Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет41/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау 
құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
 
      3. Авариялық жолдар мен жұмыскерлердің үй-жайдан шығатын жолдар 
белгіленуге, бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
 
      4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары 
жұмыстың сипатына қарай жұмыскерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын 
заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде 
адамдардың кіруін бөгейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс.
 
      Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында 
қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.
 
      5. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, жарық, сондай-ақ 
желдеткіш жұмыс уақыты кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға 
сәйкес болуға тиіс.
 
 185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру 
      1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден 
және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға 
міндетті.
 
      2. Қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен 
байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы 
медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық 
куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
 
      Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 
№ 147-VI
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
 
 20-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ 
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ 
 186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы 
ережелері және оларды есепке алу 
      1. Жұмыскерлердің, сондай-ақ:
 
      1) кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын 
адамдардың;
 
      2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен 
байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, 
арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
 


      3) бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке 
тартылған адамдардың;
 
      4) азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де 
мамандандырылған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, 
әскерилендірілген күзеттің жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың 
салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті 
командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке 
қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының зақымдану 
жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексерілуге жатады.
 
      2. Жұмыскерлер денсаулығының еңбек міндеттерін орындауға байланысты 
зақымдануы не еңбекке қабілетсіздікке не қайтыс болуға әкеп соққан, жұмыс 
берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша басқа да әрекеттер жасау, егер 
олар:
 
      1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс 
орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және 
ретке келтіру және басқа да әрекеттер кезінде;
 
       2) жұмыс орнында болған жұмыс уақыты ішінде, жұмысы қызмет көрсету 
объектілері арасында жүріп-тұрумен байланысты жұмыскер бара жатқан жолда, 
оның ішінде жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша бара жатқан жолда, 
сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде іссапар уақытында; 
 
      3) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысты орындау орнына бара 
жатқанда немесе жұмыстан келе жатқанда;
 
       4) жеке көлік құралын қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс 
берушінің жазбаша келісімі болған кезде өзінің жеке көлік құралымен; 
 
       5) жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша әрекеттер жасау 
кезінде; 
 
      6) вахталық әдіспен жұмыс істейтіндердің жиналу орнынан (вахта кезеңінде 
тұратын жерінен) жұмыс беруші ұсынған көлік құралымен жұмысқа бара 
жатқанда немесе келе жатқанда орын алған болса, еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынады.
 
      3. Тергеп-тексеру барысында жұмыскерлер денсаулығының зақымдануы:
 
      1) жұмыскердің функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс 
берушінің мүддесімен байланысты емес жұмыстарды немесе өзге де әрекеттерді 
зардап шеккен адам өз бастамасы бойынша орындаған, оның ішінде вахталық 
әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық демалыс, тынығу мен тамақтануға 
арналған үзіліс кезінде орындаған кезде;
 


      2) зардап шеккен адамның алкогольдік масаң күйде болуы, оның 
уытқұмарлық және есірткі заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалану негізгі 
себеп болған жағдайда;
 
      3) өз денсаулығына әдейі (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде, сондай-ақ 
зардап шеккен адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
 
      4) медициналық қорытындымен расталған, зардап шеккен адам 
денсаулығының өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес кенеттен 
нашарлауынан болғаны объективті түрде анықталса, олар еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғалар ретінде есепке алынуға жатпайды.
 
       4. Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді жұмыс беруші халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
органмен бірлесіп жүргізеді. 
 
      5. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары 
жұмыскерлердің өндірістік жарақат алуына немесе денсаулығының еңбек 
қызметіне байланысты зақымдануына орай бастапқы жүгінген әрбір жағдай 
туралы жұмыс берушілерге және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті 
органға, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
органды екі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
 
      6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және өндірістегі 
кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тіркеу үшін жұмыс 
беруші жауапты болады.
 
 187-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі жұмыс 
берушінің міндеттері 
      1. Жұмыс беруші:
 
      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет 
болған кезде оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
 
      2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға орнындағы жағдайды 
(жабдықтар мен механизмдердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер 
бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік 
процестің үздіксіздігін бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі 
күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
 
      3) зардап шеккен адамның жақын туыстарын жазатайым оқиға туралы дереу 
хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік-құқықтық актілерде 
айқындалған мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабар жіберуге;
 
      4) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға орнына жіберуге 
міндетті.
 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау