Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 89-кестеде көрсетілген.
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)
|
11
|
Өткен оқу жылдарындағы химия оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (әр түрлі тест тапсырмалар, графиктер, диаграммалар, есеп шығару бар жазбаша тапсырмалар)
|
12
|
Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі.
Мысалы, 9 сыныптың оқушы қоспамен байланысты есептеуге берілген тапсырманы шығара алмайды, егер «нольдік қосынды» әдісімен формуланы құрастыра алмаса, салыстырмалы молекулалық/формулалық массаны анықтап алмаса, заттар массасының сақталу заңын қолдана алмаса.
|
Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)
|
13
|
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау
Егер бағдарламада оқу мақсаттары, оқу сағаттарының саны бойынша өзгерістер болса, бұл жағдайды оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты жоспарлау кезінде ескеру қажет.
|
14
|
Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу. Шағын жобаларды, презентацияларды, пікірталас түрінде өткізуге, ғылыми эссе жазуға және т. б қосуға болады.
|
15
|
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау.
Мысалы, оқу мақсаттар «метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру», «аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау».
|
16
|
Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру
|
17
|
Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін консультациялардың кестесін жасау
|
41
|
Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу
|
19
|
Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін жоспарлау принциптері:
жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;
жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;
II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;
|
|
- жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер
|
20
|
Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
21
|
Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
22
|
Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау
|
23
|
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау
|
24
|
Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):
қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); - бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.
|
Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)
|
25
|
Химия бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
|
26
|
Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
|
27
|
Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
|
28
|
Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
|
29
|
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру
|
30
|
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:
диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін;
тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; - бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;
оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау.
|
|
9-сынып
|
10-сынып
|
11-сынып
|
|
9.1.4.6 – аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру
|
10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
|
|
|
9.1.4.8 – кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау
|
10.1.4.3 ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
|
|
|
9.2.1.8 – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру
|
10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық
|
11.2.2.2 тізбектеле жүретін реакция
|
|
заңдылықтарын болжау
|
элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
|
теңдеулері бойынша есептер шығару
|