Қазақстан Республикасының сот жүйесі


Аудандық және оған теңестірілген соттар



жүктеу 1,98 Mb.
бет4/11
Дата16.05.2018
өлшемі1,98 Mb.
#14120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.1 Аудандық және оған теңестірілген соттар


Қазақстан сот жүйесінің негізгі буынына аудандық және оған теңестірілген соттар жатады, өйткені сот төрелігі бойынша жұмыстардың зор үлесі солармен жүзеге асырылады.

Аудандық және оған теңестірілген соттар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыны бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық соттар құруы мүмкін.

Аудандық сот бірінші сатыдағы сот болып табылады.

Аудандық сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Аудандық соттар судьяларының жалпы санын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша бекітеді. Әрбір аудандық сот судьяларының саны сол сот төрағасының Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынымы негізінде Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органмен (әрі қарай – уәкілетті орган) белгіленеді.

Егер штат бойынша ауданда бір судья (бір құрамды сот) қажет болса, ол төраға құзыретін біржола жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы судьяның және сот буыны жетекшісінің қызметін біржола атқарады. Судья міндеттерін орындай отырып аудандық сот төрағасы:

- судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;

- аудандық сот кеңсесіне жалпы басшылық жүргізеді;

- азаматтарды қабылдайды;

- аудандық сот жұмысының жоспарын бекітеді;

- судья лауазымына үміткерлердің тағылымдама өтуін ұйымдастырады;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

- өкімдер шығарады;

- заңмен көзделген басқа құзырлықтарын жүзеге асырады.

Аудандық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда төрағаның өкімімен оның міндеттерін атқару осы соттың бір судьясына жүктеледі.

Аудандық соттың төрағасы және судьялары болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау облыстық сот төрағасының өкімімен басқа сот судьяларына жүктеледі.

Аудандық сот төрағасының құзыреті уақытынан бұрын тоқтаған немесе мерзімі аяқталған жағдайларда төрағаның міндеттерін уақытша орындау облыстық сот төрағасының өкімімен сол соттың бір судьясына жүктеледі.

Аудандық соттар кеңселерінің негізгі рөлі және міндеттері – судьялармен сот есебін жүргізу және сот тәжірибесін қорытындылау, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған көмекші - қызмет етуші міндеттерін жүзеге асыру.

4.2 Облыстық және оған теңестірілген соттар

Облыстық және оған теңестірілген соттар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әрбір облыстық сот судьяларының саны сол сот төрағасының Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынымы негізінде уәкілетті органмен белгіленеді.



Облыстық соттар құзыреті:

- оның соттылығына жатқызылған сот істерін қарастыру;

- сот тәжірибесін зерттеу және оны жинақтау қорытындылары бойынша облыс соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастыру;

- Астана мен Алматы қалалары соттарының, облыстық соттың кеңсесі қызметіне бақылау жүргізу;

- заңмен белгіленген басқа құзырлықтарын жүзеге асыру.

Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде қызмет жүргізеді.

Облыстық сот органдары болып табылады:

- пленарлық отырыс;

- апелляциялық сот алқасы;

- кассациялық сот алқасы.



Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

Облыстық сотта, аудандық соттағыдай, судьяларды сот қызметінің бағыттары бойынша мамандандыру тәжірибеленеді. Бұл азаматтар құқығын және бостандықтарын, заңдар және Конституция талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, судьялардың кәсіби өсуін, сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты бекіту және сапасын арттыру себептерімен аталып өткен. Өйткені «бір жақты» маман «кең профильдіге» қарағанда әрқашан білікті болып келеді.

Сот төрағасына, қажет болған жағдайда, мамандандырылған судьялар құрамын құру құқығы берілген.

Облыстық сот төрағасы тұрақты судья болып табылады. Судья ретінде ол сот төрелігін жүргізуге құқылы. Оған сот төрелігін жүргізуге қатысы жоқ бірнеше өкілеттік тиесілі.

Облыстық сот төрағасы өзінің міндеттерін орындаумен бірге:

1) судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;

2) сот алқасы және мамандандырылған құрамы отырыстарында төрағалық етуге құқылы;


3) облыстық соттың пленарлық отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

5) пленарлық отырыс қорытындысы негізінде Жоғарғы Сот Кеңесіне судья лауазымына үміткердің тағылымдама өту қорытындылары туралы тұжырымды жолдайды;

6) облыстық сот жұмысының жоспарын бекітеді;

7) сот тәжірибесін зерттеуді ұйымдастырады;

8) өкімдер шығарады;

9) Астана мен Алматы қалалары соттарының, облыстық соттың кеңсесіне жалпы жетекшілік жүргізеді;

10) азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;

11) заңмен белгіленген басқа өкілеттілктерді жүзеге асырады.

Облыстық сот төрағасының міндеттері ұйымдастыру-басқарушылық бағытпен сипатталады және оларға әкімшілік-құқықтық мазмұн тән. Бұл өкілеттіктердің облыстық сот судьяларының негізгі қызметіне басып кірмейтіндігі туралы айрықша атап өткен жөн, олар жалпы сот қызметін, соның ішінде судьялардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіби дәрежесін ұстап тұру мақсатында төраға сот алқаларының жұмысына қатысуы мүмкін. Оған осы алқалардың сот істерін қарастырудағы отырыстарында төрағалық ету құқығы тиесілі. Сот төрағасымен осы құқығын жүзеге асыру ештеңемен шартталмаған және кімнің болсын: сәйкес алқаның немесе пленарлық отырыс төрағасының келісімін қажет етпейді.

Пленарлық отырысты шақыру құқығы тек облыстық сот төрағасына тиесілі, онда ол төрағалық етеді.

Облыстық сот төрағасының құзыреті уақытынан бұрын тоқтаған немесе мерзімі аяқталған жағдайларда төрағаның міндеттерін уақытша орындау Жоғарғы Сот Төрағасымен облыстық соттың сот алқасының төрағасына (судьясына) жүктеледі. Сот төрағасының міндеттері жазбаша өкіммен олардың біреуіне жүктеледі. Және өкімде берілген өкілеттік көлемі ескертілмейді, өйткені заңда қандай да болсын шектеулер қойылмаған.

Облыстық сотта сот алқалары құрылады. Облыстық сот судьяларының барлық құрамы оның алқаларының арасында бөлінеді. Сот төрағасының ұсынысы бойынша облыстық соттың пленарлық отырысы әр алқаның тек сандық құрамын ғана белгілейді. Және облыстық сот төрағасымен де, пленарлық отырысымен де әр алқаның сандық арасалмақтығын белгілейтін, болжап отырған жұмыс көптігі, істер қиындығы және басқа да жағдайлары ескеріледі.

Жоғарғы Сот пленарлық отырысының шешімі және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы негізінде Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен бес жылға тағайындалған төраға сот алқасын басқарады.

Сот алқасының сандық және кісілік құрамы облыстық сот төрағасының ұсыныс бойынша облыстық соттың пленарлық отырысымен белгіленеді.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер және мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық сот алқасы қарастырады.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соттардың, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған әскери соттардың алқабилердің қатысуымен шығарылған, облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарылған, заңды күшіне енбеген үкімдерін (қаулыларын) кассациялық сот алқасы қарастырады.

Алқалар кісілік құрамы сот төрағасының ұсынысы бойынша облыстық соттың пленарлық отырысында белгіленетін судьялардан тұрады.

Облыстық сотта мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған құрамдар облыстық сот төрағасымен құрылады.



Облыстық сот алқасының төрағасы тұрақты судьяның мәртебесіне ие және судьялық өкілеттікті орындаумен бірге, оның лауазымдық өкілеттігін анықтайтын және ұйымдастыру сипатындағы, бірнеше қосымша міндеттерді орындайды. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін орындаумен бірге:

  1. сот алқасының судьяларымен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;

  2. сот алқаларының отырыстарында төрағалық етеді;

  3. сот төрағасына мамандандырылған құрамды құру бойынша ұсыныстар енгізеді;

  4. сот тәжірибесін зерттеу және оны жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

  5. сот алқасының қызметі туралы ақпаратты соттың пленарлық отырысына ұсынады;

  6. заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сот алқалары төрағаларының уақытша болмауы олардың күнделікті жұмысына әсер етпеуі керек. Мұндай жағдайда сот төрағасы алқалар отырыстарына төрағалық етуі мүмкін немесе алқа төрағаларының міндеттерін орындауды сол алқалардың бір судьясына жүктеуі мүмкін.

Облыстық сотта пленарлық отырыстардың өткізілуі жылына екі реттен кем болмайды. Оларды шақыру туралы шешім сот төрағасымен қабылданады және жазбаша өкім түрінде ресімделеді.

Пленарлық отырыс процессуалдық мағынадағы сот органы болып табылмайды, ол сот төрелігін жүргізумен айналыспайды, сот процессіндегі саты болып саналмайды. Оның рөлі мен маңызы ұйымдастыру мәселелерін шешу, жалпы сот тәжірибесін әзірлеу және басқа сұрақтарды дайындау. Бұл аумақтық деңгейде жалпы сот-құқықтық саясатты дайындайтын және жүзеге асыратын сотқа жатпайтын жоғарғы орган ретінде. Пленарлық отырыстың компетенциясы оның ерекше құқығы болып табылады, облыстық соттың ешқандай басқа органы оны ауыстыра алмайды.

Облыстық соттың пленарлық отырысы:

  1. тиісті сот алқасының сандық және кісілік құрамын белгілейді;

  2. облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

  3. сот тәжірибесін талқылайды және оны жинақтау қорытындылары бойынша облыс соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;

  4. уәкілетті органға облыстық сот, Астана мен Алматы қалаларының сот кеңселерінің жетекшісін тағайындауға келісім береді;

  5. облыстық сот, Астана мен Алматы қалалары соттары жетекшісінің қызметі туралы есеп беруді тыңдайды;

  6. облыстық сот судьясының бос лауазымдық орнына кандидатураны қарастырады және оның қорытындысы бойынша сәйкес тұжырым шығарады;

  7. уәкілетті органға облыстық сот, Астана мен Алматы қалаларының сот кеңсе,лерінің жетекшісін орнынан босату туралы ұсыныс енгізеді;

  8. судья лауазымына үміткерлердің тағылымдама қорытындысын қарастырады және сәйкес тұжырым береді;

  9. сот төрелігін жүргізуде төмен көрсеткіштері бар немесе сот істерін қарастыруда заңдылықты жүйелі түрде бұзған судьяға қатысты материалдарды Сот төрешісіне (жюри) жолдау туралы сұрақты талқылайды және тақылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды;

  10. заңмен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша пленарлық отырыс тиісті сот алқасының сандық және кісілік құрамын белгілейді. Бұл сот төрағасының ұсынысын формальды бекіту емес. Әрбір алқадағы судьялар санын белгілеуде соңғы сөз пленарлық отырысқа тиесілі.

Пленарлық отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмаған жағдайда ғана құқықты болып келеді. Облыстық соттың пленарлық отырысының жұмыс тәртібі бекітілген регламентпен анықталады.



4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Республикамыздың Жоғарғы Сотының мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді. Республикамыздың Жоғарғы Соты жергілікті және басқа соттардың соттылығындағы азаматтық, қылмыстық және басқа істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады, заңмен белгіленген процессуалдық нысанмен олардың қызметін қадағалайды және сот тәжірибесі бойынша түсіндірулер береді.

Жоғарғы Сот еліміздің бірыңғай сот жүйесінің жоғарғы буыны болып табылады. Ол сот істері бойынша қадағалау сатысы болып саналады. Шын мәнінде, оның қатысуымен соттың істі қарауы аяқталады: егер қадағалау сатысы бұрын шығарылған барлық шешімдердің заңдылығын растаса, осымен істің әрі қарай қараудың процессуалдық мүмкіндігі тәмамдалады. Жоғарғы Сот оның әрі қарай сот болашағына «нүкте» қояды.

Жоғарғы Сот:



  1. өзінің соттылығна жатқызылған сот істерін және материалдарын қарастырады;

  2. сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;

  3. нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесі сұрақтары бойынша түсінік береді;

  4. заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленеді.

Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

Жоғарғы Сот органдары болып табылатындар:



  1. пленарлық отырыс;

  2. азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы;

  3. қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы.

Сот алқасын төраға басқарады, ол Конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалады.

Сот алқаларының сандық және кісілік құрамы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Жоғарғы Соттың пленарлық отырысымен белгіленеді. Жоғарғы Сот Төрағасы олардың сандық құрамы туралы ұсыныс енгізеді, ол негізге алынғанымен, кесімді шешім қабылдайтын пленарлық отырыстың талқылау барысында өзгеруі немесе толықтырылуы мүмкін.



Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқара отырып:

1) жоғарғы сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;

2) сот алқасы және мамандандырылған құрамы отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың пленарлық отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

4) заңмен көзделген негіздер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныстарды және сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдарды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына қарастыруға енгізеді;

5) Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерін және Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы хатшысының кандидатураларын бекітуге ұсынады;

6) қажет болған жағдайда бір сот алқасының құрамында істерді қарау үшін басқа сот алқасының судьяларын қатыстырады;

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

7) Жоғарғы Сот жұмысының жоспарын бекітеді;

8) алқалар жұмысын үйлестіреді;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне уәкілетті орган туралы ережені ұсынады;

9-1) Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген штаттық сан лимиті көлемінде әлеуметтік органның құрылымын және штаттық кестесін заңмен белгіленген тәртіппен бекітеді;

9-2) заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

10) азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді;

11) өкімдер шығарады.

Жоғарғы Сот Төрағасы республикамыздың мемлекет билігінің басқа тармақтарының органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста республикамыздың сот жүйесінің мүддесін білдіреді.



Жоғарғы Сот Төрағасы:

  1. тиісті пленарлық отырыстардың төрағаларының, жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьяларының бос лауазымына альтернативтік негізде кандидатураларды қарастыруға ұсынады;

  2. Жоғарғы Сот Кеңесіне аудандық соттар төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды жергілікті және басқа соттардың пленарлық отырыстарының шешімдері негізінде ұсынады;

  3. Жоғарығы Сот Кеңесіне Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының, облыстық сот төрағаларының және сот алқалары төрағаларының лауазымына кандидатураларды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының шешімі негізінде ұсынады;

  4. заңды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;

  5. Конституциялық заңмен көзделген негіздер пайда болғанда республика соттары судьяларының және төрағаларының, сот алқалары төрағаларының өкілеттіктерін тоқтату сұрақтары бойынша материалдарды және ұсыныстарды Жоғарғы Сот Кеңесіне ұсынады;

  6. Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның қызметкерлерін және судьяларды мемлекеттік марапатпен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныс енгізеді;

  7. Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы Ережені бекітеді;

  8. заңмен және басқа нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа өкілеттілікті жүзеге асырады.

Жоғарғы Сот судьяларымен сот істерін қарастыруды ұйымдастыру сұрақтарымен Жоғарғы Сот Төрағасы айналысады. Бұл, іс жүргізудегі барлық істер процессуалдық мерзімде, білікті, жан жақты және заңды қаралуы бойынша барлық қажетті шараларды ол қабылдауы қажет екендігін білдіреді. Бұл дегеніміз алқаларда мамандандырылған құрамдар құру, судьяларды нормативтік және басқа материалдармен қамтамасыз ету, істерді шешу мерзімін сақтауды бақылау және көптеген басқалары.

Жоғарғы Сот Төрағасының уақытша болмауы (ауырып қалғандықтан уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста немесе қызметтік іс сапарда болуы) оның міндеттерін тиісті мерзімге Жоғарғы Сот алқаларының бір төрағасына беруді қажет етеді. Жоғарғы Сот Төрағасының орнынан түсуіне немесе өкілеттігінің басқа жағдайларда уақытынан бұрын тоқтауына байланысты Төрағаның міндеттерін уақытша орындау Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының (судьяларының) біріне Қазақстан Республикасы Президентімен жүктеледі. Жоғарғы Сот Төрағасының міндеттерін оны ауыстыратын тұлғаға жүктеу жазбаша өкіммен жасалады.

Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тұрақты судьялар болып табылады. Судьялар ретінде олар сот билігін таратушылар болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру қызметін атқарады. Бұдан басқа сот алқаларының төрағаларына, олардың лауазымдық жағдайларына тән, табиғаты жағынан ұйымдастыру-қамсыздандыру болып табылатын міндеттер жүктелген.

Сот алқасының төрағасы:

  1. сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

  2. судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;

  3. сот тәжірибесін зерттеу және оны жинақтау жұмыстарын ұйымдастырады;

  4. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялармен тиісті құжаттар дайындауды қамтамасыз етеді;

  5. Сот алқасының қызметі туралы ақпаратты Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ұсынады;

  6. Заңмен белгіленген басқа өкілеттікті жүзеге асырады.

Сот алқасы төрағасының уақытша болмауы кезінде оның міндеттерін орындау Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқасының бір судьясына жүктеледі.

Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы:

  1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша тиісті сот алқасының сандық және кісілік құрамын белгілейді;

  2. сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;

  3. нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша түсініктер береді және заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

  4. заңға сәйкес қадағалау тәртібімен сот істерін қарайды;

  5. уәкілетті орган басшысының және Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының ақпараттарын тыңдайды;

  6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 47 бабы 2 пунктімен белгіленген жағдайларда тұжырым береді;

  7. Облыстық сот төрағасының, облыстық сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды талқылайды және тиісті тұжырым шығарады;

  8. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша пленарлық отырыс хатшысын және ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын бекітеді және құпия дауыс берумен Сот төрешісін (жюри) сайлайды;

  9. сот төрелігін жүргізуде төмен көрсеткіштері бар немесе сот істерін қарастыруда заңдылықты жүйелі түрде бұзған судьяға қатысты материалдарды Сот төрешісіне (жюри) жолдау туралы сұрақты талқылайды және тақылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды;

  10. судья мантиясының сипаттамасын және түрін бекітеді;

  11. заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Пленарлық отырыс Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмаған жағдайда ғана құқықты болып саналады. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының жұмыс тәртібі оның бекітілген регламентімен анықталады.

Жоғарғы Сот жанында ғылыми-консультативтік кеңес және баспасөз органы құрылады.



4.4 Мамандандырылған соттар

Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесі мемлекеттің сот құрылысын айқындайды. Қазақстан біртұтас (унитарлық) мемлекет болғандықтан (Конституцияның 2 бабы 1 пункті) сот билігінің құрылымы тік құрылысты болып келеді. ҚР Конституциясының 75 бабының 3 пункті заңмен ұйымдастырылатын Жоғарғы Сот және жергілікті соттар Республикамыздың соттары екендігін айқындайды. Бұл тізім толық сипатқа ие. Сот билігі Конституциямен және тиісті заңмен құрылған соттармен, оның тұрақты судьялары арқылы, кейбір қылмыстық сот ісін жүргізумен белгіленген жағдайларда алқабилердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ереже қандай жағдайлар болса да, соның ішінде төтенше жағдайларда да, императивті сипатқа ие.

Сондықтан, мемлекеттің сот жүйесіне жататын соттар ғана конституциялық-заңды болып табылады. Жергілікті соттардың құрылымы екі маңызды қағидаға негізделеді. Біріншіден, ол мемлекеттің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуына байланысты анықталады. Барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті соттар құрылады. Екінші қағиданың негізінде сот ісін жүргізудің жеке нысандары (қылмыстық, әкімшілік) немесе сот істерінің дәрежелері (салықтық, экономикалық және басқа) бойынша соттарды мамандандыру жатады.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес Республикамызда құрылған және қызмет қылатын:

Ауданаралық әкімшілік соттар – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарастырады.

Ауданаралық экономикалық соттар – мүліктік даулар бойынша тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар болып табылатын азаматтық істерді қарастырады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттар – аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастырады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери соттар – ҚР ҚК 16 тарауымен көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, әскери қызметтегілермен, өздерінің әскери жиыны кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдердің, мекемелердің азаматтық кісілерімен өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе сол бөлімдердің, мекемелердің ғимараттарында жасаған басқада аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастырады.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық соттар – кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарастырады.

Мамандандырылған қаржылық сот – Алматы қаласының аумақтық қаржылық орталы қатысушыларының дауларын қарастырады.

Мамандандырылған соттар жергілікті соттардың бөлігі болып табылады және ҚР сот жүйесінің жалпы құрылымына кіреді. Мамандандырылған соттар үшін бөлек процессуалдық немесе материалдық құқық жоқ, олардың ұйымдық-құқықтық мәртебесі тиісті деңгейіне тең. Соттарды ұйымдастыру және судьялар корпусын құру тәртібі, судьялардың құқықтық жағдайы, сот ісін жүргізу түрлері, компетенция көлемі барлық жергілікті соттарға, соның ішінде сот жүйесіндегі орнына қарай мамандандырылған соттар үшінде бірыңғай.

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау