Нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;
Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
Заңда көзделген
басқа да өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы
Азаматтық және әкімшілік істер
жөніндегі қадағалаушы сот алқасы
Жалпы отырыс;
8-сызба. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз;
біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған.
9- сызба. Судьялыққа кандидиттарға қойылатын талаптар
Глоссарий
Соттардың құқық қолдану актілері – бұл судьялардың сот төрелігін жүргізу бойынша өкілеттігін жүзеге асырумен байланысты соттардың (судьялардың) ресми жігерлі шешімдері.
Апелляциялық (жүгіну) - 1) қабылданған қаулылардың, шешімдердің зиян келтіруіне байланысты немесе оларды әділетсіз, заңсыз деп санағанда тұлғалардың шағым келтіруі. Апелляция шешім қабылдаған инстанциядан жоғары тұрғанына беріледі; 2) істі қараған төменгі соттың қаулысын қайта қарау мақсатымен жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; 3) төменгі соттың әділетсіз немесе қате қаулысын түзету немесе күшін жойғызу туралы негізделген өтінім жазылған, жоғарғы сотқа берілетін шағым.
Апелляциялық инстанция - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын.
Апелляциялық сот алқасы - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарастыратын облыстық соттың органы.
Жоғарғы сот – мемлекеттің жоғарғы сот мекемесі. Қазіргі мемлекеттердің жоғарғы соттарының құзыретіне әдетте мемлекеттің дербес бөлімдерінің арасындағы дауларды шешу, жоғары лауазымды тұлғалардың қылмыстары және өте маңызды мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарау жатады. Барлық төменгі соттардың шешімдеріне шағымданатын жоғарғы инстанция сонымен бірге конституцияны түсіндіруді және оған басқа актілердің сәйкестігі туралы сұрақтарды шешуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – жергілікті басқа соттарға сотты азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа істер бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органы.
Әскери сот – бұл Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі ортақ құқықтық өкілетті (юрисдикциялы) сот. Әскери қызметтегілермен, әскери жиыны кезінде әскери міндеттілермен, қауіпсіздік органдарының қатардағыларымен және офицерлерімен, түзету мекемелерінің басқарушы құрамының тұлғаларымен жасалған қылмыстар туралы істер Әскери соттың соттылығына жатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментi - Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттарының облыстардағы, астанадағы және республикалық маңыздағы қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің (соттар кеңселерiнiң) қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн уәкілетті орган.
Алқабиге кандидат – Қазақстан қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алқабилерді іріктеуге әрі қарай қатысу үшін алқабилер тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы.
Кассациялық инстанция - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша алқабилердің қатысуымен шығарылған, облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарылған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға (ҚІЖК 423 бабының 3 бөлімімен белгіленген қаулылардан басқа) келтірілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын сот.
Кассациялық сот алқасы – қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери соттардың алқабилер қатысуымен шығарған, сонымен бірге облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдерін (қаулыларын) қарастыратын облыстық соттың органы.
Өкілетті сот – Қазақстан Республикасы іс жүргізу заңдарына сәйкес тиісті істерді қарауға уәкілеттенген, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің соты.
Ауданаралық әкімшілік сот - әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарайтын мамандандырылған сот түрі.
Қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сот – ҚР ҚК 16 тарауымен көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, әскери қызметтегілермен, өздерінің әскери жиыны кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдердің, мекемелердің азаматтық кісілерімен өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе сол бөлімдердің, мекемелердің ғимараттарында жасаған басқада аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сот – кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі.
Қылмыстық істер бойынша ауданаралық сот – аса ауыр қылмыстар туралы және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі.
Ауданаралық экономикалық сот – тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар бойынша азаматтық істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі.
Қадағалау инстанциясы – алдыңғы инстанциялардың заңды күшіне енген сот шешімдеріне тараптың келтірген шағымы немесе наразылығы бойынша қадағалау тәртібінде істі қарайтын сот.
Судьялардың тәуелсіздігі – демократиялық мемлекеттерде судьялардың, халықтық алқабилердің, алқабилердің сот істерін заң негізінде, оларға ешкім ықпал етпейтін жағдайларда шешетіндігін білдіретін сот төрелігінің конституциялық принципі.
Судьялардың ауыспайтындығы – сот ісін жүргізудің (сот жүйесінің) негізгі конституциялық принциптерінің бірі. Судьяның лауазымға тағайындалғанда өмірлік немесе шекті жасқа жеткенше жұмыс істейтіндігін білдіреді.
Жоғарғы Соттың Жалпы отырысының нормативтік қаулылары – сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша жетекшілік түсініктер беретін, ҚР Жоғарғы сотымен шығарылатын актілері; нормативтік құқықтық актілердің иерархиясынан тыс, заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілерге жатады.
Іскерлік айналым әдет-ғұрыптары – қандай бір құжатта тіркелген-тіркелмегендігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық келісім шарттар саласында қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережелері.
Ұйғарым – бұл бірінші, апелляциялық немесе кассациялық инстанция сотының азаматтық істің мәнін шешпегенде қабылдайтын құжаты.
Соттың ұйымдастыру-құқықтық актілері – бұл сот жүйесінің ұйымдастыру және қызметі сұрақтарына байланысты ішікі құжаттары - бұйрықтар, регламенттер, шолулар, сот тәжірибесін жалпылау, сот статистикасын талдау және т.б.
Қарсылық білдіру – азаматтық-іс жүргізу, төрелік сот ісін жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының институты, алдын ала тергеудің және сот талқылауының шындығын және әділдігін қамтамасыз ету құралы. Судья, алқаби, прокурор, тергеуші, сот отырысының хатшысы, сарапшы және аудармашы, егер олар істің нәтижесіне тікелей не жанама ынталық білдірсе немесе олардың әділдігіне күмән туғызатын басқа жағдайлар болса, істі қарауға қатыса алмайды және оларға қарсылық білдіріледі.
Қаулылар – бұл соттың қылмыстық және әкімшілік істерді қарастырғанда қабылдайтын құжаты.
Азаматтық істің қаулысы – азаматтық істерді қадағалау шағымдары және наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен қарасырғанда қадағалау инстанциясының сотымен қабылданатын құжат.
Үкім – бұл соттың қылмыстық істі қарастырғанда қабылдайтын акті. Сот талқылауының нәтижесіне қарай айыптау немесе ақтау түрінде болады.
Бұйрық – заңмен белгіленген жағдайларда даусыз талаптар бойынша өндіріп алушының ақшалай соманы өндіріп алу немесе борышкерден жылжымалы мүлікті сұратып алу туралы арызы бойынша бірінші инстанция сотының қабылдаған құжаты.
Алқаби – бұл заңмен белгіленген тәртіппен соттың қылмыстық істі қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.
Регламент – бұл қызметті жүзеге асыруды, іс-шараларды және әрекеттерді өткізу тәртібі мен уақытын белгілейтін және реттейтін, оларды белгіленген шамамен шектейтін ережелер.
Аралық сот регламенті – тұрақты істейтін аралық сот қызметін ұйымдастыру тәртібі.
Шешім - бұл бірінші, апелляциялық немесе кассациялық инстанция сотының азаматтық істі қарастырғанда және мәнін шешкенде шығаратын сот құжаты.
Мамандандырылған қаржылық сот – Алматы қаласының аумақтық қаржылық орталығы қатысушыларының дауларын қарстыратын мамандандырылған сот түрі.
Бірінші инстанция соты – бұл сот отырысында істің мән-жайын тікелей зерттеуді және анықтауды жүзеге асыратын және сол бойынша сәйкес шешім немесе үкім шығаратын сот; істі мәні бойынша қарастыратын және шешетін сот.
Сот билігі – бұқаралық биліктің (заңшығармашылық және атқарушылықпен бірге) өзіндік және тәуелсіз сферасы, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер жиынтығын, яғни іс жүргізу заңымен белгіленген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және конституциялық істерді (дауларды) қарау және шешу бойынша өкілеттіктердің жиынтығын, ал кей кездері құқық нормаларын түсіндіру өкілеттіктерінің, норма шығарушылық өкілеттіктердің, бақылау өкілеттіктерінің және кейбір басқа да көмекші өкілеттіктердің жиынтығын білдіреді.
Сот қорғауы – ҚР азаматының конституциялық құқықтарының бірі, айыпталушының (сотталуышының) айыптауды теріске шығаруға немесе жауапкершілігін жеңілдетуге, жеке бостандықты және мүлікті қылмыстық қолсұғылушылықтан, өмірін және денсаулығын, намысын және абыройын қорғауға бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.
Сот инстанциясы – бұл істі белгілі өкілетті сотта қарастыру деңгейі.
Сот алқасы – бұл Қазақстан Республикасында нақты істі қарайтын сот құрамы – жергілікті соттардың және Жоғарғы Соттың құрылымдық бөлімшесі.
Сот жүйесі - сот төрелігін жүзеге асыру қатынастарымен өзара байланысты, жалпы міндеттері бар, мемлекеттің барлық соттарының жиынтығы.
Сот шешімі – бұл дауласып жатқан тараптар үшін, қарастыруға берілген дауды реттеуге қатысты, заң жүзіндегі міндетті шешім.
Сот жарыссөзі – бұл сот тергеуі аяқталғаннан кейін басталатын сот талдауының өзіндік бөлімі, мұнда сот жарыссөзіне қатысушы қылмыстық іс жүргізу субъектілері сот тергеуінде не орын алғаны туралы қорытынды жасайды. Сот жарыссөзіндегі соңғы ілікпе сөз сотталушыға және қорғаушыға тиесілі.
Сот орындаушы – бұл сот актілерін және басқа мемлекеттік органдардың актілерін орындау бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындайтын және мемлекеттік қызметте тұратын лауазымды тұлға.
Сот қадағалауы – сот қаулыларының және ұйғарымдарының, шешімдерінің, үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексеру бойынша, азаматтық, сот органдарына қылмыстық істерді қарастыруда заңдарды қолдану бойынша жетекшілік түсініктер беру бойынша және соттар арасындағы дауларды шешу бойынша соттардың процессуалдық.
Сот аудармашысы – сот ісін жүргізілетін немесе процесске қатысушылардың бірі түсінік беретін тілді еркін меңгерген сот процессіне қатысушы.
Сот прецеденті – нақты іс бойынша сотпен қабылданған шешім; сол немесе төменгі инстанция соттары үшін ұқсас істі шешу үшін міндетті ереже болып қалыптасады.
Сот приставы – бұл мемлекеттік қызметте тұратын және соттардың қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға.
Сот деңгейі – тек қана әкімшілік-аумақтық мәртебенің юрисдикциясы және ортақтығы, ұйымдық құрылым қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі соттың алып отырған орны.
Судьялар иммунитеті – судьяларға сот билігін қолданушы ретінде ешкімнің тиіспеушілігі; бұл судьяны тиісті өкілетті органның келісімісіз еріксіз келтіруге, қамауға алуға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол берілмейді деген сөз.
Судья – мемлекеттің сот билігін қолданушы болып табылатын лауазымды тұлғасы.
Нақты дауды қарау үшін аралық сот азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде пайда болған дауды шешу үшін тараптармен құрылады және сол дауды шешкенше немесе тараптармен дауды өкілетті сотқа беру туралы шешім қабылдағанша қызметін асырады.
Аралық судья – дауды аралық сотта шешу үшін Заңның нормаларына сәйкес тараптармен келісілген тәртіпте тағайындалған немесе тараптармен сайланған жеке тұлға.
Аралық iс қарау - аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi.
Аралық келісім - шарт тараптарының туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi.
Ағымдық бақылау тестілері
1 Заңмен белгіленген тәртіпті және рәсімді сақтау және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарау мен шешу бойынша соттардың қызметі қалай аталады?
А) құқық қолдану;
В) сот төрелігі;
С) құқықты қалпына келтіру;
D) жазалау;
Е) конституциялық бақылау.
2 Келісімді анықтамасын көрсетіңіздер: «Сот төрелігі - бұл…
А) құқық қолдану;
В) Заңмен белгіленген тәртіпті және рәсімді сақтау және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарау мен шешу бойынша соттардың қызметі;
С) бұзылған құқықты қалпына келтіру;
D) жазалау;
Е) әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру.
3 Қазақстан Республикасында сот билігі ... атынан жүзеге асырылады.
А) халықтың;
В) Президенттің;
С) судьяның;
D) Қазақстан Республикасының;
Е) Конституцияның.
4 Сот жүйесі бұл -…
А) алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына және олардың өкілеттігіне сәйкес құрылған соттар жиынтығы;
В) соттың заңды күшіне енбеген қаулыларына және шешімдеріне, үкімдеріне келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарайтын соттар жиынтығы;
С) соттың заңды күшіне енген қаулыларына және шешімдеріне, үкімдеріне келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарайтын соттар жиынтығы;
D) істерді мәні бойынша қарайтын және шешетін соттар жиынтығы;
Е) мамандандырылған соттар жиынтығы.
5 Заңды күшіне енген сот шешімдеріне келтірілген шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қарайтын сот қай инстанцияға жатады?
А) қадағалау инстанциясы;
В) апелляциялық инстанция;
С) бірінші инстанция;
D) жоғарғы инстанция;
Е) кассациялық инстанция.
6 Істі мәні бойынша қарайтын және шешетін сот … соты болып табылады.
А) бірінші инстанция;
В) қадағалау инстанция;
С) апелляциялық инстанция;
D) кассациялық инстанция;
Е) негізгі инстанция.
7 Апелляциялық инстанция соты дегеніміз - ...
А) заңды күшіне енген сот шешімдеріне келтірілген шағымдар мен наразылықтар бойынша істі қарайтын сот;
В) заңды күшіне енбеген қаулыларға және шешімдерге, үкімдерге келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істі қарайтын сот;
С) істі мәні бойынша қарайтын және шешетін сот;
D) алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына және олардың өкілеттігіне сәйкес құрылған соттар жиынтығы;
Е) мамандандырылған сот.
8 Қазақстан Республикасы сот билігінің жоғарғы органы болып не табылады?
А) облыстық сот;
В) аудандық сот;
С) қалалық сот;
D) Жоғарғы сот;
Е) әскери сот.
9 Сот жүйесін шартты түрде қандай үш деңгейге бөледі?
А) негізгі, орта, жоғарғы;
В) бірінші, екінші, үшінші;
С) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік;
D) бірінші, орта, соңғы;
Е) негізгі, екінші дәрежедегі, жоғарғы.
10 Тек әкімшілік-аумақтық мәртебенің юрисдикциясы және ортақтығы, ұйымдық құрылым қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі соттың алып отырған орны қалай аталады?
А) сот жүйесі;
В) сот деңгейі;
С) сот билігі;
D) сот бақылауы;
Е) сот қадағалауы.
11 Сот жүйесін құратындар …
А) облыстық және оған теңестірілген соттар;
В) Жоғарғы Сот;
С) аудандық және оған теңестірілген соттар;
D) Әскери соттар;
Е) Жоғарғы сот және жергілікті соттар.
12 Облыстық және оған теңестірілген астананың, республикалық маңыздағы қалалардың соттары – бұл:
A) негізгі деңгей соттары;
B) орта деңгей соттары;
C) жоғарғы деңгей соттары;
D) төменгі деңгей соттары;
E) екінші деңгей соттары.
13 Қазақстан Республикасында қандай сот инстанциялары бар?
А) кассациялық және апелляциялық;
В) апелляциялық және қадағалау;
С) бірінші және кассациялық;
D) бірінші, кассациялық және қадағалау;
Е) бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау.
14 Жоғарғы сот ... соты болып табылады.
А) апелляциялық және кассациялық инстанция;
В) бірінші және апелляциялық инстанция;
С) кассациялық және қадағалау инстанциясы;
D) апелляциялық және қадағалау инстанциясы;
Е) қадағалау инстанциясы.
15 ... кассациялық инстанция соты ретінде шығуы мүмкін.
А) Аудандық сот;
В) Жоғарғы Сот;
С) Облыстық және аудандық соттар;
D) Облыстық сот;
Е) Қалалық және облыстық соттар.
16 Сот төрелігін қолдану өкілеттігін жүзеге асыруға байланысты соттың ресми белгіленген ерікті шешімі - бұл…
А) соттың ұйымдық – құқықтық актілері;
В) ҚР ЖС нормативтік қаулылары;
С) құқық қолдану актілері;
D) қосымша актілер;
Е) нұсқаулар.
17 Қазақстанда қандай мамандандырылған соттар құруға тыйым салынады?
А) әскери;
В) қаржылық;
С) экономикалық;
D) қылмыстық істер бойынша соттар;
Е) азаматтық істер бойынша соттар.
18 Облыстық сот құрамын көрсетіңіздер.
А) сот алқаларының төрағалары және судьялар;
В) қылмыстық істер алқалардың төрағалары;
С) азаматтық істер алқалардың төрағалары;
D) төраға және судьялар;
Е) сот алқаларының төрағалары.
19 Қандай сот алқалары облыстық сот органдары болып табылады?
А) қадағалау және апелляциялық;
В) қадағалау және кассациялық;
С) азаматтық істер алқасы және апелляциялық;
D) азаматтық істер алқасы, қылмыстық істер алқасы;
Е) апелляциялық және кассациялық.
20 Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы, қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы ... органдары болып табылады.
А) аудандық соттың;
В) қалалық соттың;
С) облыстық соттың;
D) мамандандырылған соттың;
Е) ҚР Жоғарғы сотының.
21 Жоғарғы сот жанынан ... құрылады.
А) Жалпы отырыс;
В) Соттар әкімшісі;
С) Жоғарғы сот кеңесі;
D) біліктілік алқасы;
Е) ғылыми – консультативтік кеңес.
22 Заңға сәйкес аудандық (қалалық) сот судьясы болып, ... азаматтар тағайындалуы мүмкін. (қатесін табыңыз)
А) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар;
В) мінсіз беделі бар;
С) жоғары заң білімі бар;
D) біліктілік емтиханды жақсы тапсырған;
Е) заң мамандығы бойынша еңбек өтілі 10 жылдан кем емес.
23 Судья лауазымында болудың шекті жасын көрсетіңіз.
А) шекті жас қойылмаған;
В) 50 жас;
С) 55 жас;
D) 60 жас;
Е) 65 жас.
24 Облыстық, аудандық соттардың қызметін материлды-техникалық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган қалай аталады?
А) Конституциялық Кеңес;
В) Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті;
С) Жоғарғы Сот жанындағы сот басқару комитеті;
D) Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету комитеті;
Е) Жоғарғы сот кеңесі.
25 «Алқабилер туралы» заңға сәйкес тұлғалар алқабилер кандидаттарының тізіміне қанша жастан енгізілуі мүмкін?
А) 25 жастан;
B) 30 жастан;
С) 18 жастан;
D) 20 жастан;
Е) 16 жастан.
Бақылаудың қорытынды нысанына дайындалу сұрақтары
Пән мазмұны, оның салалық құқықтық ғылымдармен ара қатынасы.
Сот қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер.
Сот жүйесінің тарихи алғы шарттары.
Қазіргі кезеңдегі сот органдарының ролі мен мағынасы.
Сот билігінің түсінігі және ерекшеліктері, мемлекеттік биліктің басқа салаларымен ара қатынасы.
Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және қағидалары.
Сот деңгейінің түсінгі. Сот деңгейлерінің түрлері.
Сот сатысының түсінігі. Сот сатысының түрлері.
Сот жүйесін ұйымдастыру.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар: құрамы, құзыреті.
Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру тәртібі.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар: құрамы, құрылымы, құзыреті.
ҚР Жоғарғы Сот құрамы және органдары.
ҚР Жоғарғы Соты төрағасының және сот алқалары төрағаларының өкілетткітері.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты: құрамы, құрылымы, құзыреті.
Соттардың құқықтық актілерінің түсініг және түрлері.
ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары.
Соттардың құқық қолдану актілері: үкімдер, қаулылар, шешімдер, ұйғарымдар, тұжырымдар, ұсыныстар, бұйрықтар.
Мамандандырылған соттар түрлері.
Әкімшілік соттар: құқықтық мәртебесі, құзыреті.
Экономикалық соттар: өкілеттіктері.
Судьялардың құқықтық мәртебесі.
Судьялар тәуелсіздігінің негізгі кепілдері.
Судьялық корпус, оның түсінігі, құрамы және құру тәртібі. Кандидаттарды іріктеу тәртібі және оларға судья өкілетігін беру.
Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар.
Судьялар өкілеттігін тоқтата тұру.
Судьяларды лауазымынан босату.
Судьяларды тәртіптік жазаға тарту негіздері.
Судьяларға қолданылатын тәртіптік жазалардың түрлері.
Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі.
Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілеттіктері.
Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметін ұйымдастыру.
Жоғарғы сот кеңесінің мақсаттары мен міндеттері.
Жоғарғы сот кеңесінің өкілеттіктері.
Алқаби түсінігі, олардың мәртебесі.
Алқабилерді құқықтық регламенттеу.
Алқаби кандидаттарына қойылатын талаптар.
Алқабилер тізімін құру тәртібі.
Алқабилердің өкілеттіктері.
Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз;
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы;
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жылғы 13 желтоқсан;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 267 Заңы;
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы № 79-IV Заңы;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 заңы;
«Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150 заңы;
Судья әдебінің кодексі, 2009 жылғы 18 қараша;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 261-IV заңы;
«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 заңы;
«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы.
«Қазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығы;
«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы;
«Аралық соттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 Заңы;
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереже» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2010 жыл;
Абдиев Ж. Вопросы и пути реализация создания института присяжных в РК// Предупреждение преступности, 2003 ж. №1 29-30 б.
Адам Е. Независимость судьи - гарантия отправления объективного правосудия.// Тураби. 2003 ж. №1. 31-36 б.
Адам Е. Судебная власть в конституционной системе разделения властей. //Тураби. 2001 ж. №1. 84-90 б.
Айтказина Т.Искусство судейской профессии.//Юр.газета. 2004 ж. 21.04. 1 б.
Амренов Т. Соблюдение судейской этики.// Тураби.2002 ж. №6. 34-39 б.
Аубеков С. История казахстанского суда присяжных./История государства и права, № 6, 2005 ж. 19 б.
Аубекеров С. Каким будет суд присяжных в Казахстане // Мир закона, 2003 ж. №3 23-25 б.
Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в РК. Алматы, 2000 ж.
Жайлганова А.Н. Правовые основы судебной власти в Республике Казахстан. Автореф.дисс.канд.юр.наук. 2002 ж., 25 б.
Жумагулов С. Проблемы профессиональной подготовки судьи: практика и прерспективы./ Тураби, 2004 ж. №2 31-35 б.
Жуманбаев Н. Независимость судей – критерии уровня правосудия. //Фемида.2005 ж. №5 28-33 б.
Ибрагимов Х. Ю. Правоохранительные органы РК. –Алматы, 2000 ж.
Каржаубаев Е. Специализированные суды Республики Казахстан и опыт мирового сообщества//Фемида. № 2 (146) 2008 ж. 16 б.
Каржаубаев Е. Понятие и сущность судебной власти в РК//Фемида, № 12 (144) 2007 ж., 22 б.
Комментарий к конституционному закону Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан». Астана, 2003 ж.
Лобачь С. Реализация принципов права в судебной практике. //Юрист 2005 ж. № 5 49-52 б.
Макулбеков Б.Д. Судья при отправлении правосудия независим//Фемида, № 8 (152) 2008 ж. 2 б.
Мами К. Духовность и нравственность как качественные категории, обеспечивающие конституционную законность правосудия.// Фемида .2003 ж. №2. 4-7 б.
Мами К. Судебная власть в правовом государстве. // Юр.газета. 2003 ж. 15.10., 1-2 б.
Мами К. Основные этапы становления судебной системы в суверенном Казахстане. // Правовая реформа в Казахстане. 2003 ж. №2. 34-38 б.
Мамедсуниев Т. Нормативные постановления Верховного суда РК – акты правотворческой конкретизации//Фемида. № 6 (138) 2007 ж. 10 б.
Нурсеитова Г., Мами К. В Казахстане судебная власть утверждалась. Юридическая газета. 204 ж. 07.05. 1-2 б.
Сапаргалиев Г. О характере нормативных актах ВС РК// Правовая реформа в Казахстане, 2003 ж. 20-27 б.
Сапаргалиев Г. Судебная система и статус судей РК. // Конституционное право РК: акад.курс .-Алматы, 2002 ж. 398- 438 б.
Тулекова А. Предпосылки возникновения судебной власти в Казахстане//Фемида, № 6 (138) 2007 ж. 36 б.
Фоменко Ю. Рассудит экономический суд. // Каз.правда . 2003 ж. 24.01., 1 б.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша құқықтық актілерден үзінділер
1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген)
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды...
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алып тасталды...
Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді.
Сот-құқық жүйесін дамыту сабақтастық және кезеңділік негізінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды көздейді.
Оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру, оның ішінде ювеналдық соттарды дамыту, қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құру болып табылады, келешекте салық және басқа да мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Бұл ретте ювеналдық соттар елімізде құрылатын ювеналдық әділет жүйесінің орталық буыны болуы тиіс.
Алдағы уақытта қазіргі әкімшілік соттар базасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жалпы құзырлы соттардың ведомстволық бағынысына беретін, жариялы-құқықтық дауларды қарайтын әкімшілік әділет жүйесін құру қажет.
Сот жүйесінің жетілдіру нәтижесінде түрлі сот инстанциялары функцияларының қосарлануы жойылуға тиіс.
Сот жүйесінің даму перспективасы сотқа дейінгі іс жүргізудегі сот бақылауының шегін кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігімен де байланысты болмақ.
Аралық және төрелік соттар жүйелері дамитын болады.
Қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етілуіне мүдделі. Осы мақсатта халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығы деңгейін арттыру қажет.
Сот ақпараттарын тіркеудің заманға сай құралдарын енгізу сот ісінде бәсекелестік принципін іске асыруға ықпал етеді. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыру сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға, сот шешімінің орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сот кадрларын іріктеу тәртібін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар қажет, бұл ретте судьялардың кәсібилігі мен биік адамгершілік қасиеттері - сапалы судьялар корпусын қалыптастырудың негізі болып табылатындықтан, судьяға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату мәселесі өзекті болып табылады. Сот қауымдастығының өз тарапынан да судьялардың Судья әдебі кодексінің талаптарын сақтауына қатаң бақылау, жол берілген барлық жөнсіздіктерге барабар әрі шұғыл әрекет етуі қажет.
Судья тәуелсіздігі кепілдіктерін орнықтыру үшін соттарды қаржыландыру және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету "сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс" дейтін Конституция талаптарының толыққанды іске асырылуы маңызды мәселе болып қала беруде, бұл мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, судьялардың әлеуметтік қорғалуы және соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейін кезең-кезеңмен көтеруді көздейді.
Сонымен қатар сот төрелігін іске асыруға араласқаны үшін, сотқа құрмет көрсетпегені үшін кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапқа тартылуға тиіс.
Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу - сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудың маңызды шарасы. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттің кірісіне өндіріп алу, сондай-ақ мемлекеттен өндіріп алу туралы құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс.
Сот актілерін мүлтіксіз орындауға, оның ішінде сот шешімін орындаудан бас тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту, борышкерлерге қатысты шектеу шараларын қолдануды одан әрі кеңейту, атқарушылық іс жүргізуге іс жүргізушілік сот бақылауын күшейту арқылы қол жеткізу қажет.
2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексі
Әркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру, Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек Конституция мен заңға бағыну судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Судья жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында тәртіптің жоғары әдептік стандарттарын әйгілеуге және жетілдіріп отыруға ұмтылуға міндетті, мұның өзі жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді ұштасуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот төрелігін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
Судья сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі билік өкілеттіктерін өзіне қабылдай отырып, тәртіптік әдеп қағидаларын сақтауға байланысты шектеулерді ерікті түрде өзіне жүктейді.
Осы Судья әдебінің кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаттары» туралы 40/32 және 40/146 Қарарларына, Бангалорда қабылданған Судья тәртібінің қағидаттарына сәйкес, жұмыс істеп жүрген судья мен орнынан түскен судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілейді.
1 бап
Судья антқа адал болуға, заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьяның мәртебесін қадірлеуге, өзінің ар-ожданымен жеке басының қадір-қасиетін сақтауға міндетті.
Судья сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен қандай жағдайда болмасын өзін аулақ ұстауға тиіс.
Судья қоғамдық және өзге де байланыстардың оның кәсіби қызметіне ықпал етуіне жол бермеуі қажет.
Судья қызмет бабын өзінің жеке басының мүдделері, отбасы мүшелерінің, туыстары мен жақындарының мүдделері үшін пайдалануға тиіс емес.
Судья құпия сипаттағы материалдық мүдделер туралы хабардар болуға және өзінің отбасы мүшелерінің материалдық мүдделері туралы ақпарат алу мақсатында ақылға қонымды шаралар қабылдауға тиіс.
2 бап
Судья өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс кезінде заңдарды, Судья әдебінің кодексін, жалпы жұрт қабылдаған мораль нормаларын сақтауға міндетті.
Судья заңдарға және ар-ожданына сәйкес шешім қабылдауға тиіс.
Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болуға, оның кәсіби беделіне күмән тудырмайтындай тәртіпті ұстануға тиіс.
Судья бейтарап болуға міндетті. Қоғамдық пікір, судья қызметін БАҚ-та сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс.
Судья сот актісі шығарылғанға дейін оның мәні, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, арыздың негізділігі не негізсіздігі туралы өзінің пікірін жария етіп білдіруге, сондай-ақ соттардың заңды күшіне енген қаулыларына кәсіби қызметінен тыс жағдайда күмән келтіруге және өз әріптестерінің кәсіби әрекеттерін сынауға құқылы емес. Судья өзінің міндеттерін атқару кезінде алған ақпаратты ашуға немесе өз мақсаттарына пайдалануға, кеңесу бөлмесінің құпиясын ашуға құқылы емес.
Судья сыпайы, төзімді, әдепті болуға және сотқа қатысушыларға құрметпен қарауға тиіс. Судья сот ісін жүргізуге қатысушы барлық тұлғалардан тап осындай тәртіпті талап еткені жөн.
3 бап
Әкімшілік өкілеттіктер берілген судья осы өкілеттіктерін адал, біліктілікпен орындауға, судьялардың қызметіне жәрдемдесіп отыруға және шешімдерді қабылдау кезінде оларға ықпал ету мақсатында тәуелсіздіктің қандай да болмасын түрде шектелуіне, қысым жасалуына немесе өзге де ықпал ету шараларына сондай-ақ дөрекілік, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге тиіс.
4 бап
Жұмыстан тыс кезінде судья өзін оның тәртіптілігі пен адалдығына дақ түспейтіндей етіп ұстауға тиіс. Оның әрекеттері мен қылықтары судья атағына дақ түсіруге және сот билігінің беделін кемітуге тиіс емес.
Судья оның беделін түсіретін кез келген жерге барудан аулақ болуға тиіс.
5 бап
Судья ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайтуға және кеңейтуге, өзінің міндеттерін тиісінше атқару үшін қажетті практикалық тәжірибесін жетілдіру және жеке басының ұнамды қасиеттерімен танылуы жөнінде шаралар қабылдауға, оқудың мүмкіндіктерін және судьялардың қолы жететін басқа да мүмкіндіктерді осы мақсаттар үшін пайдалануға міндетті.
Судья сот төрелігінің мүдделеріне зиянын тигізбестен оқытушылық қызметпен, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен шұғылдануға және осы үшін тиісті сыйақы алуға құқылы.
Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Судья партиялар, кәсіптік одақтар қатарында бола алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсылық білдіріп сөйлеуге тиіс емес.
6 бап
Судья, оның отбасы мүшелеріне байланысты және судьялық міндеттерін орындауына кедергі келтірмейтін істерді қоспағанда, басқа адамдардың істері немесе өзге де заңды мүдделері бойынша өкілетті өкіл ретінде әрекет жасауға құқылы емес.
7 бап
Осы Кодекспен белгіленген тәртіп қағидасын атқарып отырған қызметіне қарамастан Қазақстан Республикасының әр судьясы үшін, сондай-ақ орындарынан түскен, бірақ судья атағы мен судья қоғамдастығына қатыстылығын сақтаған судьялар үшін міндетті болып табылады.
Осы Кодекстің ережелері бұзылған жағдайда судьяға қатысты Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережемен қарастырылған қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
8 бап
Осы Кодексті қолдану кезінде жасалған теріс қылықтың барлық мән-жайы, сот билігінің беделіне және судья атағына келтірілген нұқсан, судьяның жеке басы және оның жасалған теріс қылыққа қатысы ескеріледі.
9 бап
Судья әдебінің кодексін қабылдау, сондай-ақ Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы судьялары съезінің ерекше құзіреті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесі Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді.
3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы
4-тарау. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханын қабылдау тәртібі мен шарттары
10-бап. Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясы
1. Судьялыққа кандидаттардың бiлiм деңгейiн айқындау үшiн
олардан бiлiктiлiк емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк
комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады.
2. Комиссияның құрамына:
1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;
2) Сот жюриi өз құрамынан ротациялық негiзде жiберетiн үш судья кiредi.
3. Комиссия төрағасы және мүшелерi оның құрамына екi жыл мерзiмге тағайындалады немесе жiберiледi. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесi Комиссияның бұрынғы мүшесi шығып қалған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тағайындалуға немесе жiберiлуге тиiс.
4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсiби бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс тәжiрибесi және мiнсiз беделi болуға тиiс.
5. Комиссияның қызметiн қамтамасыз етудi Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
11-бап. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары
1. Комиссия бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi өзiнiң отырыстарын қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзедi.
2. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары ашық және жария түрде өткiзiледi. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, отырыстар заңды деп есептеледi.
3. Комиссия отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
12-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртiбi мен шарттары
1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбi Кеңес регламентiмен айқындалады.
2. Судьялыққа кандидаттардан бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
3. Жүктелген талаптарды орындамауына, соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты не тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн судья қызметiнен босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемiнде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс iстеген және босатылған күннен бастап алты жыл iшiнде судья қызметiне қайтадан орналасуға ниет бiлдiрген адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырудан босатылады.
4. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде кiр келтiрген терiс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн судья қызметiнен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттiк қызметтен шығарылған адамдар бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға жiберiлмейдi.
5. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижесi емтихан тапсырылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды.
6. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бiр жылдан кейiн жiберiледi.
13-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тарту
Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол берiледi.
Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде азаматқа дәлелдi жауап беруге мiндеттi.
5-тарау. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару
14-бап. Судья қызметiне конкурс
1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
2. Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның судья қызметiне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестiң конкурсты өткiзуi үшiн негiз болып табылады. қараңыз.
3. Судьяның бос орнына орналасуға кандидатураларды iрiктеу жөнiндегi конкурстың өткiзiлетiн мерзiмi мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейiн кемiнде бiр ай бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды.
15-бап. Судья қызметiне конкурсқа қатысушылар
1. Жергiлiктi және басқа соттың судьясы қызметiне конкурсқа қатысу үшiн Кеңес аппаратына өтiнiш және тiзбесi Кеңес регламентiмен белгiленген басқа да құжаттарды беру қажет.
2. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн азаматтар қатыса алады.
3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.
16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды iрiктеу тәртiбi
1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық iрiктеудi Кеңес өз қызметiне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады.
2. Бiлiм деңгейiнiң жоғары болуы, моральдық-адамгершiлiк қасиетi мен мiнсiз беделiнiң болуы аудандық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң негiзгi өлшемдерi болып табылады. Бұл ретте:
1) мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған;
2) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар адамдарға;
3) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi бойынша басымдық берiледi.
3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткiзу кезiнде мынадай өлшемдер:
1) судья қызметiндегi жұмыс өтiлi;
2) мiнсiз беделiнiң болуы және сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасы;
3) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардағы жұмыс өтiлi;
4) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтiлi;
5) ғылыми дәрежесiнiң немесе ғылыми атағының болуы ескерiледi.
3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды.
4. Бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң нәтижелерi бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде оның нәтижелерi туралы тиiстi хабарлама жiбередi.
6-тарау. Жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқаларының төрағалары қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару
17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос орындарына кандидатураларды қарау тәртiбi
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды.
2. Аудандық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды.
3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиiстi соттың жалпы отырысында балама негiзде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса берiледi.
18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы мен сот алқасы төрағасының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде он жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.
Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының қызметiне кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
3. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары, сот алқалары төрағалары қызметiне тағайындау үшiн кандидатураларды қарау нәтижелерi бойынша ұсыным, осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген өлшемдерден басқа:
1) кандидаттың ұйымдастырушылық қабiлетi;
2) соттар мен сот алқаларының жұмыс iстеп жүрген төрағалары үшiн - сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасының көрсеткiштерi ескерiле отырып шығарылады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз;
2 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы;
3 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жылғы 13 желтоқсан;
4 «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы № 79-IV Заңы;
5 «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150 заңы;
6 Судья әдебінің кодексі, 2009 жылғы 18 қараша;
7 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 261-IV заңы;
8 «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 заңы;
9 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы.
10 «Қазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығы;
11 «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы;
12 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереже» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығы;
13 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2010 жыл;
Достарыңызбен бөлісу: |