24.«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
93
|
9- баптың 5) тармақша жаңа редакцияда жазылсы
|
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы оператордың құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы оператор:
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;
|
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы оператордың құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы оператор:
5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге, қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын, сондай-ақ естуі немесе көруі бойынша мүгедектерге оның мазмұнының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелер) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді.
|
94
|
13-баптың 2-тармағы «мүгедектігі» деген сөзбен толықтырылсын
|
13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.
|
13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, мүгедектігі, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелер) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді.
|
95
|
14-бап толықтырылсын
|
14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу
6. жоқ
|
14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу
6. Пайдаланушылар, соның ішінде көруі және (немесе) естуі бойынша мүгедектер үшін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімді ортаны қалыптастыру ережелерін және қағидаттарын сақтай отырып құрылады.
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелер) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді.
|
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
96
|
4-бап 65) жаңа тармақпен толықтырылсын
|
4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауды регламеттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу
1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламеттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларды жұзеге асырылады:
65) жоқ

65) арнаулы әлеуметтік қызметтерді, техникалық және көмекшi (компенсаторлық) құралдарды және мүгедектер үшін арнаулы жүріп-тұру құралдарын сатып алу.
|
Мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесі мүгедектердің техникалық және көмекшi (компенсаторлық) құралдарға және арнаулы жүріп-тұру құралдарына қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, өйткені көп жағдайларда жеткізілген тауардың сапасы төмен болып келеді.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері жылдың басынан бастап 2 айдан 5 айға дейін созылады, бұл мүгедектің жүріп-тұруы үшін қажет құралдардың немесе бұйымдардың түрін ұсынуға мүкіндік бермейді және оның толық қанды өмір сүруіне ең керек жағдай жасалмай отыр.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес техникалық көмекші құралдардың болмауы мүгедектің еркін қозғалу және тәуелсіз өмір сүру салтын сақтау, тыныс-тіршіліктің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу құқығын шектейді.
Аталған құралдарды мемлекеттік сатып алу бөлігіндегі заңнамалық нормаларын қолданбай сатып алу - мүгедектердің талаптарынан шыға отырып, дер кезінде қажетіне қрай сапалы тауармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
|
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
97
|
5-бап толықтырылсын
|
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
38-1) жоқ
46-9) мектеп-интернаттарға, бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
|
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
38-1) есту, көру немесе сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге ымдау тілін, Брайл әліпбиін оқытуды ұйымдастырады;
46-9) мектеп интернаттарды, бейіндік мектептерді қоса алғанда, соның ішінде мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін оқу орындарының техникалық талаптарын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
|
Конвенцияның 24-басына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Қатысушы мемлекеттер бұл құқықты іске асыру кезінде (b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім алуға басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін; (c) жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етеді.
|
98
|
9-бап толықтырылсын
|
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
5. жоқ
|
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі
5. Арнаулы білім беретін ұйымдар меншік нысанына қарамастан есту, көру немесе сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ымдау тілін, Брайл әліпбиін, балама қаріптерді, күшейтуші және балама әдістерді, тәсілдерді және қарым қатынас форматтарын пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.
Арнаулы білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерді, соның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайл әліпбиін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелер) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді.
|
99
|
47-бап толықтырылсын
|
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
7) білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде қорғаншылар және қамқоршылар тұрақты тұрғындар болып табылатын адамдар.
|
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
7) білім беру ұйымдарында, соның ішінде мүгедектер үшін қолжетімді нысандағы ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік, соның ішінде мүгедектер үшін дайындалған құралдармен қамтамасыз етілуге;
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде қорғаншылар және қамқоршылар тұрақты тұрғындар болып табылатын адамдар.
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 4-бабын (Жалпы міндеттемелер) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітусіз толық жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді.
|
100
|
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын
|
52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
|
52-бап. Педагог қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
|
|
101
|
52-бап толықтырылсын, сондай-ақ баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын
|
52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) 18 сағат:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін;
2) 24 сағат:
мектепке дейінгі ұйымдар және мектепке дейінгі тәрбие берудің мектепалды топтары және білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін;
балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
3) 30 сағат интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасының шегінде белгіленеді және ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орнының басшысы бекітеді.
…………………………..
Жоқ
|
52-бап. Педагог қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
4) 25 сағат арнайы білім беру ұйымдары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілері үшін белгіленеді.
5) 20 сағат халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін белгіленеді.
|
Қазіргі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді енгізуге байланысты халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында әлеуметтік – педагогиқалық қызметтер көрсетіледі.
Бұл ретте, педагогиқалық білімі бар қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі қолданыстағы заңнамада реттелмеген, еңбекақының төмен болуы тұрақты негізде жұмыс істеу ықыласының төмендеуіне әкеп соғады және қызмет көрсету сапасына да әсер етеді.
|
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
102
|
61-баптың 5-тармағы толықтырылсын
|
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк
Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiктiң мына түрлерiне атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды:
5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арналған арнайы көлiк құралдары.
|
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк
Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiктiң мына түрлерiне атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды:
5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арналған арнайы көлiк құралдары, мүгедеке тиесілі техникалық (көмекшi) компенсаторлық құралдары.
|
Конвенцияның 5-бабы, 1-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер барлық адамдар заң алдында және заң бойынша тең екенін, заңның тең қорғауына және оны ешқандай кемсітусіз тең қолдануға құқылы екенін таниды.
Конвенцияның 5-бабы, 3-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер теңдікті көтермелеу және кемсітуді жою үшін ақылға қонымды бейімделуді қамтамасыз етуге арналған барлық тиісті қадамдарды жасайды.
|
|
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Републикасының Заңы
|
103
|
76- бап, 1-тармақ, 10-1) тармақша
|
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
…
10-1) жоқ
…
|
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
...
10-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыстар мен қызметтерді сатып алушы (жұмыс беруші) қазақстандық өндірушілерді тарту шарттарын көздейді.
…
|
«Ақ жол» париясының ұсынысы Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін арнайы жұмыс орындарын құратын Қазақстандық жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында
|
29. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы
|
104
|
Жаңа
65-1-баппен толықтырылсын
|
65-1-бап. Жоқ
|
65-1-жоқ. Әуежайлар қызметтерінің Мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Әуежайлар қызметтеріне мү-гедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін:
1) әуежайлар және аэровокзалдар жанын-дағы автомобильдер тұрақтарына мүге-дектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнаулы жол белгілерін орнатып, орындар бөлу;
2) әуежайлар және аэровокзалдар ғимараттарын, ғимаратқа кіреберіс-терді, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі жол қозғалыстарын мүгедектер кресло-арбаларында жүретін адамдардың қозғалысына ыңғайлау;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормаларға сәйкес есту және көру бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін оқытылған персоналмен кезекші кресло-арбаның болуы ;
5) күтуге арналған үй-жайларда мүгедектер үшін арнаулы орындар бөлу, олар тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қажеттілігі ескеріліп жабдықталуға тиіс;
6) қоғамдық дәретханаларда мүгедектер арбасының көмегімен жүретін мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кабиналар жабдықтау;
2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақша-сының қолданысы жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қатысты қолданылады.
|
Мүгедектердің құқықтары туралы конвен-цияның 9-бабын (Қолжетімділік) іске асыру мақсатында, онда қатысушы мемлекеттер мүгедектерге тәуелсіз өмір салтын жүргізу және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу мүмкіндігін беру үшін қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғандағы ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ қалалық және ауылдық аудандарда халық үшін ашық немесе көрсетілетін басқа да объектілер қызметін көрсетулерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды. Бұл шаралар қол жеткізуге кедергі жасайтын тосқауылдар мен кедергілерді анықтау және жоюды қамтиды.
|
30. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы
|
105
|
161-бап, 2-тармақ толықтырылсын
|
161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы
...
2. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
|
161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы
...
2. Білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.
|
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚРЗ сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда ақылы қызметтер енгізуге байланысты
|
31. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы
|
106
|
19-баптың 5-тармағы 2-1) тармақшасы
|
19-бап. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу
…
5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар::
…
2-1) жоқ
…
|
19-бап. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу
…
5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар::
…
2-1) Мүгедектер үшін арнауыл жұмыс орындарын құратын кәсіпкерлік субъектілерден (жұмыс берушілерден) ағымдағы жылы аталған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалық мәнде жалпы көлемнің кемінде жиырма бес пайыз мөлшерде сатып алуды жүзеге асыру
…
|
«Ақ жол» пртиясының ұсынысы
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құратын қазақстандық жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында
|
107
|
24-бап
3-1-тармақпен толықтырылсын
|
|