Ќазаќстан тарихы



жүктеу 1,39 Mb.
бет1/7
Дата19.02.2018
өлшемі1,39 Mb.
#10111
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

І. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың себептері мен басталуы

ІІ. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы

ІІІ. Торғайдағы көтеріліс орталығы

ІҮ. Қозғалыстың корытындылары
І. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың себептері мен басталуы
1.1907-1912жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылған адамдардың саны. 2 млн 400 мың.

2. 1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: 45 млн астам.

3. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды»,-деп жазды: Т.Рысқұлов

4. 1913жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі прблемаға айналды»,-деп жазған: А.Байтұрсынов.

* Столыпин реформасының бас кезінде «Санкт- Петербургские ведомости» газеті: «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуін талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»- деп жазған болатын

5. Бәсекелес әскери- саяси блоктар –Үштік Одақ пен Антанта әкеліп соқтырды: Бірінші Дүниежүзілік соғысқа

* Бірінші дүниежүзілі к осғыс қатысқан мемлекеттер саны: 28

6. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Ә.Бөкейханов.

* Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін- сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?»- деп жазды.

7. 1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі осы оқиғаға байланысты күшейді: Бірінші дүниежүзілік соғыс.

* Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатылып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды.

8. 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: Соғыс салығы.

9. 1916 жылғы халық көтерілістің негізгі себебі: : 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы .(* ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі)

10. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: Қазақтан қар жұмысқа жігіт алу.

11. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: 19-43.

12. 1916жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алуға көзделген адам саны: 500 мыңнан астам

13. 1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір мен Каваказдың бір бөлігі.

14. 1916- жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: Халық бұқарасы.

15. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты: Империализмге, отаршылдыққа қарсы.

16. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың басты идеясы: ұлттық тәуелсіздік.

17. 1916 жылғы 23-тамыздағы үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы жарлық шығарған генерал-губернатор: А.Куропаткин.

18. Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: Тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектескені үшін.

19. 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте:
20. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9

21. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Шерубай- Нұра болысының ханы болып сайланды: Нұрлан Қияшев

22. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Қарашақ болысының хан болып жарияланған: Оспан Шоңов

23. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып сайланды: Бекболат Әшекеев

24. Болыстық басқару жүйесі қалпына келтірді, ел бегі- әкім.

* Жасақшы- сот алқасы

* Қазынашы- қазына билеуші

* Сардарбек- армиясының қолбасшысы.

25. 1916 жылғы маусымадғы патша Жарлығының байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: жақтады.

26. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,-деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.

27. 1916 жылғ 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал- демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық

(*қозғалысты жақтамады)

*Отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізу, жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады.

*Олар: «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады» деп қауіптенді

28. 1915 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына революцияшыл- демократияшыл зиялылардың (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов) ұстанған бағыты: қозғалысты жақтады(* қозғалысқа қосылды)


* N N Q * 1.Түркістан генерал- губернаторлығының құрамына кіретін зиялы өкілдері қандай ұымдарға бірікті: «Шура -ислами», «Шура- улема»

2.1916 жылғы 25 маусымдағы жарлықты «қанқұйлы» деп жариялаған: М.Дұлатов.

3. Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов кез келген қарсылықтан орсан зор адам шығындарына әкеп соғатынын түсініп, қазақ халқына үндеу жариялады: 11 тамызда.

4. Қазақстан ауылдарынан тыл жұмысына күшімен қанша ер- азамат тыл жұмыстарын аттаныдырылды: 150 мың

5. 1917 жылы 1 ақпанында генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде өлім жазасына кесілді: 347 адам.

6. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың басталуының себебі(сылтауы): Австрия –Венгрия империясы тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинанттың өлтірілуі


ІІ. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы

29. 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың ірі орталығы: Жетісу. (Торғай)

30. 1916 жылғы 20 шілдеде Куропаткин генерал- губернаторы болып тағайындалған өлке: Түркістан.

* ОЛ: «Қандай амал болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға» нұсқау берді.

31. Жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін казак станицаларын асығыс түрде жарақпен қамтамасыз еткен Жетісудің генерал- губернаторы: М.А.Фольбаум

32. 1916 жылғы Верный уезіндегі көтерілістің басышларының бірі: Б.Әшекеев

* 1916 жылғы Мерке ауданындағы Құрақты болысындағы көтерілісті басқарған: Ақкөз Қияшев.

33. 1916 жылы 10 мыңнан астам қазақ- қырғыз көтерілісшілері қоршаған елдімекен: Тоқмақ

34. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара

35. 1916 жылғы Қарқара көтерілісінің басшыларының бірі, болыс, батыр: Ж.Мамбетов

36. Қарқарадағы көтерілістің жетекшілерінің бірі. Ж.Мәмбетов

37. 1916 жылы Жетісуда орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі: Е.Курев.

38. Патша үкіметі көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтірді, ал Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған басшы. Б.Әшекеев.

39. Қарқара түрмесінде азапталып өлтірілген, 1916 жылғы көтерілісшілерінің бірі: Ж.Мәмбетов.

40. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың қанша мың халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды: Екі жүз отыз сегіз мың.
* N N Q * 1. 1916 жылғы қазанда патша әкімшілігі шығарған шешім: «Қырғыздарды көшіру туралы»

2. 1916 жылғы қазанда патша әкімшілігі «Қырғыздарды көшіру туралы» шығарған шешім бойынша құнарсыз аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылған қазақ отбасылары саны: 37355

3. Жетісудағы көтеріліс кезінде Пржевалськіде қаза тапқан Қытай азаматтығын алған адам саны: 400.

4. 1916 жылғы Жетісу көтерілісі талқандалды: 1916 жылы қазан.

5. Патша үкіметі Жетісудағы көтерілістің басу үшін құрамында пулемет және зеңбірек командасы бар 95 рота мен неше казак отрядын аттаныдрды: 24

6. 1916 жылы тамыз айының ортасында сол уездің ошақты ауданында көтеріліс басшылары патша жарлығын орындамауға, қарулы қарсылық көрсетуге шешім қабылдады: Верный



ІІІ. Торғайдағы көтеріліс орталығы
41. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен.(* көтерілісшілер қозғалысының басқарудың тәртіпке келтірілген)

* Әскери іс мәселелеріне назар аударып отырған: Әскери кеңес

42. 1916 жылығы ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: Әбділғафар Жанбосынов.

43. Торғайдағы көтерілістің сардарбегі: А.Иманов

44. Тоғайдағы көтеріліс сардарбегі А.Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр

45. Торғайдағы көтерілісшілер саны. 20 мың

46. Торғайды 15 мың көтерлісшісімен қоршаған сардарбек. А.Иманов.

47. өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт- азатты көтерілістің қолбасшысы: А. Иманов.

* Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып: партизандық күрес әдісіне көшті.

48. 1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті талқандау үшін жіберілген экспедициялық корпусқа басшылық еткен: генерал Лаврентьев.

49. А.Иманов (40) сарбаздары үшін қайғылы аяқталған ұрыс: Доғал- Үрпек.

50. Торғайда көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, жазалаушыларға қарсы шайқаста қаза тапқан: Никита Кротов


* Қозғалыстың қорытындылары

* Қоныстандыру саясаты қарқын алған орыс- украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақардағы көтеріліс: Жетісу

51. ІҮ Мемлекеттік Думадан мінберінен жазалаушыларды әшекерлеп, патша үкіметін сынға алған: Керенский

52 . «Қарбалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған, Қостанай. Социал демократиялық ұйымдардың құрушылардың бірі: С.Ужгин

53. Көтерілісшілер жағында шайқасқан кәсіпкер қызы: София Вербицкая

54. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: Жарты миллионға жуық.


* N N Q * 1.Торғай көтерілісшілері 1916 жылдың 16 қарашасында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады: Түнқойма пошта бекеті ауданында

2. Амангелді Иманов бас ардарбегі болып сайланғаннан кейін оның көмекшісі болып тағайындалған: Оспан Шолақов.

3. Торғай көтерілісшілері үшін 22-24 ақпан күндері болған соңғы шайқас : Доғал-Үрпек

4. Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті, ал 1917 жылдың соңында Амангелді басып алған қала: Торғай.

5. 1916 жылы 30 қарашада Амангелді Иманов 6 мыңдай көтерілісшілер қарсы аттанды: полковник фон Розеннің отрядына.

РЕСЕЙДЕГІ 1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ МЕН ҚАЗАН ТӨНКЕРІСІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

І. Буржуазиялық- демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан.

ІІ. Қазақстан Қазан төнкерісі кезінде.
І. Буржуазиялық- демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан.

1. 1917 жылғы 27- ақпанда Ресейде револбцияның сипаты: буржуазиялық –демократиялық

2. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нәтижесі: Монархия құлатылды.

3. «Туысқандық, теңдік және бостандық күні туды.Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіндер» деп айтты: Ә.Бөкейханов

* Ұлт- азаттық қозғалыстың басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

4. Ақпан революциясынан кейін бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда да қос өкімет орнады: Уақытша үкімет (*Қос өкімет)

* Уақытша үкімет көбінесе буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүддесін қорғады.

5. Жұмысшы мен солдат депутаттарының Кеңестері құрылған мерзім: 1917 жылы наурыз, сәуір.

* Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды.

6. Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі: 1917 жылғы 20-наурыздағы азаматтардың дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешім..

7. Империялық саясаттағы қайта қарау жағдайында уақытша үкімет шаралары: см. 6


* N N Q * 1. Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы кейін шақырылып, 1917 жылы 7 наурызда жарияланған Жарлық: көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде

2. Үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды: 1917 жылы 24 сәуірде.

3. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарлары болған: Торғай облысында- Ә.Бөкейханов, Жетісуда- М.Тыншпаев, Түркістанда- М.Шоқай.

4.1917 жылы наурыз- сәуір айларында құрылған жұмысшы мен солдат депутаттарының кеңестердің саны: 25

5. Уақытша үкіметтік қызметі тоқтады көтерілістен кейін: Петроградтағы Қазан қарулы (1917 жылы 25 қазан, жаңа стиль бойынша 7 қараша)

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ағымдар.
8. Тыл жұмыстарының саяси санасының өсуіне зор ықпал еткен: орыс жұмысшыларының, солдаттадың қатынаста болуы.

9. Уақытша үкіметке қарсы оппозициялық әлеуметтік тірегіне айналған: Тыл жұмысының аштық пен қорлық көрген, халық бұқарасы

10. Тыл жұмысынан оралғандар «Қара жұмысшылар одағын» құрған қала: Верный

11. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл:1917



*--- Р S Н* *«Қара жұмысшылар одағын» басқарған- Жүсіп Бабаев

12. 800 майдангер солдаттар мен «тыл жұмысына» алынған қазақтар «Солдаттардың орыс- мұсылман ұйымын» ұйымдастырды: Сергиопольде

13. Тыл жұмыстарына Петропавлдан алынғандар қайтып келген соң құрған ұйым: «Жас арбакеш одағы»

14. 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезд қабылдаған шешім: астықпен жабдықтау, жергілікті өзін- өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, (* Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу)

15. ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасын оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған: Ә.Бөкейханов

16. 1905 жылы бой көрсеткен алаш қозғалысы қайта жанданды: Ақпан революциясынан кейін.

17. 1917 жылғы 21- 26 шілде аралығында Жалпықазақ съезі өткен қала: Орынбор.

* Қарастырылған мәселелері: қазақ облыстары автономиясы, жер мәселесі, құрылтай жиналысына дайындық, қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру

18. «Алаш» партиясы құрылды: 1917 жылы шілде

19. Жалпықазақ съезі қабылдаған шешім бойынша Ресейдегі «мемлекеттік басқару формасы»: ұлттық- аймақтық федерациялық негіздегі.

20. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланған газет: «Қазақ»

21. Алаш» партиясының бағдарламасы тұрды: 10 бөлімнен

11. Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезі: 1917 жылы мамыр

* «Соғысқа көзқарас» мәселесі бойынша съезд өзінің ұранын «Еуропа, Азия мен Африка халықтарының өзін- өзі билеуі негізінде аннексиясыз және контрибуциясыз бітім» деп мәлімдеді.

23. Мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде әйелдерге тең құқық беруге қарсы шыққан молдалардың саны: 250

* Съезд көпалушылық пен қалыңмалға қарсы шықты

24. 1917 жылы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы: Түркістан федералистер партиясы

25. 1917 жылы «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды: Әулиеата мен Меркеде.

26. 1917 жылы «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеген қала: Ақмола

27. Бөлінбес тұтас Ресейді, конституциялық монархияны , қоныстандыру саясатын жақтаған партия: Кадеттер (КД)

28. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанның солтүстік батыс облыстарында кадеттер ұйымының шығарып тұрған газеті: «Свободная речь».

* Каддеттер партиясының «Свободея речь» газеті шығып тұрған қала: Семей

29. 1917 жылдың көктемінде пайда болған эссерлердің (СР) уақытша табысқа жетуін қамтамасыз еткен ұрандары: «Жер оны өндейтіндерге берілсін», «Жер- бүкіл халықтың меншігі».

* Эссерлерге Черняев кеңесінен басқасы барлық кеңестер олардың қолында болды.

30. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасы бойынша Петропавлдан, Семейдің, Оралдың, Перовскінің кәсіпорындарында, кең зауытында мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді: 1917 жылы жаз

31. Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған қазақ еңбекшілері аграрлық мәселені өз бетімен шешуге бастады: болыстар мен ауыл старшындарының жері мен малын күшпен тартып алды.

32. 1917 жылы солдатқа алынғандардың әйелдерінің жаппай манифестациясы өткен қала: Павлодар, Петропавл, Верный, Әулиеата.

ІІ. Қазақстан Қазан төнкерісі кезінде.

Мұсылман мемлекетінің құрылуы.

33. Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық ІҮ съезд ашылды: 1917 жылы 22 қараша

34. Бүкілтүркістандық Төтенше ІҮ съезі өткен қала: Қоқан

* Съезді М.Шоқай ашты

* Съездің Түркістан халықтарына Үндеуінде: «.. Қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайыны болып өз тарихын өзі жасайтын күн туып отыр»,- делінді

35. 1917 жылғы 22 қарашада Бүкілтүркістандық ІҮ съездің шешімімен құрылған жаңа мемлекеттік құрылым: Түркістан автономиясы («Түркистони мухтариат»)

36. «Түркістан автономиясын» астанасы: Қоқан

37. Бүкілтүркістандық ІҮ съезд құған Түркістан үкіметі:Уақыша үкіметтің жариялағанын

38. «Түркістан Автономиясында» министр- төраға және ішкі істер министрі болған: М.Тынышпаев

39. «Түркістан Автономиясында» министр- төраға және ішкі істер министрі болған М.Тынышпаевты алмастырған: М.Шоқай.

40. Түркістан Автономиясында мемлекеттік дін: Ислам

* 1918 жылы қаңтарда Кеңестердің Өлкелік ІҮ съезінде Түркістан автономиясының жариялануы мезгілсіз деп табылды

41. Ташкент кеңесінің шешімімен Түркістан Автономиясының орталығы Қоқан шабуылмен алынды: 1918 жылы 2 (5) ақпан.

*Қоқанға қарсы қызыл еңбекшілер, «Дашнакцутюн» армян партиясының қаруланған милиция отрядтары жіберілді


* N N Q * 1. Әскери –революциялық Комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады: 1917 жылы 25 қазан (7 қараша)

2. Үкімет міндетін атқару кім басқарған Халық Комиссарлар Кеңесіне берілді: В.И.Ульянов.

3. 1917 жылы 26 қазанда қабылданған Декрет: Жер туралы

4. Уақытша үкімет тұтқындалып, екі сағат өткен соң Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік съезінде қабылдаған екі негізгі декретті даярларды: Ленин


Алашорда үкіметінің құрылуы.

42. ІІ Жалпықазақ съезі Орынборда өтті: 1917 жылы желтоқсан.

43. 1917 жылдың желтоқсанында қазақ облыстарының автономиясына берілген атау: Алаш

44. Алашорда орналасқан жері: Семей

45. Алашорда үкіметінің құрылған жылы: 1917 жылы желтоқсан

46. Алашорда үкіметінде төраға болып сайланған: Ә. Бөкейханов.

47. Алашорда Уақытша Халық кеңесінде қазақтар арасында тұратын орыс және бсқа халықтарға берілген орын саны: 10

48. Алаш партиясының Семей уезінде ие болған дауыс үлесі: 85,5%

49. Алаш партиясының Торғай, Орал губернияларында ие болған дауыс үлесі: 75 %

50. Алаш партиясының Жетісу губерниясында ие болған дауыс үлесі: 57,5%

51. 1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау нәтижесі: «Алаш» партиясының бағдарламасының талаптарын қолдайтынын көрсетті




Қазақстанда кеңес билігінің орнауы

52. Қазақ даласында Кеңес билігі алдымен орнады: теміржол бойындағы қалаларда

53. Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала: Перовск

54. Перовск (Қызылорда) Кеңес өкімет билігін өз қолына алды: 1917 жылы қазан

55. Кескілескен ұрыс нәтижесінде Ташкентте кеңес үкіметі құрылды: 1917 жылы 1 қараша

56. Ташкентте өткен өлкелік съезі жаңа өкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнағанын жариялады: 1917 жылы 15- 22 қараша

* Халық Комиссарлары Кеңесінің 14 адамдық құрамы жарияланды. Алайда оның құрамында мұсылман халқының бірде- бір өкілі болған жоқ.

57. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күш: Алашорда.(* Алаш- Орда, эссер, меньшевиктер, атаман Дутовтың басшылығымен казактар)

58. Бөкей ордасында Кеңес өкіметі жарияланды: 1917 жылы желтоқсан

59. Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі жеңіп шықты: 1918 жылдың басы

60. Оралда кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды: 1918 жылы қаңтар

61. Кеңес өкіметі Оралда біржола орнатылды:15 қаңтар 1918ж

62. Павлодар кеңесі өкімет билігін өз қолына алды: 1918 жылы қаңтар

63. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті: 1918 жылы 16- 17 ақпан

64. 1918 жылғы наурыздың 2- 3 қараған түні қарулы көтерілісінің нәтижесінде Кеңес өкіметі орнаған қала: Верный

65. Жетісу облысының барлық жерінде Кеңес өкіметі жеңді: 1918 жылы наурыз.

66. Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық мен ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды.

68. Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін құрылған: Бүкілресейлік Төтенше Комиссиясы

68. Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі Қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады: 1918 жылы наурыз, сәуір

69. 1918 жылың көктеміндегі Кеңес өкіметінің Алашордаға қарсы күресі басталды: Алашорда үкіметінің баспасы «Қазақ» газетінің жапқанмен

70. Қазақ депутаттары (С.Сейфуллин, А.Асылбеков) Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады: 1918 жылы наурыз.

71. РКФСР- дің ажырағасыз бөлігі ретінде Түркістан АКСР- і жарияланды: 1918 жылы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше Ү съезі.

72. Кеңестік Шығыстағы тұңғыш Кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым: Түркістан автономиясы

73. 1918 жылы сәуірде Ташкентте құрылған Түркістан автономиялық КСР- інің құрамына кірген облыстар: Сырдария мен Жетісу



74. 1917-1918 жылдары қазақ, ұйғыр, орыс еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға үлес қосқан қайраткер: А.Розыбакиев.

75. 1917 жылы басталған Қазақ АКСР- н құру жөніндегі жұмыстың тоқтап қалу себебі: интервенция және азамат соғысының басталды.



76. Қазақстандағы ірі кәсіпорындарының біразын мемлекет қарамағанына алу туралы декреттер қабылданды: 1918 жылы көктем

77. Кеңес өкіметі кедей шаруаларға капиталистер мен патша шенеуніктренінен қайтарып берген жердің көлемі: 3,5 млн.десятина

* 1918 жылы қаңтар-наурыз айларында республикаға 6 миллионға жуық астық жіберді: Қостанай жұмысшылары.

79. Ресейде Кеңес билігі орнады: ???


* N N Q * 1. Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды: 1918 жылы 30 сәуір

2. 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы құрамына енген аймақ: Қазақстанның оңтүстігі.



3. «Алаш» партиясына Қазақстаның қоғамдық –саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша қарсылас болған партия: «Үш Жүз»

4. «Үш жүз» партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада салған: Мұқан Айтпенов.

5. «Үш жүз» партиясы тарап кетті: 1918 жылы жаз.

6. Түркістанның елеулі саяси ұйымы «Шура ислами»(арабша «Ислам кеңесі») Ташкентте құрылды: 1917 жылы 17 наурызда

7. «Шура ислами» ұйымының орталық баспасөз органы болған газет: «Шура- ислами»

8. 1918 жылды ң басында «Шура ислами» ұйымын тартқан: Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі мен жергілікті кеңестер кеңес өкіметіне қасы әрекеттер үшін

9. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте қазақтың белгілі қайраткері С.Лапиннің жетекшілігімен құрылған қоғамдық- саяси ұйым: «Шура улема»


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау