Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО);
3) тұрғылықты жерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде;
ауылдық округтiң әкiмiне – 22 (жиырма екi) жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген күнi сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты бiр көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан асырмай есептегенде, кезектегi адамдардың санына байланысты;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған;
2) ауылдық округ әкiмi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады;
3) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық кезек» тәртiбiнде жүзеге асырылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезектi «броньдауға» болады.
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ауылдық округ әкiмiне не ХҚО-ға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң) алған табыстары туралы мәлiметтер;
4) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәлiметтер;
5) көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi не мекенжай анықтамасы;
6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтiк келiсiмшарт.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2) – 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың бланкiлерi мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарында көрсетiлетiн қызметтi алушыларға берiледi және олар өздерi толтырады. Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көрсетiлген құжат түпнұсқада берiледi. Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көрсетiлген құжат салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмеде берiледi, содан кейiн түпнұсқасы көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.
Көрсетiлген құжаттардағы ақпарат мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi, ХҚО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетiлетiн қызметтi берушiде, ауылдық округ әкiмiнде – көрсетiлетiн қызметi алушыға тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны;
ХҚО-да – тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы:
1) өтiнiштiң нөмiрi мен қабылданған күнi көрсетiлген өтiнiш;
2) сұрау салынған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берiлетiн күнi (уақыты) мен орны;
5) орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген қолхат берiледi.
10. Мыналар:
1) мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан еңбекке жарамды Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелер болып табылады.
11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмiне, әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
12. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi – әкiм) атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi – әкiмдiк) кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына немесе әкiмге жауапты орындаушыны белгiлеу және тиiстi шаралар қабылдау үшiн жiберiледi.
ХҚО қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 15-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша және телефондар арқылы ХҚО басшысына берiледi.
ХҚО кеңсесiне қолма-қол да, пошта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн ХҚО басшысына жiберiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он) бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
13. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзi баруға мүмкiндiгi жоқ көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.
15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлiктiң – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;
2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мәртебесi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек тағайындау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша
______________________________________
(елдi мекен, аудан, облыс)
уәкiлеттi органына
______________________________________
(тұрғылықты жерi, ауданы)
______________________________________
(көшесi, үй және пәтер №, телефоны)
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
жеке басын куәландыратын құжаттың №
______________________________________
_______________________________ берген
берiлген күнi ________________________
ЖСН __________________________________
жеке шотының № _______________________
қызмет түрi __________________________
Өтiнiш
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.
Менiң отбасым ______________________________________ адамнан тұрады.
Өтiнiшке белгiленген үлгiдегi құжаттарды № 2-4 қосымшаларға сәйкес 3 данада ұсынамын.
Өзгерiстер болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi менiң дербес деректерiмдi жинауға және өңдеуге келiсiм беремiн.
Жалған ақпарат және дәйексiз (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. Менiң табысымды (отбасымның табысын) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келiсемiн.
20 __ ж. «___»_____________ _____________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Құжаттар қабылданды
20 __ ж. «__»__________ _____________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтiнiш қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге учаскелiк комиссияға 20__ ж. «__» _________ берiлдi.
20__ж. «___»________ қабылданды _______________________________
құжатты қабылдап алған учаскелiк комиссия мүшесiнiң Т.А.Ә. және қолы;
құжаттардың ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен қабылданған күнi туралы уәкiлеттi органның белгiсi 20__ж. «__»_______ құжатты қабылдап
алған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ________________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өзгерiстер болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және дәйексiз (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. Менiң табысымды (отбасымның табысын) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келiсемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы _________________________________________
Азамат (ша) ___________________ өтiнiшiмен қоса берiлiп отырған
құжаттар _____ данада, отбасының тiркелу нөмiрi ________________ 20__
жылғы «___»_____________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек тағайындау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша
Отбасының тiркеу нөмiрi _________
Өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтер
____________________________________ ________________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, тел.)
Р/с
№
|
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
|
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
|
Туған жылы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтiнiш берушiнiң қолы _________ Күнi _________
Органның отбасы құрамы
туралы мәлiметтердi растауға
уәкiлеттiк берiлген лауазымды
адамының Т.А.Ә.______________________
(қолы)
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек тағайындау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша
Отбасының тiркеу нөмiрi ______
20__ жылғы _______ тоқсанда
адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң)
алған табыстары туралы
мәлiметтер
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, тел.)
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
|
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасымен тiркелу фактiсiн растайды)
|
Құжаттамалық расталған табыс сомалары
|
Өзге де мәлiмделген табыстар
|
еңбек қызметiнен
|
зейнетақы, жәрдемақы
|
кәсiпкерлiк қызметтен
|
стипендиялар
|
алименттер
|
табыстың өзге де түрлерi
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтiнiш берушiнiң қолы ______________________________
Күнi _______________________________________________
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек тағайындау» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
4-қосымша
Отбасының тiркеу нөмiрi _____________________________________________
Жеке қосалқы шаруашылық барлығын растайтын мәлiмет
___________________________ _______________________________________
(Т.А.Ә.) (үй мекенжайы, тел.)
|
Саны өлшем бiрлiгi
|
Үй жануарлары
|
Жасы
|
Саны (мал басы)
|
Күнi
бақша
Жер учаскесi, оның iшiнде аулалы жер
Шартты жер телiмi
Мүлiк жарнасы
(беру жылы)
|
|
Iрi қара мал:
сиыр
бұқа
Жылқы:
бие
айғыр
Түйе
Iнген
Қой, ешкi
Тауық, үйрек, қаз
Шошқа
|
|
|
Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________________
Күнi ________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |