1. Жалпы ережелер
1. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың келісу парағы.
2. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістерді тіркеу парақтары.
3. Әуеайлақтың орналасқан орны мен атауының индексі.
4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы. Әуеайлақтың шаруашылық иелігінде, шұғыл басқару меншіктегі әуеайлақ (тікұшақ алаңы) пайдаланушысының аты (атауы). Әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) жұмыс уақыты.
4. Әуеайлақта (тікұшақ айлағы) бірлесіп орналастыратын ұйым және олардың ведомстволық жабдықтары (әуеайлақ меншігінің нысаны).
5. Қызмет көрсетілетін (пайдаланылатын) әуе кемелерінің түрлері.
6. Пайдаланылатын үйлестіру жүйесі.
Азаматтық авиация үшін пайдаланылады.
7. Аэронавигациялық ақпараттар мен рәсімдердің қолда бар жүйесі осы ақпаратты жариялау. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың жүргізілуіне тағайындалған адамдар.
8. Әуеайлақтың мұндай ұшуларына рұқсат берілген ұшуларды (ИКАО ІІ немесе ІІІ санаты бойынша) әуеайлаққа (ұшу-қону жолағы) рұқсат беруі туралы ақпарат.
9. Рұқсат етілген ұшудың түрі.
10. Мәліметтерді берудің және телеграфтық хабарламалардың пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы, жер бетіндегі авиациялық жүйенің мекенжайы және байланыс телефондары.
2. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сипаттамасы
11. Жақын маңдағы ірі елді мекенге қатысты әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) орналасуы.
12. Географиялық координаталары (ені, градустағы, минуттардағы, секундтарда бойғы) әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) бақылау нүктесі.
13. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) бақылау нүктесінің шектен шығаруы.
14. Нақты жақын градусқа дейін магниттік иілу.
15. Сағаттық белдеудің нөмірі.
16. Әуеайлақ ауданындағы ауаның есептік температурасы.
17. Ұшу өрісінің сипаттамасы:
1) ұшу өрісінің формасы, көлемі, бетінің сипаттамасы, жері және оның тығыздығы, қабаты;
2) әуе кемелерінің түрлері бойынша жыл мезгіліне байланысты жауын-шашын кезінде пайдалануға жарамдылығы.
18. Маневр жасау алаңына сипаттама:
1) ұшу-қону жолағының (бұдан әрі - ҰҚЖ) саны;
2) ҰҚЖ осьтері арасындағы арақашықтық, бір біріне қатысты жылжыту;
3) әрбір ҰҚЖ үшін: класы, көлемі (ұзындығы, ені), жабын түрі және оның құрылымы, табалдырықтың абсолюттік биіктігі, сондай-ақ, қонуына нақты енуіне арналған ҰҚЖ қонудың аса жоғары аймағы, радиошамшырақты жүйесінің тірек нүктесінің биіктігі, нақты бір минуттық жол бұрышы, ұшып көтерілу және қонудың магниттік жол бұрышы (ҰҚЖ нөмірі), «әуеайлақтық жабындарын сыныптау саны (ACN-PCN)» мағынасы, еңісі, тежегіштің артқы жолақтары (ТАЖ), қауіпсіздіктің бүйірлі жолақтары (ҚБЖ), жолақтың жоспарланған бөлігінің көлемі, жолақ көлемі, кедергілерден еркін, әр ҰҚЖ әр табалдырығының географиялық координаттары (ендік градусы, ұзындық градусы, минуты, секунды және секунд үлесі).
4) қосалқы ҰҚЖ орналасқан орны мен көлемі (егер бар болса);
5) әуе кемелерінің түрлеріне қарай ұшып көтерілу және қону жарамдылығы;
6) орналасқан аралық (ұшып көтерілуі екпіні, ұшып көтерілу, тоқтатылған ұшу, қону);
7) ҰҚЖ таңбалануы.
8) магистральдық басқару жолының, тұрақ орнының орналасқан жері, нөмірі және көлемі (қолдағы бөліктің ені);
9) бір минутына дейін нақты магистральдық басқару жолының нақты жол бұрышы, басқару жолағы, тұрақ орнына арналған «әуеайлақтық жабындарының сыныптау санының» (ACN-PCN) мағынасы, басқару жолағы, тұрақ орны;
10) тікұшақтарды ауада басқаруға арналған бағыттардың басқару жолағының ені мен мағынасы.
19. Перрон сипаттамасы:
1) перрондардың орналасу орны мен нөмірі «әуеайлақтық жабындының сыныптау санының» (ACN-PCN) мағынасы;
2) тұрақ орнының, перрондардың таңбалануы.
20. Тікұшақ алаңдарының және тұрақтардың сипаттамасы:
1) магистральдық басқару жолының, басқару жолының ҰҚЖ қатысты орналасуы;
2) географиялық координаталары (ені, ендік градусы, градус ұзақтығы, минуты, секунды және секунд үлесі) қону және ажырау аймағының геометрикалық орталығы, бет сипаттамасы, көлемі;
3) «әуеайлақ жабындысының классификациялық санының» мағынасы;
4) тікұшақ түрлеріне қарай ұшып көтерілу және қону жарамдылығы;
5) тікұшақ алаңдарындағы таңбалау және жұмыс регламенті.
21. Әуеайлақ (тікұшақ алаңы) минимумдары :
1) аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша қонуға енуге арналған кедергілердің ең аз қауіпсіз ұшу биіктігі;
2) ҰҚЖ әр бағыты үшін азамттық және мемлекеттік авиацияның тізілімінде әуе кемелердінің санаттары бойынша ұшып көтерілу және қону үшін әуеайлақтың (тікұшақ алаңы) минимумы;
3) әуе кемелерінің санаттары бойынша жаттықтыру минимумдары – шешім қабылданған биіктік бойынша, ҰҚЖ (RVR) қашықтықта көрінуінің немесе (VIS) көрінім қашықтығы;
22. Азаматтық авиация үшін қосымша:
1) шектердің географиялық координаталары, ҰҚЖ, ҰҚЖ орталығы, ҰҚЖ шектерінің жоғарылауы;
2) перрон және тұрақ орнын жоғарылату;
3) көрме және серпінді навигациялық жүйелерді серпінді тексеруге арналған әуе кемелерінің тұрақ орнының (ТО) географиялық координаталары (санатталған әуежайлар үшін);
4) басқарудың стандартты бағыттарының орналасуы және мағынасы ашылады.
3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы
23. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданына сипаттама:
1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының орналасқан жеріне, рельефіне, навигациялық бағытына сипаттама;
2) ) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының қысқаша физика-географиялық және оның климаттық сипаттамасы (мәтін және негізгі метеорологиялық элементтердің жылдық кестесі;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы табиғи және жасанды кедергілер және олардың абсолюттік биіктігі және әуеайлақтың (тікұшақ айлағы) абсолюттік биіктігі және бақылау нүктесіне қатысты биіктігі, таңбалануы және және географиялық координаталары (ені, градус ұзақтығы, минуты, секунды);
4) әуе келу жолағының шекараларындағы кедергілер, олардың орналасуы және ҰҚЖ пайдаланатын жолаққа қатысты жоғарлауы;
5) әуе кемесінің ұшу салмағын анықтауда ескерілетін кедергілер.
24. Әуе кеңестігінің құрылымы:
1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы әуе кеңістігінің көлденеңді және тік шекаралар;
2) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы әуе кеңістік класының көлденең және тік шекаралары;
3) диспетчерлік аймақтың, диспетчерлік ауданның көлденең және тік шекарасы;
4) әуе жолдары жолағының шекаралары ;
5) шектелген межелер, пеленгтер;
6) ұшу, қонуға кіру, екінші айналымға кету, әуеайлақ айналымында және бойынша ұшу, күту аймағында схемалар;
7) ұшу және ұшып келудің стандартты бағыттары, әуе кемесінің трассасына қелу (шығу) бағыты, аймақтық навигацияның бағыты, жергілікті әуе желілері және арнайы аймақтар;
8) ұшулар шектелген аймағына келу (қону) бағыты;
9) әуе кемелерінің тұрақты ұшу бағыттары (ауа райын әуелік барлау, оқу, авиациялық техниканы айнала ұшу, әскери дайындық жоспары бойынша, төбеге, ұшақ екпіні, барынша аз және аз биiктiктерде, авиациялык техниканы сынау және зерттеу) (бұдан әрі- тұрақты ұшулар);
10) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында орналасқан қону алаңы және аэростаттарды қосу пункттері, шарлар-зондтар, басқа да пилотсыз әуекемелердің географиялық координаталары (градустарда, минуттарда, секундтарда ені, ұзындығы)
11) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы арнайы аймақтардағы тік және көлденең шекарасы;
12) күту, жүк түсіру, әуе кемелерін мәжбүрлі тастап кету, отын құю (пилотажды, аспаптармен ұшу және сынақ ұшуларының арнайы аймақтары, отын құю, әуе атылысы және осыған ұқсастары)
13) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында орналасқан тыйым салынған аймақтардың көлденең және тік шекарасы;
14) әуеайлақтарда (тікұшақ айлағы) бірлесіп орналастыратын мемлекеттік, эксперименттік авиациясының және ұйымдардың бөлімшелерінің белгіленген мүдделерінде ұшуға шектеу қойылған, тұрақты қауіпті аймақтардың нөмірі, жұмыс регламенті, көлденең және тік шекара;
15) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы арқылы өтетін әуе трассалары, аймақтық навигацияның бағыты, жергілікті әуе кемелері, әуе кемелері ұшуларының тұрақты бағыттары;
16) дәліздер, шектелген аймақтар, тыйым салынған аймақтар (сынақ, оқу орталықтарының аудандары, гидрометеорологиялық процестерге, жарылыс жұмыстарына белсенді әсер ету аудандары, сондай-ақ әуеайлақ ауданында десанттарды түсіру алаңы);
17) магниттік жол қиылыстарының және оларға дейінгі арақашықтықты, көлемдерін, қонудың магниттік курстарын және әуе кемелердің түрлерін көрсетумен қосалқы әуежайлар мен қону алаңдарының орналасуы.
4. Ұшуларды орындау
25. Ұшу алаңында әуе кемелердің жер бетіндегі қозғалысы
1) ұшу алаңында әуе кемелердің қозғалыс тәртібі (тарту, басқару);
2) көрінім жағдайы мен перрон жабындысының жағдайы, тұрақ орны, басқару жолын ескермен ӘК басқару, тұру кезіндегі сақтық шаралары;
3) күндіз және түнде, сондай-ақ шектелген көрінім жағдайында ҰҚЖ тексеру тәртібі.
26. Азаматтық авиация үшін ұосымша:
1) тұрақ орындарында әуе кемелерін басқару (тұрақ орнын атауы көрсетіледі);
2) басқару бағдары;
3) өз қозғалтқыштары мен тұруын басқаруға арналған тұрақ орны;
4) өз қозғалтқыштары мен тұруына арналған тұрақ орнынан басқару;
5) әуе кемелерін мұзданбауға қарсы сұйықтықтармен өңдеу, жорық қозғалтқыштарын, девиациялық алаңын іске қосу орны;
6) әуежайдың ИКАО I, II және Ш санаттарының минимумы бойынша бағыттағыш радиошамшырақтардың аумалы және сезімтал аймақтарда әуе кемелері мен көлік құралдарының қозғалыс тәртібі;
27. Әуежай (тікұшақ алаңы) алаңында ұшуды орындау тәртібі:
1) әуе кемесінің ұшу тәртібі;
2) ұшып көтерілу және қонудың стандартты бағдары бойынша ұшуларды, аспаптармен ұшу қағидалары бойынша қонудың түсу және ену сұлбасы бойынша ұшуды орындау;
3) көрінімі шектелген жағдайларда ұшуларды орындау ерекшеліктері;
4) әуе трассаларына, аймақтық навигациялардың бағдарына, жергілікті әуе жолдарға, арнайы аймақтарға ену (шығу) тәртібі;
5) бірлесіп орналастыратын әуеайлақтарда (тікұшақ алаңы) мемлекеттік, экспериментті авиациясының және ұйымдар бөлімшелерінің бекітілген мүдделері үшін ұшуларға шектеу қойылған, тұрақты қауіпті аймақтарға ену (шығу) тәртібі;
6) тұрақты бағдар бойынша ұшуларды орындау;
7) әуе кемелерінің топтарын жинау және тарату тәртібі
8) қосалқы әуежайға (тікұшақ алаңы) кету үшін қонуға немесе үшуға кезектен тыс енуге арналған маневрлерді орындау;
9) күту аймақтарындағы ұшулар;
10) дыбыстан жылдам жылдамдықтағы ұшулар;
11) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер бетіндегі құралдарын және әуежайдың (тікұшақ алаңы) жарық дабылды жабдықтарының жүйесін айналып ұшу;
12) 12) екі немесе одан да көп ҰҚЖ-дан ұшуды орындау;
13) бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында, бірлесіп пайдалану әуеайлақтарында ұшуларды орындаудың ерекшеліктері;
28. Көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану:
1) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақтарды пайдалану жағдайларында енгізілетін рәсімдер туралы мәліметтер;
2) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану рәсімдерін енгізетін жағдайлар;
3) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану кезіндегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының іс-қимылы;
4) ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемері экипаждарының іс-қимылы;
5) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану кезіндегі жер көлік құралдарының қозғалысын басқару рәсімдері;
6) қажеттілігіне қарай, ҰҚЖ көрінім қашықтығын өлшеу рәсімдерін және ол туралы, сондай-ақ ҰҚЖ көрінім қашықтығын өлшеуге жауапты адамдардың деректерін беруді орындау;
7) ҰҚЖ көрінім қашықтығын бағалау үшін пайдаланылатын автоматтандырылған жабдықтың пайдалану сенімділігі өзгерген кездегі рәсімдер;
29. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері үшін қосымша:
1) айналым бойынша 300 км/с, сондай-ақ 300 км/с кем ұшу жылдамдығы әуе кемелері үшін қонуға төмендеу және қонуға бет алу схемасы бойынша ұшуды (180о екі бұрылыс жасаумен айналым бойынша, есепті бұрышқа бұрылумен шептен және т.б.) орындау тәртібі;
2) әуеайлақ ауданында ең аз қауіпсіз биіктік, өту эшелоны, айналым бойынша ұшу биіктігі, өту биіктігі;
3) ҰҚЖ әрбір бағыты үшін түрлі метеорологиялық жағдайларда әуеайлақ ауданына кіру (шығу) үшін ең аз қауіпсіз эшелонының шектелген плеленгтерін және баақа да қажетті деректерді көрсетумен әуеайлақ ауданына, әуеайлақ аймақтарына, полигонға, десанттарды түсіру (жерге түсіру)алаңына, тұрақты маршруттарғаа және т.б. кіру (шығу) тәртібі;
4) әуе кемелері топтарын жинау және тарату тәртібі. Кезектен тыс немесе қосалқы әуеайлаққа кетуге маневлерді орындау тәртібі;
5) аз және шамадан аз биіктікте ұшу тәртібі;
6) дыбыстан жылдам жылдамдықта ұшақтың жоғары және екпінмен ұшу тәртібі ашылады.
5. Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
және әуе қозғалысына қызмет көрсету
30. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі ұсыныстар.
31. Ең төменгi қауiпсiз биiктiктер (ЕТҚБ), өту эшелоны, айналып ұшу биiктiктiгінің өту биiктiгi.
32. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқару) орган пайдаланатын әуе кемелерінің санаттары бойынша ұшып көтерілетін және қонуға бет алуды орындайтын, кезекпен ұшып көтерілетін, қонуға бет алуды орындайтын әуе кемелерінің арасындағы ең төменгi интервалдар.
32. Қонуға кезектен тыс бет алу.
33. Екінші айналымға кету.
34. Отын авариялық төгу.
35. Әуеайлақтық авариялық тезегіш қондырғысын (бар болған жағдайда) пайдалану тәртібі.
36. Тежеудің шеткі жолақтары, егер олар ұшу–қону жолағының шегінен тыс шығып кеткен жағдайда әуе кемесінің зақымдалу қаупін азайтуға арналса.
37. «Режим», «Кілем» сигналдарын алған кездегі әуе кемесі экпажының және әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқаратын) органдардың іс-қимылы.
6. Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ұшуды басқару)
38. Әуе қозғалысына қызмет көрсету, оны шақыру және жиiлiк (жиiлiктер), жұмыс мерзiмдерiн жүзеге асырушы әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқару) орган.
39. Әуе қозғалысына қызмет көрсету ерекшеліктері;
1) ұшып шығу және ұшып келудiң стандартты маршруттары бойынша ұшуды, төмендету және қонуға бет алу схемасы бойынша ұшуды, әуе жолдарына, айлақтық навигацияның маршруттарына, жергiлiктi әуе желілеріне, арнайы аймақтарға кіру (шығу) үшін ұшуды орындаған кезде;
2) тұрақты маршруттар бойынша ұшуды орындаған кезде;
3) әуеайлақта (тiкұшақ алаңдары) орналасқан мемлекеттiк, эксперименттік авиация және ұйым бөлiмшелерінiң мүддесінде белгіленген шектеулi ұшу аймақтарында, тұрақты қауiптi аймақтарда ұшуды орындаған кезде;
4) әуеайлық ауданы (тікұшақтар алаңы) арқылы транзитпен келе жатқан әуе кемелері ұшуды орындаған кезде:
5) әуе кемелерін іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшуды орындаған кезде;
6) әуе кемесіне авариялық жағдайда қонуды қамтамасыз еткен кезде;
7) бірлесіп орналасатын әуеайлақтарда, бірлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда әуе кемелері ұшуын орындау кезінде;
8) екі және одан да көп ҰҚЖ ұшуды орындау кезінде.
40. Әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қабылдау/тапсыру шептері, әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқару) органның диспетчерлік пункттері (секторлары) арасындағы өзара іс-қимыл.
41. Басқарудың қосалқы пункттеріне өту (олар болған жағдайда) және оларда әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыру тәртібі.
42. диспетчерлік пункттердің әуе қозғалысына қызмет көрсетуі, әуе қозғалысына қызмет көрсететін секторлар бойынша уақытша қосарлану функцияларының тәртібі.
43. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның басқару диспетчерлік пункті орналасқан жердегі перронның кең аумағымен ірі әуеайлақтардағы әуежай кешенінің арнайы құрылымы болған кезде перронда жердегі қозғалысты басқару, оның құрылымының күрделілігіне байланысты барлық перрондарды бақылай алмайды. Перронда әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның басқару диспетчерлік пункті мен әуе кемелерінің қозғалысын басқару бойынша әуежай кешеннiң мамандандырылған бөлiмшесi аралығындағы жауапкершiлiк аймағы, сондай-ақ жердегі қозғалысқа қызмет көрсету кезінде сақтауға қажетті рәсімдер және перрон мен маневр жасау алаңы арасындағы өту аймақтарының өзара іс-қимылдары әдiстерi.
7. Ұшуды қамтамасыз ету
44. Аэронавигациялық ақпараттарды беру.
Ұшуды қамтамасыз етуге және орындауға байланысты авиация персоналына аэронавигациялық ақпаратарды әзiрлеу және беру тәртібі.
45. Метеорологиялық ақпараттарды беру.
Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ететін ұйым (атауы, авиациялық метеорологиялық бөлiмшенiң сәйкестендіру деректері, жұмыс уақыты, пошталық мекенжайы, электронды мекенжайы, деректер мен телеграф хабарламаларын беретін жердегi авиация желiсi, байланысу телефондары), болжау жүзеге асырылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары). Авиациялық метеорологиялық бөлімшелер әуеайлақта (тікұшақ айлағында) болмаған кезде әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын ауа-райының болжамдарын, метеорологиялық ақпарат көлемiн жасау үшiн қандай авиациялық метеорологиялық бөлiмшеге әуеайлық (тiкұшақ аймағы) бекiтілгені көрсетiледi.
Метеорологиялық бақылау және жинақтаулар (бақылау пункттері, бақылау түрлері, ерекшеліктері; тұрақты бақылау мерзімдері, арнайы жинақтауларды шығару критериийлері және оларды бөлу тәртібі, биіктіктерде желді бақылау және деректер беру тәртібі, радиолокациондық бақылауды жүргізу және деректер беру тәртібі).
Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша авиациялық ауа райына авиациялық болжамдар түрлері, ұшу үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту.
Әуе қозғалысын қызмет көрсету органдарын (ұшуды басқару) метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету. Ұсынылған ақпарат түрлері және оларды жеткізу тәсілдері. «Дабыл» сигналы түскен кезде авиациялық метеорологиялық бөлімшенің ауысымының іс-қимыл тәртібі.
46. Мемлекеттiк авиация үшiн қосымша мыналар сипатталады:
1) жыл мерзімдері бойынша әуеайлақ ауданының қысқаша климаттық және орнитологиялық сипаттамасы;
2) ауа райына әуе және радиолокациялық барлауды ұйымдастыру;
3) нақты ауа райы туралы әуе кемесі экипаждарына ақпарат беру тәртібі;
4) ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша метеорологиялық бөлiмшелердiң арасында жедел өзара іс-қимылды ұйымдастру.
47. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету:
1) құстардың жылдық белсендiлiгiнiң негiзгi кезеңдері үшiн әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданындағы орнитологиялық жағдайды сипаттайтын ақпарат;
2) құстардың шоғырлануы және олардың ұшу бағыты туралы деректер;
3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша негiзгi іс-шаралар.
48. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы:
1) бақылау, радионавигация, қондыру және авиациялық электр байланысы құралдарының құрамы және орналастырылуы;
2) құралдардың түрі және санаты, белгi, географиялық координаталар, олар орнатылған орнының магниттiк бұрылуы және жоғарылауы, жұмыс жиiлiктерi (арналар) және жұмыс регламенті.
3) ұшуды радиотехникалық және авиациялық электр байланыспен қамтамасыз етудің негiзгi және резервтегi құралдарын пайдалану;
4) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) қосалқы ретінде пайдаланған кезде ұшуды радиотехникалық және авиациялық электр байланыспен қамтамасыз етудің кезектi құралдарының құрамы;
5) объективті бақылау құралдарын қолдану.
49. Мемлекеттiк авиация үшiн қосымша:
1) ҰҚБ көрінім аймағы және навигациялық құралдардың әрекет ету аймағы;
2) ұшудың ТҚБ және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі;
3) әуе кемелері бар әуеайлақтың ӘҚБ органдарының радиобайланысын ұйымдастыру. Ұшудың ТҚБ және байланыстың резервтік құралдары. Резервтегi және қайталайтын құралдарын қолданудың тәртібі ашылады.
50. Ұшуды электржарықтехникалық қамтамасыз ету:
1) жуықтау жарық жүйесiнiң түрi, жуықтау жарық жүйесінiң ұзақтығы және жарық күшi;
2) ҰҚЖ кіретін жарықтың түрі, кіретін жарықтың және флангалық көкжиектің (болған жағдайда) түсі;
3) жерге қону аймақтарындағы жарықтың түрi, жерге қону аймақтарындағы жарықтың ұзақтығы;
4) қону жарықтары, ұзақтығы, қондырғылардың аралығы, қону жарықтарының түсі және күшi;
5) бiлiктік жарықтар, ұзақтығы, қондырғылардың аралығы, бiлiктік жарықтардың (болған жағдайда) түсі және күшi;
6) ҰҚЖ шектеме жарықтары, олардың түрi, флангалық көкжиектің (болған жағдайда) және шектеме жарықтардың түсi;
7) КТП жарықтарының ұзақтығы және түсі (болған жағдайда);
8) ҰҚЖ есептелiнген ұшу санатының сәйкестiгi.
9) глиссаданың визуалды индикациясы жүйелерi, глиссаданың визуалды индикациясы жүйесiн орналастыратын тарап, глиссаданың (PAPI, T-VASIS болған жағдайда) көлбеу бұрышы;
10) әуеайлақтық және айырма шамшырақтарының таңбалануы;
11) ЖЖ бағдар мен басқарудың, перронның, орналасудың басқа да визуальды құралдары (ҰҚЖ күту орнындағы оттар, күтудің аралық орны және «тоқта» желілері), сондай-ақ қолдағы телескопиялық трапы бар визуалды түісу жүйесінің түрі.
51. Ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету:
1) күндіз және түнде, сондай – ақ шектеулі көрінім жағдайларда ҰҚЖ тексерудің тәртібі және мерзімі;
2) әуеайлақты(тiкұшақ айлаңын) тұрақты пайдалану дайындығын сүйемелдеу бойынша іс-шаралар;
3) әуеайлақ (тiкұшақ айлақ) бойынша адамдардың, әуеайлақ-техникалық және көлiк құралдарының қозғалу тәртібі;
4) радиомаяк жүйелерiнiң қауіпті аймақтарын қоса, ұшу өрiсi элементтерiн тазарту тәртібі және кезектiлiгі;
5) ҰҚЖ шөгу қабатының қалыңдығын және ілініс коэффициентiн анықтау тәртібі және мерзiмдерi;
6) тікұшақ алаңдарын ұшуға дайындау;
7) авиация персоналының тұрақ орындарынан әуе кемелерін қарсы алу және жөнелту тәртібі.
52. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету.
Ұшуды медициналық қамтамасыз етудi өткiзудiң маңызы және тәртібі.
53. Іздестiру-құтқаруды және авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету:
1) ұшуды iздестiру-құтқару қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және өткiзуге жауапкершілік ауданы;
2) авариялық-құтқару жұмыстарында және өрт сөндірген кезде қолданылатын техникалық құралдар және жабдықтар туралы мәлеметтер (орналасқан орны, дайындық дәрежесі және олардың мүмкіндігі);
3) апатқа ұшыраған немесе ұшыраудағы әуе кемесi туралы апаттық сигналды немесе басқа ақпаратты алған кездегі авиация күштерi мен iздестiру құралдарының және құтқару іс-қимылдары тәртібі;
4) Әуеайлақта және әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
5) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарымен өзара іс-қимыл және байланыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ кезекші күш пен құралдарды шақырту тәртібі.
54. Азаматтық авиацияның әуе кемелері үшiн қосымша:
1) әуеайлақтың жұмыс алаңында қозғалу қабілетін жоғалтқан ӘК әкету рәсімдері туралы мәліметтер;
2) қорғауды қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ әуеайлақтағы от өшіретін заттардың түрі және саны ашылады.
55. Әуеайлақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету (азаматтық авиация үшін).
Режимдік-күзеттік қамтамасыз етуді жүргізу маңызы мен тәртібі.
Әуеайлақтың жұмыс алаңына кіру (әуеайлақтың режимдік-күзеттік іс-шаралары).
Әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) әуе кемелерін және өзге де объектілерді күзетуді ұйымдастыру.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) қоршау.
56. Бiрлесіп орналасатын әуеайлақтарда, бiрлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда ұшуды қамтамасыз ету.
Бiрлесіп орналасатын әуеайлақтарда, бiрлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда ұшуды режимдiк-күзеттік қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi.
8. Әуе кемелерінің қоршаған ортаға қолайсыз әсерiн
азайту жөніндегі ұсыныстар
57. Авиациялық шуылдың әсерін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеген кезде ескерілетін факторлар.
58. Авиациялық шуылдың әсерін төмендетудің негізгі ұсынылатын әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |