«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



жүктеу 0,51 Mb.
бет63/105
Дата21.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#34296
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105
« аза стан тарихы, жалпы білім беру п ндері ж не а паратты ж йе

ЛЕКЦИЯ № 8




Тақырыбы: Тӛтенше жағдайларды ӛңдеу. Ерекшіліктің генерациясы. Ағындарды енгізу-шығару класстары. Синхронды және кері синхронды ағындар.

Лекция жоспары:



  1. Программалық жабдықтарды жӛндеу. Қателердің классификациясы

  2. Программаны дұрыстау

  3. Ерекше жағдайлар



Лекция мазмұны


1. Программалық жабдықтарды жөндеу. Қателердің классификациясы


Программалық жабдықты құру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – программаны жӛндеу кезеңі. Программаны жӛндеу (Debugging -отладка) кезінде, программадағы қателер табылып, бӛліп алынып жӛнделеді.

Программаны жӛндеу үшін арнайы жӛндеуші- программалар (отладчиктер) қолданылады. Программалау жүйелерінде кіріктірілген жӛндеуші- программалар болады. Олар программистке программаны бақылап отыру мүмкіндігін береді, яғни қажет болған кезде тоқтату , қайта жүктеу, қадамдап орындау және т.б. сияқты әрекеттерді орындауды ұйымдастырады.

Программист ӛзінің құрған қосымшасы орындалған кезде болуы мүмкін қателерді анықтап, ол қателер бола қалған жағдайда программаның қалай жұмыс жасауы керек екенін алдын-ала қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы программалау кезінде жіберілетін қателерді келесі топтарға бӛледі: синтаксистік қателер, логикалық қателер және динамикалық қателер.



Синтаксистік қателерге программа мәтінін теру кезінде операторлардың қате жазылуы, операторларды айыру белгілерінің қойылмауы, программа соңының кӛрсетілмеуі және т.б. жатады. Әдеттте синтаксистік қателерді анықтау компилятордың қызметіне жатады, яғни программа синтаксистік қатесі жӛнделмейінше компиляциядан ӛтпейді.

Логикалық қателер, есеп алгоритмінің дұрыс құрылмауынан болады. Логикалық қатесі бар программалар түсініксіз жұмыс жасайды, мысалы, цикл алгоритмінде циклдан шығу шарты дұрыс құрылмаған болса, онда программа ешбір тоқтамастан қайталанып, нәтиже бермей жұмыс жасауы мүмкін, сол сияқты, есептеу алгоритмдерінде кӛбейтіндінің бастапқы мәнін нольге тең деп алғанда нәтижеде үнемі ноль шығуы мүмкін және т.б. . Мұндай қателерді программаны тестілеу, яғни әртүрлі мәндер үшін орындап кӛру арқылы табады.

Динамикалық қателер бұл- программаның орындалуы кезінде пайда, болып оның орындалу тәртібінің бұзылуына немесе нәтижесіз тоқтап қалуына әкеліп соқтыратын қателер. Динамикалық қателерді немесе «орындау уақыты кезіндегі қателер» («ошибка времени выполнения», Runtime errors) деп те атайды. Динамикалық қателерге, мысалы, есептеу кезінде бӛлшек бӛлімінің нольге тең болуы, түбір астында теріс сан кездесіп қалуы, жады ресурстарының жетпей қалуы, программада кӛрсетілген маршрут бойынша файлдың табылмай қалуы, принтерде қағаздың бітіп қалуы және т.б. кӛптеген нәрселер жатады. Қосымшалардағы осындай динамикалық қателерге байланысты болатын жағдайларды «ерекше жағдайлар» деп атап, және олармен жұмыс жасау үшін программалау тілдерінде «ерекше жағдайларды ӛңдеу» түсінігі енгізілген.



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау