3) Төтенше жағдай оқшауландырылды
Қауіпті жағдайдың сыртқы белгілерінің болмауы немесе "тоқтату".
Қол екі жаққа қарай созылады және 45°бұрышқа дейін түсірілген. Қолдар бір уақытта белден төмен деңгейде шынтаққа дейін айқастырылады, ал содан кейін бастапқы қалпындағы жағдайға келтіреді (бейсбол арбитрінің дабылы "база қалпында").
Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.
|
|
4) Өрт
Оң қолмен иықтан тізеге дейін түрлі қимылдарды жасайды және бір уақытта сол қолымен өрт орнын көрсетеді.
Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.
|
|
________________________
Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігінде ұшудың
негізгі қағидасына
7-қосымша
Әуе кемелерінің күту аймағы үшін жылдамдықтары
Биіктігі/эшелон, м.
|
Қалыпты жағдайлар
|
Турбуленттік жағдайлар
|
4200 метрге дейін қоса алғанда
|
А және В
санаттағы әуе кемелері үшін 320 км/сағат
С және Д санаттағы
әуе кемелері
үшін 430 км/сағат
|
А және В санаттағы әуе кемелері үшін
315 км/сағат
520 км/сағат (1)
|
4200-ден жоғары 6100 метрге дейін қоса алғанда
|
450 км/сағат (2)
|
520 км/сағат немесе 0.8М аз болуына байланысты (1)
|
6100-ден жоғары 10100 метрге дейін
қоса алғанда
|
490 км/сағат (2)
|
|
10100 метрден жоғары
|
0.83 М (МАХ саны)
|
Ескертпе:
(1) Турбуленттік жағдайларға байланысты 520 км/сағат немесе 0.8 М жылдамдық ұшу үшін күту аймағында тек алдын ала ӘҚҚК органының рұқсатынан кейін ғана пайдаланылады.
(2) Маршруттардың құрылымымен байланысты күту схемасы үшін 520 км/сағат ұшу жылдамдығы пайдаланылады.
________________________
Қазақстан Республикасы
әуе кеңістігінде ұшуды
ұйымдастыру қағидаларына
8 -қосымша
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қолданатын сигналдар
1. Визуалдық сигнал
Сигналдар мөлшерi мүмкiндiгiнше ұзындығы бойынша 2,5 м-ден кем болмауы керек және оларды барынша байқалатын дәрежеде жасау қажет.
Көзбен көрiнетiн сигналдар ретiнде мата, парашют материалы, ағаш кесектерiнен, тастардан, қаптардан, флюориттен (плавиктiк шпат), күлден және басқа материалдардан (заттардан) жасалған белгiлер көрнектi жерге қойылады. Жоғарыда аталған сигналдарға назарды радионың, жарық сигнал ракеталарының, шағылысқан жарықтың, түтiннiң және тағы басқалардың көмегiмен аударуға болады.
2. Құтқару әуе кемелерінің экипаждары әуеден беретін, визуалдық сигналдар
Жерден берiлетiн сигнал түсiнiктi болғанын бiлдiретiн әуе кемесiнiң экипажы беретiн сигналдар:
күндiз - әуе кемесiнiң бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқалуы;
түнде - қону фарларын екi рет жағу немесе әуе кемесi олармен жабдықталмаса, онда АНО-ны екi рет сөндiру.
Егер әуе кемесi мұндай сигналдарды бермейтiн болса, бұл экипаждың жерден берiлген сигналды түсiнбегенiн бiлдiредi.
3. Іздестіру әуе кемелерінің су үстіндегі кемелерге беретін сигналдары
Іздестiру ӘК экипажы су үстіндегі кеменi апатқа ұшыраған әуе немесе теңiз (өзен) кемесiне бағыттай отырып, мынадай маневрлер жасайды:
1) су үстi кемесiнiң үстiнде тым болмағанда, бiр айналым жасайды;
2) шағын биiктiкте бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, су үстi кемесiнiң бағдарын қиып өтедi;
3) су үстi кемесi оның соңынан iлесетiн бағдарға шығады.
Егер iздестiру ӘК бұл маневрлердi қайталайтын болса, олардың мәнi өзгермейдi.
Iздестiру әуе кемесiнiң маневрi сигнал арналған су үстi кемесiне ендi көмек қажет емес екенiн бiлдiредi;
4) бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, шағын биiктiкте су үстi кемесiнiң ұстаған бағытын қиып өтiп, оның арт жақ бөлiгiне жақын ұшып өту.
4. Су үсті кемелерінің жауап сигналдары
3-тармақта көрсетiлген сигналдарға жауап ретiнде сигналдар қабылданғанын растау үшiн су үстi кемесiнен мынадай сигналдар берiлуi мүмкін:
кодтық вымпел (тiк ақ және қызыл жолақтар) аяғына дейiн жоғары көтерiледi;
Морзе коды бойынша T әрпiн сигнал шамымен бiрнеше рет беру;
бағдар және әуе кемесінің соңынан ілесу өзгертіледі.
Берілген нұсқауларды мүмкін еместігі туралы:
«№» халықаралық жалауының көтерілуі (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ квадраттар);
________________________
Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігінде ұшудың
негізгі қағидаларына
9-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |