Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ



бет2/10
Дата25.01.2020
өлшемі1 Mb.
#27271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


АВТОМОБИЛЬ ТҰРАҚТАРЫ

СТОЯНКИ АВТОМОБИЛЕЙ

Қолданысқа енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы құрылыс нормалары ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі бойынша, автомобиль тұрақтарын (бұдан әрі - автотұрақтар) инженерлік қамтамасыз етуге, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдеріне, елді мекендер аумағына орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы нормалардың талаптары әртүрлі типті тұрақтарға (жер асты, жер үсті ашық және жабық типті, бір деңгейлі және көп деңгейлі, модульдік тез салынатын, гараждарға және тағы да басқа), сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға, автомобильдер тұрағына (сақтауға) арналған алаңдар мен жайларға таратылады.

3. Осы нормалардың талаптарын объектілерді жобалау, құрылыс және пайдаланудың барлық барысында орындау керек.

4. Осы нормалар көлік құралдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған гараждарға, сондай-ақ жарылғыш, улы, жұқпалы және радиоактивті заттарды тасымалдауға арналған арнайы мақсаттағы автомобиль тұрақтарына таралмайды.



2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Автомобиль жолдары туралы Заң);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10851) (бұдан әрі – ЭҚҚ).

Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.

3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) автотұрақ (автотұрақ, гараж-тұрақ, көлік қоятын орын) – тек жеңіл автомобильдерді сақтауға (қоюға) арналған ғимарат, құрылыс (ғимараттың, құрылыстың бір бөлігі) немесе арнайы ашық алаң;

2) ашық типті жерүсті автотұрағы – сыртқы қабырға қоршауы жоқ автотұрақ, ол кемінде барынша ұзын қарсы екі жақтан ашық болады, бұл жғдайда, егер екі жағы бойынша бөлінген саңылаудың жалпы алаңы әрбір ярустағы (қабаттағы) осы жақтардың сыртқы бетінің кемінде 50 пайызын (бұдан әрі - %) құраса, ашық деп саналады;

3) гараждар – автомобильдерді сақтауға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен имараттар;

4) гараж-тұрақтар – жуатын жер, тексеру шұңқыры, эстакада сияқты қарапайым құрылғылардан басқа автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған қондырғылар жоқ автомобильдерді сақтауға немесе көлік қоюға арналған ғимараттар мен құрылыстар;

5) жабық типті жерүсті автотұрағы – сыртқы қабырға қоршаулары бар автотұрақ;

6) жазық автотұрақ – автомобильдерді бір деңгейде ашық немесе жабық (жеке бокстарда немесе металл қалқаларда) сақтауға арналған арнайы алаң;

7) жартылай механикаландырылған көлік тұрағы бар автотұрақ – автомобильдерді сақтау орнына тасымалдау жүгізушілердің қатысуымен арнайы механикаландырылған құрылғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын автотұрақ;

8) жеңіл автокөліктерді тұрақты сақтау – автотұрақтардағы нақты автокөлік құралдары иелеріне бекітілген машина орындарында автомотокөлік құралдарын ұзақ уақыт тәулік бойы сақтау;

9) жерасты автотұрағы – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан астамы жердің жобаланған белгісінен төмен барлық қабаттары бар автотұрақ;

10) механикаландырылған автотұрақ – автомобильдер сақтау орындарына (ұяшықтарына) арнайы механикаландырылған құрылғылармен (жүргізушілердің қатысуынсыз) тасымалданатын автотұрақ;

11) модульдік автотұрақ – темірбетон плита тірегіне орнатылатын тез салынатын металл конструкция немесе тез салынатын іргетас, онда көлік қоятын орындар қабат-қабатпен оналастырылады;

12) өрт дренчерлік суландырғыш – өрті сөндіру мен оны оқшаулау мақсатында көбіктендіретін су ерітіндісінен бөлінген суды немесе ауа-механикалық көбікті алу мен оларды қорғалатын аумаққа таратуға арналған ашық шығаберіс саңылауы бар су немесе көбік өрт сөндіру құрылғысы;

13) рампа (пандус) – автомобильдердің көп қабатты автотұрақтардағы деңгейлер арасымен жылжуға арналған еңіс конструкция, ол ашық, яғни жабыны және толығымен немесе жартылай қоршалған қабырғалары жоқ, сондай-ақ, сыртқы ортадан оқшаулайтын қабырғалары мен жабыны бар сыртқы болуы мүмкін;

14) техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу орындары – (байқау шұңқырлары) бар жерлер;

15) цокольдық қабат – үй-жайлардың еденін белгілеу кезінде биіктігі үй-жай биіктігінің жартысынан астамы жердің жобаланған белгісінен төмен қабат.



4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты

6. Нормативтік талаптардың мақсаты – адамдардың өмірін, денсаулығын, мүлікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділікке және ресурс үнемдеу, автомобильдерді қоюға арналған ғимараттардың, құрылыстардың, алаңдар мен үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
7. Автомобильдер қою үшін жобаланатын ғимараттарға, құрылыстарға, алаңдарға және үй-жайларға қойылатын негізгі функционалдық талаптар пайдалану қауіпсіздігі мен сақтауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады.

8. Ғимараттардың, құрылыстардың және үй-жайлардың механикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көтергіш конструкцияларды жобалау кезінде әсерлердің өзіндік сандық шамалары мен қауіпсіздік коэффициенттері қолданылуы тиіс.

9. Автомобиль тұрақтарын салу кезінде технологиялық нормалар сақталуы және пайдалану кезінде ескерту және қорғау шаралары пайдаланылатын тұраққа қою жүйесінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес сақталуы тиіс.

10. Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобиль тұрақтары өрттің ошағын ерте анықтау, адамдарға хабарлау, қауіпсіз эвакуациялау, өртті жою үшін жағдай жасауды ескере отырып, автоматты өрт сөндіру жүйесімен және сигнализациямен жабдықталуы керек.

11. Автомобиль тұрақтарын қалалық және ауылдық елді мекендерде орналастырған кезде, өрт қаупін төмендетуге ықпал ететін шаралар қарастырылуы тиіс.

12. Автомобиль тұрақтары елді мекендерде қоршаған ортаға кері әсерді мейлінше төмендету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып орналастырылуы тиіс.

13. Тұрақтардың ғимараттары мен құрылыстары олардың қызмет мерзімінің ішінде ауаның құрамында ластағыш заттардың болуымен, жарықтандырумен, шумен және дірілмен байланысты қауіптердің адамның денсаулығына қауіп төнуіне жол берілмеуі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық және пайдалану талаптары ескеріле отырып жобалануы және салынуы тиіс.

14. Автомобиль тұрақтары мен іргелес аумақтар адамдардың, оның ішінде қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдардың мақсатына сәйкес жерлерге кедергісіз баруы үшін жағдайлардың жасалуы ескеріле отырып жобалануы және салынуы тиіс.

15. Автомобиль тұрақтарының ғимараттары мен құрылыстары, олардың жарықтандырылуы және желдету қондырғылары пайдаланылатын энергияның қажетті мөлшері климаттық жағдайларды ескере отырып, барынша төмен болатындай жобалануы және салынуы тиіс.

16. Ғимарат үй-жайына жапсарлас автомобиль тұрақтарында шу деңгейі, Заңның 20 бабындағы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

17. Автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде аумақты көгалдандыруға және көріктендіруге бағытталған іс-шаралар қарастырылуы керек.

5-тарау. Автомобиль тұрақтарының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
18. Автомобиль тұрақтарына арналған ғимараттарды, құрылыстарды жобалау кезінде:

1) ғимараттар мен құрылыстардың параметрлерінің қабаттылығы әртүрлі болған жағдайда, орналастыру нұсқаларының техникалық-экономикалық көрсеткіштері негізінде және энергия тиімділігі бойынша оңтайлы шешімдердің қамтамасыз етілуін ескере отырып қабылдау;

2) ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлық шешімдерін сыртқы қоршау конструкциялары ауданының қысқартылуын ескере отырып қабылдау;

3) көлемдік-жоспарлық шешімдерді құрылыс конструкцияларына динамикалық және басқа да әсерлерді азайту қажеттілігін ескере отырып әзірлеу;

4) тұрақтың құрылыс алаңындағы инженерлік-геологиялық жағдайды және ғимараттар мен құрылыстар негізінің түрлерін, іргетас типін ескеру;

еден конструкцияларының көлемдік-жоспарлық шешімін әртүрлі ықпалдар әсері мен оларға арнайы талаптарды ескере отырып әзірлеу қажет.

19. Автомобиль тұрақтарының ғимараттары мен құрылыстарын құрылыс ауданының қала құрылысы, климаттық жағдайларын және қоршаған құрылыс сипатын ескере отырып жобалау керек.

Автомобиль жолдары туралы Заңның талаптарына сәйкес автомобиль тұрақтарына оларды пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қойылады.

20. Адамдардың автомобильдерді тұрғызуға (сақтауға) арналған ғимараттар мен құрылыстарда болуының қауіпсіздігі микроклиматтық жағдайлармен: ауаның құрамында шекті жол берілген шоғырдан жоғары зиянды заттардың болмауымен қамтамасыз етілуге тиіс.

21. Автотұрақтарды жобалау және орналастыру кезінде қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары ескерілу керек.


2-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар
22. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығы құрылыс аудандарына автомобиль тұрақтарына қойылатын (отқа төзімді, ішкі ортаның және өзгелердің агрессивті деңгейі) талаптарға, сондай-ақ, құрылыс аудандарына байланысты болып келетін конструкциялық шешімдермен қамтамасыз етіледі.

23. Тұрақтардың ғимараттары мен құрылыстарының конструктивтік элементтері және негіздері көтергіш және қоршау конструкцияларының өз салмағынан артық салынатын үздіксіз жүктемелерге, сондай-ақ, аталған құрылыс ауданы үшін қар мен жел жүктемелеріне төзімді. Аталған жүктемелердің нормативтік мәндері, конструкциялардың шекті иілу және жылжу мәндері, сондай-ақ, жүктемелер бойынша сенімділік коэффициенттерінің мәндері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдануы керек.

24. Ұзақтығы үлкен тұрақтар ғимараттарында олардың көлемдік-жоспарлық шешімдеріне және құрылыс ауданының табиғи-климаттық жағдайларына қарай температуралық-ширау, шөгу немесе сейсмикаға қарсы жіктер қарастырылуы тиіс.

25. Автотұрақтар құрылыстары уақыт өте келе өзгеретін жүктемелер мен әсерлер көрсеткіштері бүкіл есептік пайдалану мерзімінің ішінде конструкциялардың көтергіш қабілетіне әсер етпейтіндей, қоршаған ортаның әсерлері мен техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлық шаралар ескеріле отырып жобалануы тиіс.

26. Конструкциялардың ықтимал бұзылуын мыналардың есебінен шектеу немесе болдырмау керек:

1) конструкцияның жекелеген элементінің немесе белгілі бір бөлігінің тоқтап қалуы немесе кездейсоқ алынып тасталуы бүкіл құрылыстың толық тоқтап қалуына алып келмейтін жобалық шешімдерді пайдаланудың;

2) конструктивтік элементтерді сенімді жалғаудың;

3) тұрақтардың құрылыстары ұшырауы мүмкін қауіптерді болдырмаудың, жоюдың немесе азайтудың;

4) әлеуетті қауіптерге әсері аз конструктивтік нысандарды таңдаудың есебінен шектеу немесе жою қажет.

27. Конструкциялардың сенімділігі және ғимараттар мен құрылыстардың орнықтылығы:

1) белгіленген жобалау және есептеу, сондай-ақ, құрылыс технологиясы нормаларын сақтаудың;

2) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін құрылыс материалдарын пайдаланудың;

3) автотұрақтарды жобалау, дайындау, салу және пайдалану кезеңдерінде бақылауды ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілуі керек.

28. Автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде қоршаған ортаның жағдайларын ескеру және оның құрылыс материалдары мен бұйымдарының ұзақ мерзімділігіне әсерін белгілеу қажет.



3-параграф. Өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
29. Автомобиль тұрақтарының өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес келеді.

30. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлық шешімдері үй-жайлардың функционалдық өрт қауіптілігін ескере отырып орындалуы тиіс. Бұл жағдайда ғимараттар есептік пайдалану жағдайында, сондай-ақ, өрт қаупі төнген кезде қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз етіледі.

31. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесін және конструктивтік өрт қауіптілігі класын, жер асты, жабық және ашық жер үсті автотұрақтарының өрт сөндіру бөлігі шеңберіндегі қабаттардың жол берілген саны мен ауданын қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау қажет.

32. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары және автоматты өрт сигнализациясы, сондай-ақ хабарлау жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қарастырылады.

33. Өрт сөндіру бөліктерінің ауданын және қабаттар санын ғимараттардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санатына, отқа төзімділік дәрежесіне, конструктивтік және функционалдық өрт қауіптілігі класына қарай шектеу керек.

34. Жабық түрдегі автотұрақтарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес өрт шыққан жағдайда, түтін шығару құрылғысы қарастырылуы тиіс.

35. Автотұрақтардың өрт сөндіру бөлігінің әр қабатынан (механикаландырылған автотұрақтарды қоспағанда) адамдарды есептік уақыттың ішінде қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін тікелей сыртқа, басқыш шабақтарына немесе 3-ші типті сатыға жан-жаққа орналастырылған эвакуациялық шығу жолдарының қажетті саны қарастырылуы тиіс.

36. Әр қабаттағы әрбір өрт сөндіру бөлігінен жабық рампаға немесе сыртқа кіру-шығу жолдары орналастырылуы тиіс.

37. Басқа функционалдық мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас автотұрақтар осы ғимараттардан 1-ші типті өртке қарсы қабырғалармен бөлінуі тиіс.

38. Ф 1.3 класты ғимараттағы кіріктірме автотұрақты 2-ші типті өртке қарсы аражабынмен бөлуге жол беріледі, бұл жағдайда тұрғын қабат автотұрақта тұрғын емес (техникалық) қабатпен бөлінуі тиіс.

39. Ф 1.4 класты ғимаратта үй иесінің жеңіл автомашинасы сыятын автотұрақтарды кіріктірме (жапсарлас) өртке қарсы қоршаулармен бөлу реттелмейді.

40. Автотұрақтар жүк лифтілерінің лифтілік шахталары есіктерінің отқа төзімділік шегі EI 60.

41. Өртке қарсы қоршаулар мен тамбур-шлюздердегі есіктер мен қақпалар өрт кезінде олардың автоматты жабылу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

42. Ашық тұрақтардың барлық ғимараттарындағы баспалдақ торының конструкцияларында олардың отқа төзімділік дәрежесіне қарамастан, отқа төзімділік шегі және өрт қауіпсіздігі бойынша отқа төзімділіктің ІІ дәрежесіне сәйкес келеді.

43. Ашық типті автотұрақтарды жоспарлаған кезде жылжымалы өрт техникасы үшін сыртқа бөлінген келтеқұбырдағы айналма клапаны бар шығыршықталған құрғақ құбырлар қарастырылуы тиіс.

44. Автотұрақтарда қолданылатын автоматты өрт сөндіру мен сигнализация жүйелері нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді. Автоматты құрылғылар қондырғыларында өрт қауіпсіздігінің тиісті сертификаттары бар.

45. Бокстық типтегі бір немесе екі қабатты автотұрақтарда әрбір бокстан тікелей сыртқа шығатын шығаберіске автоматты өрт сөндіру мен сигнализация қарастырмауға жол беріледі.
4-параграф. Автотұрақтарды орналастыру
46. Автомобиль тұрақтарын (бұдан әрі - автотұрақтардың) қалалық және ауылдық елді мекендер аумақтарында орналастыруды, олардың жел телімдерінің өлшемдерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын және осы норманың талаптарын ескере отырып қарастыру керек.

47. Ашық және жабық автотұрақтарды қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес шаруашылық-ауыз су мақсатындағы санитарлық қорғау аймағының 1, 2, 3 белдеулерінде, сондай-ақ өзендер мен су айдындарының күзет аймақтарында орналастыруға жол берілмейді.

Автотұрақтарды Ф 1.1, Ф 4.1 класты ғимараттардың астында орналастыруға жол берілмейді.

48. Автотұрақтардан бастап басқа ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдануы керек.

49. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының автомобильдері үшін

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындарды қарастыру керек.

50. Автотұрақтар жер телімдерінің өлшемдерін анықтаған кезде, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ұстану керек.

51. Табиғи сұйытылған және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автомобильдерге арналған жабық типті автотұрақтарды өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктіруге және оларға жапсыруға, сондай-ақ, жер деңгейінен төмен орналастыруға жол берілмейді.

52. Газ-баллон автомобильдерін сақтауға арналған үй-жайларды:

1) автотұрақтардың астыңғы және жер асты қабаттарында;

2) басқа мақсаттағы ғимараттарда орналастырылатын жабық типті жер үсті автотұрақтарда;

3) рампалары оқшауланбаған жабық типті жер үсті автотұрақтарында;

4) автомобильдерді әр бокстан сыртқа тікелей шығатын жолдары жоқ бокстарда сақтаған кезде қарастыруға жол берілмейді.
5-параграф. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер
53. Автотұрақтардың сыйымдылығы (машина орындарының саны) есептеу арқылы анықталу керек. Автотұрақ реконструкцияланған, жапсарланған немесе кіріктірілген жағдайда қолданыстағы ғимараттың ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

54. Әртүрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттарда пайдаланылатын шатырда жаппасыз салынған ашық автомобиль тұрағы жер үсті қабаттарын есептеу кезінде ескерілмейді, жаппа орнатылған жағдайда – ол жер үсті қабаттарының қатарына кіреді және шығыршықталған құрғақ құбырларды орнатуды талап етеді.

55. Пайдаланылатын шатырдағы автотұрақтар эвакуациялық шығаберістермен қамтамасыз етілуі тиіс. Пайдаланылатын шатырда автомобильдерге арналған уақытша паналар орнатуға жол берілмейді.

56. Газ-баллон автомобильдерін, яғни қозғалтқыштары сұйытылған мұнай газбен (бұдан әрі – СМГ) және компримирленген (сығылған) табиғи газбен (бұдан әрі – КТГ) жұмыс істейтін автомобильдерін сақтау көзделген автотұрақтарды жобалау кезінде осы ғимараттарға, үй-жайларға және құрылыстарға қойылатын қосымша талаптарды (отқа төзімділік шегі және конструктивтік өрт қауіптілігі класы бойынша) ескеру керек.

57. Автотұрақтарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін оларға қолжетімді болу шараларын қарастыру қажет. Жер үсті автотұрақтарда халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес автомобиль қоятын жерлерді бірінші жер үсті қабатында орналастырған жөн.

58. Барлық типті тұрақтардың көп қабатты ғимараттарында әр қабат еденінің еңістері, сондай-ақ траптар мен лотоктар сұйықтықтардың рампаға және төмен орналасқан қабаттарға түсуіне жол бермейтіндей қарастырылуы тиіс.

59. Жолаушылар лифтілері кабинасының өлшемі арба-креслоны пайдаланатын физикалық жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

60. Автотұрақтың жер асты немесе жер үсті қабаттарының арасында ортақ оқшауланған рампаны орнатуға жол берілмейді.

61. Автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда рампаға немесе шектес өрт бөлігіне шығу (кіру) жолдарында, сондай-ақ, жабында (ол жерде автотұрақ орналастырылған жағдайда) өрт шыққан кезде отынның төгілу мүмкіндігіне жол бермейтін шаралар көзделуге тиіс.

62. Жер асты қабаттары екеу және одан жоғары жер асты автотұрақтарда жер асты қабаттардан басқыш шабақтарға қарай және лифт шахталарынан шығаберістер өрт кезінде ауа тірелетін қабат-қабаттық шлюз-тамбурлар арқылы орналастырылу керек.

63. Автотұрақ едендерінің жабыны мұнай өнімдерінің әсеріне шыдамды және үй-жайларды құрғақ (оның ішінде механикаландырылған) жинауға лайықталған.

Рампалардың және олардағы жүргіншілер жолдарының жабыны сырғуға жол бермейді.

64. Автотұрақтар кіріктіріле салынған ғимараттардың үй-жайларында шу деңгейі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

65. Автомобильдер сақталатын үй-жайларда сауда үй-жайларын, жаймаларды, дүңгіршектерді, дүкендерді және тағы да басқаларды орналастыруға жол берілмейді.

66. Жеңіл автокөліктердің жер асты автотұрақтарында машина орындарын арақабырғалармен жеке бокстарға бөлуге жол берілмейді.

67. Жер асты автотұрақтарының шығатын және кіретін жолдарын (конструкциялар жаппасын қоса алғанда) Ф 1.1, Ф 1.3 және Ф 4.1 класты ғимараттардан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қашықтықта орналастыру керек.

68. Жерасты автотұрақтардың едендерінде өрт сөндірген жағдайда, су бұруға арналған құрылғылар орналастырылуы тиіс. Суды жергілікті тазарту құрылыстарын орнатусыз нөсер канализациясының желісіне немесе құрылысқа бұруға жол беріледі.

69. Жерасты тұрақтарына кіретін және одан шығатын жолдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

70. Жеңіл автокөліктерге арналған ашық типті жазық жер үсті автотұрақтары жанбайтын материалдарды қолданумен қоршалады. Бұл ретте толассыз желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

71. Ашық типті жер үсті автотұрақтарда желдетуге кедергі болатын бокстарды орнатуға, қабырғалар (басқыш шабақтардың қабырғаларын қоспағанда) мен арақабырғаларды салуға жол берілмейді.

72. Ашық типті автотұрақтарда бастапқы өрт сөндіру құралдарын сақтауға арналған жылытылатын үй-жай (бірінші қабатта) қарастырылу керек.

73. Үй-жайлардың, сақтау ұяшықтарының (орындарының) құрамы мен ауданы, механикаландырылған құрылғылары бар автотұрақтардың параметрлері қолданылатын автомобиль қою жүйесінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қабылданады.

74. Механикаландырылған құрылғысы бар автотұрақтарды ғимараттар мен құрылыстар үшін автоматтандырылған өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғыларын жобалау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау қажет.

75. Автотұрақты бірнеше блоктардан құрастырған кезде механикаландырылған автотұрақтың әрбір блогына өрт сөндіретін машиналарға арналған кіретін жол мен өрт сөндіру бөлімшелері үшін автотұрақ блогының екі қарама-қарсы жағынан (шыныланған немесе ашық ойықтар арқылы) кез-келген қабатқа (ярусқа) кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілу керек.

76. Автотұрақтардың топырақ үйіп бекітілген жақтарынан ғимараттарға дейінгі ең төменгі арақашықтық лимиттелмейді.
6-параграф. Инженерлік жүйелер
77. Автотұрақтардың инженерлік жүйелері мен олардың инженерлік қондырғыларын (су құбыры, жылыту, осы құрылыс нормаларында арнайы ескертілген жағдайларды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын ескере отырып қарастыру қажет.

78. Автотұрақтарда желдету жүйелеріне қойылатын талаптар өрт қауіптілігі бойынша В категориясына жататын қойма ғимараттарына арналған көрсетілген құжаттар бойынша қабылдануға тиіс.

79. Автотұрақтардың көп қабатты ғимараттарында аражабындар арқылы өтетін инженерлік коммуникациялар учаскелері (су құбыры, канализация, жылумен жабдықтау) металл құбырлардан жасалу керек.

80. Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген немесе оларға жапсарланған автотұрақтардың инженерлік жүйелері сол ғимараттардың инженерлік жүйелерінен дербес болуы тиіс.

81. Екі және одан көп қабаттары бар жер асты автотұрақтарда ішкі өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндіру қондырғыларының жылжымалы өрт техникасын қосу үшін вентильдермен және кері клапандармен жабдықталған жалғастырғыш бастары бар сыртқа шығарылған келтек құбырлары болуы тиіс.

82. Шығуға әрдайым дайын (өрт сөндіру, медициналық көмек көрсету, апаттық қызмет және тағы да басқа) автомобильдерді сақтау үшін жылытылатын үй-жайлар қарастырылу керек.

83. Жабық типті автотұрақтарда автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда нормативтік құжаттардың талаптарын қамтамасыз ете отырып, ассимиляция есебі бойынша зиянды газ шығарындыларын сұйылтуға және жоюға арналған сорып-тартатын желдеткіш қарастырылуға тиіс.

84. Жабық типті жылытылмайтын жер үсті автотұрақтарда механикалық жолмен іске қосылатын соратын желдеткішті тек қана сыртқы қоршауларда ойықтардан алшақ аймақтарда орнату қажет.

85. Соратын ауа өткізгіштерде олардың өртке қарсы бөгеттермен қиылысқан жерлерінде қалыпты ашылған өртке қарсы клапандар орнатылу керек.

86. Түтінге қарсы қорғау жүйелері өрт сигнализациясынан (немесе автоматты өрт сөндіру қондырғысынан), қашықтықтан – орталық өртке қарсы жүйелерді басқару пульттарынан, сондай-ақ, автотұрақ қабатына кіреберісте, қабаттардағы басқыш шабақтарда (өрт крандарының шкафтарында) орнатылатын түймелерден немесе қолмен қосылатын механикалық құрылғылардан басқарылуға тиіс.

87. Түтінге қарсы қорғау жүйесінің элементтерін (желдеткіштер, шахталар, ауа өткізгіштер, түтін қабылдайтын құрылғылар және тағы да басқа) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау қажет.

Соратын түтінге қарсы желдету (оның ішінде түтіндік) жүйелеріндегі клапандардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес газ бен түтіннің өтуіне кедергісі бар болу керек.

88. Сорып-тартатын түтінге қарсы желдеткіштің негізгі параметрлерін анықтау кезінде төмендегі бастапқы мәліметтерді ескеру қажет:

1) жер үсті автотұрақта астыңғы типтік қабатта, ал жер асты автотұрақта – үстіңгі және астыңғы типтік қабаттарда өрттің пайда болуы (автомобильдің жануы немесе көмекші үй-жайлардың бірінде жалынның пайда болуы);

2) типтік қабаттың (ярустың) геометриялық сипаттамалары – пайдаланылатын аудан, ойықтылығы, қоршау конструкцияларының ауданы;

3) үлестік өрт жүктемесі;

4) эвакуациялық шығаберістер ойықтарының күйі (өрт шыққан қабаттан сыртқы шығаберістерге дейін ашық);

5) сыртқы ауа параметрлері.

89. Өртке қарсы құрылғыларды қуаттандыратын электр кабельдерді тікелей ғимараттың (құрылыстың) кіріспе қалқандарына жалғайды және олар бір уақытта басқа ток қабылдағыштарға жеткізу үшін қолданылмау керек.

Өртке қарсы қорғау жүйелерін қуаттандыратын кабель желілері сымдары мыстан жасалған отқа төзімді кабельдерден жасалуға тиіс және олар басқа электр қабылдағыштар үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

90. Автомобильдерді сақтайтын үй-жайлардың жарықтандырылуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қарастырылу керек.

91. Оңтайлы жарық көздерін таңдау кезіндегі жобалық шешімдер олардың электрлік, жарық техникалық, конструктивтік, пайдалану және экономикалық көрсеткіштерін ЭҚҚ-на сай ескеруі тиіс.

92. Апаттық (эвакуациялық) жарықтандыру желісіне төмендегідей жарық көрсеткіштері қосылу керек:

1) әрбір қабаттағы эвакуациялық шығаберістер;

2) автомобильдердің қозғалу жолдары;

3) өрт техникасын қосуға арналған жалғастырғыш бастарының орнатылған жерлері;

4) ішкі өрт крандары мен өрт сөндіргіштердің орналасқан жерлері;

5) сыртқы гидранттардың орналасқан жерлері (құрылыстардың қасбетінде).

93. Автомобильдердің автотұрақтардың ішінде қозғалу жолдары жүргізушіге бағдар беретін көрсеткіштермен жабдықталуға тиіс.

Өрт техникасына арналған жалғастырғыш бастардың орналасқан жерлерінің, өрт крандары мен өрт сөндіргіштердің орналасқан жерлерінің жарық көрсеткіштері өрт автоматикасы жүйесі іске қосылған кезде автоматты түрде қосылу керек.


7-параграф. Тұрақтарды пайдалану бойынша талаптар

94. Тұрақтарды пайдаланған кезде нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ, нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес тиісті техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

95. Тұрақтың әр қабатындағы шығаберістер түсінікті және анық көрінетін көрсеткіштердің көмегімен белгілену керек.

96. Автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлар мен рампалар автотұрақта шылым шегуге тыйым салынатындығы туралы көрсеткіштерімен қамтамасыз етіледі.

97. Автотұрақтарды пайдаланған кезде өртке қарсы қорғаныстың (өрт крандары мен гидранттар, өрт сөндірудің сорғы құрылғысы, өрт сигнализациясы, түтінге қарсы қорғаныс жүйесі, өрт туралы адамдарға хабарлау, эвакуациялық шығаберістерді жабуға арналған құрылғы) инженерлік жүйесінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
8-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
98. Автомобильдер тұрақтарын жобалау кезінде әртүрлі категория физикалық жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психофизиологиялық мүмкіндіктері және олардың ғимаратта немесе үй-жайда болуы мүмкін жерлері ескерілуі керек.

99. Көру қабілеті кем мүмкіндігі шектеулі топтар үшін жалпы және жергілікті жарықтандыру қарастырылуға тиіс.

100. Автомобиль тұрақтарында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қызмет көрсету және олардың болу жерлері үй-жайлардан, ғимараттар қабаттарынан сыртқа эвакуациялық шығаберістерден мейлінше қысқа арақашықтықта орналасу керек.

101. Жеке автотұрақтарда қызмет көрсету мекемелері ғимараттарының учаскесінде, олардың жанында немесе ішінде физикалық жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың көліктеріне арналған орындар бөлінуге тиіс.

Бөлінетін орындар халықаралық практикада және жол қозғалысы ережелерінде (бұдан әрі – ЖҚЕ) қабылданған белгілермен тұрақтың жазықтығында көрсетілуге және тік жерде (қабырғада, бағанада, тіреуіште және тағы да басқа) белгімен қайталанып көрсетілуге тиіс.

102. Жиекке параллельді орналасқан автомобиль қоятын жерлердің өлшемдері пандусты немесе көтергіш аспапты пайдалану үшін автомобильдің артқы бөлігіне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

103. Көп деңгейлі паркингтердегі арба-кресломен қозғалатын физикалық жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың автомашиналарына арналған жерлер бірінші қабаттағы шығаберістің жанында немесе лифтілердің қасында орналасуға тиіс.

104. Кіріктірме, оның ішінде жерасты автотұрақтарды жобалау кезінде олардың ғимараттың функционалдық қабаттарымен лифтілер, оның ішінде арба-креслодағы физикалық жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың олардың алып жүретін адамдарымен бірге жылжуына лайықталған лифтілер арқылы тікелей байланыста болу керектігі ескерілуі тиіс. Лифтілер және оларға кіреберістер арнайы белгілермен көрсетілу керек.


9-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
105. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде Экологиялық кодекстің талаптарын ескерген жөн.

106. Автомобиль тұрақтарына арналған ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында төмендегілер ескерілуге тиіс:

1) тікелей әсерлер – объекті орналасқан аймақта жоспарланған қызметтің негізгі және ілеспе түрлері тікелей тигізетін әсерлер;

2) жанама әсерлер – объектіні пайдаланудың салдарынан пайда болатын және қайталама факторлар туындататын қоршаған ортаға тигізілетін әсерлер;

3)кумулятивтік әсерлер – объектіні пайдаланудың барысында жасалған, жасалып жатқан немесе негізді болжанатын әрекеттерден туындаған үздіксіз үдеуші өзгерістердің нәтижесінде пайда болатын әсерлер.

107. Автотұрақтарды жобалаған кезде сыйымдылығы орташа және үлкен тұрақтар аумағынан нөсер ағынын тазалау бойынша тазалау құрылыстарын салуды қарастыру қажет.

108. Автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде қоршаған ортаға шекті жол берілетін жүктемелер ескерілуі, зиянды қалдықтармен ластанудың сенімді және тиімді шаралары қарастырылуы тиіс.

109. Автомобильдер тұрақтарына арналған ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде аумақты көгалдандыру мен көріктендіру шаралары қарастырылуы тиіс.

110. Қала аумақтарының тұрғын құрылыстарын салу және реконструкциялау кезінде жоспарланған қоғамдық объектілер қызметкерлерінің автомобильдеріне арналған тұрақтар жерасты деңгейінде орналастырылуы керек.

111. Гараж-тұрақтар мен тұрақтардың аумақтары тұрмыстық қалдықтар мен пайдаланылған майларды бөлек жинайтын контейнерлерді орнатуға арналған алаңдармен жабдықталуға тиіс.

112. Тұрақта орналасқан үй-жайлардан ағатын шаруашылық-тұрмыстық және технологиялық ағын сулар қалалық шаруашылық-тұрмыстық канализация жүйесіне, ал ол болмаған жағдайда, кейіннен тазартылған ағын сулар су айдынында құйылатын жобаланатын тазарту құрылыстарына бұрылу керек.

113. Тұрақтарды салу алаңын таңдау кезінде орналастыру аймағындағы атмосфералық ауаның құрамында бар зиянды заттардың тиісті фондық концентрациялары ескерілуге тиіс.

114. Үй-жайлардың жергілікті және жалпы алмасатын желдету жүйелері атмосфераға шығаратын, құрамында зиянды (немесе жағымсыз иісі бар) заттары бар ауаны тазарту және атмосферадағы зиянды заттардың қалдықтық мөлшерлерінің атмосфералық ауа бойынша қолданыстағы гигиеналық нормативтермен белгіленген деңгейлерге дейін шашырауын қарастыру қажет.

115. Автотұрақтардың ғимараттары мен құрылыстарын жобалау және салу кезінде техногендік радиоактивті ластану мөлшерін және құрылыс конструкцияларының радиоактивтілігін ескеру керек. Бұл жағдайда радиациялық қауіпсіздік талаптарын қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес орындау қажет.

116. Автомобиль тұрақтарын ұйымдастыру кезінде экологиялық жасыл тұрақтардың салынуын жоспарлау керек.

6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
117. Автомобиль тұрақтарының ғимараттары мен құрылыстары энергияны тиімді пайдалану бойынша талаптарды ескере отырып жобалануы және салынуы тиіс.

118. Жобалау барысында тұрақтар объектілерінің энергия тиімділігін жылутехникалық жобалау нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес арттыру бойынша шешімдер мен шаралар кешені қарастырылу керек.

119. Автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде пайдалану кезіндегі энергетикалық шығындардың азайтылуы және экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуі тиіс. Энергия үнемдейтін конструкциялар және оларды жасау кезіндегі ресурс сыйымдылығының төмендеуі жаңа технологияларды пайдаланудың есебінен экологиялық қауіпсіз болу керек.

120. Тұрақтар энергия ресурстарының үнемделіп жұмсалуы ескеріле отырып пайдаланылуға тиіс.

121. Жылуды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін автотұрақ ғимараттарының қоршау конструкциялары энергия үнемдейтін материалдардан орындалуы тиіс.

122. Автотұрақ ғимараттарының энергетикалық тиімділігін жетілдіру кезінде климаттық және жергілікті жағдайларға, сондай-ақ үй-жайлардың ішіндегі климаттық жағдайларға көңіл бөлінуге және экономикалық тиімділік ескерілуге тиіс. Бұл шаралар ғимараттардың басқа техникалық талаптарына, сондай-ақ олардың көпшілікке қол жетімділігіне, қауіпсіздігіне және мақсатты пайдаланылуына әсер етпеу керек.

123. Автотұрақ аумағында ағаштарды электр беріліс желілерден, жаяу жолдардан және тағы да басқалардан қауіпсіз қашықтықта отырғызу қажет.

124. Автотұрақтардың ландшафтық жоспарларында су, топырақ, биологиялық алуан-түрлі өсімдіктер, энергетикалық ресурстар сияқты табиғи ресурстардың, ауа сапасының және басқа да табиғи ресурстардың қоғам мүддесінде қисынды сақталуы қарастырылуға тиіс.

125. Автотұрақтар учаскелерінде суармалы суға қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.

126. Автотұрақтар учаскесінің ландшафтын жобалау кезінде ландшафтың табиғи даму жағдайларын ескеру қажет.

127. Автотұрақтар учаскесінде ағаш отырғызу кезінде климаттық жағдайларды, топырақ типін, жауын-шашын мөлшерін, жел бағытын, өсімдіктерге қызмет көрсетуді ескеру керек.

128. Белгілі сыйымдылықтағы ұжымдық пайдаланылатын тұрақтарда автомобильдерді жууға арналған үй-жайларды салу кезінде судың қайта пайдаланылуы және сумен жабдықтаудың айналма жүйесі қарастырылуы тиіс.



ӘОЖ 69+699.81 (083.74) МСЖ 91.040.99
Түйінді сөздер: гараждар, жеңіл автомобиль тұрақтары, жер асты автотұрақтар, жабық типті жер үсті автотұрақтар, құрылғылары механикаландырылған автотұрақтар, автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлар, орналастыру, инженерлік жүйелер, жылыту, желдету жүйелері, түтінге қарсы қорғаныс, автоматты өрт сөндіру.

ҚAutoShape 47азақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері комитеті

төрағасының 2019 жылғы _______

№ ___ бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КЫЗМЕТ ЕТУ КӘСІПОРЫНДАРЫ


ПРЕДПРИЯТИЯ ПО РЕМОНТУ И ТЕХНИЧЕСКОМУ ОБСЛУЖИВАНИЮ АВТОМОБИЛЬНОГО ТРАНСПОРТА

ҚР ҚН 3.03-06-2019
СН РК 3.03-06-2019




Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

АЛҒЫ СӨЗ


1 ӘЗІРЛЕГЕН:

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ


2 ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті


3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №

2019 жылғы « » бастап




ПРЕДИСЛОВИЕ


4 РАЗРАБОТАН:

АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»


5 ПРЕДСТАВЛЕН:

Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


6 УТВЕРЖДЕН

И ВВЕДЕН

В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №

с « » 2019 года




Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау