90
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңына түсініктеме.
1-бап.
1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж.,
№ 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат) мынадай өзгерістер
мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3.Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның
елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның
елордасы Астана қаласы болып табылады.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
2-БАБЫ
1.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
2-бап
1.Қазақстан Республика-
сы - президенттiк басқару
нысанындағы бiртұтас мем-
лекет.
2. Республиканың еге-
мендiгi оның бүкiл аумағын
қамтиды. Мемлекет өз
аумағының тұтастығын, қол
сұғылмауын және бөлiнбеуiн
қамтамасыз етедi.
3 . Р е с п у б л и к а н ы ң
ə к i м ш i л i к - ау м а қ т ы қ
құрылысы, астанасының ор-
наласатын жерi мен мəртебесi
заңмен белгiленедi.
4.Қазақстан Республикасы
және Қазақстан атауларының
мәнi барабар.
2-бап
1.Қазақстан Республикасы - пре-
зиденттiк басқару нысанындағы
бiртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi
оның бүкiл аумағын қамтиды. Мем-
лекет өз аумағының тұтастығын,
қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн
қамтамасыз етедi.
3.Республиканың əкімшілік-
аумақтық құрылысы, оның
елордасының мəртебесі заңмен
белгіленеді. Қазақстанның
елордасы Астана қаласы бо-
лып табылады.
4.Қазақстан Республикасы
және Қазақстан атауларының
мәнi барабар.
1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2.3. Заңмен Конституцияның 2-бабы 3-тармағына
Республиканың астанасын нақтылаумен байланысты өзгеріс
енгізілген. 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция қабылданған
кезде астана Алматы қаласы болды. Ол кезде Қазақстан Респуб-
ликасы астанасының орнын ауыстыру мүмкін екендігі туралы
мәселе көтеріліп жүрді. Егер Республиканың астанасы Алма-
ты қаласы болып қала бергенде «...астанасының орналасатын
жері... заңмен белгіленеді...» деген сөз қолданылмас еді.
Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан
Ақмола қаласына ауыстыруға бастама көтерген Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев болды.
Қазақстан Республикасының астанасы - мемлекеттің
әкімшілік-саяси орталығы, Президент резиденциясының,
Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің,
Жоғарғы Соттың, Бас Прокуратураның және Қазақстан Рес-
публикасы орталық органдарының орналасқан жері. Ас-
танада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен
Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Рес-
публикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы сақталады.
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесін құқықтық
реттеу және оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы
Конституциясының, Қазақстан Республикасы астанасының
мәртебесі туралы заңның
1
және өзге де нормативтік құқықтық
актілерінің негізінде жүзеге асырылады.
Астанада жергілікті мемлекеттік басқаруды заңнама
белгілеген тәртіппен астананың жергілікті өкілді және
атқарушы органдары жүзеге асырады. Бұл астананың жер-
гілікті мемлекеттік органдарының мәртебесі Республика
жергілікті мемлекеттік органдарын ұйымдастыруға және
олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер-
1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 жыл.
92
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
мен айқындалатындығын білдіреді. Мұндай тәртіп жергілікті
мемлекеттік басқару туралы заңмен белгіленген. Солай бола
тұрып Астана қаласының жергілікті мемлекеттік органда-
ры мәртебесінің ерекшеліктері бар. Қазақстан Республи-
касы астанасының әкімін лауазымға Премьер-Министрдің
ұсынымы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
2. 5-бапта:
1) 1-тармақтағы «Қоғамдық және мемлекеттік
институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік» деген сөздер
«Мемлекеттік»
деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік
қаржыландыруға» деген сөздер алып тасталсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
5-БАБЫ
2.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
5-бап
1.Қазақстан Республика-
сында идеологиялық және са-
яси әралуандылық танылады.
Қоғамдық жəне мемлекеттiк
институттардың бiрiгiп ке-
туiне, мемлекеттiк органдарда
партия ұйымдарын құруға жол
берiлмейдi.
2.Қоғамдық бiрлестiктер заң ал-
дында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер
iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсi-
не қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз
араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге
мемлекеттiк органдардың қызметiн
жүктеуге
, қоғамдық бiрлестiктердi
мемлекеттiк қаржыландыруға
жол берiлмейдi.
5-бап
1.Қазақстан Респуб-
ликасында идеологиялық
және саяси әралуандылық
танылады. Мемлекет-
тiк органдарда партия
ұйымдарын құруға жол
берiлмейдi.
2.Қоғамдық бiрлестiк-
тер заң алдында бiрдей.
Қоғамдық бiрлестiктер
iсiне мемлекеттiң және
мемлекет iсiне қоғамдық
бiрлестiктердiң заңсыз ара-
ласуына, қоғамдық бiр-
лестiктерге мемлекеттiк
органдардың қызметiн
жүктеуге жол берiлмейдi.