«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет21/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89

85
IX бөлім
94-1-бап
 Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика 
Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 
жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика 
Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына 
байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы 
бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға 
қолданылатын болады. 
Ескерту.  94-1-бап  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілді.
95-бап
1. Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы 
төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл 
мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен 
сайланады. 
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент 
Мәжiлiсi депутаттарын партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау 
туралы ережелерi екiншi шақырылатын Парламент Мәжiлiсi 
депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. 
Ескерту.  95-бап  Қазақстан  Республикасының 
1998  жылғы  7  қазандағы  №  284-І  Заңымен  енгізілген 
толықтырумен.
96-бап
Конституция  күшiне  енген  күннен  бастап  Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетi онда белгiленген 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құқықтарына, мiндет-
терi мен жауапкершiлiгiне ие болады.


86
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
97-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң 
бiрiншi құрамы былайша құрылады: Республика Президентi, 
Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжiлiсiнiң 
Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден 
үш жыл мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен 
бiр бiрден алты жыл мерзiмге тағайындайды, Конституциялық 
Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл мер-
зiмге тағайындайды.
98-бап
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу ор-
гандары  тиiстi  заңдарда  көзделген  тәртiп  пен  мерзiмде 
құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс iстеп тұрған сот 
төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн сақтайды. 
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және 
Жоғары Төрелiк Сотының, жергiлiктi соттардың судьяла-
ры Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейiн өз 
өкiлеттiктерiн сақтайды. Судьялардың бос орындары Конс-
титуцияда белгiленген тәртiппен толықтырылады.


Қазақстан Республикасының Парламенті 
Қазақстан Республикасы Президенті 
Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық баяндамасы 
бойынша қабылданған жəне  Президент қол қойған 
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңына
ТүСіНіКТЕмЕ


88
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Қысқартулар мен белгілеулер тізімдері:

Қысқарту
Белгілеу
1.
1993  жылғы  Конститу-
ция
Қазақстан  Республикасының  Консти-
туциясы
2.
1995  жылғы  Конститу-
ция
Қазақстан  Республикасының  Консти-
туциясы
3.
Заң
«Қазақстан  Республикасының  Кон-
с т и ту ц и я с ы н а   ө з ге р і с т е р   м е н 
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  21 
мамырдағы № 254 Заңы
4.
Жергілікті мемлекеттік 
басқару туралы заң
«Жергілікті мемлекеттік басқару тура-
лы» Қазақстан Республикасының 2001 
жылғы 23 қаңтардағы Заңы
5.
Коммерциялық  емес 
ұйымдар туралы заң
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы
6.
мемлекеттік əлеуметтік 
тапсырыс туралы заң
«Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 
туралы» Қазақстан Республикасының 
2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы
7.
мемлекеттiк нышандар 
туралы заң
«Қазақстан Республикасының мемле-
кеттiк нышандары туралы» 2007 жылғы 
4 маусымдағы Конституциялық Заңы
8.
Президент туралы заң
« Қ а з а қ с т а н   Ре с п убл и ка с ы н ы ң 
Президентi  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  1995  жылғы  26 
желтоқсандағы Конституциялық заңы
9.
мемлекеттік  қызмет 
туралы заңы
«Мемлекеттік  қызмет  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  1999 
жылғы 23 шілдедегі Заңы
10. БК
2004  жылғы  24  сәуірдегі  №  548 
Қазақстан  Республикасының  Бюджет 
кодексі
11. Ұлттық  қауiпсiздiк  ор-
гандары туралы заң
«Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауiпсiздiк  органдары  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  1995 
жылғы 21 желтоқсандағы Заңы


89
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
12. Президенттің  Күзет 
қызметi туралы заң
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Күзет  қызметi  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  1995  жылғы  3 
қазандағы Заңы
13. Сот жүйесі туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі 
мен  судьяларының  мәртебесі  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 
25  желтоқсандағы  Конституциялық 
заңы
14. Жоғары Сот Кеңесі тура-
лы заң
«Қазақстан  Республикасының  Жоғары 
Сот  Кеңе сі  тура лы»  Қазақст ан 
Республикасының  2001  жылғы  28 
мамырдағы Заңы
15. Тұңғыш Президент тура-
лы заң
«Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 
Пре зиденті  тура лы»  Қазақст ан 
Республикасының 2000 жылғы 20 шіл-
дедегі Конституциялық заңы
16. Сайлау туралы заң
«Қазақстан Республикасындағы сайлау 
туралы»  Қазақстан  Республикасының 
1995  жылғы  28  қыркүйектегі  №  2464 
Конституциялық заңы
17. Парламент туралы заң
«Қазақстан Республикасының Парламен-
тi және оның депутаттарының мәртебесi 
туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Конституциялық заңы
18. Халықаралық  шарттар 
туралы заң
« Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 
халықаралық  шарттары  туралы» 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 
30 мамырдағы № 54 Заңы
19. мəжілісті тарату туралы 
заң
«Үшінші шақырылған Қазақстан Респуб-
ликасы Парламентінің Мәжілісін тарату 
және Қазақстан Республикасы Парламен-
ті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс 
сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы
20. Қазақ  КСР  Президентін 
сайлау туралы заң
«Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» 
1991 жылғы 16 қазандағы Заң
21. ӘБА туралы заң
«Қазақстан  Республикасының  Әділет 
біліктілік  алқасы  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2001 жылғы 11 шіл-
дедегі № 234 Заңы


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау