және бақылау-қадағалау органдарының мамандары арасынан сараптамалық кіші
комиссияларды жұмыс берушінің қаражаты есебінен құруға құқылы.
189-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі
комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тергеп-тексеруді белгіленген мерзімде аяқтауға объективті кедергі келтіретін
мән-жайлар туындаған кезде тергеп-тексеру мерзімдері комиссияның
хаттамалық шешімімен он жұмыс күніне екі реттен асырмай ұзартылуы мүмкін.
2. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға уақтылы
хабарланбаған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар зардап шеккен
адамның немесе оның өкілетті өкілінің өтініші бойынша өтініш тіркелген
күннен бастап он жұмыс күні ішінде тергеп-тексеріледі.
3. Комиссия әрбір тергеп-тексеру жағдайында оқиға куәгерлерін, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген
адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті
ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
4. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз
куәлардан, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссия
жұмыс істеп жатқан күндерде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның
осы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-
тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
5. Комиссия жиналған құжаттар мен материалдар негізінде еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін айқындайды,
жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және
тиісінше, зардап шеккен адамның оқиға орнында болуы оның еңбек міндеттерін
орындауы екені түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиға ретінде немесе еңбек қызметіне байланысты емес
жазатайым оқиға ретінде сыныптайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды айқындайды және өндірістегі
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін жою және
алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе адам өлімімен аяқталған еңбек
қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны, зардап шеккен адамдардың
өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі
және одан көп жұмыскер ұшыраған топтық жазатайым оқиғаны және
жұмыскерлердің топтық қатты улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша арнайы тергеп-тексеру
актісімен ресімделеді.
7. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары
негізінде жүргізіледі.
8. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган еңбек
қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі
комиссия төрағасының талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының
көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде беруге
міндетті.
9. Режимдік объектілердегі еңбек қызметіне байланысты жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы
объектілерде болуға арналған рұқсаттың ерекшеліктері ескеріле отырып
айқындалады.
10. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, авариялардың, қираудың, өрттің
және басқа да жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамды (зардап шеккен
адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің аяқталуын арнайы
тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару қызметі немесе
құралымы басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде
айқындайды.
190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын
ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу
1. Жұмыскердің (жұмыскерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп
соққан және еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық
қорытындыға (ұсынымға) сәйкес тергеп-тексерілуге жатады.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан, адам өлімімен аяқталған және еңбек
қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар арнайы тергеп-тексерілуге
жатады.
Тергеп-тексеру, арнайы тергеп-тексеру актілерінің нысандарын және еңбек
қызметіне байланысты жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы актілердің
нысандарын еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер комиссия еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру кезінде өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның
ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, комиссия тараптардың сабақтас
жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің
дәрежесін пайызбен айқындайды.
Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
жөніндегі комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің)
қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің уәжді пікірін тергеп-тексеру
материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру
актісіне "ерекше пікірге қара" деген ескертпемен қол қояды.
3. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда,
зардап шеккен адамның немесе оның сенім білдірілген адамының, жұмыскерлер
өкілінің жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқығы бар, ол олардың
өтінішін он күн мерзімде қарауға және мәні бойынша шешім қабылдауға
міндетті.
4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру,
ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, жұмыскердің және
мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өндірістік объектілерде болған
оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау
жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді
тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныстылық
тәртібімен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша шешімі
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша
қорытынды түрінде ресімделеді.
5. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
материалдарында тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткені және
нұсқау алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық қарап
тексеруден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша
жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың
түсініктемелері;
3) оқиға орнының жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді
көшірмелер, өндірістегі саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен жауаптылығы және
басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен
ауырлығы (қайтыс болу себебі) туралы медициналық қорытынды;
Достарыңызбен бөлісу: |