Ќазаќстан Республикасыныѕ кейбір заѕнамалыќ актілеріне јлеуметтік ќамсыздандыру мјселелері бойынша



жүктеу 0,56 Mb.
бет2/4
Дата19.02.2018
өлшемі0,56 Mb.
#10072
1   2   3   4

79

22-баптың 1-тармағында «тізбе ....» деген сөз алып тасталсын

22-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарын беру

      1. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбе бойынша және тәртiппен қамтамасыз етiледi.





22-бап. Мүгедектерге техникалық көмекшi (оpнын толтырушы) құралдарын беру

      1. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен қамтамасыз етiледi.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің №754 қаулысына сәйкес техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарға протездік-ортопедиялық көмек жатады, бірақ, арнайы оңалту құралдары деген түсінік жоқ

80

23-баптың тақырыбын өзгерту

23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтiк қызмет көрсету


23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету


«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру


81

23-бапқа өзгеріс енгізілсін

23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтiк қызмет көрсету

1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтары әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. 

     2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсетудi әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi әлеуметтiк қызмет көрсетудің мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. 

     3. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтарда әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.



23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж 1 және 2 топтағы жалғызiлiктi мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді  әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтары әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. 

     2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк сұраныстарын өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді   әлеуметтiк қызметтi үйде көрсету бөлiмшелерi әлеуметтiк қызмет көрсетудің мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. 

     3. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету   бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.



«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру


82

23-баптың атауын өзгерту

24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсету


24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру


83

Внести изменения в статью 24

24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсету

     1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық aуpулap қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тiршiлiк-тынысына жағдайлар жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды. 

     2. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға әлеуметтiк қызметтер көлемi әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес берiледi. 

     3. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердегi әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады. 

     4. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардағы әлеуметтiк қызмет көрсету, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады. 


  1. 5. Алып тасталсын

24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

     1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж 1 және 2 топтағы жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық aуpулap қатарындағы мүгедектерге, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету   мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тiршiлiк-тынысына жағдайлар жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды. 

     2. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету   көлемi халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес берiледi. 

     3. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердегі арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады. 

     4. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардағы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады. 




«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтіру


84

26-бап, 1-тармақтың 2) тармақшасы толықтырылсын


26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

     1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:


    2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етедi.

2. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге ғимараттың қабатын, тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.



26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

     1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тәртiппен:

2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қамтамасыз етедi.

2. Мүгедектерге ғимараттың қабатын, тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.



Тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау бөлігіндегі нормаларды іске асыру тетігі заңамалық тұрғыдан анықталмаған, бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабынада:

- елдi мекендерге арналған қала құрылысы құжаттамаларында мүгедектердiң және халықтың iс-қимылы шектеулi басқа топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдай жасау жөнiндегi бөлiмдер мазмұндалуға тиiс екендігі көрсетілген.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 28-бабын іске асыруда қатысушы мемлекеттер мүгедектердің өздері үшін және олардың отбасылары үшін жеткілікті тамақ, киім және тұрғын үйді қамтитын жеткілікті өмір сүру деңгейіне, өмір сүру жағдайын үздіксіз жалғастыруға құқығын таниды және осы құқықтың мүгедектік белгісі бойынша кемсітусіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге және көтермелеуге арналған тиісті шараларды қабылдайды.

Заңнамаға сәйкес берілетін тұрғын үй ҚНмЕ сәкес болы тиіс, осыған байланысты мүгедекке қосымша құжатты – жеке оңалту бағдарламасын (ЖОБ) ұсыну қажеттігі болмайды. ЖОБ алып тасталуы мүгедектерге атрық қағазбастылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

85

28-бап, 1-тармақтың 1,2) тармақшалары толықтырылсын


28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету

1.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:


    3) жоқ


28-бап. Мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету

Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет:



3) меншік нысанына қарамастан барлық телеарналарда ақпараттық бағдарламалардың субтитрларын қамтамасыз ету арқылы мүгедектердiң ақпаратқа қол жеткiзуiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қамтамасыз етедi.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 9-бабын (Қол жетімділік) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер: g) мүгедектердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге, соның ішінде Интернетке қол жеткізуін көтермелеу; h) бастапқыдан қол жетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді жобалауды, әзірлеуді, өндіруді және таратуды осы технологиялар мен жүйелердің қол жетімділігіне ең аз шығынмен қол жеткізілетіндей етіп көтермелеу үшін тиісті шараларды қабылдайды.

86

29-тармақ

4-тармақшамен толықтырылсын





29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету

3. Мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы бойынша тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың басым құқығы болады. 



4. жоқ

29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету

33. Мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, медициналық қорытындысы бойынша тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, естуі және көруі бойынша мүгедектердің, мүгедек балалардың басым құқығы болады. 



4. Көру қабілеті бұзылған мүгедектерді оқыту және тәрбиелеу сурдо-тифлотехникалық құралдар мен арнайы жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Көзі көрмейтіндерді оқыту және тәрбиелеу рельефті-нүктелік Брайл жүйесінің негізінде, нашар көретіндерді – үлкейтілген қәріппен басылған оқу құралы бойынша жүзеге асырылады.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес медициналық куәландырудың мақсаты болып табылатын ауруы бар немесе жоғын белгілеу немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке қабілеттілік, кәсіптік және өзгеде жарамдылық дәрежесін айқындау Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жатады.
  Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 24-бабын (Білім беруді) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер мүгедектердің жалпы жоғарғы білім алуға, кәсіби білім алуына, ересектерге арналған білім алуына және өмір бойы оқуына кемсітусіз әрі басқалармен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен қатысушы мемлекеттер мүгедектердің ақылға қонымды құрылғылармен қамтылуын қамтамасыз етеді.

87

30-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын


30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту

      1. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту: 

      1) кәсiптiк бағдар берудi; 

      2) кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды); 

      3) жұмысқа орналастыруды қамтиды. 

     2. Кәсiптiк бағдар берудi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы  уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 





30-бап. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту

      1. Мүгедектердi кәсiптiк оңалту: 

      1) кәсiптiк бағдар берудi; 

      2) кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды); 

      3) жұмысқа орналастыруды қамтиды. 

     2. Кәсiптiк бағдар беруді білім беру және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары жүзеге асырады. 




«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-баның 29-тармағына сәйкес кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру.

88

31-бап 1,2- тармақтармен толықтырылысын,

1-тармақ 5) тармақшамен толықтырылсын




-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

      Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды: 

      1) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу; 

..... бұдан әрі мәтін бойынша




1-бап. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

      Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды: 

      1) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу; 

..... бұдан әрі мәтін бойынша




Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 27-бабын (Еңбек және жұмыспен қамту) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын таниды; ол мүгедектің еркін таңдаған немесе оған ерікті түрде келісім берген еңбек, еңбек нарығы мен өндіріс ортасы мүгедектер үшін ашық, инклюзивті және қол жетімді жағдайда өзін-өзі асырау мүмкіндігін алу құқығын қамтиды, сондай-ақ (h) оң іс-қимылдарды, ынталандыруларды және басқа шараларды қамтуы мүмкін тиісті стратегиялар мен шаралардың көмегімен мүгедектерді жеке секторға жалдауды ынталандыруға бағытталуға тиіс.

89

32-бап 3-тармақпен толықтырылсын

32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары

3. Мүгедектiктi сылтау етiп еңбек шартын жасасудан не қызметiн жоғарылатудан бас тартуға, мүгедектi жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан босатуға, өзiнiң келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi, бұған халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қорытындысы бойынша оның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайлар кiрмейдi.



32-бап. Мүгедектердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтары

3. Мүгедектiктi сылтау етiп еңбек шартын жасасудан не қызметiн жоғарылатудан бас тартуға, мүгедектi жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан босатуға, өзiнiң келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi, бұған медициналық қорытындысы бойынша оның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайлар кiрмейдi.



ҚР Еңбек кодексінің 222-бабына сәйкес келтіру

23. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Қазақстан Республикасының Заңы

90

1-бап 16-8, 16-9-тармақтармен толықтырылсын


1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

16-8) жоқ

16-9) жоқ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

16-8) субтитрлер – телебағдарламаның түпнұсқа тілінің дыбыстық мәтіндік сүйемелдеудің қайталануын сипаттайтын телебағдарлама арқылы берілетін ақпаратты тарату тәсілі;

16-9) сурдоаударма – дактиль тіліне немесе қандайда бір тілден ымдау тіліне және/немесе керісінше аудару.


Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 9-бабын (Қол жетімділік) іске асыруда, қатысушы мемлекеттер: (d) халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерді Брайль әліпбиімен жазылған және жеңіл әрі түсінікті түрдегі таңбалармен жабдықтау; (e) халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерге қол жеткізуді жеңілдету үшін көмекшілер мен делдалдардың, оның ішінде жол серіктердің, оқып берушілердің және кәсіби сурдоаудармашылардың әртүрлі қызмет көрсету түрлерін ұсыну; (f) мүгедектерге олардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмек пен қолдау көрсетудің басқа да тиісті нысандарын дамыту үшін тиісті шараларды қабылдайды.



91

6-бап

14-1) тармақшамен толықтырылсын



 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:



14-1) жоқ


 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:



14-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүгедектерге қызмет көрсету жөніндегі шығындарының бөлігін жергілікті атқарушы органдардың өтеу тәртібін бекітеді;

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңының 27- бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына бара алатын жағдайларды қамтамасыз етедi.

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi – бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.

Қазіргі таңда аталған норманы іске асыру тетіктерінің болмауына байланысты іс жүзінде қолданылмайды


92

12-бап толықтырылсын

12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері

1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.


     2-1. Мүгедектерге қызмет көрсету бойынша қолжетімді нысандар мен тәсілдерді пайдалана отырып қызметін жүзеге асыратын мәдениет ұйымдарының шығындары Үкімет айындайтын тәртіппен өтеледі.

Бабтың тақырыбының өзгеруі – редакциялық түзету

     Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның 8-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектер туралы оң түсініктерді және оларды қоғамның неғұрлым терең түсінуін көтермелеу; мүгедектердің дағдыларын, қадір-қасиеттері мен қабілетін, сондай-ақ олардың жұмыс орны мен еңбек нарығындағы үлесін тануға жәрдемдесу; барлық бұқаралық ақпарат органдарын мүгедектерді осы Конвенцияның мақсатына сәйкес келетіндей етіп бейнелеуге шақыру үшін тез арада, тиімді және тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау