Ќазаќстан республикасыныѕ


Тәрбие мақсаттһрының шынайы балуы



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/3
Дата25.12.2017
өлшемі0,64 Mb.
#5952
1   2   3

1. Тәрбие мақсаттһрының шынайы балуы. Бүгінгі нақты мақсат - бүл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін көрруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлганың "базалық мәдениеті" келіп шығады. Бүл өмірлік өзін-озі анықтау мәдениегті болып табылады, яғни, Кономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениет, көркем өнер және отбасы қатынастар мәдениеті.

2. Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалар мен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен қылықтарын өндеуден құралады. ТП-де оқушының пәнндік белсенділігі көрінеді.

3. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент —танымның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтитын өте кең ұғым. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті таныммды өз бақытының және өз өміріңің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады. .

4. Тәрбиенің түлгалық багыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың іске қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен өз қадірін сезінуін дамыту керек. Төрбиеленушшердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай тәрбие ережесіне айналуы қажет.

Тәрбие ықпалдарының бірлігіне жету тәсілі -бүл тәрбие- процесіне қатысты ересектердің, әлеуметтік мекемелер талпыныстарын реттеп бару қызметі. Міне, соңдықтан да төрбиешілер, сынып жетекшілері тәрбиеге қатынасы бар барлық адамдармен қарым-қатынас жасауға күш-жігерін аямауы қажет.

6-7 Тәрбие принциптері


  • тәрбиенің мақсаттылығы – тәрбие үрдісіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді;

  • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы – мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру;

  • еңбек арқылы тәрбиелеу – баланы еңбек ете білуге, қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды;

  • жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі – бұл принциптің көздейтін мақсаты: оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы турде меңгертүді, жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;

  • балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор;

  • тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіңдеп жүйелі түрде жүргізуді талап етеді;

  • жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген;

  • тәрбте процесінде мектеп, жаңұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы – тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.

8 Түлғаны үжымда тәрбиелеу



1. Тәрбие формалары

Тәрбие формасы - бүл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі. Мазмұн және форманың философиялық категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін білдіреді. Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкелігіп соғады және керісінше. Мазмұн қалыптасады немесе

формаланады, форма мазмұнмен толығады. Жетекші рөл мазмұнға қарасты.

Тәрбие процесінің мазмұны жан-жақты жән үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құралады Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барыншүа сәйкес келген ұжымға етеді. Егер бұл сәйкестік бұзылса онда тәрбие қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады. Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Оларды әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұндау үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: оқу орнындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі аралық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі. Сндықтан, тәрбие формасын таңдаудың алғашқы бағамы беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған санына қарай тәрбие формалары жске, шағын топтық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық больш бөлінеді. топптағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-ке дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына жіне оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде жеке жөне шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру нормаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды көрсетуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің жоғары экономикалық шығындарды керек етуі — оның тарауындағы елеулі кедергі. Қазіргі жүйелердің кемшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын пайдалануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, санымен өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы — елімізде тәрбие формасын таңдаудағы шешуші себеп болып отыр.



2. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идея. Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. "Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін". ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық төрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе көпшілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі.

9 Жалпы тәрбие әдістері



  1. Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) - бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күиі-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйеие отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану — кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.

Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген тәрбиешінщ күші келе бермейтіні белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.

Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.

Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды.Тәсіл - деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл емес, бірақ әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау бұл ондағы тәсілдер... Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие. құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.

2. Тәрбие әдістперін таңдау

Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.

Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуандығына қарамастан әдістерді тандау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын тандағаны.

Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын тандау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа кеп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.

Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие әдісін тандау - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.

Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:



1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болуы керек.

2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.

3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін.

4. Ұжымның калыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость) болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.

5. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі және тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімсн жасалатын тәрбиелік шара-істер - педагогикалық ситуация деп аталады.

7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері ретінде көрінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім мен оқушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмектесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды.

8. Педагогикалык дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналып өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік - тәрбиенің жетімсіздігі.

9. Тәрбие уакыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда "ыкпалды әсер ету" әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.

10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала болжай білуі шарт.
10 Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Әдіс құру - тәрбиелеу міндетіне орайластырылған жауап болып есептеледі. Педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті тандауға сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады. Әдістердің жіктелуі — анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін нақты және кездейсоқ, теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістср жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен беліілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуге қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел.

Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке келтіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:

1. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын ықпалдар: түрткілер, қатынас, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пікірлер.

2. Қандай да бір көзқарас ұғымдарга сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:

1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.

2. Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.

3. Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістсрі.



Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері

Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.

Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс-әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық-әрекеттер мен кіші бөліктер - операцияларға бөліп қарастырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс-әрекетін басқаруға өтуімен анықталады.

Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым-қатынас белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі құлықтары мен белгілері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.

Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі — бұл жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптастыру мүмкін емес. Іс-әрекетке кірістіру тәсілі — жаттықтыру болады. Жаттығу - автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі — тұлғаның тұрақты қасиеттері — дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады.

Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.



Талап — бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне ссебепші әсер ететін тәрбие әдістсрінің бір түрі.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті талаптар.



Үйрету — бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.

Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған жөн.

Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:

1) мақсаттың айқын болуы;

2) түсінімді үйрету;

3) тапсырманы беру уақытымен санасу;

4) орындау жолдарын және нәтижені көрсету;

5) сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;

6) үнемі бақылау жасау.

Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.



Ынталандыру әдістері

Ынталандыру әдісі мақтау және жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:

1) Балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.

2) Мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.

3) Мақтаудың қылық-ісіне сай болуы.

4) Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.

5) Мақтаудың шындыққа негізделуі.

Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:

1) қосымша тапсырмалар беру;

2) белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;

3) моральдық кемшілігін таныту.

Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шарттар:

1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;

2) жазаның нақты болуы;

3) жазаның міндетті түрде орындалуы;

4) оқушының не үшін жазаланғанын түсінуі;

5) тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;

6) жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;

7) жазаныц қате қылықтарды толық түсіну негізінде орындалуы;

8) жазаның өш алу құралы болмауы;

9) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;

10) балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау. Тәрбиелеушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыру-ынталандырудың субъективтік - прагматикалық әдісі деп аталады.

Субъективтік - прагматикалық әдістің нақты формалары мыналар: 1) келісім; 2) жеке өзін-өзі тәрбиелеу карточкалары; 3) ЭЕМ мониторингі; 4) тәрбиелеу тестері.



Жарыс — адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсскелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажеті болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:

1) жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;

2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.
11 Мұғалімнің кәсіби қызметі.

1. Мұғалімнің кәсіби қызметінің ерекшеліктері.

2. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі.

Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.

Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді. Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.

Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілікті, балалармен бірге және балалар үшін еңбектенуге ұмтылу.

Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегіең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.

Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық такты. Педагогикалық такты деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.

Сонымен, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойна молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.

Тәрбиенің субъективті факторының маңызды қатарында – тәрбиенің жеке басы болып табылады. Қазіргі білім технологиясында жеке тұлға ретінде мұғалімнің орны ерекше. “Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:


  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • өзіне, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • іс-жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетінің жиынтығы;

  • айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

  • қажеттілік жүйесі;

  • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

  • сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы (Г.К. Селевко).

Грузин педагогы Ш.А. Амонашвили ұстазға тән мінез-құлық сапасының үш деңгейін көрсетеді:

1. Ұстаз балаларды аяламай, бәрін бірдей жақсы көру керек.

2. Өз ісіне сенімді болу, қиындықты жеңудің әдістемелік тиімді жолдарын іздестіре білуі керек.

3. Оқушыға оның көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, жарқын болашаққа жол сілтеу, қалыптастыру.

Ағартушы педагог Ы. Алтынсарин мұғалім мен қушының арасындағы дұрыс қарым-қатынастың болуына ерекше көңіл бөледі. “мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың санасына қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы тиіс. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, сабырлықпен сөйлесе білуі керек”.

Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан, ұстаз ізденіс үстінде, оқытудың жаңа жолдарын еңгізуді көздегені дұрыс болады. Педагогикалық қызметтіңқалыптасуында қарым-қатынас түрлері ерекше орын алады, олар коммуникативтік, либералдық, демократиялық, шабыттандырушы және шығармашылық.

Коммуникативтік стиль дегеніміз – тіл табысу, баланың ой-өрісіне ену, еркін сөйлесе білуге жол табу.

Либералдық стилінде мұғаліммен оқушылар істері мен қылықтары ойластырылмаған, санасыз іс-әрекеттерге душар болады, пікір бостандықтарының мөлшерсіздігі сондай, оқушылар дөрекі мінез көрсетуге дейін барады.

Демократиялық стилінде оқушылар өз пікірлерін ашық айтуға, ынта-жігерін жасырмауға үйренеді, міндетті жұмыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасын тиянақты орындайды. Мұғаліммен де, басқа да үлкен адамдармен де, бір-бірімен де теңдік, сыйластық қарым-қатынаста болады.

Шабыттандырушы стиль көбіне интуитивтік мұғалімдерге тән. Бұл стильдегі сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың әлеуметтік күш-қуатын пайдалануға ұмтылады және олардың перспективтік қабілетін ашуға тырысады. Мұғалім балалардың пәнге деген тұрақты қызығуына назар аударады.

Шығармашылық стиль бойынша мұғалім өз бетімен әдіс-тәсілдерді іздеумен ерекшеленеді.
12 Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері

Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың эмоциоиалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Терең сезім окушылардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс-әрекетінс белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына жетеді.

Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай анағұрлым қиын, сөздік-эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелесу, түсіндіру, этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек келтіру.

Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме — бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моралды жәйттерді бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.

Этикалық әңгімені өткізудің жағдайлары:

1. Әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек.

2. Әңгіме көрсетпе-көрнекі құралдармен бірге жүрілуі қажет.

3. Қоршаған ортаның эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы керек.

4. Әңгіме кәсіптік деңгейде өткенде ғана тартымды болады.

5. Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау