90-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)
|
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
|
Апталық
|
Жылдық
|
Апталық
|
Жылдық
|
10-сынып (ҚГБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
2
|
68
|
11-сынып (ҚГБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
2
|
68
|
10-сынып (ЖМБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
1
|
34
|
11-сынып (ЖМБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
68
|
1
|
34
|
90-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстануматематика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен төмендетілген.
2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-
зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген. Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады. Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 91-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |