«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет27/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89

105
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Тұтқындауды  санкциялауға  уәкілетті  субъекті  ретінде 
сотты  тану  ЕҚЫҰ  құжаттарымен  де  айқындалған,  олар-
ды  басшылыққа  алу  Қазақстан  үшін  2009  жылы  ЕҚЫҰ 
төрағалық  етуге  бастамашылық  ету  шегінде  өзіндік 
өзектілікке ие. 1990 жылғы 29 маусымдағы ЕҚЫҰ копенга-
гендік құжат: «қылмыстық айыптау бойынша тұтқындалған 
немесе қамауға алынған әрбір тұлға сотқа немесе заң бойын-
ша  осындай  міндетті  атқаруға  өкілетті  лауазымды  тұлғаға 
оның  тұтқындалуының  немесе  қамауға  алынуына  қатысты 
шешімнің заңдылығына қатысты шешім шығарту үшін же-
дел түрде жеткізіледі»,- деп белгілейді.
Онымен қоса ЕҚЫҰ өңірінде алдын ала қамау мәселелеріне 
арналған  ЕҚЫҰ  анықтамалық  құжаттар  мемлекеттерге  ал-
дын ала қамау туралы шешімді қабылдауды тәуелсіздік және 
қасақана еместік саласындағы халықаралық стандарттар та-
лаптарын  қанағаттандыратын  билік  органымен  жүргізілуі 
тиіс деп тікелей жазылған. Оларда ондай талаптарға тек қана 
сот жауап береді деп айтылады.
Тұтқындау туралы шешімді қабылдау құқығын сотқа беру 
тұтқындауды санкциялау рәсімін түпкілікті өзгертеді. Бұл сот 
тұтқындау туралы шешімді қабылдамас бұрын, сот алдына 
келетін адамның міндетті түрдегі қатысуын көздейді. Адамға 
сотқа өз түсіндірмесін беру, соттың сұрақтарына жауап беру 
мүмкіндігі  беріледі.  Адам  құқықтары  бойынша  еуропалық 
сот  заңмен  уәкілетті  судья  немесе  сот  функциясын  жүзеге 
асыратын өзге тұлға, тұтқындалған адамды нақты тыңдауы 
тиістігін  атап  өтеді.  Сот  отырысында  прокурордың  және 
айыптының (күдіктінің) қорғаушысының қатысуы міндетті.
Сот  қамау  туралы  мәселені  шешу  барысында  қатысушы 
адамдардың  құқықтарын  түсіндіруге  тиіс,  бұл  соттарға 
жаңа  міндеттерді  жүктейді  және  сондай-ақ,  халықаралық-
құқықтық  ережелерді  сақтауға  ықпал  жасауы  керек,  оған 


106
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
сәйкес  кез-келген  тұтқындалушы  (ұсталушы)  жедел  түрде 
түсінетін тілде оның құқықтары, тұтқындалу себебі және оған 
қарсы тағылған кез-келген айыптар туралы хабардар болуы 
қажет. Бұл талаптар Азаматтық және саяси құқықтар туралы 
халықаралық пакттың 9-бабының 2-тармағында көзделген
1
.
Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық 
пакттың 9-бабының 3-тармағына сәйкес «қылмыстық айып-
тау  бойынша  әрбір  тұтқындалған  немесе  ұсталған  адам 
жедел  тәртіппен  судьяға  немесе  заң  бойынша  сот  билігін 
жүргізу  құқығына  ие  басқа  лауазымды  адамға  жеткізіледі 
және ақылға сыйымды мерзім ішінде сотта қарауға немесе 
босатылу құқына ие»
2

Еуропалық  Одақтың  бірқатар  елдерінің  конституцияла-
рында тұтқындау және қамауда ұстауға байланысты соттың 
кейбір  құқықтары  мен  міндеттері  көзделген,  бұл  жеке 
адамның  құқықтары  мен  бостандығын  қамтамасыз  етудің 
маңызды кепілі болып табылады. 
Мәселен,  Бельгия  Конституциясының  12-бабына  сәйкес 
қылмыс  жасау  орнында  үстінен  түсіп  тұтқындаудан  басқа 
жағдайларда  тұтқындау  сәтінде  немесе  жиырма  сағаттан 
кешіктірілмеген  мерзімде  көрсетілген  судьяның  дәлелді 
қаулысынсыз  ешкім  тұтқындалмайды
3
.  Германия  Федера-
тивтік Республикасы Негізгі заңының 104-бабы 2-тармағына 
сәйкес қамауда ұстауға рұқсат ету және оны жалғастыру ту-
ралы мәселені тек судья ғана шешеді. Cудьяның өкіміне не-
гізделмеген  кез-келген  қамауға  алушылық  тез  арада  оның 
шешімін алумен болуы тиіс.
Полиция өз өкілеттігі негізінде ұстап алған күннен кейін-
гі күннің аяталуына дейінгі мерзімнен артық ешкімді ұстай 
1
  Права  человека:  Сборник  международных  договоров.  Нью-Йорк, 
Женева, 1989. с. 26
 2
 Сонда
3
 Конституции государств Европейского Союза. М., 1997. с. 110


107
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
алмайды

. Греция Конституциясының 6-бабы 1-тармағына 
сәйкес  ұстап  алу  сәтінде  көрсетілуі  тиіс  дәлелді  сот  ор-
дерінсіз  ешкім  тұтқындалуға  немесе  түрмеге  жабылуға 
ұшырамайды.  Қылмыс  үстінде  тұтқындауды  қоспағанда


Дания Корольдігі Конституциясының 71 (3) бабына сәйкес 
«кез-келген қамауға алынған адам жиырма төрт сағат ішін-
де судья алдында болуға тиіс. Егер қамауға алынған адам 
тез  арада  босатылмайтын  болса,  судья  үш  күннен  кешік-
тірмей  жылдамдатып  оның  түрмеге  жабылатындығын  не-
месе сот бұйрығында белгіленген талаптар мен мөлшерде 
кепілдікпен  түрмеге  жабылудан  босатылатындығы  тура-
лы  дәлелді  қорытынды  жасалған  сот  бұйрығын  шығаруы 
тиіс»

.  Көріп  отырғанымыздай,  әр  мемлекетте  қамау  мер-
зімдері әр түрлі. Қазақстан Республикасында ол жетпіс екі 
сағатты құрайды. 
Азаматтардың бұзылған құқықтары мен еркіндігін қалпына 
келтірудің маңызды кепілдігі Азаматтық және саяси құқықтар 
туралы  халықаралық  пакттың  9-бабының  5-тармағындағы 
норма  болып  табылады,  онда  заңсыз  тұтқындау  немесе 
қамауға алынудың құрбандарына талап мерзімі ескеріле оты-
рып, өтемақы алу құқығына кепілдік беріледі
4
.
Осы конституциялық норманы қабылдау және іске асыру 
адам  құқықтары  мен  бостандығының  кепілдігін  кеңейтуге, 
сот органдары қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен не-
гізділігі үшін жауапкершіліктің күшеюіне ықпал етуге тиіс. 
Тұтқындауға рұқсат беру туралы істі қараудың жаңа тәртібі 
ашық сот мәжілістерін көздейді, онда сот мәжілісіне қатысатын 

Конституции государств Европейского Союза. М., 1997. 216 бет
2
 Сонда, 247 бет

Сонда, 311 бет

Права человека: Сборник международных договоров. Нью-Йорк, Же-
нева, 1989. С. 26


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау