18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру
...
9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті.
...
|
18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру
...
9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпиясы бар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті.
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметінің заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратпен ұштасқан функцияларды аудитті жүзеге асыруына және құпиялылық режимін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.
|
|
35-бап
3-тармақ
екінші бөлік
|
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор
...
3. ...
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.
...
|
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор
...
3. ...
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпиясы бар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мерзімдерде орналастыруға міндетті.