«Нұрлы жол» әлемдік экономика үшін дағдарыс жылдары болатын жақын жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің қозғаушысына айналады, деп атап өтті Президент. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді.
Президенттің пікірі бойынша, Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
2017 жылы Кадрлық саясатты жүзеге асыру
Компанияның кадрлық саясаты адами қорларды басқару және қызметкерлер құрамын әлеуметтік қорғау саласында Компания тобы жанындағы барлық ұйымдарға арналған бірыңғай саясатты анықтайды.
Кадрлық саясаттың негізгі мақсаттары
Компания тобының алдында тұрған барлық стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге уақытылы әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін адами капиталды басқару, дамыту және пайдалану.
Қазақстан экономикасындағы техникалық, технологиялық және басқарушылық көшбасшылығына бағытталған бәсекеге қабілетті топтасқан ұжымды құру.
Еңбеккерлердің еңбек қызметі үшін үздік жағдайларды, мансаптық өсімді, өз-өзін жетілдіруді, сонымен қатар материалдық және моральдік амандығын қамтамасыз ету.
Тиімді әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын бекіту.
Кадрлық саясаттың негізгі ережелері
Компаниялар тобының еңбеккерлері – бас стратегиялық қор.
Компания төмендегідей еңбеккерлерді құрметтейді әрі бағалайды:
Соңғы нәтижеге бағытталған;
Топта жұмыс жүргізуге ұмтылатын әрі қабілетті;
Жігерлі әрі қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында жауапты;
Сындарлы, креативті әрі жағымды ойлайтын;
Кәсіптік әрі мансаптық өсімге мүдделі.
Еңбеккерлер компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін бар күштерін салып, оның мүддесі үшін қызмет етеді.
Компания әр еңбеккермен ұзақ еңбек қарым-қатынастарын орнатуға ұмтылады.
Кадрлық саясаттың негізгі міндеттері
Қолданыстағы қызметкерлер құрамын оңтайлы орналастыру.
Ішкі еңбек қорларының арқасында бос еңбек орындарын толтыру – бос орындардың 80%-ынан кем емес.
Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер құрамының бос орындарын толтыру үшін кадрлық қорды барынша пайдалану – ӘБҚҚ бос орындарының 80%-ынан кем емес.
Еңбек өнімділігін жоспарлы арттыруды қамтамасыз ету.
Кадрлардың аққыштығы – 8%-дан артық емес.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін оқытуды қамтамасыз ету – барлық санаттағы еңбеккерлердің 100%-ы.
Жаңа технологияларға оқыту – негізгі мамандықтағы еңбеккерлердің 50%-ынан кем емес.
Осы мақсаттарға қарастырылған бюджет қаражаттарының шегінде бизнес басқарылуын жетілдірумен және тиімділігін арттырумен байланысты бағыттар бойынша қызметкерлер құрамын сыртқы оқытуды қамтамасыз ету.
Жас еңбеккерлердің кәсіби тұруы мен дамуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік кепілдемелер жүйесін мен әлеуметтік қызметтер көлемін 2016 жылдан төмен емес деңгейінде қамтамасыз ету.
Компания қызметінің қауіпсіздік техникасы, еңбеккерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау саласындағы барлық талаптарға сәйкес келуі.
Компанияның оның еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынастарындағы кері байланысын қамтамасыз ету.
Еңбеккерлердің мемлекеттік тіл білімдерінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Еңбек ұйымдарында топты жұмысты, ниеттестікті, жағымды және шығармашылық жағдайды күшейтетін ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу.
Әлеуметтік пікіртерім арқылы компаниялар тобында қызметкерлер құрамы қанағаттанушылығының мониторингісі.
Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін бұдан әрі арттыру мақсатында Кадрлық саясат пен бенчмаркинг тиімділігін талдау негізінде адами қорларды басқаруды жетілдіру.
Кадрлық саясаттың негізгі басымдықтары
Компанияның әр еңбеккері – жоғарғы оқу орнының түлегі немесе жұмыс тәжірибесі бар маман – қаржы, менеджмент және маркетинг сияқты бизнестің, кем дегенде, үш бағытынан білімі бар, ақпараттық технологияларды пайдаланумен ең озат деген жабдықта жұмыс істейтін немесе замануи деген өндірістегі жұмыстың дағдыларына тұрақты түрде қол жеткізуге дайын адам.
Компанияның қызметкерлер құрамын оқытуға және дамытуға бағытталған инвестициялар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қажеттіліктерге сәйкес келуі тиіс. Компания төмен өндірістік тізбектерде оқулардан өткен және тәжірибелік жұмыс өтіліне ие еңбеккерлердің қызметтік өсімі мен дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Жиналған білім мен тәжірибе қолжетімдігінің жүйесі, еңбеккерлерді белсенді жағдайдағы білімдерін қолдауды ынталандыру және ауысу жағдайында ақпаратты беру жүйесі бар әрі дамуда. Компанияда тәлімгерлік жақсы дамыған. Еңбек тәжірибесі мол еңбеккерлер өз әріптестерімен өз білімдері мен дағдыларымен бөліседі.
Қызметкерлер құрамын бағалаудың қазіргі заманға сай, әділ әрі кешенді әдістемелерін пайдалана отырып, компания еңбек төлемінің жоғарғы деңгейіне, жұмыстың жоғарғы нәтижелілігін көрсеткен еңбеккерлердің маңызды қызметтерге жылжуына болысады.
Компания жеке жұмыс тиімділігін арттыруға ұмтылып қана қоймай, қызметкерлер құрамы қызметінің жалпы нәтижесі үшін корпоративтік жауапкершілік жүйесін де құрып отырса керек.
Компания оның еңбеккерлері инновациялық технологиялық бағыт қозғаушысы болуына ұмтылады.
Компания жалпы міндет – Қазақстанның озат ұйымдарының бірі болуды жүзеге асыратын пікірлестердің топтасқан тобының арқасында үздік ұйым атануға ұмтылады.
Бастамалар
Еңбеккерді еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыратын еңбек төлемі мен КПД атқару деңгейін арасындағы нақты әрі тікелей өзарабайланысты орнататын еңбеккерлер құзыреттілігінің, біліктілігінің және еңбек нәтижелілігінің деңгейіне негізделген сыйақының уәждемелі әрі мөлдір жүйесін қарастыратын еңбеккерлердің еңбегін ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу.
Еңбек ұжымдары арасында тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру:
- еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру жүйелері бойынша;
- өндіріс сапасын арттыру бойынша;
- өндірісті және инвестициялық қызметті үлгілендіру бойынша;
- кәсіпорындар еңбеккерлерімен қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғауды сақтау бойынша;
Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін арттыруды және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.
Кадрлық әлеуетті инновациялық дамыту және қалыптастыру
Теміржол көлігінің саласында кадрлық әлеуетті инновациялық дамытудың және қалыптастырудың негізгі бағыттары болып табылады:
Оқыту орталықтарын замануи техникалық құрылғылармен, сонымен қатар оларды диагностикалау және ұстау жүйелерімен жарақтандырудағы ұйымдастырушылық;
Өндірістік қызмет бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды қалыптастыруды ұйымдастыру;
Үлгілендірілген техниканың жаңа түрлері мен олардың технологиялық процесстерін игеру бойынша ПП және ИТЕ құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
Шетелдік өндірістегі жабдықтар мен техниканы пайдаланатын инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамын ағылшын тіліне қарқынды оқыту;
Теміржол көлігі саласының кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.
Компания ұйыммен бірге дамуға, мансап жасауға, сонымен қатар жұмыста жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге, материалдық ауқаттылық пен өзін-өзі жүзеге асыруға жете отырып, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға дайын дарынды, мақсатқа ұмтылған және қайратты адамдарды белсенді іздеструде.
Достарыңызбен бөлісу: |