Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет35/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45

      13) ерікті зейнетақы жарналары туралы;
 
      14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру 
кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
 
      15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін 
жұмыскердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс 
берушінің қаражаты есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру 
туралы;
 
      16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне 
оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы;
 
      17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне 
байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы;
 
      18) тараптар айқындаған және осы Кодексте айқындалған басқа да мәселелер 
бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі 
мүмкін.
 
      3. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, 
салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын 
нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және 
қолданылмауға тиіс.
 
      Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
        
 
 
 158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
 
      2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған 
кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
 
      Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең 
болмағанда біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін жаңа ұжымдық шарт 
жасасу туралы ұсыныс енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін, 
бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылған болып 
саналады.
 
      Ұжымдық шартта осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімді 
шектемей, оны жаңа ұжымдық шарт жасалатын күнге дейін ұзарту көзделуі 
мүмкін.
 
      3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан 
ұжымдық шарт жасалған ұйым жұмыскерлеріне және оған қосылған 


жұмыскерлерге қолданылады. Қосылу тәртібі мен шарттары ұжымдық шартта 
айқындалады.
 
      4. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың 
қолданылуы барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған күннен 
бастап тоқтатылады.
 
      5. Тараптар өкілдерінің ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, толықтыру 
жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе ұжымдық шарт жасасудан 
негізсіз бас тартуы, келіссөздер жүргізу мерзімдерін бұзуы және тиісті 
комиссияның жұмысын қамтамасыз етпеуі, келіссөздер жүргізу және ұжымдық 
шарт ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты 
бермеуі, сол сияқты оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 
№ 147-VI
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
 
 
 15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 
 159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі 
      1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы 
органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу 
комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің 
орындалмауы бойынша соттар қарайды.
 
       2. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей 
санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде 
құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. 
 
       3. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу 
тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу 
комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші 
мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық 
шартта белгіленеді. 
 
      4. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген 
күні міндетті түрде тіркеуге тиіс.
 
      Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол 
уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады.
 
      5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс 
күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны 
қабылдаған күннен бастап үш күн мерзімде беруге міндетті.
 


      6. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды 
қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
 
       7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған 
жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. 
 
      8. Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін 
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу 
машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын 
оқытуды жүргізуге міндетті.
 
 160-бап. Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері 
      Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша 
жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
 
      1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек 
шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған 
күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не 
еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген 
кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі 
ай;
 
      2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз 
құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.
 
      Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан 
еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ 
келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
 
 161-бап. Жұмыскерді жұмысына қайта алу 
      1. Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген 
(жұмыстан шеттетілген) бүкіл уақыты үшін орташа жалақысы немесе басқа 
жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған 
уақыт үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
 
      2. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың 
жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға 
тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен 
кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген 
уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы 
шешім шығарады.
 
 16-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 
 162-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау