«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ
Жумаханова Мейрамгуль Советбековна
8 – сынып Физика
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өткізгіштерді тібектей және параллель жалғаудың әдістерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып есептер шығаруға, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту, қызығушылығын арттыруға, өз ойларын жеткізе білуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, деңгейлік тапсырмалар, Венн диаграммасы, топтастыру, слайд, оқулық.
Әдіс – тәсілдері: топпен , жекелей, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырма сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Есептер шығарту
V . Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық ахуал «Бір-біріне тілек айту»
2. Топқа бөлу. Топ аттары «Ток күші» және кернеу.
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша қайталаулар жасау
«Кім жылдам» ойыны. Оқушыларға тапсырмалар беріледі.
Сәйкестігін тап: Физикалық шамалар Өлшем бірліктері
I Дж
U Н
R Па
А с
Ғ В
P кг
t Ом
s А
m м
Дұрыс жауабы:
I Дж
U Н
R Па
A с
F В
P кг
t Ом
s А
m м
ІІІ. Жаңа сабақ:
А) Ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
В) Электр кернеуін қандай құралмен өлшейміз және ол тізбекке қалай жалғанады?
Постер құру, қорғау.
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар : қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б құралдарын пайдаланады.
Өткізгіштерді жалғаудың әдістерін қарастырайық.
І топ: 1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншісінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп аталады.
Мысалы: Шырша ілінетін шамдар – гирлянда – тізбектей,
ІІ топ: 2 – жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп аталады
Мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы- параллель.
Жалғаулардың артықшылығы мен кемшілігі:
Параллель жалғау кезінде
тізбектегі бір шам жанып тізбекке кернеу шамасы аз
кететін болса, онда басқалары, шамды қосқанда, шам
жұмыс жасайды. шыдамай жанып кетеді.
Тізбектей жалғау кезінде
тізбекке кернеу шамасы тізбектегі бір шам жанып
аз шамды жалғауға болады, кеткенде, басқа шамдар
тізбек пен шамның кернеулері жұмыс істемейді.
әртүрлі болса да шам жұмыс
істейді.
ІV. «Тау шыңына өрле» есептер шығарту.
Ауызша есептейік.
І топ. 1. R1=R2 =R3 =5 Ом Rж=? 3. R1=R2 =R3=R4=1 Ом Rж=?
Rж=15 Ом Rж=1 Ом
Достарыңызбен бөлісу: |