Қазақстан Республикасының



жүктеу 245,8 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі245,8 Kb.
#4563
түріЖұмыс бағдарламасы




Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф6 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011

Сапалы менеджмент жүйесі

Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы,

бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

ТКМ деканы

________Адрышев А.Қ.

______________2013 ж.

МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

Жұмыс бағдарламасы,

бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ

Рабочая учебная программа, методические указания по выполнению контрольных работ

Мамандық: 5В073100 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Оқу түрі: сырттай, сырттай қысқартылған

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында дайындалып 5В073100 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығындағы студенттерге арналған.

ТӘҚ ж ҚОҚ кафедрасының отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі М.Жаманбаева
№____ хаттама ____________2013ж.

Тау-кен металлургия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төраға Н.Нұрбаева
№____ хаттама ____________2013ж.

Дайындады


х.ғ.к., аға оқытушы М.Жаманбаева

Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ


семестр

Кредит саны

Оқу түрі

СӨЖ сағат саны

Жалпы сағат саны

Бақылау түрі

Жанаспалы сағат саны

Дәріс

Семинар. (тәжір.)

оқу

Зертханал оқу

СОӨЖ

Барлық сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Сырттай оқу түрі

1

2

5

5

-

-

10

75

85

Бақылау жұмысы, емтихан
































2. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1 ОҚЫЛАТЫН ПӘНГЕ СИПАТТАМА
2.2 Пәнді оқытудағы мақсат

Мамандықтың мәнін ашу, мамандық курсына кіріспе. Бұл пәнді оқу тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері, экологиялық, өрт және қауіпсіздіктің басқа түрлері бойынша студенттердің білімін қалыптастыруға, әрі қарайғы кәсіпкерлік дайындықтар үшін қажет білімдер мен дағдыларды дарытуға бағытталған.

Еңбек қауіпсіздігі саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін меңгеру:


  • өндірістік іс-әрекеттің нәтижелеріне қатысты жұмысшының денсаулығы мен өмірінің артықшылығы;

  • кәсіпорындағы еңбек қорғаудың жай-күйіне жұмыс берушінің толық жауапкершілігі;

  • мемлекеттік бағдарламалар негізінде еңбек қорғау міндеттерін кешенді орындау;

  • еңбек қорғау талаптарын орындау үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • еңбек қорғау жөніндегі алдыңғы қатарлы ұлттық және шет ел тәжірибелерінің қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін кеңінен пайдалану;

  • еңбек қорғауды қаржыландыруда мемлекеттің қатысуы;

  • қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуде кәсіпорындарды экономикалық ынталандыру;

  • еңбек қорғау саласындағы кәсіпорындар аттестациясы;

  • мемлекеттік сараптама мекемелерінің жобаларда және жұмыс орнында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау;

  • жұмысшыларды жеке басты қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

  • әр бақытсыз жағдайды және кәсіби ауруларды тергеу және есепке алу;

  • жұмысшылар мүддесін әлеуметтік қорғау;

  • еңбек қорғау мәселелерін шешу кезінде халықаралық ынтымақтастық.

Қоршаған ортаны қорғау саласында ұлттық саясаттың негізгі принциптерін меңгеру:

  • қоршаған ортаның өнеркәсіптің техникалық дамуы мен техногендік әсер етуінен бұзылмай сақталуы бойынша шешімдердің үйлесімділігі;

  • экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру;

  • қоршаған ортаны қорғау міндеттерін орындау үшін экономикалық ынталандыру;

  • биологиялық әртүрліліктің және қоршаған орта обьектілерінің сақталуымен қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаға мүмкін болатын әсер етулерді бағалау;

  • қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық.


2.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Студенттерді тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласының негізгі бөлімдері мен бағыттары бойынша дайындау, шараларды талдау, болжау және жүзеге асыру дағдыларын дамыту, оқулық және ғылыми әдебиеттермен, периодтық басылымдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Студент бұл пәнді меңгеру нәтижесінде тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларының заңнамалық және нормативтік-құқықтық база сұрақтарында, нормативтік-техникалық құжаттарды, ғылыми әдебиеттерді, анықтамаларды пайдалануда құзыретті болуы керек. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау салаларында ғылым мен техниканың жетістіктері туралы түсініктері болуы керек. Мемлекеттік жалпығы білім беру стандартының негізгі ережелерін, мамандықтың жұмыс оқу жоспарын, кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру кезіндегі бакалаврдың міндеттерін білуі керек.


2.4 Пререквизиттар

Пәнді жетік меңгеру үшін мектеп курсында математика, физика, химия, биология сияқты пәндерді оқу кезінде алған негізгі білімдері қажет


2.5 Постреквизиттар

«Мамандыққа кіріспе» курсы мамандықтың арнаулы пәндерін меңгеруді алдын-ала қамту үшін кіріспе пән болып табылады.


3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Оқу жұмысының жоспары


Тақырып атаулары

Еңбек сыйымдылығы, сағат

Оқу түрі

Сырттай

Сырттай қысқ.

1

2

3

Дәрістік сабақ

Тақырып 1. Жоғары оқу орнында оқу барысын ұйымдастыру.

Мамандықтар және кәсіби мамандандыру. Мамандықтың оқу жоспары. Теориялық және өндірістік оқыту. Оқу жұмысының түрлері. Аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, зертханалық жұмыстар, сынақ, емтихандар). Курстық жобалар мен жұмыстарды орындау. Дипломдық жобалар мен жұмыстарды орындау, дипломдық жұмыстар мен жобаларды қорғау. Студенттер уақытының бюджеті. Ең үздік курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс сайысы. Олимпиадалар. Студенттердің ғылыми жұмыстарының түрлері. Оқу-ізденушілік жұмыс. Студенттердің ғылыми-техникалық конференциялары.



1




Тақырып 2. Студенттердің құқығы мен міндеттері. Жоғары білім беру облысындағы мемлекеттік саясат. Елдің шаруашылық кешенінің дамуындағы жастардың алатын орны. Жоғары мектеп қаулысы. Студенттер тәртібінің ережесі мен мөлшерлері. Ішкі еңбек тәртібінің ережесі.

1







1

2

3

Тақырып 3. Негізгі ақпараттар. Кітапханаға кіріспе және библиография. Ақпараттың міндеті мен мәні. Ғылыми және техникалық ақпаратты ұйымдастыру. Жоғары оқу орнының кітіпханасы. Кітапхананы жүргізу мен библиография әдістемелері. Кітапхана аппараты және кітапханалық жұмыстарды ұйымдастыру. Кітапханалық каталогтар. Кітапханадағы анықтамалық картотекалар. Жоғары оқу орнында анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Студенттерге анықтамалық ақпараттық қызмет көрсетуде ЭЕМ қолданылуы. Баспа ісінің негізі. Жоғары оқу орнында баспа ісін ұйымдастыру.

1




Тақырып 4. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы. Мамандлықтың оқу жоспарының пәндері, олардың пән циклдері бойынша және семестрлер бойынша саны мен көлемі. Пәндердің жалпыға білім беру, базалық және бейінді циклдері. Оқу жоспарының міндетті және элективті құраушылары. Студентердің өздік жұмысы, оның мазмұны. Үздік дипломға қойылатын талаптар. 6М0731 «ТӘҚжҚОҚ» магистратурасы және докторантура жайлы түсініктеме.

1




Тақырып 5. Қауіптілік тіршілік әрекетінің қауіпсіздігінің басты түсінігі ретінде. Қауіптілік түсінігі. Табиғи, техногенді және антропогендік қауіптіліктер. Еңбек қорғаудың принциптері мен әдістері. Зиянды және қауіпті өндірістік фактоторлар. Өндірісте зияндылықтар мен қауіптіліктерді өлшеу құралдары және негізгі әдістері. Өндірісте зияндылықтар мен қауіптіліктердің алдын алу әдістері, әртүрлі әдістердің басымдылығы. Еңбек қорғаудың нормативтік базасы.

1



4 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


4.1 Бақылау жұмысының мақсаты



4.2 Бақылау жұмысының тақырыптарын таңдау


Сырттай оқу түрінде оқитын студент бақылау жұмысын орындау кезінде 5 тапсырманы орындау керек. Бірінші тапсырма барлық студенттер үшін бірдей. Екінші, үшінші,төртінші және бесінші тапсырмалар студенттің оқу шифрі санының (сынақ кітапшасы бойынша) соңғы санмен сәйкес келетін нұсқа нөмірімен орындалады. Бірінші тапсырма сұрақтар тобынан тұрады: табиғи ортада жүретін үрдістер тұйығы және техногендік ортадағы тұйық еместер; табиғи ортаның ластануының себептері; табиғи ортаның ластануының салдары; Вернадскийдің ноосфера туралы ілімі.

Кесте1- тапсырмалар нұсқалары




Нұсқа

Тапсырма

Нұсқа

Тапсырма

1

1,11,23,33

6

6,16,28,38

2

2,12,24,34

7

7,17,29,39

3

3,13,25,35

8

8,18,30,40

4

4,14,26,36

9

9,19,31,41

5

5,15,27,37

10

10,20,32,42


4.3 Бақылау жұмысын орындауға қойылатын талаптар

4.4 Бақылау жұмысын толтыруға қойылатын талаптар




Бақылау жұмысы 10-15 бет көлеміндегі түсініктеме хаттан тұрады, мәтіні компьютерде 14 шрифтпен теріледі.


Түсініктеме хат сыртқы бетімен, жұмыс тапсырмасынан, тапсырмамен қарастырылған негізгі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түсініктеме хат мәтіні А4 (210х297) форматты ақ беттің бір жағында машина жазбасы (бір-бір жарым аралық арқылы) немесе қол жазба (қадаммен, тушьпен анық жазба) тәсілімен орындалады.

Мәтінді жазу барысында келесі өлшемдегі жиектер қалдыру қажет: сол жағынан -30 мм, оң жағынан -10 мм, үстіңгі жағынан – 20мм, төменгі жағынан – 20 мм.

5 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Нұсқаларға сәйкес тапсырмалар нөмірі.



  1. «Қоршаған орта» және «қоршаған ортаның ластануы» сөздіктерінің анықтамаларын келтіріңіз. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Қоршаған орта объектілері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтардың құқығы мен міндеттері [1].

  2. «Қоршаған ортаны қорғау» және «қоршаған ортаны қорғау объектісі» сөздіктерінің анықтамаларын келтіріңіз. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы Қазақстан Республикасының орталық атқару органының құзыреті және жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыреті [1].

  3. «Табиғи ресурстар» және «табиғатты пайдалану» сөздіктерінің анықтамаларын келтіріңіз. Табиғатты пайдалану мен табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті лицензиялаудың негізгі принциптерін мазмұндаңыз [1].

  4. «Қоршаған орта мониторингі »сөздігінің анықтамасын келтіріңіз. Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингісінің негізгі принциптерін мазмұндаңыз [1].

  5. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі [1].

  6. «Қоршаған орта сапасын мөлшерлеу» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз. Қоршаған орта сапасын мөлшерлеудің негізгі принциптері [1].

  7. «Экологиялық талаптар» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз. Шаруашылық іс-әрекетке қойылатын экологиялық талаптардың негізгі принциптері [1].

  8. «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық аудит облысындағы бақылаудың негізгі принциптері» [1].

  9. «Экологиялық сараптама» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз. Экологиялық сараптама объектілері, мақсаттары, міндеттері мен принциптері [1].

  10. Мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу түрлері. Мемлекеттік экологиялық сараптама барысы. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын объектілер [1].

  11. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) [1].

  12. Атмосферадағы қоспалардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК), шекті рұқсат етілген шығарылым (ШРШ) сөздіктерінің анықтамаларын келтіріңіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды заттарының рұқсат етілген шығарылымын тағайындау ережелері [2,11].

  13. Шаруашылық-ауыз суда және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықта жер асты суларының суын пайдалану мақсаттарын келтіріңіз. Жер асты суларының ластану көздерінің тізімін және жер асты суларын қорғауға қойылатын талаптарды келтіріңіз [3,4].

  14. Жер асты суларын ластанудан қорғауға қойылатын талаптар [5].

  15. «Жерді қалпына келтіру» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз және жерді қалпына келтіру объектілерін атаңыз [6].

  16. «Жерді қалпына келтіру» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз және жерді техникалық қалпына келтіру сөздіктерін атаңыз. Оларға сәйкес сөздіктерді анықтаңыз [6].

  17. «Жерді қалпына келтіру» сөздігінің анықтамасын келтіріңіз және жерді биологиялық қалпына келтіру сөздіктерін атаңыз. Оларға сәйкес сөздіктерді анықтаңыз [6].

  18. Жерді қалпына келтіруге қойылатын жалпы талаптар, оның ішінде ашық және жер асты тау жұмыстары кезінде [7].

  19. Жерді пайдалану бағыттары бойынша қалпына келтіруге қойылатын талаптар (ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, су шаруашылығы, санитарлық-гигиеналық жерлер) [7].

  20. Жерді тануға қойылатын жалпы талаптар [8].

  21. Жер жұмыстарының өндірісі кезінде топырақтың құнарлы қабатын қорғауға қойылатын талаптар [9].

  22. Жер жұмыстарының өндірісі кезінде топырақтың құнарлы қабатын алып тастау мөлшерін анықтауға қойылатын талаптар [10].

  23. «Еңбекті қорғау», «өндірістік үрдістер қауіпсіздігі», «қауіпті және зиянды өндірістік факторлар» сөздіктерінің анықтамаларын келтіріңіз. Еңбек қорғаудың принциптері мен әдістері. Мысалдар келтіріңіз [16,17,18,19,20,21].

  24. Еңбек қорғаудың бөлімдері. Әр бөлімге анықтама беріңіз және әрқайсысы қандай сұрақтар шеңберін қарастыратынын сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз [16,17,18,19,20,21].

  25. «Өндірістік санитария» өндірісте қандай мәселелерді шешуге бағытталған. Жұмыс орнындағы метеорологиялық шарттар. Мөлшерленетін параметрлер. Нормативті құжат. Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін пайдаланылатын құралдар [16,17,18,19,20,21].

  26. Жұмыс орнындағы метеорологиялық шарттар. Мөлшерленетін параметрлер. Нормативтік құжат. Ауырлығы бойынша жұмыс категориялары. Категориялау принципі [16,17,18,19,20,21,22].

  27. Жұмыс орнындағы жарықтандыру. Жарықтандыру түрлері. Мөлшерленетін параметрлер. Нормативтік құжат. Жарықтандыруды өлшеуге арналған құрал [16,17,18,19,20,21,23].

  28. Жұмыс орнындағы жарықтандыру. Жасанды жарықтандыру шамдарының түрлері. Жетістіктері мен кемшіліктері [16,17,18,19,20,21,23].

  29. Өндірістік бөлмелердің желдетілуі. Нормативтік құжат. Жалпы ауыспалы желдетуді есептеу реті [16,17,18,19,20,21,24].

  30. Өндірістік жарақаттануды есепке алу әдісі және талдау. Түрлері, олар қай жағдайларда қолданылады [16,17,18,19,20,21,25].

  31. Бақытсыз жағдайларды тергеу ережелері. Қабылдау күні. Бөлімдері. Н-1 түріндегі акт. Тергеу бойынша комиссия құрамы [16,17,18,19,20,21,25].

  32. Еңбекті қорғау мөлшерін бұзғаны үшін қызметтік тұлғалардың жауапкершілігінің түрлері. Мысалдар келтіріңіз [16,17,18,19,20,21].

  33. ҚР Еңбек Кодексі. Қабылдау күні. Бөлімдері. Құжаттың құрылу принципі [26].

  34. Жұмыс орындарын аттестациялау. Мөлшерленетін параметрлер. Пайдаланылатын құралдар [16,17,18,19,20,21].

  35. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары жүйесі. Жіктелетін топтастырылуы. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын талаптар [16,17,18,19,20,21,22].

  36. OHSAS 18001:2007 «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты қорғау менеджменттерінің жүйелері». Жұмысқа енгізуді ұйымдастыру принциптері [27,28].

  37. OHSAS 18001:2007 «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты қорғау менеджменттерінің жүйелері». Қандай құжатталған рәсімдер болуы керек [27,28].

  38. OHSAS 18001:2007 «Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты қорғау менеджменттерінің жүйелері». Еңбек қорғауды басқару жүйесінің негізгі ерекшеліктері [16,17,18,19,20,21,27,28].

  39. Кәсіпорында еңбек қорғауды басқару жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптері [16,17,18,19,20,21].

  40. Өндірістік объектілердің электр қауіпсіздігі. Негізгі әдістері мен пирнциптері [16,17,18,19,20,21,29].

  41. Еңбек қауіпсіздігінің белгілері. Нормативтік құжаты. Топтары. Сызбаларын келтіріңіз [30].

  42. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар түрлері. Нормативтік құжаты. Өткізу тәртібі және мерзімі [31].

  43. Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың мәселелері.

  44. Қоршаған ортаның ластануының түрлері және жіктелуі.

  45. Атмосфераның, су бассейнінің, литосфераның антропогендік ластануы.

  46. Атмосфераны ластау көздерінің жіктелуі.

  47. Шығарылымдар мен төгінділерді тазалау әдістері және аппараттары. Экологиялық мөлшерлеу принциптері,қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік стандарттар.

  48. Еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі жүктенетін және нормативтік –техникалық заңды актілер.

  49. Қазақстан Республикасының Еңбек және Экологиялық кодекстері.

  50. Халықаралық стандарттар ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент» және OHSAS 18001:2007

  51. «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің менеджментінің жүйелері» енгізу тізбегі мен принциптері.

6 ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


7 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, 2007 жылдың 9 қаңтарынан, Астана:-2007ж.

2

ГОСТ 17.2.1.04-77 Охрана природы. Атмосфера. Источники и метеорологические факторы загрязнения, промышленные выбросы. Термины и определения.

3

ГОСТ 17.1.1.04-80 Охрана природы. Гидросфера. Классификация подземных вод по целям водопользования.*

4

ГОСТ 17.1.3.06-82 Охрана природы.Гидросфера. Общие требования к охране подземных вод.*

5

ГОСТ 17.1.13. -86 Охрана природы. Гидросфера. Общие требования к охране поверхностных вод от загрязнения.

6

ГОСТ 17.5.01 -83 Охрана природы. Рекультивация земель. Термины и определения.*

7

ГОСТ 17.5.3.04 -83 Охрана природы. Почвы. Общие требования к рекультивации земель.*

8

ГОСТ 17.5.3.0 -84 Охрана природы. Общие требования к землеванию.*

9

ГОСТ 17.5.3.04 -80 Охрана природы. Почвы. Требования к охране плодородного слоя почвы при производстве земляных работ.*

10

ГОСТ 17.5.3.06 -85 Охрана природы. Зеемли. Требования к определению норм снятия плодородного слоя почвы при производстве земляных работ.*

11

ГОСТ 17.2.3.02 -78. Охрана природы. Атмосферы. Правила установления допустимых выбросов вредных веществ промышленными предприятиями.*

12

Инженерная экология и экологический менеджмент./М.В. Буторина, П.В. Воробьев, А.М. Дмитриева и др. М.:Логос? 2002№-528 с№

13

Введение в экологию / Под ред. Ю.А.Казанского. М.1992.-109с.

14

Экология. Учебник для технических вузов/Л.И. Цветкова, М.И. Алексеев, Б.П. Усанов и др. Спб.:Химиздат, 1999.448 с.

15

Акимова Т.А., Хаскин. Экология: Учебник для вузов.-М.:ЮНИТИ, 1998. 445 с.

16

Пчелинцев В.А., Орлов Г.Г. и др. Охрана труда в строительстве:Учебник-М.:Высшая школа. 1991. -272 с.

17

Охрана труда в строительстве. Инженерные решения:Справочник/Под ред. В.В. Русина, Г.Г. Орлова и др. –К.:Будевельник, 1990-208 с.

18

Инженерные решения по охране труда в строительстве. Справочник строителя. Под ред. Г.Г. Орлова –М.:Стройиздат, 1985-278с.

19

Золотницкий Н.Д. Инженерные решения по технике безопасности в строительстве.-М.:Стройиздат, 1969.-263 с.

20

Салов А.И. Охрана труда на предприятиях автомобильного транспорта. Учебник для автодорожных вузов. -3-е изд.перер и доп.М.:Транспорт, 1985,351 с.

21

Юдин Е.Я. Охрана труда в машиностроении. Учебник для машиностроительных вузов/ Под ред. Е.Я. Юдина, С.В. Белова.2-е изд. перераб. И доп.-М.: Машиностроение, 1983.-432 с.,ил.

22

ГОСТ 12.1.005-88№ ССБТ. Воздух рабочей зоны. Общие санитарно-гигиенические требования.

23

ҚР ҚН ж Е 2.04-05-2002.* Табиғи және жасанды жарықтандыру.

24

ҚР ҚН ж Е 4.02-05-2001*. Жылыту, желдету және ауа алмастыру.

25

Қр Үкіметінің 2001 жылының 3 наурызынан № 326 қаулысы «Еңбек әрекетімен байланысты жұмысшылардың бақытсыз жағдайларын және басқа да денсаулығының зақымдануын тергей және есепке алу ережелерін бекіту туралы». Астана, 2001.

26

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жылдың 17 мамырынан, Астана. 2007 ж.

27

OHSAS 18001:2007 «Системы менеджмента охраны здоровья и обеспечения безопасности труда».

28

OHSAS 18002:2007 «Системы менеджмента охраны здоровья и обеспечения безопасности труда». Руководство к внедрению.

29

ГОСТ 12.1.013-78. ССБТ Электробезопасность. (издание 2003г.)

30

ҚР СТ МСТ Р 12.4.026-2002 ЕҚСЖ:Дабыл түстері және қауіпсіздік белгілері.

31

ГОСТ 12.004-90. Организация обучения безопасности труда. Общие положения.

Ескерту: жұлдызшамен «Природоохранные нормы и правила проектирования. Справочник.-М.: Стройиздат, 1990г» жинағында




жүктеу 245,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау