Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет39/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45

      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық 
құжаттаманы әзірлеуді және қабылдауды;
 
       3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, 
қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және ендіру, жұмыскерлерді 
жеке және ұжымдық қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру 
жүйелерін құруды және іске асыруды; 
 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың 
тиімділігін арттыруды;
 
      5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық 
және шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
 
       6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік 
аурулардан зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы 
мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауды; 
 
       7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы 
техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді; 
 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды 
және олардың біліктілігін арттыруды;
 
      9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік 
ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді;
 
       10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық 
жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 
 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық 
ынтымақтастықты қамтиды.
 
 180-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар және іс-шараларды 
қаржыландыру 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және 
жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын 
сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдерді және нормативтерді қамтуға тиіс.
 
      2. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер Қазақстан Республикасының 
аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
 
      3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды 
қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының 


заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері есебінен 
жүзеге асырылады.
 
      Жұмыскерлер бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көтермейді.
 
      Қаражат көлемі жұмыс берушінің актісінде немесе ұжымдық шартта 
айқындалады.
 
 18-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ 
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен 
міндеттері 
      1. Жұмыскердің:
 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес 
жабдықталған жұмыс орнына;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ 
еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, 
жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;
 
      3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы 
еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш 
білдіруге;
 
      4) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға 
байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өзі немесе өз өкілі арқылы 
қатысуға;
 
      5) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш 
құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне 
қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе 
жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас 
тартуға;
 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек 
міндеттерін қауіпсіз орындау үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
 
       7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек 
жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, 
денсаулығына зақым келу тәуекелі туралы, сондай-ақ оны зиянды және (немесе) 
қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық 
ақпарат алуға; 
 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес 
келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа 
жалақысының сақталуына құқығы бар.
 
       2. Жұмыскер: 
 


       1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, 
қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға; 
 
       2) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де 
зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ 
адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс 
берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға дереу хабарлауға; 
 
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен 
міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-
ақ ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
 
      4) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген 
жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық 
медициналық қарап тексеруден өтуге;
 
      5) мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының еңбек 
міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де нашарлауы туралы 
жұмыс берушіге хабарлауға;
 
       6) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын 
мүлтіксіз қолдануға және оларды мақсат бойынша пайдалануға; 
 
       7) мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық 
инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық 
мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын орындауға; 
 
      8) жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
 
      Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 
№ 147-VI
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
 
 182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен 
міндеттері 
      1. Жұмыс берушінің:
 
      1) жұмыскерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға 
жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық 
ұсыныстары үшін ынталандыруға;
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын 
жұмыскерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және 
тәртіптік жауаптылыққа тартуға;
 
      3) жұмыскерден өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі 
талаптарды мүлтіксіз сақтауды талап етуге;
 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау