________________________
Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігінде ұшудың
негізгі қағидаларына
6-қосымша
Әуе кеме қозғалысын реттеу сигналдары
1. Әуеайлақтық диспетчер қызметімен берілетін сигналдар
Тиісті ӘК бағытталған қызыл ракета, осының алдында берілген кез-келген сигналға қарамастан қазіргі уақытта ұшақтың қонуына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.
Сигналды ракеталар, шектеулі, тыйым салынған немесе ұшуды қауіпті аймақтарда орындайтын, сондай-ақ осындай аймақтардың бірінің жолында тұрған рұқсаты жоқ ӘК ескерту үшін қолданылады:
Күндіз немесе түнде –10 секунд интервалмен шығарылатын және жарылу кезінде қызыл, жасыл оттардың немесе жұлдыздарды шығарып, осы бойынша ӘК өз ұшуын осындай аймақтар шегінде өтуі үшін қажетті шараларды қабылдау қажеттігін білдіретін ракеталар сериясы,
2. ӘК экипажының сигналдарды қабылдауын растау
1) ұшуда: күндіз – қанаттарын қозғалту (бұл дабылды үшінші және төртінші бұрылыстарда және қону алдындағы тік участкілерде беруге болмайды);
2) түнде: – қону фарын екі мәрте жыпылықтату немесе фарлар орнатылмаған жағдайда аэронавигациялық оттарды екі мәрте қосу және өшіру;
3) жерде: күндіз – элерондардың немесе бұрылыс рулінің қозғалысы;
4) түнде – қону фарларын екі мәрте жыпылықтату немесе фарлары орнатылмаған жағдайда аэронавигациялық оттарды екі мәрте қосу және өшіру;
3. Сүйемелдеуші автомобильдермен берілетін сигналдар
1) Жасыл түс – маған қарай бұрыңыз (менің соңымнан));
2) Қызыл түс – бұруды тоқтатыңыз (тоқта);
3) Үзіп-үзіп жыпылықтату – бұру жылдамдығын азайтыңыз (аса назар аудару).
4. Әуеайлақ қызметінің сигнал берушілері беретін сигналдар
Сигналшы сигнал беруші ашық түсті қолғаптарда немесе таяқтардың, жалаулардың және электро қалташамдардың көмегімен береді.
Сигнал беру кезінде сигнал беруші әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін жерде тұруы тиіс. Қозғалтқыштар сигнал берушінің ӘК қарап тұрған жағдайында оңнан солға нөмірленген.
Тежегіштер:
1) тежегіштер қосылған саусақтарды саусақтарды жая отырып қолды беттің деңгейін дейін көтеру және қолды жұмыдырыққа түю. Қолды түю тежегішті өшіру;
2) Тежегіштерді жіберу: саусақтарды жая отырып қолды беттің деңгейін дейін көтеру және саусақтарды жазу. Саусақтарды жазу тежегішті жіберу;
Қалып:
1) қалыпты орнату: қолды, алақанды сырт бетімен жоғары көтере отырып, бет алдында айқастыру;
2) қалыпты алу: бет алдында сыртқа айқастырылған алақанды көрсетілген қолды екі жаққа ажырату.
Қозғалтқышты іске қосу дайындығы:
Іске қосылатын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін қолдағы саусақтар санын созу.
5. Жер үсті визуалды дабылдар
1. Тыйым салынған қонулар
Сигнал алаңында берілетін сары диагональ сызықтарымен қызыл түсті көлденеңді төртбұрышты дабылды ен (1.2- сурет) қонуға тыйым салынғандығын және тыйым салудың ұзақ болатындығын білдіреді.
|
1.2- сурет
|
2. Қонуға ену немесе қону кезінде ерекше ұқыптылық сақтау қажеттілігі
Сигнал алаңында берілетін бір сары диагональды сызықпен қызыл түсті көлденеңді төртбұрышты дабылды ен (1.3 сурет), маневрлеу алаңының қанағаттанғысыз күйде болуына немесе басқа да себептерге байланысты қонуға ену немесе қону кезінде ерекше ұқыптылықты қажеттілігін білдіреді.
|
1.3- сурет
|
3. Ұшу-қону жолағын және жермен жүру жолдардын пайдалану.
Сигнал алаңында берілетін ақ түсті гантель түріндегі көлдененді белгі (1.4-сурет) әуе кемелеріне ұшу мен бұрылуды ҰШЖ және БЖ ғана жасау керектігін білдіреді.
|
1.4- сурет
|
3.1. Сигнал алаңында берілетін осындай ақ түсті гантель түріндегі, әрбір дөңгелек бөлігінде келтірілген тік қара жолақты көлденеңді белгі (1.5-сурет) әуе кемелердің қону және ұшу ҰҚЖ-да орындалады, ал басқа маневрлердің орындалуы ҰШЖ және БЖ шегінде шектелмейді.
|
1.5 сурет
|
4. Жабық ҰШЖ немесе жермен жүру жолдары
Сары немесе ақ, бір түстес крест түріндегі көлденеңді белгілер (1.6 сурет), ҰҚЖ және жермен жүру жолдарында немесе олардың бөлігінде берілетін әуе кемелер үшін жарамсыз аймақ екендігін білдіреді.
|
1.6 -сурет
|
5. Қону немесе ұшу бағыты
Көлденеңді ақ немесе "Т" қызғылт сары қону белгісі (1.7 сурет) "Т" әрпінің параллельді ұзындыгы бойына және оныңкөлденең бөлігі жағында орындалатын әуе кемелердің қону және ұшу бағытын білдіреді,
"Т" қону белгісін түнгі уақытта пайдалану кезінде жарық түсіреді немесе жиектері ақ оттармен көмкеріледі.
|
1.7- сурет
|
Әуеайлақтық командалық-диспечерлік пунктте немесе оның жанында көлденеңнен берілетін екі саннан құралған қосынды (1.8-сурет), маневрлеу алаңында орналасқан ӘК, магниттік компастың 10 жуыққа дөңгелектелген ондық градуста білдірілген ұшу бағытын көрсетеді.
|
1.8 -сурет
|
6. Ұшудың оң айналымы
Дабыл алаңында немесе ҰҚЖ аяғында көлденеңнен орналастырылған не оңға иілген жебе түріндегі ұшу алаңында ашық түсте пайдаланатын белгі (1.9 сурет), әуе кемесінің қону алдында немесе ұшып көтерілуден кейін оңға бұру дегенді білдіреді.
|
1.9-сурет
|
7. Әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаны жинақтау пункті.
Сары түсті фонға тігінен орналасқан "С" қара түсті әрпі (1.10-сурет) әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаны жинақтау пунктінің орналасқан орнын білдіреді.
|
1.10-сурет
|
8. Планерлердің ұшулары орындалады
Дабыл алаңында тігінен орналастырылған ақ түсті екі крест түріндегі белгі (1.11 сурет), әуеайлақ қазіргі уақытта планерлердің ұшу үшін пайдаланатынын және осындай ұшуларды білдіреді.
|
1.11-сурет
|
Достарыңызбен бөлісу: |