Цикл атауы: Жалпы білім беру пәндер циклы – 7 кредит (315 сағат)
1.1 Пән атауы: Саясаттану (3 кредит, 135 сағат)
Пәннің мақсаты: Заманауи мемлекеттің тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз
етудің негізгі шарты болып табылатын азаматтық саяси мәдениетті қоғамда өркениетті
ынтымақтастықта тұруды өнері ретінде саналы түрде қалыптастыру.
Пәннің қысқаша мазмұны: Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі
кезеңдер.Қазақстандағы саяси ойдың тарихы. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Билік саяси
құбылыс ретінде. Қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар
мен қоғамдық қозғалыстар мен саяси режимдер. Қоғамның демократияландыруы мен саяси
жаңғыру.Саяси үрдіс және саяси қызмет. Саяси сана мен саяси мәдениет және саяси
жанжалдар. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар. Қазіргі заманғы жахандық
мәселелер. Саяси болжамдар. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.
Күтілетін нәтижелері: Саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін
және негізгі түрлерін меңгеру. Саяси биліктің мәнін, саяси үдеріс, саяси партиялар мен
қоғамдық қозғалыстардың ролін білу.
Пререквизит: Жоқ
Постреквизит: Тұрғындар географиясы, Тарихи өлкетану,
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
1.2 Пән атауы: Дінтану (3 кредит, 135 сағат)
Пәннің мақсаты: Дінтану пәні туризм мамандығы бойынша оқитын студенттердің
діннің ежелгі формалары мен құрлымы, ерекшеліктері, мәндік сипаттары, тарихы мен
қалыптасулары туралы түсініктер мен зерттеушілік ізденістерді танып-білуге мүмкіндік
береді. Дүниежүзілік діндер тарихын оқыту мен игеру студенттердіңдіни наным-сенімдердің
формалары мен діндердің шығуы туралы түсінік-танымын қалыптасутыруға негіз болады.
Студенттерге ежелгі діндер туралы ғылыми-зерттеушілік еңбектер және ежелгі дін
формаларын жан-жақты зерделеуге барынша көмектесу, сонымен бірге дінтану пәндерін
оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамассыз ету.
Ежелгі діндердің пайда болуы мен даму кезеңдерін және ежелгі діндердің
ерекшеліктерін : студент танып-парқылауы тиіс:
-ежелгі діндер туралы теориялардың мән-мағынасы туралы өзіндік ой-пікірлерін
айқын жеткізе білуі:
-Анемизм, тотемдік, фетишизм, магиялық сынды діндердің әлемдік діндердің
қалыптасуындағы атқарған ролін саралап, бағамдай білуі керек.
-ежелгі діннің формалары және адамзаттың көне мәдениетіндегі діни наным-сенімдер
екендігін білуі тиіс.
Пәннің қысқаша мазмұны: Дінтану оның пәні және функциясы. әлемдік діндердің
жалпы сипаттамасы. Адамзат тарихындағы діннің ролі. Діннің мәселелері мен
сипаттамалары. Діннің қарапайым түрлері. Көне таяу шығыс қоғамдарында қалыптасқан
діни жүйелер. Көне Иран жеріндегі діндер. Иудаизм діні. Индуизм діні. Христиан діні. Ислам
діні пайда болуы мен тамыр жоюы Қазақстан Республикасындағы діни жағдай . Дін және
саясат. Қазіргі Қазақстандағы діни конфессиялардың орны.
Күтілетін нәтижелері: Әлемдік діндер тарихын меңгерту. Діндердің шығу тарихы,
қазіргі кездегі маңызы
Пререквизит: Жоқ
Постреквизит: Тұрғындар географиясы, Тарихи өлкетану,
Оқытушы: Исмаилов Е.
1.3 Пән атауы: Мәдениеттану (3 кредит, 135 сағат)
Пәннің мақсаты: Мәдениеттің философиялық тұғырламаларын зерттеу негізінде
студенттерде этномәдениеттердің қалыптасу және даму заңдылықтарын талдау қабілеттері
мен әрекеттерін қалыптастырып нығайту.
5
Пәннің қысқаша мазмұны: Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар
философиялық ілім. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық,
әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы
заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік саяси –
моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен
ерекшеленетін мәдениет түрлерінің өзара байланыстарының, тәуелдіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы
ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерінің
мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының бір тұтас мәдени
даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі
қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени
процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Бағдарламада білім беру сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік
халықаралық үлгілердің басты талаптары жан – жақты ескерген.
Ұсынылып отырған бағдарламада мәдениет дамуының өзекті мәселелерін қамтитын
сұрақтар, студенттердің өз беттерімен ғылыми жұмысымен айналысуларына арналған
мәселелердің тізімі, рефараттар тақырыптарымен қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген.
Күтілетін нәтижелері: Адамзат баласының тарихи – мәдени дамуының жалпы
заңдылықтарына ғылыми тұрғыдан талдау жасай отырып, оның басты бағыттарын айқындап
көрсету;
Мәдениеттану ілімінің қоғамдағы өмірі мен рөліне баға бере отырып, мәдениеттің
теңдесі жоқ тарихы және этноаймақтық феномендерін ғылыми тұрғыдан жан – жақты
зерттеу;
Мәдениттану ғылыми саласында қалыптасқан түрлі мектептердің ілімдерін игеру,
олардың өзіндік бет – бейнесін айқындау;
Бүгінгі таңдағы мәдениет дамуының өзекті мәселелеріне мәдениеттанулық тұрғыдан
ғылыми сипаттамалар беру және олардың мәнді, мәнсіз жақтарын айқындау
Пререквизит: Жоқ
Постреквизит: Тұрғындар географиясы, Тарихи өлкетану,
Оқытушы: Құлтаев Б.
2.1 Пән атауы: Экономикалық теория негіздері 2 кредит / 90 сағат /
Оқытудың мақсаты: нарыққа өту жағдайында экономикалық теорияның
практикалық функциясы елеулі күшейді. Бүгінде экономикалық теория мен шаруашылық
жүргізудің практикасындағы қол үзуді болдырмау міндеті қойылым отыр. Шаруашылық
жүргізу механизімінің радикалды реформасы экономикалық теория алдында жаңа міндеттер
ұсынды. Ол қазіргі экономикалық дамудың ерекшеліктеріне сүйене отырып, өмірдің өзі
қойған сұрақтарына жауап беру қажет.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Микро (тұтынушылар, фирмалар, жеке
нарықтар) макро (жалпы экономика) және әлемдік шаруашылық пен халықаралық
экономикалық қатынастар деңгейінде нарықтық экономиканың әрекет етуінің заңдары мен
принциптері туралы білім алуы тиіс; Экономикалық ситуациларды талдауда, болжауда және
мемлекеттің экономикалық саясатының салдарын алды алуды экономикалық үлгілерді
пайдалана білуі тиіс.
Күтілетін нәтижелер: Өз бетімен ізденіс жұмыстарның қырсырын игеріп, өзінің
тұжырымдарын дәлелді және экономикалық сауатты жеткізе білуі керек.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: магистр Алиева Ф.У.
2.2 Пән атауы: Мемлекет және бизнес 2 кредит / 90 сағат /
Оқытудың мақсаты: Болашақ басқару мамандығы бүгінгі күнгі менеджмент
тұжырымдалады сапалы ұғынып, оларды кәсіпорын тәжірибесінде ұтымды қолдана білу.Бұл
6