтоқсан- Қазақстан халықаралық форумы
-1993ж. 28 қаңтар- Қазақстан Республикасындағы Конституциясы қабылданды
-1993ж. 15 қараша- Қазақстан Республикасыныңң ұлттық- валютасы – теңге енгізілді.
-1993ж. – Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды.онда Қазқстан ядролық қарусыз аймақ деп жарияланды
- 1994 ж. наурыз- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі сайлауы
-1994ж. сәуір- Министрлері Кабинетінің энергиямен қамтамасыз ету бағасын босату туралы қаулысы.
-1994ж. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын мерзімін ұзарту құқығымен Ресейге 20 жыл мерзімге жаңа жалға беру туралы келісім.
-1994ж. – Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан арасында біртұтас экономикалық кеңістік- Орталық Азия одағын құру туралы шартқа қол қойды.
-1995ж. 30 тамыз- Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясын қабылдау
-1995 ж. 28 қаңтар- Екі палаталы Парламент сайлау өтті.
1995ж.- Қазақстанның «Ислам конференциясы» ұйымына қабылдануы
1996ж. наурыз- Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстандағы экономикалық және гуманиарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды (1998 жылы Тәжікстан республикасы қосылды)
-1997ж. –Қазақстан Республикасының эконмикасында шетел капиталы барынша тартуға бағдар.
-1997ж.- Ел астанасын Ақмола қаласына көшіру
-1997ж.- Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы- «Қазақстан -2030» жариялануы
-1997ж.- «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» заңаның қабылдануы
-1997ж.- Жалпыұлттық татулық және қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1998- Халықтар бірлігі мен ұлттық тарихы жылы
-1999 Ұрпақтар бірлігі мен сабақтасытығы жылы.
-1999ж. сәуір- Қ.Сәтбаевтің 100 жылдық мерейтойы
2000ж.- Мәдениет жылы
-2001- ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы
2002- Денсаулық жылы.
2003-Астанада Әлемдік және дәстүрлі – ұлттық діндер лидерінің І Съезі болып өтті.
-2003-2005ж.- Аулды дамыту жылдары.
-2006..- Қазақстан Републикасының Әнұранының жаңа мәтіні бекітілді.
-2008ж.6 шілде- Астана қаласының 100 жылдық мерейтойы
-2009ж.- Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Дағдарыстан дамуға» атты халыққа Жолдауы.
Достарыңызбен бөлісу: |