Ќазаќстан Республикасыныѕ Ўлттыќ Банкі, 050040, Алматы ќ



жүктеу 62,44 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі62,44 Kb.
#11884
түріКонкурс


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 050040, Алматы қ., Көктем–3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(3272) 704-739, 704-762, 704-976, факс 8(3272) 704-615, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы (филиалы) бас бухгалтерінің орынбасары – бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бастығы, (С-О-4)

Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепті және есеп беруді және жоспарлауды ұйымдастыру; бухгалтерлік есеп шоттарында ақша қаражатымен байланысты операциялардың құжатты түрде көрінуін қамтамасыз ету; филиал қызметінің қаржылық нәтижесі туралы толық және шынайы ақпарат қалыптастыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; Салық кодексін; халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын және оларға әдістемелік нұсқауларды білу; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиал қызметі саласындағы қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік органдарда және қаржы ұйымдарында бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы, 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195, анықтама үшін телефон 8 (3142) 54-04-58, факс 8(3142) 54-44-24, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

валюталық операцияларды бақылау бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-О-6)

Функционалдық міндеттері: бөлшек саудаға, айырбастау операцияларына, орындалған міндеттемелерге байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, әділет органдарында тіркеу үшін рұқсат беру, екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттеріне тіркеу куәліктерін беру, валюталық заңнама саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарауға дайындау жөнінде ұсыныстарды дайындау бойынша құжаттарды қарау жұмысына қатысу. Екінші деңгейдегі банктердің және уәкілетті ұйымдардың валюталық заңнама нормаларын сақтауын тексеру, бөлімнің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, бөлімнің жоспарларын әзірлеу, есептерін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті (валюталық реттеу бөлігінде), валюталық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді білу; Мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-О-6)

Функционалдық міндеттері: ақша-кредит саясатының инфляция деңгейі, долларландыру жағдайына және қала экономикасында болып жатқан басқа процестерге әсерін зерттеуге бағытталған экономикалық жұмыс мәселелері бойынша функцияларды орындау, облыстың банктерінің және статистикалық органдарының негізгі деректері бойынша статистикалық бюллетень дайындау, аймақ экономикасының нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша іс-шаралар өткізу, төлем балансы бойынша есептер жинау және ААШЖ-не енгізу жұмыстарын жүзеге асыру, БАҚ-мен жұмыс жүргізу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына ақпарат ұсыну, жиынтық есептер және филиалдың басқа да жалпылама материалдарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ұлттық Банктің банк қызметі жөніндегі заң және нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу; мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің, деректердің автоматтандырылған базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы, 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98, анықтама үшін телефон 8(3272) 70-45-08, факс 8(3272) 70-49-03, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

Төлем балансының статистикасы бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-О-6)

Функционалдық міндеттері: сыртқы экономикалық қызметі бар кәсіпорындарды анықтау, кәсіпорындардың тізілімін қалыптастыру және маңыздылығын арттыру. Төлем балансы бойынша статистикалық ақпаратты уақтылы жинауды, автоматтандырылған түрде өңдеуді жүзеге асыру, оның дұрыс болуын қамтамасыз ету және елдің төлем балансын қалыптастыру үшін Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсыну; капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар жөніндегі мәліметтерді тіркеуді және жинауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімдік қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңдарды білу. Валюталық реттеу мен мемлекеттік статистика саласындағы бухгалтерлік есептің, заңнамалық және нормативтік құқықтық базаның негіздерін, төлем балансының статистикасы бойынша жұмыс жүргізудің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттарды, статистиканың, төлем балансы методологиясының негіздері мен әдістерін, ақша-кредит және қаржы саясаты жөніндегі методологиялық материалдарды, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін (есеп беру тәртібін бұзуға қатысты) білу. Мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің және автоматтандырылған деректер базаларымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтермеақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

өтініштің үлгісі


___________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
______________________________________ мемлекеттік әкімшілік бос қызметке орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік әкімшілік бос қызметке орналасуға арналған конкурсты өткізу ережесінің негізгі талаптарымен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

_________ _____________

(Қолы) (аты-жөні)


2007 жылғы «___» ________

САУАЛНАМА

(қолмен толтырылады)

1. Тегі________________________

Аты__________________________

Әкесінің аты___________________________________

2. Азаматтығы__________________________________

Егер өзгертсеңіз, қашан өзгерттіңіз, көрсетіңіз _____________________________

3. Сіз сотталғансыз ба, қашан және не үшін _____________________________________

4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс________________________________________________

Барған еліңіз________________________________________________________________

Барған уақытыңыз ___________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орныңыз ___________________________________________________

5. Сіз соттың шешімімен жұмысқа қабілетсіз немесе қабілетіңіз шектеулі деп танылған ба едіңіз, қашан және не үшін ___________________________________________________________

6. Сіз мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан белгілі бір уақыт бойы айырылған ба едіңіз, қашан және не үшін ___________________________________________________________

7. Сіз мына қызметтегі:

1) Сіз үміткер болып отырған қызметтің тікелей қарауында болатын;

1) Сіз үміткер болып отырған қызмет тікелей қарауында болатын

қызметті атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алған, асыраған, толық және толық емес ағасы немесе әпкесі, атасы, әжесі, немересі, ері немесе зайыбы) болып келесіз бе _________________________________.


2007 жылғы «___» ________ ______________



(қолы)
жүктеу 62,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау