9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау, мақсатында:
…
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласында және қаржы ресурстары шоғырлануымен байланысты қызметте лицензиялауды жүзеге асырады;
3-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркейді және олардың тізілімін жүргізеді;
3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркейді және олардың тізілімін жүргізеді;
3-3) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат береді және кредиттік бюроның кредиттік бюроға кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланатын ақпараттық жүйелерін және үй-жайларын қорғау және сақталуын қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келу туралы актіні береді;
3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайлардың ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды сақтауын бақылайды және қадағалайды;
…
|